Файл: Ксіби аза тілі пні бойынша 5В030100 Юриспруденция мамандыы шін ОУдістемелік кешен курс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 114

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырып: Кәсіби қазақ тілі – адам іс-әрекетінің белгілі аясын қамтамасыз ететін пәндік феномен. Ауызекі сөйлеу стилі.

Кәсіби сөйлеуге үйрету барысында қазақ тілін ауызекі сөйлеу тілі ғана емес сонымен қатар жұмыс барысында кәсіби тілде сөйлеу, кәсіби тілде сөйлейтін ортаны қалыптастыру жұмыстары туындайды. Сонымен қатар қазақ тілін кәсіби салалар бойынша оқыту-үйрету барысында кәсіби сала сөздерін тілде қолданғанда ол сөздердің дұрыс тіркеспен айтылуын, қалыптасқан тұрақты тіркеспен айтуға жаттықтыру, қалыптасқан кәсіби сөздердің дұрыс тіркестікте пайдалануын қалыптастыру болып табылады.

1-тапсырма. Екеуара сұхбат жүргізіңіз. Өз мамандығыңыздың ерекшелігін әңгімелеңіз.

2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмалары.

  • Негізгі ақпаратты көрсетіңіз

а) мемлекеттік тіл

ә) шешендік өнер сайысы

б) қазақтың би-шешендері

в) қазақтың ұлттық өнерінің түрлері

  • Нақты деректі анықтаңыз:

а) сайыстың шарттары өте жеңіл

ә) сайыс бірнеше бөлімдерден тұрады

б) сұхбатқа қатысушылар сайыс шарттарымен таеысты

в) «Қанеки, тілім, сөйлеші» атты шешендік өнер сайысы өтеді.

  • Дұрыс жауапты табыңыз. Байқаудың қай тапсырмасы қиын?

а) би-шешендердің сөздерінен үзінділер айту

ә) үміткердің өзін-өзі көпшілікке таныстыруы

б) шешендік сөздердің астарын ашып, мағынасын түсіндіру

в) қазіргі проблемалық тақырыптар бойынша сөйлеп, шешендік таныту.

(В1 оқу-әдістемелік құрал үнтаспасы)

3-тапсырма. Жағдаяттық тапсырманы жалғастырыңыз.

Үйіне кеш қайтқан бір жігіт өзінің танысының пәтеріне ұрлық жасап жатқан жерінен ұстап алады.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдер мазмұнын сөздердің орын тәртібіне қарай дұрыс құрастырыңыз.

Үлес, күрес ,үшін, ерге ,отан , – тиген.

Сатқан, опасыз, отанын.

Ұят, күшті, өлімнен.

Жоқ, биде, туған, тура.

Бір, отаны, жүрегі, бірдің.

5-тапсырма. Мәтін бойынша ауызекі сөйлеу стилінің өзіндік ерекшелігін әңгімелеңіз.

Қарым-қатынас жасау мақсатында еркін сөйлеу үшін дайындықсыз қолданылатын стильдің түрін ауызекі сөйлеу стилі деп атайды. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым, тақырып аясы өте кең. Ауызша сөйлегенде сөздердің орын тәртібі қатаң сақтала бермейді. Сөйлемнің толық айтылмай, қысқарып, айтылуы жиі кездеседі.


Ауызекі сөйлеу стилі тұрмыста ғана жұмсалып қоймайды, адам еңбек ететін, тіршілік жасайтын салалардың барлығында да пайдаланылады. Қай жерде қолданылса да, ауызекі сөйлеу стилі бейресми қарым-қатынас аясында жұмсалады.

Жоғарыда аталып өткендей, ауызекі сөйлеу стилі екі шағын стильден тұрады:

- бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі;

- ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі.

Бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі – тұрмыста, отбасында қозғалатын әңгіменің стилі. Мұндайда әлдебір маңызды мәселе, үлкен проблема көтерілмей, аман-саулық, қоршаған ортаға байланысты сөз болады.

6-тапсырма. Берілген сөздердің құрамындағы әріптерді пайдаланып бірнеше сөздер құраңыз.

Жауапкершілік______________________________________

Қатынастар_________________________________________

Еркіндік___________________________________________

7-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Еркін сөйлеу мақсатында дайындықсыз қолданылытын стиль түрі қалай аталады?

__________________________________________________

Ауызша сөйлегенде сөздердің орын тәртібі сақтала ма?

__________________________________________________

Ауызекі сөйлеу стилінің қандай түрлерін білесіздер?

__________________________________________________

Пайдаланылған әдебиеттер:

[5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
5-6. Тақырып: Қазақ тіліндегі кәсіби терминология. Ғылыми стиль.

Адамның қоғамдағы өмірі қазіргі кезеңде үздіксіз келіп жатқан ақпараттарды дұрыс қолдану мен хабарлануға байланысты. Белгілі бір мамандық иесі аталған кәсіптің тілін жақсы білген жағдайда ғана ақпаратты еркін жеткізе алатындығы жалпыға белгілі. Бүгінгі күні заңгерлерді кәсіби бағытта дайындаудың сапасын жоғарылату негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл, ең алдымен, өкіметтік орын қызметкерлерінің, соттардың, қорғаушылар мен заңгерлердің мемлекеттік тілді күнделікті кәсіби іс-әрекеттерінде белсенді қолдануымен тығыз байланысты.

Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік – сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образдылығы мұнда аз кездеседі. Ғылыми салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым ылғи алға басып дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады.

1-тапсырма. Терминдерге түсіндірме сөздік бойынша анықтама беріңіз.



Заң, қорғаушы, жаза, тергеуші, қорлау, мүлікті тәркілеу, тонау, ұрлық, тәртіптік жазалар, сот.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті терминдерді қойыңыз.

..... сараптамасының түрін тағайындауды тергеуші, сот немесе прорурор шешеді. Қылмыс үстінде ұсталған .... өз кінәсін мойындады. Жауап алған тергеуші ..... қажетті мәліметтер алды. ..... түрін сот қабылдайды. Жауап алу алдында ...... дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Керекті термин сөздер: жаза, тергеуші, айыпталушы, сот, қылмыскер.

3-тапсырма. Тыңдалым тапсырмалары.

Мәтін бойынша тірек сөздер: адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер, адам іс әрекеті, мазмұнды белгілері, өмір сүру мақсаты, құндылық жүйесі, ұрпаққа мұра етіп қалдыру, әлеуметтік құрылым, талап – тілектер, қоғамның қозғаушы күші.

  • Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Мәдениет дегеніміз не?

2. Неліктен мәдениет – адам жасаған екінші табиғат деп те аталады?

3. Адамдар қоршаған ортаға қалай әсер етеді, мәдениетке мұның қатысы бар ма?

(В1 оқу-әдістемелік құрал үнтаспасы)

4-тапсырма. Сөйлемдерді мағынасына қарай орналастырып, мәтін құрыңыз.

Қойылған сұрақтар анық және түсінікті болуы, куәгерді не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректер алынады. Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәгерден жауап алғанда, педагог не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәгердің ата-анасы да қатысады. Жауап алудың бірнеше түрі бар. Жауап алу барысында тергеуші заңда көрсетілген мына тәртіпті ескеруі тиіс. Жауап алу дегеніміз – заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәгерден жауап алу. (Қ.Қадашева, З. Ерназарова, Қ.Қанафиева. Қазақ тілі).


5 -тапсырма. Екі бағанадағы сөздерді өзара тіркестіріңіз.



6-тапсырма. Тергеуші мен жәбірленуші арасында сұхбат құрастырыңыз.

7-тапсырма. Сөзжұмбақтың шешімін табыңыз.


Ү



















К































І




























М






















Е































Т



















Пайдаланылған әдебиеттер:

[5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
7-8.Тақырып: Пәндік тілдік материалдарды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Публицистикалық стиль.

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін қазақ тілін оқыту мәселесімен қатар, оны жоғары деңгейде кәсіби салада оқыту мәселелері туындап отыр. Кәсіби салаларда мемлекеттік тілді оқыту ол әр салада қазақ тілін сол салаға бейімдеп оқыту, сол салада қолданылатын терминдерді пайдаланып сөйлеуге жаттықтыру, сол саланың іс құжаттарын, нормативтік құқықтық актілерді, құжаттарды ең алдымен мемлекеттік тілде қазақ тілінде толтыруға жаттықтыру. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алға шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Ісқағаздар, ресми құжаттардың тілі дұрыс қалыптасып ендігі бір жүйеге түсуі керек, сонда ғана қазақ тілінің қолданыс аясы, өрісі кеңейеді. Бұл жұмыстар негізінен қазақ тілін кәсіби салалар бойынша оқыту барысында жүзеге асырылады.


Публицистика – латын сөзі, көпшілік, әлеумет деген мағынаны білдіреді. Қазір қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрдың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады (мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен теледидардан берілетін хабарлар) т.б.Оның қоғамдық қызметі­-идеологиялық, күнделікті баспасөз, газет-журнал тілі. Оның ауызша формасы – радио, теледидар және үгіт-насихатшылар тілі. Сондықтан оның сөздік құрамы да, жазу стилі де өзге стильдер тілінен өзгеше.

1 -тапсырма. Қағиданы толықтырып, өз пікіріңізді

жазыңыз.
(Сарыарқа. Қазақ тілі. Мемлекеттік қызметшілерге

арналған жұмыс дәптері. - Қарағанды, 2008 ж.50 б. )

2-тапсырма. Тілші маманы ретінде құқық қорғау органының қызметкерінен сұхбат алыңыз.

3-тапсырма. Тыңдалым тапсырмалары

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

Мәтін не туралы?

Сұхбатқа қатысушылар кімдер?

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

Мәтін не туралы?

Сұхбатқа қатысушылар кімдер?

Олар не туралы сөйлесті?

Мәтінде қандай телебағдарламалардың аттары аталады?

  • Дұрыс жауапты табыңыз.




    Жаман көз

    «Қырағы көз» тіркесінің мәні

    Нашар көретін көз




    Көреген, сыншыл көз

  • Сұхбаттың түйінін көрсетіңіз:

а) Қазір телеарнада еркіндік жоқ

ә) Мұндай бағдарламаларды халық қолдамайды

б) Мұндай шаралар телеарна жұмысын алға өрлетпек

в) Бүгінгі таңда ұлттық тәрбиені дамытатын бағдарламалар көп.

(С1 оқу-әдістелік құрал үнтаспасы)

4-тапсырма. Ойқосу. «Жастар арасындағы қылмыспен қалай күресуге болады»?

5-тапсырма. Мәтін мазмұнын анықтап, оған тақырып қойыңыз.

Тергеуші істі сотқа толық тергеп жіберуі керек. Егер сот толық тексерілмеген істі тез қарап, үкім шығарса, үкім бұзылуы мүмкін.

Егер қылмыстық іс аяқталған қылмыс фактісі бойынша қозғалса, онда алғашқы тергеу әрекеттері мынадан басталады: