Файл: Ксіби аза тілі пні бойынша 5В030100 Юриспруденция мамандыы шін ОУдістемелік кешен курс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 120

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Ою сөзімен мағыналас сөз.

2.Той сөзімен мағыналас сөз.

3.Үлкен сөзімен мағыналас сөз. 4.Алғыс айту сөзімен мағыналас сөз.

5. Дүние сөзімен мағыналас сөз.

6. Қиял сөзімен мағыналас сөз.

7. Сөйлемді байланыстыратын сөз 8. Анаңыздың бауырлары.

(Қазақ тілі.Сарыарқа.ІІ деңгей)

Ө Т І Н І Ш

Негізгі мәтін азат жолдан бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Сізден Қарағанды қаласында үй-жайым болмағандықтан университет жатақханасынан бір бөлме беруіңізді өтінемін. Заң факультеті кеңесінің шешімі бойынша «азаматтық және еңбек құқығы» кафедрасына жұмысқа қалдырылған жас маманмын.

Мәтін әдетте стандартқа сай кіріспе сөзден басталады. Әрі қарай құжаттың мәнін ашатын, өтініш жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Өтініш жазуға себеп болған жайттарды төмендегідей құрылымдар арқылы беруге болады:

Қарағанды қаласында үй-жайым болмағандықтан,

басқа жұмысқа ауысуыма байланысты,

отбасы жағдайыма байланысты,

денсаулығыма байланысты,

қатысты (туралы) байқау ұйымдастырылуына байланысты т.б.

Өтініш жазылу мақсатын төмендегідей құрылымдар арқылы беруге болады:

жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын,

кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын,

жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын,

жұмыстан босатуыңызды сұраймын,

басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын,

рұқсат етуіңізді сұраймын,

материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын т.б.

Негізгі мәтін жазылып болғаннан кейін өтініш иесінің қызметі, аты-жөні жазылып, қолы қойылады. Жазылған күні, айы (жазбаша), жылы көрсетіледі.
Үлгі:

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі Б.М.Имашевке

заң департаментінің

бас маманы Е.А. Азаматовтан
Өтініш

Сізден министрліктің жатақханасынан бір бөлмелі пәтер бөлуіңізді өтінемін. Заң департаментінде бас маман болып қызмет атқарамын, үйленгенмін, екі балам бар.

Қолы

күні, айы, жылы.

Үлгі:

Анықтама

Осы анықтама Құсайынова Маржан Оспанқызының 1989-1994 жылдар аралығында Абай атындағы мемлекеттік университеті қазақ филологиясы факультетінің сырттай бөлімінде оқығандығын растайды.

Анықтама Ақсу аудандық оқу бөліміне кадрлар бөлімшесіне көрсету үшін берілді.

Факультет деканы Т.М.Еңсепов.

04.12.96.

Мінездеме


Үлгі:
Бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінің аға инженері Алпамысов Сәкен Азатұлына

МІНЕЗДЕМЕ

Алпамысов Сәкен Азатұлы 1966 жылы туған, білімі жоғары. Кәсіпорында 1990 жылдан, аталған қызметте 4 жылдан бері істейді. Ол бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінде аға инженер болып істеген кезінде қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. ПЭВМ-мен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Француз тілінен базалық білімі бар.

1997 жылы Санкт-Петербург электротехникалық институтында «Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» мамандығы бойынша дайындықтан өтті. Оқу орнынан берілген пікір жағымды.

Мінезі ашық, бірақ кейде сабырлы бола білмейді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, ерік-жігері орташа. Кей жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі.

Үйленген. Мектеп жасына дейінгі ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Жұмыстағы әріптестерімен іскерлік қарым-қатынаста. Өндірістік мәселелерді талқылағанда тік мінезділік көрсетеді, тым турашыл.

Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Дені сау.

Қорытынды: кәсіптік дайындық деңгейі мен басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, С.А.Алпамысовты бақылау-өлшеу аппараттары бөлімі бастығының орынбасары қызметіне 1 ай сынақ мерзімімен конкурстық негізде ұсынуға болады.

«Қызыл ту» өндірістік

бірлестігі бақылау-өлшеу

аппараттары бөлімінің бастығы Ж.С. Ильясов

5-тапсырма. Өзіңіз жақсы білетін әріптесіңізге мінездеме жазыңыз.

6-тапсырма. Даналық сөзбен танысып, берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.




Жұмысқа қол жеткізетін Жұмыс істемеудің

амалдар қандай? сылтауы қандай?

1. 1.

2. 2.

3. 3.

4. 4.

7-тапсырма. «Қоғамда өмір сүре отырып, қоғамнан тыс өмір сүре алмайсың» деген тақырыпта телехабар жүргізіңіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

[5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]
13-14. Тақырып: Кәсіби қазақ тілінің мамандық пәндерімен байланысы.

Мамандық пәндері атауларына түсініктеме беріңіз.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы

Халықаралық құқық

Дипломатиялық және консулдық құқық

Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу



Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы

Халықаралық жеке құқық

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы

Кәсіпкерлік құқық

Әкімшілік құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы.

Тақырып: Халықаралық құқық.

Тақырыптық сөздік:

қажеттілік

заң, заңдылық

сала

ынтымақтастық

әсер, ықпал

реттеушілік

қорғаушылық

қызмет

Біріккен Ұлттар Ұйымы

күш қолданбау

бейбіт шешу

қол сұқпау

мызғымайтын

өзгерту

бұзу

1-тапсырма. Тақырыптық сөздікті пайдаланып «Халықаралық құқық», «Қазіргі біздің елдегі саяси процестер» тақырыбына шағын мәтін құраңыздар.

2-тапсырма. Заң терминдерінің антонимдер тізбегін жұптастырыңыз.

адал

босату

адалдық

рас

айлакер

татулық

ақиқат

жауапсыздық

әділет

өлім

егеменді

зұлымдық

жалған

аңқау

жауапкершілік

арамдық

өмір

арам

шыншыл

залым

тұтқындау

өтірік

шындық

тәуелді

араздық

мойындау

әділдік

жалған

бас тарту

қиянат


3-тапсырма. Ойды жалғастырыңыз.

Заңгер үшін ең маңызды нәрсе____________________ ______________________________________________

Заңгерлер тек ішкі істер органдарында ғана емес ______________________________________________

4-тапсырма. Жұмыссыз қалған жағдайда қандай шешім қабылдаған болар едіңіз? Топпен талқылаңыздар.

а) еңбек биржасына барамын;

ә) жолдастарыма хабарлаймын;

б) туыстарыма хабарласамын;

в) газет-журналдардан хабарландыру жинаймын;


г) компьютер, тіл т.б. талаптарға сай болу үшін курстарға жазыламын;

ғ )мекемелерге түйіндеме таратамын.

Тақырып. Прокуратура.

Тақырыптық сөздік:

қадағалау прокурордың рұқсаты

бостандық бағыт

заңсыздық дербес

қылмыстық әрекет атқару

іздеу-тергеу ісі наразылық

бақылау өкілеттік

қамау бұйрық

тінту жүргізу нұсқау

күдікті қол сұғу

мүлік есеп беру

5-тапсырма. Топ болып орындаңыз. Қандай жағдайларда болуы мүмкін.

а) 1-топ студенттері

Прокурордың санкциясымен келіп қамауға әкетті.

ә) 2-топ студенттері

Прокурордың санкциясы болмаса да қамауға әкетті.

Тірек сөздер: Кісі өліміне қатысы бар. Бұрыннан осы кісімен араздасқан. Кісі өлімі болған жерде көрген. Рұқсатсыз табиғатқа зиян келтірген. Балықтың уылдырығын сатқан, оны сатуғаболмайтынын білмеген. Осымен бұрыннан айналысып жүрген. (Қ.Қадашева З.Ерназарова. Қазақ тілі. Алматы, 2002 138 б.)

6-тапсырма. Мәліметтердің шын (ш) немесе жалған (ж) екенін белгілеңіз.

Мәліметтер

Ш

Ж

Қылмыстық құқық ілімі – қылмысқа, қылмыстық жазаға байланысты заңдарды, мәселелерді зерттейді.







Қорғаушы заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.







Отанды қорғауға, ел бірлігін сақтауға заң бағытталмаған.







Мүліктік қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды, олардың ерекшеліктерін халықаралық құқық анықтайды.








Прокуратура заңдардың орындалуын қадағалайтын орган.









Пайдаланылған әдебиеттер:

[5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]

15. Тақырып: Бақылау жұмысы (оқытушының таңдауы

1. Жатқа оқу. Терминдерді жатқа айту.

2. Тест. Сөздік диктант.

3. Сөйлесім. Жағдаяттық тапсырмалар.

4. Мазмұндама,эссе.

6. Тыңдалым.

8. Лабораториялық сабақтар жоспары
қарастырылмаған.

9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

1. Тақырып бойынша лексиканы пайдалану және диалог формасында жағдаятты ауызша дамыту.

2. Тақырып бойынша мәселелерді талқылау. Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар.

2.1. Практикалық сабақтарда ұсынылған мәтіндерді оқыңыз және талқылаңыз.

Берілген тірек сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңыз.

2.2. Берілген тақырып бойынша кілт сөздерге түсініктеме беріңіз және солардың негізінде диалог құрастырыңыз.

2.3. Жағдаятты дамыту кезінде қарым-қатынастың жалпы міндеттерін, қатысушылардың нақты мақсаттарын есепке алыңыз және тірек сөздерді міндетті түрде қолданыңыз.

2.4. Ұсынылған жағдаят негізінде тірек сөздерді пайдалана отырып, пікір айтуға дайындалыңыз.

10. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар (қарастырылмаған).