Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза тілі (оыту аза тілінде) 2сынып дістемелік сыныстар малімге 2сынып білім алушыларына аза тілі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 177
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде)
Тыңдалым және айтылым
Тақырып: Спорт – денсаулық кепілі Тірек сөздер: әр адам, спортпен шұғылдану, мықты денсаулық, шыдамдылық, жаттығу жасау, ойындар, денені шынықтыру, үйірмеге қатысу, пайдалы, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ өмір, спорттың барлық түрі, футбол, күрес, денсаулық кепілі. [5] |
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | Білім алушының ықтимал жауабы: Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл күйі көтеріңкі болады. Денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол т.б. Біз отбасымызбен спортпен айналысамыз. Достарымды да спортпен айналысуға шақырамын. | 1 | Тақырыпқа сәйкес баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады. |
1 | Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды | ||
1 | Тірек сөздерді орынды қолданады. | ||
1 | Сөйлемдердің құрылымын сақтайды. | ||
1 | Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. | ||
Барлығы | 5 | |
Оқылым
А) көмекке шақырады В) еңбекақы төленеді С) тегін көмек беріледі D) үй иесі ас дайындайды
______________________________________________________________________
[5] |
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
2 | өзара көмек | 1 | |
В) | 1 | ||
Білім алушының ықтимал жауабы: Асарға қандай мақсатпен шақырады?/Үй иесі не дайындайды?/Асарға қандай жағдайда шақырады? | 1 | Мәтін мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар қабылданады. | |
көне – жаңа | 1 | | |
ауыр – жеңіл | 1 | | |
Барлығы | 5 | |
Жазылым
Жоспар:
[5] |
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
3 | Білім алушының ықтимал жауабы: Саматқа әкесі доп сатып әперді. Самат қатты қуанды. Добын алып балалардың қасына келді. Олар доппен футбол ойнады. Ойын қызықты болды. | 1 | Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады. |
1 | Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды. | ||
1 | Сөйлемнің құрылымын сақтайды. | ||
1 | Орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес). | ||
1 | Пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес). | ||
Барлығы | 5 | |
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше | Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты | 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты |
|
Тапсырма
Тірек сөздер:өзен, жаңбыр, су болу, ағаш арасы, тығылу, қармақ салу, балық аулау, көңілді. 2. Берілген тірек сөздер мен суретті пайдаланып, «Балық аулаған балалар» тақырыбына әңгіме құрастырып айт. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды | 1 | тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды; | 1 |
жасаған болжамын негіздейді; | 1 | ||
Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады | 2 | тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады; | 1 |
мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды; | 1 | ||
тірек сөздерді мағынасына сәйкес,орынды қолданады; | 1 | ||
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды. | 1 | ||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. | 1 | ||
Барлығы | 7 |
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | ||
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды . | 1 | Тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда және өз болжамын негіздеуде қиналады. | Тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжайды, бірақ жасаған болжамын негіздеуде қателіктер жібереді. / | Тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжайды және болжамын негіздейді. |
Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады | 2 | Берілген тақырып бойынша мәтін құрастырып айтуда қиналады. | Тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтауда/тірек сөздерді қолдануда/ сөйлемдердің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді. | Берілген тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырып айтады. |