Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза тілі (оыту аза тілінде) 2сынып дістемелік сыныстар малімге 2сынып білім алушыларына аза тілі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 192
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
-
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Ортақ тақырып | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл |
1 | Тыңдалым және айтылым | Менің мектебім Менің туған өлкем | 2.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы болды, пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру | Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. | 1 | 5 |
2 | Оқылым |
пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау | Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды. | 1 | 5 | |
3 | Жазылым | 2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою | Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. | 1 | 3 | |
2.4.2.6 Сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу | Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. | 1 | 2 | |||
Барлығы | 4 | 15 |
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде)
Тыңдалым және айтылым
[5] |
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | |
1 | Білім алушының ықтимал жауабы: Маған ұл баланың ісі ұнады. Себебі ол өзі танымайтын әжейге көмектесті/Ұл бала ұнады. Себебі ол құлап қалған әжейге көмектесті; Маған қыз бала ұнамады, себебі ол өзі танымайтын кісіге көмектескісі келмеді/ Қыз баланың бөгде адамға көмектеспегіні ұнамады/... | 1 | Кейіпкерлердің іс әрекетіне қатысты көзқарасын білдіреді. | |
1 | Өз көзқарасына дәлелді пікір айтады. | |||
1 | Ойын жүйелі жеткізеді, жеткілікті сөздік қорын көрсетеді. | |||
1 | Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды. | |||
Білім алушының ықтимал жауабы: Үлкендерге көмектесу керек/ өзімшіл болмау керек/... | 1 | Мәтіннің мазмұнына қатысты ой тұжырымдайды. | ||
Барлығы | 5 | | ||
Оқылым
1) Мәтіннің түрін белгіле (). 2) Мәтіннің ортасын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сыз. 3) Әселдің сабаққа кешігуінің себебі неде? Сұраққа жауап жаз. __________________________________________________________________________ 4) Мәтінге ат қой __________________________________________________________ [5] | |
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
2 | Не істеді? | 1 | Білім алушы сұрақтардың жауабын белгілеп көрсетеді. |
әңгімелеу мәтіні | 1 | ||
| 1 | ||
Себебі, өзін ұзақ уақыт ретке келтіріп тұрды/Айнаның алдында ұзақ тұрды/Киінуге көп уақыт жіберіп алды. | 1 | Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы дұрыс жауаптар қабылданады. | |
Алғашқы күн/Мектепке дайындық/ Айна алдындағы кідіріс /Мектепке кешігу/... | 1 | ||
Барлығы | 5 | |
Жазылым 3. Сөйлемдерді сөйлем түрімен сәйкестендір. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні қой. Өркенің өссін, қарағым Тоғайда түрлі аңдар болады Қалада қандай үйлер бой көтерді [3] 4. Сызбаға мұқият қара. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта. Сызба бойынша 2 хабарлы сөйлем құрап жаз. [2] |
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
3 | | 3 | Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады. |
4 | Білім алушының ықтимал жауабы: Қалада биік үйлер салынды/Айжан қызық кітап оқыды. | 2 | Сызбаға сәйкес кез келген дұрыс сөйлем қабылданады. Әр сөйлемге 1 балл қойылады. |
Барлығы | 5 | |
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше | Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты | 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды дәлелде. Тақырып: Тіс күтімі Тірек сөздер: тісті тазалау, тіс пастасы, тіс жегісі ауруы, тістің эмалі, тіс ысқышты ауыстырып тұру, тіс дәрігерінің кеңесі, ауызды шаю, тәттіні аз жеу, әдемілік, сөзді дұрыс айту. 2. Жұптық жұмыс «Тіс күтімі» тақырыбы бойынша тіс дәрігері мен науқас адамның рөлінде сұхбаттас. Диалогті жалғастыр.
|
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды | 1 | тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды; | 1 |
жасаған болжамына дәлелді пікір айтып, негіздейді; | 1 | ||
Тақырып бойынша диалогке қатысады | 2 | тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; | 1 |
берілген тақырып бойынша сұрақтар қояды; | 1 | ||
сұхбаттасының қойған сұрақтарына жауап береді; | 1 | ||
тірек сөздерді орынды қолданады; | 1 | ||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды, сөйлеу мәдениетін сақтайды. | 1 | ||
Барлығы | 7 |