Файл: Магистрлікдиссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 489

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім беру: химиялық элементтердің табиғатта кездесуінің екі формасы: атом және жай зат бойынша сілтілік металдардың жалпы сипаттамасын беріңіздер. Химиялық элементтерді олардың периодтық кестедегі орны бойынша сипаттау дағдысын дамытуды жалғастырыңдар. Металдар қасиеттерінің олардың атомдарының құрылысына тәуелділігі туралы білімге сүйене отырып, сілтілік металдардың өзіне тән химиялық қасиеттерін болжаңдар. Оқушыларды І топтың негізгі топшасы элементтері қосылыстарының тұрмыс пен өндірістегі қолданылуымен, олардың ағзалар тіршілігіндегі маңызымен таныстыру.

Тәрбиелік: танымдық қызығушылықты, коммуникациялық сапаны, өз күшіне сенуді, қайсарлылықты, өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын дамыту мен ақыл-ой еңбегі мәдениетіне тәрбиелеу.

Дамытушылық: логикалық пайымдау, тұжырымдау мен алынған білімнен қорытынды жасау және өз жолдастарын тыңдай білу дағдыларын дамыту.

Мұғалім сабақтың бастапқы сатысында балаларды сиқырлы автобуспен саяхатқа шығаруды ұсынады. Бұл кезде сабақтың міндеттерін дұрыс шешудің ары қарай жүруге көмектесетіндігін хабарлайды. Ал бұл үшін балалардың өздері металдар туралы не білетіндіктерін естеріне түсірулері қажет.

Бүкіл сыныпты жұмылдыру үшін оқушыларға жұмбақ жасырылады (№1 слайд):

Күмістей ақ түсі бар, Пышақпен металл кесіледі.

Ол жұмсақ, әрі өте жеңіл. Бұл қайда кездеседі?

(Жауабы: литий)

Ары қарай мұғалім сәйкес сұрақтарды қояды: Аталған элемент қандай топқа жатады? Осы топтың барлық элементтерін атаңдар? Бұл топ элементтері қалай аталады? Осыдан соң сабақ тақырыбы құпия болып қалмайды.

Сабақ тақырыбы слайдпен көрсетіледі. Мұғалім оқушылар алдына сабақ мақсатын қойып, зерттелуші сұрақтар мен мәселелер шеңберін белгілейді және тақырыпты өту міндеттерін түрлендіреді.

Сабақтың екінші сатысында (жаңа материалды түсіндіруде) мұғалім: «Біз ғылым орманына келдік» - деп хабарлайды. Балаларға жоспар бойынша келесі тапсырманы орындау ұсынылады (топтық жұмыс):

Нұсқаунама

1. Периодтық жүйедегі металдардың орны (элементтердің периоды, тобы және реттік нөмірі).

Сілтілік металл атомдары құрылысының электрондық конфигурациялары:

а) литий, калий;

б) натрий, рубидий.

Тотығу дәрежесі.

Тотығу-тотықсыздандырғыш қасиеттері.

Аталған металдар атомдары құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылық.

Экранда сәйкес пункттер пайда болып
, оқушылар жауап береді де, өз дәптерлеріне жауаптарын жазады, осыдан соң экранда дұрыс жауаптар пайда болады (слайд).

Ары қарай мұғалім сілтілік металдардың – өте активті металдар екендігіне зейін аудартады. Оқушыларға ол: сілтілік металдар табиғатта қандай түрде болады – таза ма, әлде қосылыс түрінде ме? (Жауабы: қосылыс түрінде).

Ары қарай, мұғалім материалды түсіндірудің келесі пунктіне – сілтілік металдардың табиғатта таралуына өтеді. Сілтілік металл қосылыстарының арасында тек калий мен натрий қосылыстарының ғана кеңінен таралғандығы (жер қыртысы массасының 2,5%), атап айтқанда, литийдің – 10-3%, рубидийдің – 10-2%, цезийдің – 10-4% екендігі айтылады. Франций – 3,7 ядролық реакциялар кезінде жасанды түрде алынған [27].

(Жер қыртысындағы сілтілік металдардың мөлшері бейнеленген диаграммасы бар слайд көрсетіледі).

Содан соң, мұғалім балаларды сілтілік металдардың негізгі минералдарымен және маңызды кен орындарымен таныстырады (4 кесте).

4 кесте

Сілтілік металдар минералдары және олардың кен орындары


Минерал атауы

Хим. формуласы

Кен орны

Галит

(тас тұзы)

NaCl

Эльтон және Басқұншақ тұзды көлдері, Соликамск, Артемовск, Илецк және т.б.

Глаубер тұзы

(мирабилит)

Na2SO4•10H2O

Қара-Бұғаз-Көл бұғазы

Сильвинит

Карналлит

NaCl•KCl

KCl•MgCl2• 6H2O

Соликамск, Солигорск

(Сілтілік металдардың негізгі минералдарының фотосуреттері мен мәліметтер кестесі бар слайд көрсетіледі).

Сабақтың бұл сатысында оқушылар мазмұны келесідей «Сілтілік металдардың қолданылу облыстары»хабарламамен шығады:

Литийді – 1817 жылы швед химигі А. Альфредсон петалит минералын талдау кезінде ашқан болатын. Грекшеден аударғанда «тас» деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет 1818 жылы Т. Дэви бөліп алды. Ұзақ уақыт бойы литий мен оның қосылыстары мүлдем практикалық қолданыс таппады. Тек XX ғасырда ғана оларды аккумляторлар өндірісінде, металлургияда қолдана бастады. Литий балқымалары жеңіл, берік, әрі пластикалық. Бірақ қазіргі кезде литийді қолданудың басты облысы – атомдық техника. Литий медицинада да қолданысқа ие: литий карбонаты мен салицилаты сал және басқа да кейбір аурулар кезінде бөлінетін зәр қышқылын ерітуге арналған құрал болып табылады. Сонымен, өткен ғасырда «жұмыссыз» элемент бүгінгі күні қажеттілікке айналды [28].



Натрийді – 1807 жылы ағылшын химигі, әрі физигі Т. Дэви ашып, ол оның қасиеттерін зерттеді. Натрий тірі ағзалардағы заттар алмасуына белсенді түрде қатысады. Қандағы эритроциттер, сарысу мен асқорыту сөлдерінің құрамында болып, сулы-тұздық алмасуда және қышқылдық-тұздық тепе-теңдікті ұстауда маңызды рөл атқарады. Натрий көптеген дәрілік препараттар, соның ішінде натрий гидрокарбонаты мен норсульфазоль құрамына кіреді. Көптеген антибиотиктер медициналық практикада негізінен натрий тұздары түрінде қолданылады. Натрий мен оның қосылыстарының өнеркәсіптегі қолданылуы да сан-алуан. Сұйық натрий кейбір конструкциялық атомдық реакторларда жылу тасымалдағыш қызметін атқарады. Металдық натриймен цирконий, тантал секілді бағалы металдарды қосылыстарынан тотықсыздандырып алады. Ол каучук синтезі мен басқа да органикалық синтездерде катализатор ретінде қолданылады [29].

Дэви күйдіргіш калийді электролиздеу кезінде «күшті металдық жарқылы бар ұсақ шарларды алды. Олардың кейбірі қазіргі кезде өзіндік түзілуден соң жарылыс тудыра отырып, жанды.» Бұл калий болатын. Ол барлық ағзалар үшін маңызды. Оның жетіспеушілігі кезінде өсімдік өсуі баяулап, жапырақтар сарғаяды да, жемістер өз бойына шырын жинай алмайды. Калий негізінен тұздар түрінде қолданылады. Калийлік тыңайтқыштар – бұл табиғи немесе химиялық өңдеу үдерісі нәтижесінде өзгерген калий тұздары. Калий нитраты (калийлік селитра) – қос тыңайтқыш және тотықтырғыш, түтіндік күкірт компоненті; калий фториді – маңызды металлургиялық флюс, калий перманганаты (марганцовка) – тотықтырғыш және антисептик, калий хлоратын (бертолле тұзын) пиротехника мен сіріңке өндірісінде қолданады. Калий карбонаты шыныны пісіру кезінде қажет. Металдық калий тоқтың химиялық көздерінде электрод материалдары ретінде, кейбір металдарды алу кезінде тотықсыздандырғыш және атомдық реакторларда жылу тасымалдағыштар түрінде қолданылады [30].

(Бұл кезде сілтілік металдар қолданысының негізгі салалары – тірек сызба бар слайдтар көрсетіледі).

Әңгімелеу барысында балалар сілтілік металдардың қолданылу облысын қысқаша конспектілейді.

Мұғалім металдарсыз жердегі өркениеттің қазіргі деңгейінің мағынасыз екендігі туралы айтқандарын қорытындылайды.

Содан соң сілтілік металдардың физикалық қасиеттерін өтуге көшеді (5 кесте).

Айтылған мәліметтерден металдардың физикалық қасиеттері туралы әңгіме құру ұсынылады.

Оқушылар көмегімен слайд көрсетіледі:

5 кесте

Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері


Металл атауы

Балқу температурасы, 0С

Тығыздығы, г/см3

Литий

180,5

0,54

Натрий

98,0

0,97

Калий

63,5

0,86

Рубидий

39,5

1,52

Цезий

28,0

1,90


Балалар өздеріндегі металдар туралы білім мен кесте талдауынан өз зерттеулерінің нәтижелері туралы әңгімелейді. (Жауабы: барлық сілтілік металдар – күмістей ақ түсті, жеңіл, әрі, оңай балқығыш. Олардың қаттылығы мен балқу температурасы литийден цезийге қарай заңдылықпен ттөмендеп, тығыздығы ұлғаяды).

Ары қарай, мұғалім сілтілік металдарды олардың активтілігінің жоғарылығынан литийден басқасын керосин астында, ал литийді вазелинде сақтайтындығын хабарлайды. Неліктен? (Жауабы: өйткені ол керосиннен жеңіл).

(Сілтілік металл үлгілері – бейнефрагменттер бар слайд көрсетіледі).

Осыдан кейін мұғалім: «Біз білім өзеніне жақындадық. Екінші бетке өту үшін ол арқылы көпір жасау керек» - деп хабарлайды.

Сонда мектеп дәлізінен оң бөлігінде реакция теңдеулері бар шпаргалка табылады. Сол жақтағы таңбаларды қалпына келтіру керек:

? + ? =NaH
? + ? = NaCl
? + ? = Na2SO4 + H2

? + ? = NaOH + H2

Оқушылар алынған сызбаны дәптерлеріне жазады. Бұл кезде тізбек бойынша сәйкес реакция теңдеулерін жаза отырып, коэффициенттерді қояды. Кейін, жазулар дұрыстығы тексеріледі (слайд).

Мұғалім балалардан: «Бұл металдар неліктен сілтілер деп аталған?» - деп сұрайды. Оқушылар жауабын тыңдай отырып, мұғалім сумен сілтілік металдардың әрекеттесуі – бейнефрагменттері бар слайдты көрметеді.

Мұғалім бейнефрагментті көрсеткен соң, сілтілік металдардың химиялық активтілігінің сумен әрекеттесу кезінде байқалатындығын хабарлайды. Литий жалынсыз түрде тыныш әрекеттеседі. Одан кейінгі элементтердің барлығы – натрийден цезийге қарай сумен жалын түзе және жарылыс жасай отырып, ұқсас түрде әрекеттеседі.

Ары қарай, мұғалім өз қасиеттері бойынша литийдің қалған сілтілік металдардан ерекшеленетіндігіне оқушылар назарын аударады.

Оттегімен әрекеттесу кезінде: Li + O2 = Li2O.

Сонда қалғандары асқын тотықтар (пероксидтер) түзеді:

Ме + O2 = Ме2О2, оның құрылысы келесідей түрде болады: Ме – О – О – Ме

Пероксидтерді ғарыш кемелері мен сүңгуір қайықтардағы ауаны қалпына келтіру үшін қолданады.

Ал, тотықтар алу үшін: Ме2О2 + Ме = Ме2О.

Бұдан басқа, литий фосфаты, карбонаты мен фториды суда ерімейді.

Өтілген материалды бекіту сатысында мұғалім өзен арқылы өтетін ұтымды өткел туралы хабарлайды. Бірақ, шатасу орын алды. Оңға қарай жүрсең – шөлге жолығасың, солға қарай – лабиринтке барасың, ал тура барсаң – қателесу аралына тап боласың.