Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 189

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
иньекция жасалатын орынның тері аурулары және тері асты май қабатының ісінулері. Асқынулары: қатаю (инфильтрат).

Жабдықтау: бір рет қолданылатын, сыйымдылығы 1мл шприц. иненің ұзындығы 15мм, дәрілік зат, төрт қабатты залалсыздандырылған дәкелермен жабылған залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, таңу материалдары бар бикс, 70% этил спирті, қолданылған заттарға қауыпсыздық жинаумен кәдеге жаратуға арналған контейнер (ҚЖК)

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

4. Шприцтің сыртқы орауын ашып, оны жинаңыз , шприцке қажет мөлшердегі дәріні сорып алыңыз, ауасын иненің қалпақшасының ішіне шығарып алып, залалсыздандырылған лотокқа орналастырыңыз.

5. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыныз, қолын білектің ішкі жағы үстіне қарайтындай орналастырыңыз.

6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

7. Инъекция жасалатын орынды тері антисептигімен бір бағытта екі рет өңдеңіз: алдымен үлкен аймақты, сосын кіші – инъекция жасалатын орынды. Тері антисептигінің толық кебуін тосыңыз.

8. Шприцті оң қолыңызға иненің ұшын жоғары қаратып ұстаңыз: екінші саусақпен иненің канюлясын ұстаңыз; үшінші, төртінші және бірінші саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз.

9. Сол қолыңызбен білектің сырт жағынан терісін тарта ұстаңыз.

10. Иненің кесігін жоғары қаратып, шприцті қолға параллельді, 50С бұрышта ұстап, тері ішіне иненің тек ұшын ғана енгізіңіз.

11.Шприцті ұстаған қолды ауыстырмай, сол қолдың 2 және 3-ші саусақтарын цилиндрдің ұстайтын бөлігіне орналастырып, 1-ші саусақпен поршенді итеріп, дәрілік затты енгізіңіз.

12.Тері ішіне дәрі жіберген жерде «лимон қабығына» ұқсаған кішкене төмпешік пайда болады.

13.Инені канюлясынан ұстай отырып, оны тез суырып алыңыз.

14. 30 мин-тан кейін сынакқа сипаттама беріңіз; егер гиперемия 0,5см артық болса, онда сынақ оң, антибиотикті қолдануға болмайды, егер 0,5см кем болса, онда сынақ күдікті болады, қалыпты жағдайда ешқандай реакция болмайды;

15.Қолданылған шприцті арнайы қорапқа салыңыз.

16. Қолғапты шешіп, арнайы қорапқа салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

18. Пациентке 3 күн бойы иньекция орнына су тимеу керектігін ескертіңіз.
Дәріні тері астына енгізудегі мейіргердің технологиясы


Тері астына дәрі жіберу сыйымдылығы 1-2мл шприцпен орындалады, иненің ұзындығы 30-40мм. Тері астына 3мл дейін сұйықтық жіберуге болады.

Мақсаты: емдеу мақсатымен дәрілік заттарды жіберу.

Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауы.

Қарсы көрсеткіштері: дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар, иньекция жасалатын орынның тері аурулары және тері асты май қабатының ісінулері.

Асқынулары: инфильтрат, дәрілік заттарды қателесіп енгізу, вирустық гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, сепсис.

Жабдықтау : бір рет қолданылатын 1-2 мл шприц, залалсыздандырылған орамдағы ауыстыратын ине, 4 қабатты залалсыздандырылған дәкемен жабылған залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, тану материалдары бар бикс, 70% этил спирті, дәрілік заттар, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б)

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигімен өңдеп, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

5. Сыртқы орауын ашып , шприцті жинаңыз, шприцке дәріні сорып алыңыз.

6. Шприцті лотоктағы залалсыздандырылған дәкенің арасына немесе шприцтың орауына салыңыз.

7. Пациентті жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

8. Ине салатын орынды саусағыңызбен басып көріңіз, ине салатын жердің терісін 70% спиртке малынған мақта түйіршікпен екі рет өңдеңіз: алдымен үлкен аймақта, содан соң – инъекция жасалатын орынды.

9. 3-ші спиртті мақта түйіршегін сол қолдың 4-ші және 5-ші саусақтарының арасына орналастырыңыз.

10. Оң қолыңызға лотоктағы шприцті алыңыз, ине салатын жердің терісін сол қолыңыздың екі саусағымен қысып ұстаңыз. 11.Шприцті теріге 450 С бұрышта ұстай отырып, иненің 2/3 бөлігін енгізіңіз.

12. Сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын цилиндрдің ұстайтын бөлігіне орналастырып, 1-ші саусақпен поршенді итеріп, дәрілік затты енгізіңіз.

13. Ине салынған орынға 70% этил спиртіне малынған мақта түйіршікті қойыңыз, инені тез суырып алыңыз.

14. Қолданылған шприцті арнайы қорапқа салыңыз.

15.Қолғапты шешіп, арнайы қорапқа салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

17.Пациенттің хал-жағдайын сұраңыз.



Дәріні бұлшық етке енгізудегі мейіргердің технологиясы

Салатын орындары: иықтағы дельта тәрізді бұлшық еті, санның алдыңғы сыртқы аймағы, жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі. Бұлшық етке инъекция жасағанда дәрілер қанға біртіндеп сіңеді, әсіресе антибиотиктер. Иненің ұзындығы майлы қабатының көлеміне байланысты, себебі ине эпидермис, дерма, майлы қабаттарынан өтіп бұлшық етке жетеді. Сондықтан иненің ұзындығы 60 – 80мм болу керек.

Мақсаты: Емдеу мақсатымен дәрілік заттарды бұлшық етке енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауы.

Қарсы көрсеткіштері: бұлшық ет атрофиясы, дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар, иньекция жасалатын орынның тері аурулары және тері асты май қабатының ісінулері.

Асқынулары: инфильтрат, иненің сынып кетуі, жүйке талшықтарының зақымдануы, майлы эмболия, абсцесс, дәрілік заттарды қателесіп енгізу, вирустық гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, сепсис.

Жабдықтау: -бір рет қолданылатын 5-10 мл шприц, иненің ұзындығы 4060мм, 4 қабатты залалсыздандырылған дәкемен жабылған залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, таңу материалдары бар бикс, 70% этил спирті,дәрілік заттар, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б)

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3.Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

4. Пациентті ыңғайлы жағдайға орналастырыңыз: дәріні жамбасқа енгізетін болсаңыз- пациентті ішіне немесе қырымен; ал санға енгізетін болсаңыз- оны арқасымен, аяқтарын тізе буында аздап бүге жатқызыңыз немесе отырғызыңыз; иыққа енгізгенде- жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

5. Инъекция жасалатын орынды анықтап, киімінен босатыңыз.

6.Пальпация арқылы инъекция жасалатын орынды тексеріңіз.

7. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

8.Сыртқы қорабын ашып , шприцті жинаңыз, дәріні сорып алаңыз, шприцті залалсыздандырылған дәкенің арасына немесе шприцтың орауына орналастырыңыз.

9.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

10.Инъекция жасалатын орынды тері антисептигімен бір бағытта екі рет өңдеңіз: алдымен үлкен аймақты, сосын кіші – инъекция жасалатын орынды. 3-ші спиртті мақта түйіршігін сол қолдың 4-ші және 5-ші саусақтарының арасына орналастырыңыз.


11.Шприцті оң қолыңызға ұстаңыз: бесінші саусақпен иненің канюлясын ұстаңыз; екінші, үшінші, төртінші және бірінші саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз.

12. Сол қолыңыздың 1-ші және 2-ші саусақтарымен ине салатын жердің терісін тартыңыз.

13. Жамбастың сыртқы жоғарғы бөлігіне шприцті тік 900 С градуста ұстап, иненің түбінен 0,5см қалдырып, бұлшық етке енгізіңіз.

14. Сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын цилиндрдің ұстайтын бөлігіне орналастырып, 1-ші саусақпен поршенді итеріп, дәрілік затты енгізіңіз.

15. Ине салынған орынға 70% этил спиртіне малынған мақта түйіршікпен басыңыз. Инені тез суырып алыңыз.

16. Қолданылған шприцті арнайы қорапқа салыңыз.

17.Қолғапты шешіп, арнайы қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: егер пациент дәріні бірінші рет алып отырса, оның жағдайын 30 минутқа дейін қадағалап отырыңыз. Инъекция жасаған жеріне массаж жасамайды. Инъекцияны пациент ұзақ мерзімде қолданса, бір сағаттан кейін жылытқыш беріңіз немесе йодтық тор сызығын жасаңыз.

Көк тамырға дәріні енгізудегі мейіргердің технологиясы

Жедел түрде көмек көрсету үшін кейбір жағдайда көк тамырға дәріні жібереді. Көбінесе шынтақтың ішкі жағындағы тамырларға жібереді.


Мақсаты: Емдеу мақсатымен дәрілік заттарды көк тамырға ағынды түрде енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауы.

Қарсы көрсеткіштері: дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар, иньекция жасалатын орынның тері аурулары және тері асты май қабатының ісінулері, көк тамырдың қабынуы - флебит.

Инъекция жасалатын орындар: шынтақ буынының, білектің, қол-аяқтың беткергі көк тамырлары, балаларда- бастың беткергі көк тамырлары.

Асқынулары: гематома, некроз, флебит, тромбофлебит, вирустық гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, сепсис, ауа және дәрілік эмболия.

Жабдықтау: сыйымдылығы 10-20мл залалсыздандырылған бір рет қолданылатын шприц ұзындығы 40 мм, 4 қабатты залалсыздандырылған дәкемен жабылған залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, таңу материалдары бар бикс, - 70% этил спирті, дәрілік заттар, қолданылған заттарға арналған контейнерлер, резеңке жгут, клеенкалы білеу (жастықша), анафилактикалық шокқа қарсы қолданылатын жиынтық.

Іс - әрекет алгоритмі:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз. Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

2. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

4.Сыртқы орауын ашып, шприцті жинаңыз, дәрілік затты сорып алыңыз.

5.Пациентті отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

6. Пациенттің қолын киімінен білегіне дейін босатыңыз, шынтағының астына клеенкалы жастықшаны қойыңыз.

7. Пациент білегінің ортаңғы 1/3 бөлігіне киімінің үстінен жгут салыңыз.

8. Жгуттың ұштары жоғары, ал ілгегі төменге қарап тұру керек, бұл кезде білезік буыны тұсында тамыр соғысы өзгермеу керек.

9. Көк тамырдың қанға толуы жақсы болу үшін пациенттен жұдырығын бірнеше рет ашып- жұмуын талап етіңіз.

10. Қанға жақсы толу үшін көк тамырды төменнен жоғары қарай ысқылау керек.

11.Пальпация арқылы ең толы көк тамырды анықтаңыз.

12.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

13. Инъекция жасалатын орынды тері антисептигімен бір бағытта екі рет өңдеңіз: алдымен үлкен аймақта, сосын кіші – инъекция

жасалатын орынды. 3-ші спиртті мақта түйіршікпен сол қолдың 4-ші және 5-ші саусақтарының арасына орналастырыңыз.

14. Шприцті оң қолыңызға иненің ұшын жоғары қаратып ұстаңыз: екінші саусақпен иненің канюлясын ұстаңыз; үшінші, төртінші және бірінші саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз.