Файл: Оыту жне ксібибадарлы оыту ымдарыны дидактикалы жне теориялы негіздері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 98
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7. Теориялық кәсіптік-бағдарлы оқыту формалары.
Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бірізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік біліи негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.
Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылыма айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады.
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. (Мысалы: автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп, балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау, құрастыру т.б.).
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:
Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.
Іздену (шығармашылық) арқылы.
Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен игереді.
Іздену әдістері оқушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.
Ақпарат көздері арқылы оқыту әдістерін түрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:
Сөйлеу әрекеті арқылы:
Әңгімелеу.
Түсіндіру.
Лекция.
Сұхбаттасу.
Оқулық мәтінімен жұиыс.
Нұсқа беру.
Көрнекілік:
Демонстрациялау.
Оқушының өзіндік бақылауы.
Практикалық:
Жаттығу.
Өндірістік-техникалық есептерді шешу.
Зертханалық-сарамандық жұмыстар.
Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлері бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.
Осыған мысал ретінде Ресей ғалымдары И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткиндердің ұсынысы бойынша кәсіптік оқытудың мына әдістері, төменгі кестеде көрсетілген. Оның негізінде оқушылардың іс-әректінің тиімділігі алынып отыр.
Іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі
1 Көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру
Әңгіме, лекция, түсіндіру, нұсқа беру, көрсету.
2 Репродуктивтік
Жаттығу, тапсырма беру, лекция, демонстрациялау, бағыт беру.
3 Проблемалық
Әңгімелесу, проблемалық жағдай, ойын, көз жеткізу, жалпыламалау.
4 Өз бетінше іздену әдісі
Диспут, өзіндік, сарамандық, зертханалық жұмыс, жарысу.
5 Іздену
Ізденуді модельдеу, жобалау, ақауларды іздеу, жаңа фактілерді жинау.
8. Тәжірибелік кәсіптік бағдарланған оқыту формалары
Жалпы орта білім алушылар кәсіптік білімнің өзіндік құндылығымен, ерекшелігін тани отырып, қоғамдық қарым-қатынастың өзгермелі уақытта жүйесіздігінен мамандық алуда өз еріктерінен тыс табыс көзіне мақсатталған мамандықтарды таңдауға мәжбүр болып отыр.
Осыған орай қазір білім беру жүйесін жетілдірудегі маңызды міндеттер қойылып отыр:
-педагогикалық білімнің мазмұны мен әдістерін жаңарту;
-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауда теориялық және практикалық инновациялық бағыттарды анықтау;
-оқу-тәрбие процесіне инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру технологияларын енгізу;
-кез келген жағдайда өз бетімен оң шешім қабылдай алатын, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра білетін және оны тиімді жүзеге асыру жолдарын анықтай алатын, оны тиімді жүзеге асыра білетін интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды қалыптастыру. «Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
-инновация туралы білімі;
-инновацияны жан-жақты меңгеру;
-инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
-инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
9.Сыныптан тыс білім беру кәсіптік-бағдарлы өз бетінше жүргізілетін сабақтарының сипаттамасы
10. Болашақ мамандарды кәсіптік іс-әрекетке практикаға бағытталған дайындаудың негізгі тәсілдері.
Болашақ мамандардың негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының төмендегідей талаптарына сәйкес болуы шарт:
-
жаңа білім беру стандартының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға; -
білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік тұрғыдан өзгертуге; -
педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне; -
білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек. Мұнда білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесіне көңіл бөлу де болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру үдерісінің ресурсына айналуы болашақ мамандардың өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жүйесін пайдалануына және түрлі педагогикалық жағдаяттар арқылы ақпараттық-коммуникативтік технологияның (АКТ) мүмкіндіктерін қолдануға бағдарлау қабілетіне тікелей байланысты. Ол АКТ озық қолданыс деңгейінде игеруін және ақпараттық ортада болашақ мамандардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістері мен дидактикалық тәсілдерін меңгеруі маңызды [6].
Кәсіби педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде: жоғары және орта кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіндегі жаңарту бағыттарының ортасынан ең алдымен, педагогикалық мамандар даярлаудағы ресурстарға қойылатын талаптарды бөліп алуға болады:
-
құзіреттілік-бағдарлы білім беруге көшу негізгі кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру; -
тар мамандандырудан түлектің кәсіби белсенділігінің базасын құратын кең профильді даярлыққа өту; -
кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты күшейту.
Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін, педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы жаңа қатынас құрылымын игерген маман даярлануы қажет. Кәсіби құзіреттердің білім беруді ақпараттандыруға байланысты талаптарға сәйкестігі – педагогикалық оқу орындарының түлектері соңғы уақыттарда бастапқы қолдану дағдыларын игергенін көрсетіп жүр. Біліктілікті арттыру жүйесі мен түрлі серіктестіктер жобалары жалпы алғанда қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету міндеттерін орындауға көңіл бөлгендігімен, болашақ мамандар ақпараттық ортадағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруға жеткілікті дәрежеде дайын болуы керек [7].
Осыған орай, білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында әлеуметтік шындық және оларды көрсететін тенденциялар өз жұмысының аумағында білікті және кәсіби-педагогикалық мәдениетке ие мамандар даярлауда олардың меңгеруге тиісті төмендегідей кәсіби құзіреттіліктеріне тоқталамыз.
Жалпы ғылыми құзіреттілік:
-
өзінің жалпы мәдени және интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және дамыта білуі; -
өзінің кәсіби қызметінде ғылыми бағытын таңдауы үшін жаңа зерттеу әдістерін өздігінен меңгере білуі; -
кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілін еркін қолдана білуі; -
зерттеу іс-әрекетінде жобалау технологияларын тиімді пайдалана алуы; -
өзінің жеке ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті арқылы танымдық қабілеттері мен әлеуметтік-мәдениетін жетілдіре білуі; -
белгіленген тақырып аясынада ғылымизерттеулер жүргізе білуі; -
ғылыми ортада коммуникативті қарым-қатынас орната алуы.
Инструменттік құзіреттілік:
-
жаңа білім мен біліктілікті, жаңа білім саласын қоса алғанда өзінің тәжірибелік қызметінде өз бетімен жинақтап, қолдана білуі; -
ғылыми негізделген зерттеудің әдістері мен технологияларын меңгеру, педагогикалық және психологиялық мәселелерді зерттеуде ақпараттарды жинақтауды, талдау жасауды, өңдеуді білуі;
-
кәсіби-педагогикалық мәселелердің дәстүрден тыс шешімдерін таба білуі. -
ұжымда өз көзқарасын дәлелдеп, жаңа шешімдерді ұсына білуі;
Жалпы кәсіби құзіреттілік:
-
ЖОО-да педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қабілетті болуы; -
кәсіби педагогикалық қызмет жағдайында психологиялық-педагогикалық заңдылықтар мен тұлғалық қарым-қатынас механизмдерін пайдалана білуі; -
кәсіби-педагогикалық қызметті жетілдіруге және дамытуға қабілетті болуы; -
кәсіби-педагогикалық қызметте жаңа ақпараттық құралдар мен технологияларды пайдалана білу қабілетінің болуы; -
кәсіби тұрғыдан өзіндік даму және жетілу қабілеттерін меңгеруі.
Аталған құзіреттіліктерді игеру болашақ мамандардың білім алуына жағдайлар жасауға бағытталған педагогикалық қызметтің көлемін жоғары дәрежеде қарастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, болашақ мамандардың педагогикалық әрекеті құрылымына сәйкес кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру төмендегідей бағыттарда қарастырылды:
Ұйымдастыру-басқарушылық:
-
болашақ мамандар білім беру ұйымдарымен кәсіби және тұлғалық байланыс орнату; -
олардың білім алуы мен дамуы үшін жағымды ортаны құруға мүмкіндік туғызу; -
педагогикалық үдеріске қатысушылардың арасында диалогты және көңіл-күйге негізделген адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру; -
білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің қарым-қатынасын үйлестіру; -
қоғаммен байланысты қалыптастыру; -
білім беру ұйымдарының әрекетін жоспарлауды жүзеге асыру; -
білім беру ұйымдарының педагогикалық үдерісін бақылауды және өз іс-әрекетін үйлестіре білуді жүзеге асыру; -
білім беру ұйымдарындағы әкімшілік мәдени басқарудың жүзеге асырылу бағыттарына бақылау жасай білу; -
білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруді жүзеге асыру; -
маркетингті қызметтің әрекетін ұйымдастыру; -
аналитикалық және жарнамалық әрекетті жүзеге асыру (қоғам мен бала қажеттілігі негізінде тестілеу, сауалнама жүргізу; ғылыми-әдістемелік көрмелер, жәрмеңкелер және сайттар құру т.б.).
Білім берушілік:
-
қоғамдық қатынастардағы жас ұрпақтың маңыздылығын түсіну; -
жоғары мектепте студенттердің білім алуына бағытталған оқыту үдерісін инновациялық тұрғыда жүзеге асыру; -
технология мен тәрбиелеудің сан түрлі нұсқаларын пайдалану; -
болашақ мамандарды кәсіби құзіреттілігіне бағытталған диагностикалық әдістерді меңгеру және оларды тәжірибеде қолдана білу; -
білім беру мазмұнын таңдау, яғни білім беру саласындағы нормативтік құжаттар мазмұнына сүйену (мемлекеттік білім беру стандарты, типтік бағдарламалар, оқу жоспарлары мен оқуәдістемелік кешендері т.б); -
оқытудың инновациялық технологияларын қолдану және оның тиімділігін анықтау; -
білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың, студенттердің ортақ тұлғалық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету; -
психологиялық-педагогикалық әрекеттің түрлі формаларын ұйымдастыру; -
рефлексия және өзіндік рефлексия қабілеттерінің әрекетіне ие болу;