Файл: Ксіби аза тілі пні бойынша 5В030100 Юриспруденция мамандыы шін ОУдістемелік кешен курс.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 118
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Жолдастарыңды, достарыңызды қылмыстық жолдан қалай сақтандырасыз?
4. «Ұрлық түбі – қорлық» деген мақалдың мағынасын түсіндіріп беріңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
СӨЖ 5-6.
Қазақ тіліндегі кәсіби терминология. Ғылыми стиль.
Тапсырмалар:
1. Тергеуші мен қорғаушының қызметі жайлы мәлімдеме дайындаңыз.
2. «Мен білетін құқықтық мемлекет» деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.
3. Қазақтың атақты заңгерлері туралы не білесіз?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
СӨЖ 7-8
Пәндік тілдік материалдарды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Публицистикалық стиль.
Тапсырмалар:
1. Газет материалдарынан халықаралық құқық туралы хабарлама дайындаңыз.
2. Қазақстанның ІІМ туралы хабарлама дайындаңыз.
3. БАҚ материалдарын пайдалана отырып, Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Түркия арасындағы дипломатиялық келіссөздер өткізудің жобасын дайындау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
СӨЖ 9-10
Арнайы кәсіби бағыттағы материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану.
Көркем әдебиет стилі.
Тапсырмалар:
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан реферат дайындаңыз.
2. «Жастар арасындағы ұлттық тәрбие». Шығарма.
3. Қазақтың белгілі заңгерлері туралы мәлімет дайындаңыз.
4. Қарағанды облыстық прокуратурасы туралы хабарлама дайындаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
СӨЖ 11-12
Қазақ тілінде мамандық бойынша пән салалары мазмұнына сипаттама. Ресми-іс қағаздар стилі.
Тапсырмалар:
1 Ресми іс-қағаздарының стилі туралы оқыңыз.
2. Өмірбаян. Өтініш мәтіндерімен танысыңыз.
3. Жазылу стиліне қөңіл аударыңыз.
4. Мәтіннің бірнеше нұсқасын жазып, жаттығыңыз.
5. Анықтаманың түрлі нұсқаларын құрыңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3].
СӨЖ 13-14
Кәсіби қазақ тілінің мамандық пәндерімен байланысы.
Тапсырмалар:
1. Ата Заңымызда көрсетілген адам құқықтары мен бостандықтарын жазыңыз.
2. Қазақстанның басқа сыртқы елдермен халықаралық құқықтық қарым-қатынасы туралы қосымша ақпарат дайындаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
СӨЖ 15
Бақылау жұмысы (оқытушының таңдауы бойынша).
Тапсырмалар:
1. Үлгі бойынша шығарма жазыңыз.
2. Жазылу стиліне көңіл аударыңыз.
3. Сөздік минимумды жаттаңыз, жатқа жазыңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. [5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
13. Жазбаша жұмыстар тақырыптары
Рефераттар тақырыптары:
1. Қазақстан Республикасының негізгі Заңы
2.Қылмыстық құқықтағы мәселелер
3.Дипломатиялық қатынастар
4. Елшілер әдебі
5. Қылмыс пен жаза
6. Жеті Жарғы
7. Қорғаушының міндеттері
8. Ішкі істер органдары
9. Тергеуші
10. Адам құқығы
Бақылау жұмысының тақырыптары:
1. Шығарма
2. Мазмұндама.
3. Сөздік диктант
4. Тест
5.Сөздік жұмыс.
14. Баға туралы ақпараттар
Бақылау түрі | 50 - 100 30 10 |
Ағымдық | 50 - 100 |
Аралық | 50 - 100 |
Қорытынды | 50 - 100 |
Барлығы: | 50 - 100 |
Студенттердің білімін бағалау критерийі
Балдар | Бағалау өлшемдері |
90-100 5 үздік | Студенттер төмендегі әрекеттерді іске асыра алады Сөйлеу 1. Сұхбат сөзінің сипаттамаларының сақталуы. 2. Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі) 3. Сөз ілтипатының ынталығы мен жылдамдылығы. 4. Тыңдалған тілдік тәсілдердің функционалдық және коммуникативтік (ауызекі формуланың барлығы және орындылығы жағдаятқа, қарым-қатынас ауқымына сәйкестілігі). 5. Тілдің (дауыс ырғағы, лексика-грамматикалық) жағынан дұрыстығы. 6. Тақырыпты ашу, ойын айтудың мағыналық-мазмұндық сатылығы және сөйлеудің ырғағы. Жазба сөз 1. Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). 2. Жазбаша мәтіннің мазмұндылығы және көлемі (сөйлеу ниеттілігінің болуы берілетін ақпараттың нақтылығы, нормативтік талаптарға сәйкестілігі). 3. Лексикалық толықтылық грамматикалық дұрыстылық (орфография және тыныс белгілері ережелерін сақтау). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұхбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішінен таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындау). 2. Тындау арқылы мәтіннің типін және тақырыбын анықтау. 3. Басты ақиқат фактілерді, түйінді сөздерді қайталай тыңдау барысында ерекше айқындау. 4.Тыңдалатын мәтіннің негізгі фактілерін берілген логикалық жүйеде айтып шығу. Оқу 1. Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау). 2. Мәтінді толық түсіну (газеттер мен журналдардағы мақалаларды және т.б.); (кейбір нақтылықтарға, фактілерге байланысты сұрақтарға жауап беру, ең бастыны болмашыдан және т.б. айыра білу). 3. Қойылған мақсатқа сәйкес қажетті ақпаратты жылдам табу. |
75-89 4жақсы | Сөйлеу 1. Диалог сөздің сипаттамаларының сақталуы. 2. Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі). 3. Сөз ілтипатының ынталығы мен жылдамдылығы. 4.Тілдің (дауыс ырғағы, лексика-грамматикалық) жағынан дұрыстылығы және сөйлеудің ырғағы. Жазба сөз 1.Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). 2.Жазбаша мәтіннің мазмұндылығы және көлемі (сөйлеу ниеттілігінің болуы берілетін ақпараттың нақтылығы, нормативтік талаптарға сәйкестілігі). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұхбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішінен таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындау). 2.Тындау арқылы мәтіннің типін және тақырыбын анықтау. 3. Басты ақиқат фактілерді, түйінді сөздерді қайталай тыңдау барысында ерекше айқындау. Оқу 1. Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау). 2. Мәтінді толық түсіну (газеттер мен журналдардағы мақалаларды және т.б.); (кейбір нақтылықтарға, фактілерге байланысты сұрақтарға жауап беру, ең бастыны болмашыдан және т.б. айыра білу). |
50-74 3 қанағаттанарлық | Сөйлеу 1.Сұхбат сөзі сипаттамаларының сақталуы. 2.Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі). 3. Сөз ілтипатының ынталығы мен жылдамдылығы. Жазба сөз 1. Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). 2. Жазбаша мәтіннің мазмұндылығы және көлемі (сөйлеу ниеттілігінің болуы берілетін ақпараттың нақтылығы, нормативтік талаптарға сәйкестілігі). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұхбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішінен таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындау). 2.Тыңдау арқылы мәтіннің түрін және тақырыбын анықтау. Оқу Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау). |
0-49 қанағаттанарлықcыз | Сөйлеу 1.Диалог сөзінің сипаттамаларының сақталуы. 2.Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі). Жазба сөз 1.Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұхбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішіен тандау арқылы тест тапсырмаларын орындау). Оқу Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау). |
15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1) Іс қағаздарының түрлерін атаңыз:
A) құттықтау, мақал-мәтелдер
B) бұйрық, хаттама, жарлық
C) өлең, аңыз, ертегі
D) мәтін, әңгіме, ақпарат
E) өмірбаян, тілек, салт-дәстүр
*****
2. Қазіргі қазақ тілінің стильдер жүйесіне жатпайтынды көрсетіңіз
A) Көркем әдеби стиль.
B) Терминдер стилі
C) Публицистикалық стиль
D) Ресми іс қағаздар стилі
E) Ауызекі сөйлеу стилі
*****
3. Жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылатын стиль
A) публицистикалық стиль
B) ауызекі сөйлеу стилі
C) ғылыми стиль
D) көркем әдебиет стилі
E) ресми іс қағаздар стилі
*****
4. Эмоционалдық, бейнелі, экспрессивті сөздер мол қатысатын стиль
A) публицистикалық стиль
B) ауызекі сөйлеу стилі
C) ғылыми стиль
D) көркем әдебиет стилі
E) ресми іс қағаздар стилі
*****
5. Қарым-қатынас жасау мақсатында еркін сөйлеу үшін алдын-ала дайындықсыз қолданылатын функционалдық стильдердің түрін атаңыз.
A) ғылыми стиль
B) ресми іс қағаздар стилі
C) публицистикалық стиль
D) көркем әдебиет стилі
E) ауызекі сөйлеу стилі
*****
6. Жазылу барысында мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынатын стиль
A) публицистикалық стиль
B) ауызекі сөйлеу стилі
C) ресми іс қағаздар стилі
D) көркем әдебиет стилі
E) ғылыми стиль
*****
7. Өмірбаян – ... құжат.
A) өкілеттік
B) ұйымдық
C) анықтамалық-ақпараттық
D) бұйрықтық
E) дұрыс жауап жоқ
*****
8. Өмірбаянға кімнің қолы қойылады?
A) әкесінің
B) мекеме басшысының
C) хатшының
D) өмірбаян иесінің
E) шешесінің
*****
9. Түйіндемедегі мәлімет нешінші жақтан баяндалады?
A) бірінші жақта
B) екінші жакта
C) үшінші жакта
D) екінші және үшінші жақта
E) дұрыс жауап жоқ
*****
10. Дұрыс аударылған тіркес
A) қызметке алу – вакансия
B) қызмет істедім – вакансия
C) қызметтен кету – вакансия
D) қызмет орны – вакансия
E) бос қызмет орны – вакансия
*****
11. Мінездеме мәтінінде бас әріппен жазылатын сөздер
A) Мінездеменің соңы
B) Мінездеме иесінің жаксы қасиеттері
C) Мінездеме иесінің жағымсыз қылықтары
D) Мінездеме иесінің аты-жөні
E) Мінездеме иесінің туған күні
*****
12. Мінездеме ... жазылады.
A) ресми іс қағаздар стилінде
B) ауызекі сөйлеу стилінде
C) ғылыми стильде
D) көркем әдебиет стилінде
E) публицистикалық стилде
*****
13. Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік
A) жұмысы дұрыс
B) әріптестер арасында сыйлы
C) жұмыстағылар жақсы көреді
D) ары қарай істей берсін
E) жұмысты жақсы істеп жүр
*****
14. Дұрыс аударылған тіркес
A) бағалы маман – опытный специалист
B) білімді маман – опытный специалист
C) тәжірибелі маман – опытный специалист
D) жоғары білімді – опытный специалист
E) тәжірибесіз маман – опытный специалист
*****
15. Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік
A) босат
B) босатылсын
C) босатуыңызды сұраймын
D) босатсаңыз дұрыс болар еді
E) босатады деп ойлаймын
*****
16. Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:
A) қабылданды
B) қабылдауыңызды сұраймын
C) қабылдау керек
D) қабылдасаңыз дұрыс болар еді.
E) қабылдағаныңызды сұраймын
*****
17. Экономикаға қатысты терминдер тобын көрсетіңіз.
A) қоғам, адам, табиғатты қорғау
B) өндіріс қоры, банк жүйесі, сауда
C) топ, жақсылық, ақылды
D) қайраткер, данышпан, ғалым
E) өнеркәсіп, жалақы, мектеп
*****
18. Синонимдік қатарды табыңыз
A) пайда, зиян
B) тауар-ақша
C) пайда, табыс
D) ақша-бартер
E) кіріс, шығыс
*****
19. Баға сөзінің аудармасын көрсетіңіз
A) курс
B) ставка
C) цена
D) налог
E) дивиденд
*****
20. Экономикалық тіркес құраңыз: Кәсіпкерлікті ...
A) дамыту
B) жетістік
C) шағын
D) жеңілдетілген
E) қолдамау
Cұрақ нөмірі | Жауабы (A,B,C,D,E) |
1 | B |
2 | B |
3 | A |
4 | D |
5 | E |
6 | С |
7 | C |
8 | D |
9 | A |
10 | E |
11 | D |
12 | A |
13 | B |
14 | C |
15 | C |
16 | B |
17 | В |
18 | С |
19 | С |
20 | А |