Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза тілі (оыту аза тілінде) 2сынып дістемелік сыныстар малімге 2сынып білім алушыларына аза тілі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 183

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы


«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтінге қатысты сұрақ қояды және жауап береді


1

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоюда және сұраққа жауап беруде қиналады.



Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоюда /сұраққа жауап беруде қателіктер жібереді.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды және сұраққа жауап береді.

«у» дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін ажыратады


2

Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жазуда және «у» дыбысының дауысты, дауыссыз түрлерін анықтауда қиналады.

Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жазуда/дауысты «у» дыбысын/ дауыссыз «у» дыбысын анықтауда қателіктер жібереді.


Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жазады, «у» дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін анықтайды.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).


  1. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


3.1 Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны – 15

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2. Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың

сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1


Тыңдалым және айтылым

Өзім туралы
Менің отбасым және достарым

2.​1.​3.​1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


5


2


Оқылым

2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


5

3


Жазылым

2.4.1.1 «я», «ю» әріптерінің емлесін сақтап жазу

2.4.1.2 «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапырманы орындайды.


1


5

Барлығы

3

15




  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі


«Қазақ тілі» пәнінен

1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

(оқыту қазақ тілінде)



Тыңдалым және айтылым


  1. Сұрақтарды мұқият тыңда. Берілген сұрақтарды пайдаланып, досыңнан оның отбасы туралы сұхбат ал.



[5]



Балл қою кестесі


Сұрақ №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


1


Білім алушының ықтимал жауабы:

- Сенің отбасың қандай?

- Менің отбасым үлкен.

- Отбасыңда неше адам бар?

- Менің отбасымда төрт адам бар. Олар: әкем, шешем, мен және қарындасым.

- Әкең қайда жұмыс істейді?

- Әкем емханада дәрігер болып істейді.

- Қарындасыңның аты кім?

- Оның аты - Балнұр.


1

Тақырыпқа сәйкес баламалы диалогы қабылданады.

Тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.

1

Сұхбаттасына сұрақ қояды.

1

Сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді.

1

Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды, сөйлеу мәдениетін сақтайды.

Барлығы

5





Оқылым


  1. Мәтінді оқы.





  1. Сұрақтарға жауап болатын суретті белгіле ().



  • Қанат нені жақсы көреді?



  • Ол ненің суретін салды?



  1. Ол суреттің астына қандай жазу жазды?

_____________________________________________________________________



  1. Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

____________________________________________________________________

[5]





Балл қою кестесі


Тапсырма



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2




1

«Сурет салуды» жауабы да қабылданады.



1

«Күннің» жауабы да қабылданады.

Әрқашан күн сөнбесін!

1




Кейіпкердің аты кім?/ Оның қандай қарындаштары бар?/Оның альбомында нелер бар?/Оның альбомында қандай суреттер бар?



1

Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар қабылданады.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды.

1

Сөйлемнің құрылымын сақтайды және сәйкес тыныс белгісін қояды.

Барлығы

5






Жазылым

3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Ол қи...р жинауға көмектесті. 2. Келесі күні те...ізге бардық. 3. Бұлт қо...лана түсті. 4. Балалар тоға...дан ж...дек терді.

[5]



Балл қою кестесі


Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


3

қияр

1




теңізге

1




қоюлана

1




тоғайдан

1




жидек

1




Барлығы

5





5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.