Файл: Джт сессия билет ежелгі Египет, кезедері мен ерте патшалыты алыптасуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 204
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Менуаның баласы І Аргишти (786-764 ж) тұсында Урарту алдыңғы Азиядағы үстемдікке ие болуға,маңызды сауда жолдарын иелену үшін Ассириямен таласқа түседі.Аргишти Кольхидадан Севан көліне дейінгі жерді алады.Осы аумақта үлкен шаруашылық жұмысын жүргізеді.Астық қоймаларын салып ,астықты тұтқындарға жинатқан.Ол 280000 тұтқынды қолға түсірген .Үстемдік үшін күрес жалғаса берді.Алғашқы соққыны Ассирия патшасы ІІІ Тиглатпаласар бзд 743 ж Солтүстік Сириядағы Урартудың билігіне бағынатын бірлестікке береді.Арпада қаласы маңында Ассирия жеңіп,бзд 735 ж Урартудың орталығына Ван көлі маңына шабуылдайды.Урарту жеңіліп,Муцацир деген қаласынан басқа қалаларынан айырылып қалады.Ассирия өз жауына екінші рет жорық жасауға Урарту патшасы І Руса(730-713 ж) тұсында даярланады.Алайда Руса соғысуды қаламай,барынша бейбіт қатынасты сақтауға тырысты.Сөйтіп арадағы қақтығыстар бәсеңдеді.Руса өз аумағын Закавказьеде кеңейтіп,Севан көліне дейін барып,екі қала бекініс салады.Урмия көлінің солтүстігінде мықты шаруашылық комплекс тұрғызады,Русахинили қаласын салады.Русаның Урартуды күшейтіп жатқанын көрген Ассириялықтар қайтадан екінші рет соғыс жасауға асығады.Сөйтіп бзд 714 жылы ІІ Саргонның басшылығымен Ассирия әскері Урмияны айналып өтіп ,урартуға тұтқиылдан шабуылдап,Руса салған шаруашылық комплексті талқандап,урартулықтардың қасиетті қаласы Муцацирді талқандап,быт шыт етеді.Тарихи жазбаларда Муцацирдің құлағанын естіген Руса өзін өлтіргені туралы жазылған.Сөйтіп Ассирия Урартудың орнын алып ,Урартуды тарихи сахнадан итеріп жіберді.
18.Ұлы грек отарлауы.
Ұлы отарлау дегеніміз Эгей бассейніндегі қалалардан гректерді Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағаларында орналасқан көптеген отарларға ығыстырып шығару.Отарлаудың бірнеше негізгі себептері болды:
-Грек экономикасының интесификациясы,қолөнер мен сауданың дамуы шикізат пен жерлерді талап етті.Бұның бәрі Жерорта теңізі мен Қара теңіз маңынан табуға болатын.
-Мүліктік жіктелу жердің жетпеуіне әкелді.
Отарлар тәуелсіз полистер болды.Алғашқыда гректер Эгейдің солтүстігін игерді,кейін гректер отарлаудың үш бағытын белгіледі.Бірінші бағыты Батыс болды,алғашқы колониясы Питекусса аралындағы тұрақ пен Кума қаласы.Екінші бағыты солтүстік шығыс болды,ең маңызды отары Мрамор теңізінің азиялық бөлігіндегі Кизик қаласы болды.Ірі гректік колониялар Кизик қаласы,Халкедон,Византий болды.Үшінші бағыты Солтүстік Африка ,отарлары Сириядағы Аль Мина ,Финикиядағы Сукас ,Египеттегі Навкратис пен Дафпа.Навкратис грек египет сауда орталығы болды.
Бзд VIII-VI ғ Ұлы грек отарлауы балқандық Грецияның қоғамдық дамуының терең процесстерінен туындай отырып,бүкіл грек дүниесінің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуының күшті факторына айналды.Жаңа қалаларды тұрғызу,жаңа терриьорияларды игеру қажеттігі қала құрылысы мен архитектураның ,бейнелеу өнерінің дамуына серпініс берді,грек философиясының дамуына ықпал етті.
19)Ежелгі Парсы мемлекеті
Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында парсы тайпалары өмір сүрген еді. Олар сыртқы жауларға қарсы күрестің барысында бірігіп, тайпалар одағын құрды. Парсы тайпалары одағын ахемен деп аталған рудан шыққан көсемдер басқарды. Солардың ішінде Кир есімді қабілетті көсем болды. Кейбір аңыз бойынша, оны кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп асырапты. Одан соң мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, өзі де қасиетті болыпты. Кир парсы тайпаларының одағын күшейтті. Оның басқару жүйесін жетілдірді. Содан соң өзін парсылардың патшасымын деп жариялады. Бұл кездерді Вавилонның солтүстік- шығысында Мидиямемлекеті пайда болған еді. Ассирия мемлекетінің әлсіреу мидиялықтардың күшеюіне мүмкіндік берді. Мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандайды. Одан соң мидиялықтар Кіші Азияға, оңтүстігіндегі парсыларға да өктемдік жүргізеді. Бірақ Мидияның Вавилонменодақтастық, достық қарым-қатынасы ұзаққа бармады. Екеуінің арасындағы келіспеушілік қанды соғысқа ұласты. Мидияның патшасы Астиаг (вавилонша Иштубек) пен Вавилон билеушісі Набонид соғысып жатқан кезде Кир парсыларды мидиялық өктемдікке қарсы көтерді. Вавилонды Парсы патшалығына қосқаннан кейін, Кир әскерлерімен батысқа аттанды. Кешегі Египетке тәуелді болған Финикия мен Палестина халықтары парсыларға қарсылық көрсете қоймады. Бұдан соң Кир Орта Азиядағы жауынгер сақ тайпаларының жерін өзіне қаратуға ұмтылды. Бірақ оның сақтарға қарсы жорығы сәтсіздікпен аяқталады. Ол жорығының барысында парсылар талқандалып, Кирдің өзі де қаза табады. Оның орнына ұлы Камбиз патша болады. Ол Египетке жорық жасап, оны бағындырады. Сөйтіп, шығысы Орта Азияға, батысы Жерорта теңізі мен Египетке дейінгі аралықты алып жатқан ірі Парсы патшалығы құрылды. Камбиз Египеттен қайтып келе жатқанда қайтыс болды. Бағындырылған халықтар парсы өктемдігіне қарсы көтерілістерге шықты. Парсы патшасының тағына
Б.з.д. 522 жылы I Дарий (парсыша Дарайявауш) отырды. Оның билігінің алғашқы жылдары көтерілістерді басумен өтті. Көтерілістер орасан зор мемлекеттің жекелеген аймақтарды арасындағы байланыстың нашар екенін, мемлекеттерді басқару жүйесін реттеу қажеттігін көрсетті. Көтерілсітерді басып, тағына мықтап отырғаннан кейін I Дариймемлекетті басқару
жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды. Алдымен 20 аймаққа бөлді. I Дарий енгізген үлкен жаңалықтардың бірі әлемдегі ең таза алтын теңге шығартуы болды. Ол дарик де аталды. Оны Парсы мемлекеті ғана емес, көптеген басқа елдер де құнды ақша ретінде пайдаланды.
20)Сулланың диктаторлық қызметі
Одақтастар соғысында Римге Эгей теңізі аумағынан ығыстырылу және Грециядағы билігінен айырылу қаупі төнді. Бұл қауіпті Понт Митридат VI патшадан төнді. Ол Римге қарсы бағытталған провинцияның тұрғындарын біріктірді, бұл жердегі мақсаты Римнің Армения патшасымен одақтық шарт жасауға қарсы тұру.
Митридат VI патшаға қарсы күшті римдік әскер жасақталды, сенат шешімі бойынша оны тәжірибелі әскербасшы, оптиматтар жақтасы Луций Корнелий Сулла басқарды. Бірақ атты әскер сословиесі өкілдері бай провинциядағы жеңістен түскен табысты оптиматтарға бергісі келген жоқ. Сол себепті, халықтық жиналыс әскерді басқаруды өздерінің әскербасшысы және жақтасы беделді Марийге ұсынды. Грецияға жүзуге дайын тұрған әскер Марийдің жаңа легион жинауын қаламай, оларды шеттету үшін Римге жорыққа шығуды талап етті. Бірінші рет Римді өздерінің әскерлері жаулап алды. Мариандықтар талқандалып, Марийдің өзі Африкаға қашып кетті. Б.д.д. 82 жылы билік басында болған Сулла жаңа заңдар шығару үшін және мемлекет құрылысн ұйымдастыру үшін белгісіз мерзімге диктаторлық өкілеттіктер алды. Оның өкілеттіктерін қысқарту және ұзарту тек диктаторға ғана тәуелді болды. Оптиматтар жақтасы Сулла консерватизмге толы бірқатар іс шаралар ұйымдастырды. Сенаттың құқықтары өсті. Халықтық жиналыстың ролі түсіп, диктатор айтқан заңдарды ғана қабылдады.
Сулла өзін қолдаған әскерге жағдай жасады: жүз мыңдаған легионерлер Италиядан жер бөліктерін алды. Римнің өзінде он мыңдаған құлдар еркіндік алып, рим азаматтарының құқықтарын ие болды. Олар халықтық жиналысқа табанды ықпал ете алып отырды.
Үлкен мемлекеттің
жалғыз басшысы бола отырып, Сулла өзінің күш қуатының шегіне жетті. Бірақ, ешкім ойламаған жағдай болды. Б.д.д. 79 жылы диктатор өз өкілеттіктерінен бас тартып, жеке өмірге бас бұрды. Бір жылдан кейін ол қайтыс болды. Негізінде Сулланың монархиялық билігі Рим республикасы тарихындағы жаңалық болды, бірақ диктатор олигархиялық республика нобилитеті реставрациясы ұраны бойынша әрекет етті. Бірақ, осылай саяси тартыстың күшті құралына айналған, болашақта әскерге сүйене отырып билікті басып алу негіздерінің прецеденті жасалды
21) Афины құл иеленушілік демократиясының гүлденуі. Перикл
Афины мемелекетінің сырткы саясатындағы табыстары мен аса ірі орталык ретінде релінін артуы - Афины демократиясының одан әрі дамуына жағдай жасады. Б.э.д. V ғ ортасында біркатар саяси реформалар жүргізіліп, оның нәтижесінде Афиныда демократиялык кұрылыс толығымен орнады. Ежелгі грек, онын ішінде Афины демократиясы адамзат тарихындағы ерекше кұбылыс болып табылды. Өйткені «демократия» ұғымы ен алгаш рет пайда болып кана коймай, ол шын мәнінде Демократия жүзеге асырылды. Бірак тек кана арасында таралды. полис бұл азаматтары Өйткені бұл кезенде когамдагы әйелдер мен жат жұрттықтардың (метек) саяси құқы болмады. Сондай - ак, кұлдардын да ешбір саяси құқылары болмады. Ен сонында, демократия - құл иеленушілік ұйымның бір формасы болып табылды. ЭФиальттың өліміне қарамастан Афины демократиялық партиясы мен афиналық демос ареопагты әлсіретіп, өзінің саяси жағдайын бекіте түсті. Бұл кезде аристократиялық партияның көсемі, тәжірибелі саяси қайраткер Фукидид болса, Демократиялық партия көсемі - Перикл (б.з.б. 490-429 ж) болды. Афинының гүлденуі, антик Дүниедегі аса ірі қайраткер Периклді атымен тығыз байланысты болды. Өте талантты, оқыған білімді, тамаша оратор болған Перикл тыңдаушыларына өз сөзінің дұрыстығын жеткізе білген. Перикл Афиныда демократия мен әскери-саяси жағдайды күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге Элладаның көркейген орталықтарының біріне айналдырғысы келді. Оның үйінде сол дәуірдегі атақты мәдени қызметкерлер жиі-жиі бас қосып отырған. Перикл тарихшы Геродотпен жақын дос болған, трагик Софокл және мүсінші Фидиймен де жақын араласып тұрған. Өз Отанына шын берілген Перикл демос арасында аса зор беделге ие болған. Перикл бүкіл Афиныға әйгілі Ксантип пен Агариста отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Ксантиптің аты грек-парсы соғыстары кезінде-ақ белгілі болды. Ол афины теңіз флотын басқарып, Кіші Азия жағалауында жеңіске жеткен. Ал, Агариста атақты Алкмеонидтер әулетінен шыққан. Периклдің ұстазы әйгілі философ Зенон болды. Афинының барлық тұрғындарына тиісті музыкадан және елен шығарудан басқа, Кіші Азиядан Афиныға келген Анаксагордың басқаруымен Перикл ғылыми істермен де айналыса бастайды. Анаксагор ең бірінші болып Күн мен Ай құдайлардың басқаруымен емес, табиғи заңдар бойынша қозғалады деген.