Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 191
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
15. Шприцтен ауаның жоқтығын тексеріңіз.
16. Шынтақ буынының терісін сол қолдың үлкен саусағымен тартамыз, аздап шеткері ығыстыра отырып,көк тамырды бекіту үшін. Иненің кесігін жоғары қаратып, қолдағы шприц жағдайын өзгертпей теріге параллельді ұстап, 150 градус бұрышта теріні тесіңіз, ақырындап иненің 1/3 бөлігін көк тамырға енгізіңіз, «бос кеңістікке кіргендей» сезім пайда болғанша.
17.Сол қолыңызбен шприц поршенін өзіңізге қарай тартыңыз, иненің канюлясына және шприцке қан келу керек, бұл иненің көк тамырда екенінің белгісі.
18.Сол қолыңызбен резеңке жгутты шешіңіз, пациенттен жұдырығын жазуды талап етіңіз, тағыда сол қол саусақтарымен поршенді кері тартып, көк тамырда екенімізге көз жеткіземіз.
19.Сол қолдың 1-ші саусағымен поршенді итеріп, дәрілік затты ақырындап көк тамырға жіберіңіз.
20. Ине салынған орынға спиртке малынған мақта түйіршігін қойыңыз, инені шығарыңыз, пациенттен қолын шынтақ буынында бүгуін және 3-5 минут отыра тұруын сұраңыз.
21. Қолданылған шприцті арнайы қорапқа салыңыз.
22. Қолғапты шешіп, арнайы қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Система арқылы көк тамырға сүйықтықтарды енгізудегі мейіргердің технологиясы Мақсаты: Емдеу мақсатымен дәрілік заттарды көп мөлшерде көк тамырға тамшылап енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауымен айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру, парентеральды тамақтандыру, уыттану белгілерін жою. Инъекция жасалатын орындар: шынтақ буынының, білектің, қол-аяқтың беткергі көк тамырлары, балаларда- бастың беткергі көк тамырлары.
Асқынулары: гематома, флебит, тромбофлебит, вирустық гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, сепсис, ауа және дәрілік эмболия.
Жабдықтау: 4 қабат залалсыздандырылған дәкемен жабылған залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, таңу материалы бар залалсыздандырылған бикс, сұйықты тамшылап жіберуге арналған бір реттік система, ұштаған, дәрілік заттар, дәрісі бар флакон, 70% этил спирті бар флакон, клеенкалы жастықша, лейкопластырь, жгут, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Іс-шара алдында палатаға барып, пациентпен әңгімелесіп шығыңыз, тоқ ішекті және қуықты босату керек екендігін ескертіңіз.
2. Тағайындалған ем жайында хабардар екеніне көз жеткізіңіз.
3. Ем-шара бөлмесінде бір реттік системаны тексеріңіз (жарамдылық мерзімі, сыртқы орамының бүтіндігін,).
4. Дәрілік заты бар флаконды дайындаңыз (дәрінің атын, дозасын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін және дәрігердің тағайындау нұсқауымен сәйкестігін тексеріңіз).
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, антисептикпен өңдеп, қолғапты киіңіз.
6. Флаконның темір қақпағын қайшының көмегімен ашып, спиртке малынған мақта түйіршігімен резеңке қақпағын екі рет сүртіңіз.
7. Системаның орамын ашып, тамшы системаны орамнан алып шығыңыз.
8. Системаның бұрандысын жабыңыз.
9. Системаның қабылдағыш инесінің қақпашасын алып, инені дәрісі бар флаконның резеңке қақпақшағына енгізіңіз. Тамшы системаның ауа өткізетін қақпақшасын ашыңыз.
10. Флаконды түбін жоғары қарата төңкеріп, системаның бос ұшын сол қолға ұстап , ұштағанға іліп қойыңыз.
11. Тамшы жібергішті жартысына дейін дәрімен толтырыңыз.
12.Тамшы системаның бұрандысын ашып, системаны дәрілік затпен толтырыңыз, инеден 1-2 тамшы дәрі шыққанша.
13. Системада ауаның жоқтығын тексеріп, бұрандысын жабыңыз.
14. Лотоктағы залалсыздандырылған дәкенің арасына антисептикке малынған мақта түйіршіктерімен және ұзындығы 4-5см лейкопластырь орналастырыңыз.
15. Палатада пациентті арқасымен жатқызыңыз.
16. Қолғапты антисептикпен өңдеңіз.
17.Шынтақ астына клеенкалы жастықшаны орналастырыңыз.
18. Иықтың орта тұсынан резеңке жгутты байлаңыз.
19.Тамыр соғысын тексеріңіз.
20. Пациенттен қолын ашып- жұмып, жұмыс жасауын сұраймыз.
21. Пальпация көмегімен көк тамырды тексереміз.
22.Инъекция жасалатын орынды тері антисептигімен бір бағытта екі рет өңдеңіз: алдымен үлкен аймақты, сосын кіші – инъекция жасалатын орынды. 3-ші спиртті мақта түйіршігін сол қолдың 4-ші және 5-ші саусақтарының арасына орналастырыңыз.
23. Система инесінің қақпақшасын шешіп,1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз.Сол қолдың 1-ші саусағымен тамырды бекітіңіз.
24. Инені теріге 300 С бұрышта ұстап енгізіңіз, содан соң иненің бұрышын азайта отырып, 1/3 бөлігін көк тамырға енгізіңіз.
25. Сол қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен системаның түтікшесін қысып, ине тамырда екеніне көз жеткізіңіз. Егерде канюляда және системада қан пайда болса, жгутты шешіңіз. 26. Ине тамырда екеніне тағыда көз жеткізіңіз.
27. Системаның қысқышын ашып, көк тамырға дәрінің келу жылдамдығын реттеңіз (1 минутта 20-40-60 тамшыға дейін, жіберілетін дәрінің түріне және дәрігер тағайындауына байланысты). Бір неше минут дәрілік заттың тамшылауын және пациенттің жағдайын қадағалау керек.
28. Иненің канюлясын жабысқақ жолақпен бекітіп, залалсыздандырылған дәкемен дәрі жіберетін ине тұсын жауып қойыңыз.
29. Тамырға кетіп жатқан дәрінің жылдамдығын қадағалаңыз.
30. Инфузия кезіндегі пациенттің жалпы жағдайын қадағалаңыз.
31. Процедура аяқталған сон, системаның бұрандысын жауып, тері антисептигіне малынған үшінші мақта түйіршігімен басып, инені тамырдан алып шығыңыз. Пациенттің шынтақ буынын қан толығымен тоқтағанша бүгіңіз.
32. Системаның инесін қалпақшасын кигізбей, пайдаланған мақта түйіршігімен және қолғапты арнайы контейнерге тастаңыз.
33. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: Ине кірген жерді ауық- ауық қарап отыру керек, дәрі тамырға кетіп жатқанына көз жеткізу үшін. Иненің жағдайын тексеріп отыру,(орнынан жылжыған жоқпа, жақсы бекітіліп тұр ма), пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отыру, дәрі кетіп жатқан жер ауырмай ма деп сұрау керек, егер пациент ауырсынса, немесе иненің дәрі кетіп жатқан тұсында ісік пайда болса, бұрандысын жауып, инені алу тастайды.
Қанды биохимиялық зерттеулер үшін көк тамырдан алу.
Мақсаты: диагностикалық.
Көрсеткіші: дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті тексеру.
Асқынулары: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирусты гепатит, ЖИТС. Қанды алу орындары: шынтақ, білек, қолдың үстінгі жағы. Жабдықтау: залалсыздандырылған: көлемі 10-20 мл бір реттік қолданылатын шприц, лоток, мақта түйіршіктері, дәкелер, тері антисептигі, алжапқыш, маска, көзілдірік, қолғап, штативтегі суланбайтын қақпақтары бар пробиркалар, резеңке жгут, суланбайтын жастықша, ҚЗАК (қолданылған заттарға арналған контейнер).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациенке процедураның мақсатымен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. Таңғы ас қабылдамағанын анықтаңыз.
2. Зертханаға жолдама жазыңыз, пробирканы белгілеңіз.
3. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз.
4. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, тері антисептигін қолданыңыз.
5. Қолғапты, маска, қорғаныш көзілдірігін, алжапқышты киіңіз (стандарт бойынша).
6. Бір рет қолданылатын шприцті жинаңыз (стандарт бойынша).
7. Пациенттің шынтағының астына клеенка жастықшаны қойыңыз.
8. Иықтың ортаңғы бөлігіне, дәкені немесе пациенттің ішкі киімінің үстіне резеңке жгутты салыңыз.
9. Жгуттың бос жағын жоғары, ал байланған ілгегін төмен қаратып байлаңыз.
10. Кәрі жілік артериядан тамыр соғысын анықтаңыз (пульс анықталуы қажет).
11. Көк тамырды тексеріңіз. Ең толымды көк тамырды табыңыз.
12. Пациенттен, көк тамыр толуы үшін, жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, одан кейін жұмып ұстауын сұраңыз.
13. Қолғаптарды тері антисептигімен өңдеңіз.
14. Пациенттің шынтақ буыны, инъекция орнын екі рет, бірінші үлкен аймағында, содан кейін кіші аймағында спиртке малынған мақта түйіршігімен өңдеңіз. Үшінші мақта түйіршігін сол қолдың IV и V саусақтар арасында ұстаңыз.
15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз: ІІ саусақ ине канюлясын, ал III, IV, І саусақтармен цилиндрдің үстін, V саусақпен поршенді ұстаңыз. 16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжамдаған тесу орнынан төменірек жерден көк тамырды бекітіп ұстаңыз.
17. Иненің қалпақшасын шешіп, көк тамырды тесіңіз (бұл кезде аурудың жұдырығы жұмылған).
18. Поршенді өзіңізге қарай тартып, иненің көк тамырда екеніне көз жеткізіңіз.
19. Шприцке, сол қолмен поршенді абайлап өзіңізге қарай тартып, 5-7 мл қанды сорып алыңыз.
20. Жгутты шешіңіз, пациент жұдырығын ашу қажет, инені көк тамырдан тез арада алып шығыңыз.
21. Инъекция орнына тері антисептигіне малынған мақта түйіршігін 3-5 мин салып, пациенттің шынтақ буынын аздап бүгіп ұстауын сұраңыз.
22. Инені шприцтен алып ҚЗАК-ға салыңыз (қолданылған заттарға арналған контейнер).
23. Шприцтен қанды пробиркаға қабырға бойымен жайлап қысымсыз жіберіңіз, қанның шашырауына жол бермеңіз.
24. Пробирканы суланбайтын тығынмен жабыңыз.
25. Қаны бар пробирканы штативімен бірге контейнерге қойыңыз, аузын мықтап жабыңыз.
26. Пациенттің тұруына немесе оның ыңғайлы жағдайда отыруына көмектесіңіз.
27. Көк тамырды тескен жерден қанның ақпағанына көз жеткізіп, пациенттен мақта түйіршегін алып ҚЗАК-ға салыңыз (қолданылған заттарға арналған контейнер).
28. Контейнерді және жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.
29. Қолғапты шешіп ҚЗАК-ға салыңыз.
30. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту: - көк тамырдан биохимиялық сараптамаға қан таңертең ашқарынға, 10 мл мөлшерінде алынады; - АИВ және RW сараптамаларына қан кез-келген уақытта 5 мл көлемінде алынады; - қан алуға арналған пробирка құрғақ (эритроциттер гемолизге ұшырайды), химиялық таза, өзіне сәйкес тығыны болуы қажет; - қанды тек инемен, шприцсіз алуға болмайды (қанның шашырау қауіпі бар); - жолдамада пробирканың нөмірін, зерттеу мақсатын, пациенттің аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімшесін көрсетіңіз; - қанды қауіпсіз әдіспен алу жүйесі - вакутайнердің (BD VACUTAINER) болуы медициналық қызметкердің максималды қауіпсіздігі мен жиналған материалдың сапасын арттырады.
Көк тамырдан қанды ваккумды жүйенің көмегімен алу
Қанды ваккумды жүйенің көмегімен алу – бұл қанды алу, тасымалдау және сапалы сараптама жасау жүйесі. Вакутайнер – көк тамырдан қан алуға арналған, толық тығыздалып жабылған бір рет қолданылатын ваккумды пластикті жүйе.
Үш бөліктен тұрады:
1. Қауіпсіздік қақпақшасы бар екі жақты ине.
2. Бір реттік бекіткіш.
3. Белгілі көлемдегі ваккуммен залалсыздандырылған пробирка.
Артықшылығы: қауіпсіздік, тиімділік, үлгінің сақталуы мен зерттеу қорытындысының кепілдігі, гемолиз даму және ұйыған қан микротүйіршіктерінің пайда болу мүмкіндігінің өте төменділігі, үлгіні алу мен оның қоспамен қосылу мерзімінің тұрақтылығы, қан/қоспа көлемі қатынасының нақты болуы, жгут әсерінің болымшы болуы, үлгінің залалсыздандырылған болуы.
Мақсаты: диагностикалық.
Көрсеткіші: дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті тексеру.
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис.
Қанды алу орыны: шынтақ, білек, қолдың үстінгі жағындағы көк тамырлары.
Жабдықтау: залалсыздандырылған: қауіпсіздік қақпақшасы бар екі жақты ине, бір реттік бекіткіш, ваккумды пробиркалар, мақта түйіршіктері, қолғап, тері антисептигі, жгут, суланбайтын жастықша, маска, алжапқыш, қорғаныш көзілдірігі немесе экран, пробиркаларды тасымалдауға арналған контейнер, қолданылған заттарға арналған контейнер( ҚЗАК).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке шараның мақсаты мен орындау барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. Таңғы ас қабылдамағанын анықтаңыз.
2. Зертханаға жолдама жазыңыз.
3. Пациенттің ыңғайлы жағдайда отыруын қамтамасыз етіңіз.
4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен өңдеңіз.
5. Маска мен қолғап, қорғаныш көзілдірігін, алжапқышты киіңіз.
6. Қан жинауға арналған жүйені алыңыз.
7. Қораптың тегістігін және қан жинауға арналған компоненттердің жарамдылығын тексеріңіз.
8. Қорапты ашыңыз.
9. Инені алыңыз, қорғаныш қалпақшасын шешіңіз (екі жақты инені қолданғанда сұр түсті қалпақшаны шешу қажет).
10. Инені ине бекіткішке салып, түбіне дейін бұраңыз.
11. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, киімінің жеңін толық шешіңіз, шынтақ астына жастықша салып қолын төмен түсіріңіз. 12. Көк тамыр манжетін (жгутты) иықтың орта бөлігіне, киімінің немесе салынған дәкенің үстіне салыңыз.