Файл: 1 билет мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік Мектеп малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 200

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


-Оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау;

Түсініктілік принцип.Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімнің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді.

Шарттары:

-Оқылатын материал әрбір жас кезеңдерге бөлу;

-Мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру;

-Өте асықпау!

-Жаңа және күрделі материалдарды оқып үйрету;

-Оқушының білдірген ойын соңы емес, басы деп түсіну;

-Мұғалімнің дұрыс түсіндіруі, тілдің байлылығын білдіреді.

-Монологты ұзақ созбау, ол іш пыстырады;

Көрнекілік принцип.Бұл ертеден қолданып келе жатқан принцип.Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.Оны ерекше бағалаған Песталоцци.

Шарттары:

-Балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар керек екенін естен шығармау;

-Көрнекілік-оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;

-Көрнекіліктің алуан түрін қолдану;

-Көп көрнекілік қолданбау;

-Әр көрнекілік оқушылардың жас ерекшілердің сай болуы;

Көрнекіліктің түрлері: табиғи, эксперимент, суретті, көлемді, дыбыстық, символдық немесе грфикалық, жанама.

13-БИЛЕТ

Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты. Білім беру мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары

Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Білім мазмұны « Нені оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді.И.Я. Лернердің анықтамасы б-ша, «білімнің мазмұны дегеніміз – оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым- қатынас тәжиребесі».

Білімнің мемлекеттік стандарты. Стандарт – үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.

Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, тіл дамыту, екінші тіл- орыс тілі, математика дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, музыка пәндері бар.

Оқу бағдарламалары – оқу жоспары негізінде жасалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламаның негізгі үш түрі бар.Олар: типтік, жұмыс, авторлық оқу.Оқушыларды білім, іскердік, дағдыларды қаруландырумен қатар, оқу бағдарламасының өте маңызды екі түрі бар: Тәрбиелік және ұйымдастырушылық.


Оқулықтар – оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент.

Оған қойылатын негізгі талаптар:

  • Қысқа,нақты деректі материалдарды енгізу.

  • Балаларға түсініктілігі

  • Баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықты оятып, білімге, іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы

  • Эстетикалық талаптарға сай безендірілуі

Мектеп оқулығының атқаратын қызметін зерттеуші Зуев болды.

14-БИЛЕТ

Ғылыми дүниетаным. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт- бағдары айқындалады. Тек білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жалған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады.

Қалыптастыру жолдары: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер.

Көзқарастар – баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.

Сенім – ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.

Қажымайтын қайрат–тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етуі.

Теориялық ой – дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасау.

15-БИЛЕТ

Оқыту әдістері және тәсілдері туралы ұғым, топтастыру. Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

Оқыту- мұғалім мен оқушылардың бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекет. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.


Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.

Оқыту әдістері: білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер, дидактикалық мақсатқа сай топтастырылған, таным белсенділігіне қарай, оқу танымдық деңгейіне қарай, оқыту- білім алу деп жіктеледі.

Білім алу көзіне қарай әдістер:сөздік, көрнекілік және тәжірибелік деп бөлінеді. Сөздік әдіске- әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, оқу талқылаулары, кітап жіне оқулықпен жұмыс жатады.

Әңгіме- оқу материалын ауызша баядау. Сөздік әдіс мектептің барлық сыныптарында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Түсіндіру- жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жеке істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады. Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теорияларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және солардың ашу кезеңінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.

Әңгімелесу- оқытудың диологтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқия ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын қалай меңгергенің тексереді.

Көрнекілік әдіс: иллюстративті және демонстративті. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстарциялық құралдар- палкат, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрация әдісінде заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы және техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафиоьмдерден көрсетіледі.

Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктерді мен дағдыларды қалыптастырады. Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады.

16-БИЛЕТ

Оқыту әдістері және тәсілдері туралы ұғым, топтастыру. Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер. Оқыту әдістерін таңдау


Оқыту- мұғалім мен оқушылардың бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекет. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.


Оқыту әдістері: білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер, дидактикалық мақсатқа сай топтастырылған, таным белсенділігіне қарай, оқу танымдық деңгейіне қарай, оқыту- білім алу деп жіктеледі.

Таным белсенділігі деңгейлеріне қарай И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткаин әдістерді былай топтастырған: Түсіндірмелі иллюстриативтік, репродуктивті, мәселелік, эвристикалық. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды.
Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқыл ы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.

Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат — оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді.

Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді.
Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны. Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді.