Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 408

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Жастық шақтағы мамандығым? Алғаш естіген құлаққа ерсі естіледі екен. Себебіжастық шақтағы мақсаттардың өзі үлкен-үлкен армандардың бастауы еді. Яғни ол кезде тек армандаумен шектелетін едік. Ал уақыт өте мүлде басқа көзқарастар, мүлде басқа пікірлер қалыптасады екен. Мен өзім жастық шағымда әйгілі суретші боламын деп, армандаушы едім. Әкем шамамен төрт жасымда алғаш рет сурет өнері мектебіне бара бастағанымның құрметіне орай, үлкен бояулар коллекциясын сыйлағанда, екі көзім домалақтанып, қалай қуанғаным әлі есімде. Бүгінде сол арманның ұшқыны қалған ба, әйтеуір бір бүйрегім суретке бұрып тұрады. Ал қазіргі мамандығымТіл. Ана тілім. Елімнің биік болашағы. Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі таңда өте аз.

Мен бұл мамандыққа қалай, қашан келдім? Соңғы сұрағына нақты жауап бере алмасам да, алғашқы сұрақтың жауабын анық білемін. Поэзия, роман, лирикалық жырлар міне осылардың арқасында менің әдебиетке деген, тілге деген қызығушылығым ояна бастады. Лирикалық жырларды оқыған кезде, сезімталдығымның әсерінен болар, ерекше бір сезімге бөленетін едім. Айналадағы барлық құбылыстар, өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек жақсы
жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса, бірге қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсариннен бастап, қазіргі ұрпақтың қамын ойлап, ана тілімізді дәріптеп жүрген Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов және де жақын арада ғана қазақ еліне өзінің үлкен мұрасын қалдырып кеткен Фариза Оңғарсынова, Мархабат Байғұт сынды текті жазушылар мен ғұламалардың, айналамдағы мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып, шабытым ұлғая түсті.

«Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Алға талпынутыныштықты жоғалту, бір орында қалып қоюөзіңді жоғалту болып саналады. Одан соң болжау, нақты қайда бара жатырсың, не үшін бара жатырсың, соны болжалдап, нақтылап алып болған соң ғана талпынуымыз керек. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысысенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!

7. «Адамзат өміріне аса қауіпті факторлардың бірі – нашақорлық. Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер» деген тұжырымға қатысты өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.

Өкінішке орай, қазіргі заманда нашақорлық туралы жиі еститін болдық. Бұл мәселемен қалай күресуге болады? Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады. Себептері Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді.

Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік. Бұл белгілер өз-өзі төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады. Зияны Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Ұзақ уақытпайдалану ішкі ағзалардың жұмысын бұзады. Есірткіні қабылдауды тоқтатқаннан кейін депрессия, қатты шаршау және ұйқышылдық басталады. Ағзаны қалпына келтіру үшін уландырғыш затты қайтадан қолдану керек болады. Нашақордың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өтірікші, дөрекі, қатал және өзімшіл адамға айналады. Бірте-бірте оның ойлау қабілеті төмендейді. Достарының сенімін жоғалтып, жақындарынан айырылады бастайды. Жанында тек өзі сияқты нашақорлар ғана қалады. Кезекті «дозаға» ақша табу үшін кез-келген әрекетке баруға дайын, тіпті адам өлтіруі де мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, нашақорлардың жартысынан көбіқылмыскерлер. Күресу жолдары Нашақор адамдардың туыстары, науқасты дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеуге тырысады. Алайда, бұндай дәрілердің құрамында есірткі компоненттері болуы мүмкін. Бұл жағдайда ем сәтті аяқталмайды, өйткені, бір есірткі екіншімен ауыстырылады. Сондықтан, оларды
үй жағдайында емдемей, арнайы емдеу мекемесіне апарған жөн. Наркологтар бұл ауруды емудеудің жаңа тиімді әдістерін іздеуде. Нашақорлықпен күресуқиын және ұзақ процесс, оны жеңу үшін науқас және оның отбасы барлық күш-жігерін салуы керек.


Қазіргі күнде нашақорлар әлемі күннен күнге баршамыздың жанымызға жақындап қалғандай. Себебі біз олар туралы жиі айтамыз, жиі кездестіреміз, баспасөз беттерінен оқимыз, таныстарымыздың отбасында есірткінің кесірінен болып жатқан қайғылы жағдайлар туралы да естиміз. Әсіресеең қорғыныштысыол нашақорлықтың тұсауына түсетіндердің көбі жастар екендігі. Есірткі қолданушылардың негізгі тобын 14-30 жас аралығындағы жастас құрайды.

Есірткі заттарыденсаулыққа зиянын тигізіп қана қоймайды, олар адамның жеке тұлғасына нұқсан келтіреді. Есірткі қолдану жастардың бос уақытындағы айналысар ермегіне айналған. Барлық жаңа клубтарды, би алаңдарын, оқу орындарын, аулаларды есірткі буы жаулап алып жатыр.

Нашақорлық мәселесін шешу бүгінде бүтін бір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазіргі таңда көптеген дәрі-дәрмектік бағдарламалар және есірткіге тәуелділіктен арылтатын рухани тәжірибелерде аз қолданылып жатқан жоқ. Мұның бәрі күннен күнге ұлғайып келе жатқан медициналық емес ал әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шеше алар емес.

Нашақорлықесірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор)