Файл: Магистрлікдиссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 483

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мультимедиялық ресурстар мультимедиялық емес ресурстардан айырмашылығы: берілген (ақпарат) мәліметтер сақталып, компьютерде цифрмен өңделеді, олар әртүрлі жағдайдағы мәліметтерді сақтайды (тек қана мәтінді емес, сонымен қатар үнді, графикті анимациялық, видео, т.б.): оның негізгі ерекшелігі интерактивтілік-ресурс, бағдарлама, көмек пен адамның белсенді әсерлесуінмен олардың арақатынасы. Тұтынушы сол немесе басқа интернет - өнімді алуы мүмкін. Мысалы, оған өз материалдарын қосып оның авторы, немесе ұсынушы болуы мүмкін: гипертекст қосады.

Дегенмен таза компьтерлік, «техникалық» мультимедия оның негізгі белгісі болмайды.

Неміс зерттеушісі М. Кирмайер мультимедияны электронды немесе компьютерлік өндіріс аймағында қолданып, визуальды және аудиоэфекттерді интерактивті бағдарламалар арқылы басқаруды ұйғарып, мультимедия мен маркетнингтік құралдың бизнес саты ретінде ерекшелігін атап өтті[19].

«Әрбір бұйым үшін фирма оның жарнамасын мультимедия мен байланыстыруды ойлады». Мысалы, аудиоадаптерді сатар кезінде оны «әлемдік жетістіктегі мультимедия», немесе презентациялық көріністегі суреттер туралы жарнамалық қағаздармен немесе бірнеше суреттерді бір мезгілде басқаратын база мәліметі ретінде болады.

Бұл жайында американың бір журналында былай делінген: «Сіздер мультимедия не екенін білмейсіздер ме? Егер сіздер оны есітіп, көретін болсаңызда ол жайлы білетін боласыздар». Бұл мақаладың, мультимедия – бұл «...қандай да бір жағдай мен белгілі бір бағдарламаға біріктірілген, әртүрлі технологиядағы жинақталған түсінік» [20].

Американдық зерттеуші Л.Дж. Скибб, Сюзан, Хэйфмейстер, Анжела М. Чеснат мультимедия технологиясын «процестегі эфомация» деп атап, өз тезисін келесі түрде түсіндіреді. Бұл компьютерлік сферада күші өзгерістерге тез жүріп қысқа мерзімде үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. Бірақ көп өзгерістер персональды компьютер, аппараттық және бағдарламалық өзгерістер үшін үлкен жылдамдық пен жаңа, арзан, тез әсер ететін технология мен аз шығынды қажет етеді. Мультимедиа прогрессиядағы аралас технология екендігін ескеріп, авторлар мультимедианы «платформ комбинациясы, құрал-сайман коммуникациясы, адамдардың дақылдарға әсері» ретінде қарады. Мультимедия жұмыстың тиімділігі мен өнімін арттыруы немесе коммуникацияның қолдану әдістерін өзгертуі мүмкін, ал бұл адамның өзіне әсер етеді. Бұл кезде Ж. Бодрийяр дұрыс тұжырымдаған: «адамдық, әдеттен тыс адамдық және функционалды, әдеттен тыс функционалды, олар бір-бірімен тығыз байланысты : адам әлеміне техниканың енуі кезінде, техниканың өзі де адамға тығыз байланысы болады-қолайлы және қолайсыз жағынан да» [21].


Болашақтағы информациялық–коммуникациялық технологиядағы мультимедия. Физикалық кеңістік пен орталық және шеткі аймақтар арасындағы үзілген қарым-қатынасты ақпарттың интенцификациялық алмасу арқылы қалыптастыруды жүзеге асырады. Мультимедия нәтижесінде жиі Интернет технология арқылы тек Ресейде ғана емес, бүкіл әлемдегі мәдени процестерді еркін білуге болады.

Мультимедиялық әдіспен тұрақты түрде қарқынды дамытып әртүрлі, нақты пішіндегі, өзін-өзі реттеуі қабілетіне ие.

Жаппай технологияландыру қазіргі қоғамның барлық сферасын қамтыды. Осы технологияны дамытудағы прогрес пен иновация пазитивті түрде дәстүр мен өнерді күшейтуі тиіс.

Сондықтан мультимедия табиғатындағы өнімнің шығарылуы мультимедияны салт-дәстүр көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі информациялық коммуникациялық технология, әсіресе қарқынды дамудағы Интернет жеке шығармашылық потенциал және жалпы мәселелерді шешуге әріптес бірлестік өнімдері үшін де тиімді.

Бірлестік жасалған жергілікті және ұлтаралық қоғамдастықтағы жұмыс жеңіл және коммунификациялы, сонымен қатар ақпаратты меңгерудің жеңілдігіне байланысты салт-дәстүрді, қоғамдық байланысты дамытып, нығайтады (дәстүрлі және арт-серверлер видеоконференция және т.с.с.).

Қазіргі ақпараттың оның ішінде мультимедиялық технологияның ерекшелігімен өнімді қолдану ғана емес, оны қолданатын адамға өзін-өзі тануға көмектеседі. Информациялық (ақпараттық) технологиядағы антропологиялық қызметте оны шығарған, не адамның өнімді айнадан танығандай өзіндік интелектуалдық іс-әрекеттер элементтерін таниды. Мұндай көрініс оның «ішкі дүниесін» көріп тануға көмектеседі.

Қарастырылған жағдай – информациялық қоғамдағы технологиялық жетістіктер нәтижесі, яғни виртуальды шынайы апаратураның бейнесімен Интернетті глобальды компьютерлік сетьке айналдыру. Осы және басқа да жағдайларда аудиовизуальды – тактильды орта ерекшелігіне виртуальды шынайы апаратура немесе нақты қарым-қатынас, ақпарат алу, трансокция және т.б. мүмкіндіктер жайында айтылмайды, қазіргі интернет тұтынушы үшін ақпараттың технология мәселесі сферасынан алшақтатылған.

М. Кузнецов осы екі көріністі – және технологиялық өнімді «виртуальды шынайылық», глобальды сеть – техникалық сфераға жататын техногенді көрініс статусын жояды. Мәдениеттану, антропология, философиялық қатардағы контурларды жалпы тұрғыда метафара түрінде әйгілі болады, бұнымен біз жаңа мың жылдықта кездесеміз.



Маршалл Маклюэн - моссмедиядағы бірінші теоретик, 1970 жылдың өзінде өз уақыты мен ісін анықтаған, ақпараттың технология эпохын бастады, - мәдениеттанудағы концепцияны ұсынды, онда әртүрлі тарихтың әртүрлі кезіндегі эвалюциясы келтірілген. Адам аралық коммуникациялық тәжірибеде Гутенбергтің дөңгелектен баспалы пресінен жоғары дыбысты авиация мен түрлі-түсті теледидарға дейін бейнеленеді. Осы тізбектегі компьютермен глобальды Интернет сетінің болмауы 1980 жылы Маклюэннің қаза болуына байланысты болып, келесі жылы персональды компьютер шығарылды, бірақ ол біздің өмірімізге технологиялық коммунификацияға (қатынас) сферасында айтарлықтай өзгерістерге әкеледі [22].

Қашықтықтан электронды оқыту және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Барлық заманауи білім беру технологиясы соның ішінде білім алушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйретуге бағытталған, себебі дәл осы өз бетінше жұмыс сонымен қатар тез өзгеретін техникамен байланысты істеу жұмысқа сәтті бейімделуге мүмкіндік береді. Осылайша оқыту жұмыстарының бірі оқушыны оқу, сосын өндірістік және ғылыммен, әсіресе электрондық кітаптармен, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету болып табылады.

Қашықтықтан оқыту үшін оқу құралдарын дайындау әдістемесі түрлі пәндердің теориялық бөлігі жеткілікті деңгейде дайындалған. Алайда лабараториялық және практикалық жұмыстарды виртуальды жүргізу үшін материалдарды дайындау әдістемесі сәйкес нәрселерді компьютерлік моделдеу формасына көшіруіне байланысты көптеген қосымша қиындықтар мен мәселелер туындайды.

Туындаушы алыс және жақын шет елдердің, Ресейдің кез-келген нүктесінде орналасқан өзінің туған қаласындағы арнайы компьютер сыныбында немесе жұмыс орында, үйде отырып білім ала алады. Оған сабақтың өтілетін жеріне жету және қайту үшін уақытымен ақшасын кетірудің қажеті жоқ, сондай-ақ оқу жорталығы басқа елде немесе басқа қалада орналасқан болса қонақ үйдің ақысына шығындалудың қажеті жоқ.

Мұнан өзге ол өзіне ыңғайлы жылдамдықпен кез-келген оқу курсын меңгере алады. Осының барлығы қашықтықтан оқытуды жүйелі оқытудан гөрі сапалырақ, қол жетімдірек және анағұрлым арзанырақ етеді.

Адамның арнайы тобы бар – мүгедектер, олар үшін жүріп – тұру қиын, яғни олар үшін қашықтықтан оқыту білім алудың жалғыз қол жеткізерлік формасы болуы мүмкін. Нәтижесінде мұндай білім беру жүйесі арнайы әлеуметтік ауыртпалықты да алып келеді.


Қашықтықтан оқыту формасы бірнеше түрлі оқыту модельдерін қолдануды мүмкіндігін береді:

  • Сырттай білім берудің үлгісі шамамен болашақ тыңдаушының білімін тестілеу өткізімді; бұл оның дайындық деңгейі төмен пәндерге көп көңіл бөле отырып оынң оқу бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде нақтыланған курстар жүргізіледі. Кәдімгі ЖОО – да емтихан, сынақ немесе семестрлік жүйе де қолданылуы мүмкін немесе міндетті курстар мен таңдамалы курстар таңдалады, оқу аяқталған соң және барлық осы курстар бойынша бақылаудан соң тыңдаушыға жоғарғы білімі жайлы құжат беріледі.

  • Кеңес беру үлгісі. Топ жетекішісі немесе мамандар тарапынан пәндік облыста кеңес берілуі. Бұл жағдайда тыңдаушының сұрақтарға берген жауаптарына көп көңіл болінеді, ал алынған білім деңгейін бағалауға қорытынды тестілеу қолданылады.

  • Өздігінен білім алу үлгісі. Әр курсты оқу соңынан тест тапсыру мен оқу материалына қол жеткізуге жағдай жасалады. Оқу мерзімі қатты белгіленбейді. Осы жолмен жоғарыдағы білім де орта білім де алынуы мүмкін.

  • Талап немесе сұраныс арқылы оқыту үлгісі. Бұл жағдайда арнайы тағайындалған курстар қолданылады. Бұл үлгі корпоративті тапсырыс беру қызметкерлері үшін көбірек сай келеді.Мұнда тыңдаушының дайындық деңгейіне жалпылай немесе әр қайсысына жеке оқу материалдарын сәйкестендіру және кезекті тестілеу де көзделген.

  • Аралас үлгі. Айталық пән саласында бақылау мен қашықтықтан оқытуды пайдаланып сырттай білім алу. Сұраныс бойынша қашықтықтан оқытуды алдағы уақытта күндізгі немесе күндізгі –сырттай білім беруге жақсырақ дайын адамдарды тарту арқылы алу.

  • Қашықтықтан оқытуды қолдау үшін арнайы үлгідегі бағдарламаның қамтамасыз етуінің болуы талап етеді. Соңғы келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

  • Витруалды оқу орталығы шеңберінде тарату үшін материалдарды дайындау авторлық ұжымда құралдық және әдістемелік қолдау.

  • Корпоративті басқару процесін құралдық қолдау.

  • Білімдермен.

  • Жеке қашықтықтан оқытуды өткізуді қолдау.

  • Тыңдаушылардың есебін, кітапханаларды ұйымдастыру, оқу процесін толық басқару және т.б қоса отыру Администрациялық жүйеде сынақтар мен экзамендерді қабылдау үшін қашықтықтан тестілеуді қамтамасыз ету.

  • Тыңдаушы тіркеуден кейін ұйымдастырушылармен оқу тобына жіберіледі және серверде орналасқан оқу курсының материалдарына кіруге мүмкіндік алады, қосымша қажетті материалдармен, оқулықһтармен, компакт – дискілермен және т,б қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, серверде автоматты түрде оның қызметтік беті құрылады және жүргізіледі. Тыңдаушы өзінің қызметтік бетінде оқу тапсырмаларын орындауды жоспарлауға әдістемелік нұсқау, өзінің топ жетекшісінің сынып қосқанда, ұйымдастырушы мен топ жетекшісі жайлы ақпараттарды алады.


Курсты оқығанда тыңдаушы тестілеуден өтеді және емтихандар тапсырады. Тестілер мен емтихандарға қол жеткізу тыңдаушының қызметтік бетінен де мүмкін болады.

Оқу процесінде және бақылау жұмысын орындауда тыңдаушы электронды пошташы (көбіне, курсті жүргізетін мұғаліммен) қолдана тестері алады, топ жетекшісімен және топтағы әріптермен файлдарды тікелей ауыстыру, оқылатын курс оқытушысымен және жетекшісімен жалпы ұйымдастыру сұрақтары бойынша жеке және топтық телеконференциялар жүргізе алады.

Тыңдаушыға «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімі ашық. Қатынастың қосымша құралы болып электронды оқулық беттерінде ескертулерді орналастыруға мүмкін беретін сындар сервері табылады, сонымен бірге ескертулерді тыңдаушының өзі, оның топ жетекшісі оқу тобындағы әріптестері және курсты жүргізетін мүғалім көре алады, бұл қосымша кері байланысты және курсты жаңалап отыруды қамтамасыз етеді.

АҚШ –та қазіргі өзінде қашықтықтан оқытуды іске асыратын оқу орындары бар. Соңғы жылдары мұндай ЖОО – ы біздің елімізде де пайда бола бастады. Сондықтан сырттау оқыту жүйысін дамыту курсын және оған студенттерді қашықтықтан оқыту жүйесінің элементтерін енгізуді алды.

Блок-модульдік оқыту технологиясы

Блок – модульдік оқыту технологиясы. Оқытудағы басты мұратымыз – жас жеткіншектерді ғылыми білім негіздері жүйесімен қаруландыру, ұрпақты патриотизмге, отаншылдыққа, елді, жерді сүюге, қорғауға тәрбиелеу, жас өспірімдердің қабілеттерін одан әрі дамыта түсу, соңынан мамандық беру. Шәкірттер қаланың әр түрлі мектептерінде, гимназияларында, лицейлерде, мектеп-жүйелерінде оқып-тәрбиеленетіндіктен, белгілі мамандық иелерін даярлау барысында жалпы білім берудің қиындығы жеткілікті. Кәсіптік-техникалық лицейлер, училищелерде бағдарламалы оқыту маңызды және қажет, мұндайда жалпы білім беру пәндерін оқыту мамандарына қатысты өзгерту шарт. Бұл аталған күрделі мәселені шешудің бір жолы – блокты модульдық әдіспен оқыту. Мұндай оқытудың мазмұны: оқытылатын – жалпы білім беретін пәндерді бағдарлама бойынша бөлімді, тақырыпты, сабақтастықты бұзбай, қажетті мөлшерге дейін «сығымдау», жеке блок-модульдер және блок-сутерттерді арнаулы, дәстүрлі оқыту әдістерімен шәкірттерге жеткізу.

Блок-модульдық оқытудың әдістемесі оқу материалдары тақырыптары мен бөлімдері, тарауларға қатысты жүйелі «Кванттарға» бөлінген. Жүйелі кванттау және модульдеу ұстанымы – әр түрлі белгілеулер: тілді, шартты белгі, графиктік, т.б. ұғындырулар арқылы оқытуды жақсарта түсу.