ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 155
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Еңбек Армиялары қалыптасты. Олардың саны республика бойынша 700 мың адамды қамтыды, соның ішінде 200 мыңы қазақтар болды.
Капиталдың негізгі салымдары негізінен отын-энергетика және металлургия кешендеріне бағытталды. Нәтижесінде 1945 жылы өнеркәсіптің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 37%-ға өсті.
Қазақстанда жалпы одақ мысының 35%-ы, қорғасынның 83%-ы, молибденнің 60%-ы, металды висмуттың 39%-ы өндірілді. Жауға атылған оқ-снарядтардың үштен бірі Қазақстанда құйылған. Қарағанды кеншілері соғыс жылдары 35 млн тонна көмір шығарды, мұнай өндірісі 39%-ға, элекр энергиясының өндірісі шамамен екі есе жоғарылады.
1941-1945 жылдар аралығында тыл қызметкерлері ел мен әскерге 5829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет берді.
Майдан шебіне 14,1 мың ауыр және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберілді.
Республикада танктер мен ұшақтар құрылысы үшін ақша жинау қозғалысы басталды. 1941 жылдың күзінде Жалпыодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ) атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинала бастады. Нәтижесінде 1942 жылы әскер Қазақстан комсомолдарынан 45 жаңа танк алды.
«Қырғи» ұшағының макеті
1942-1943 жылдары халық қаражатының есебінен тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, катерлер мен атаулы ұшақтар құрылды. Әйгілі қазақ палуаны Қажымұхан Мұңайтпасұлы да 100 мың сомға ұшақ сатып алып, оған «Қырғи» деген ат беріп, майдан шебіне жібергені белгілі.
Жалпы соғыс жылдарында Қазақстан халқы соғыс техникасының құрылысына 480,3 млн рубль жинап берген.
Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей,
Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.
Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.
Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартты: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды.
1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибе бойынша жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшы келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдік жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылығы салығынан босатылды.
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.
Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. 1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді.
Көптеген жыл бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды.
Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизатор болды. Нәтижесінде тәртіпбұзушылық пен қылмыс етек алды.
Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауылшаруашылық техникасы жіберілді.
Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкіліне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды.
1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29%-н ғана құрады.
Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты.
Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі малшаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Сол кезеңде халық үшін ең ауыр тигені Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:
Өндіріс өсімі

Қаржылай көмек

-
Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.

КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты.