Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 628

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Менің ойымша реактивтілік пен резитентілік төмендеегн. Себебі организмге ауыр әсер ететін кофеин мен натрий тиопенталын енгізген. Олар организмнің төзімділігін төмендетеді. Сонымен қатар тыныс алатын ауадағы қысымды төмендеткен, сондықтан организмде көптеген өзгерістер болады.

Физиологиялық реактивтілік-бұл гомеостазды бұзбай, қоршаған орта факторларының әсерінен организмнің өмірлік белсенділігін өзгертетін реактивтілік. Және патологиялық реактивтілік туралы айтға болады. Денедегі гомеостаздың зақымдануы мен бұзылуына әкелетін патогендік факторлардың әсерінен патологиялық реактивтілік пайда болады, бұл ауру ағзаның бейімделуінің төмендеуімен сипатталады

Резистенттілік— ағзаның әртүрлі факторларға — инфекцияларға, уларға, ластаушы заттарға, паразиттерге және т. б. төзімділігі Организмнің реактивтілігі-организмнің тіршілік әрекетінің өзгеруіне қоршаған ортаға жауап беретін қасиеті, бұл барлық тіршілік иелерінің метаболизм, өсу, көбею және т. б. сияқты маңызды қасиеті.

Тағыда реактивтіліктің түрлері:

Биологиялық

Физиологиялық

Патологиялық

Бейспецификалық

Спецификалық

Топтық

Жекелік

Әсер ететін факторлар:

Сыртқы факторлар

Организмнің өзінің реактивтілігі

Организмге бөгде заттар, микробтар, бактериялар және т.б.

Ауа райы

Жергілікті жер

Әлеуметтік жпғдай

Эколгиялық жағдай

3. Бұл экспериментте жануарларға қандай патогенді факторлар әсер етті? Жануарлардың жалпы жай-күйінің өзгеруін тудырған себептерді атаңыз. Пайда болған бұзылыстардың патогенезін ұсыныңыз, басты тізбекті атаңыз. Жануарлардың тіндерінде зат алмасудың қандай бұзылыстары болуы мүмкін?

Барлық шыны ыдыстан ауаны сорылып алғандықтан, яғни барометрлік қысымды төмендеткен. Сондықтан гипобариялық ауру туындайды.

Төменгі қысымнан гипобария болады --- атмоферадағы О2 азаюы- Жүрекке О2 жетіспеуі—жүректің жиырылуының бұзылысы- үлкен және кіші қанайналымдағы қанның қысымының төмендеуі-альвеоларлық гипоксия ---хеморецептордың тітіркенуінен қайтадан гипоксияның дамуы(порочный круг)---гиперкапния—организмдегі сұйықтықтардың еруі(сатурация)- мида липидтердің көп болуынан еріген азоттың көбеюі—ОЖЖ қызметі бұзылу –бас айналу—терең ұйқының келуі—бас ауру---жүйкелік-бұлшықеттік үйлесімдіктіңт бұзылуы---естен тану

Кері айналып соғу шеңбері

Гипоксия-Жүрек зат алмасуларын бұзылуы-жүрек жиырылуының бұзылуы-артериялық қысымның төмендеуі –гипксияға алып келеді


СО2 газының деңгейі төмендейді, гипокапния дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидағы тыныс алу, қан тамырларының қимылдық т.с.с. орталықтардың қозымдылығы азаяды. Енді көңіл-күйдің көтеріңкілігі (эйфориясы) қатты түнжыраумен (депрессия) ауысады, орталық жүйке жүйесінің тежелуі болады. Бұл кезде науқас адамның қимыл-қозғалысы азаяды, тез шаршағыштығы байқалады, барлық шартты, шартсыз рефлекстері жоғалады, ол терең ұйқыға батады.

Соңында ағзалар мен тіндерге оның тасымалдануы бұзылады. Сондықтан оларда зат алмасулары соңғы өнімдеріне дейін жүрмей аралық қышқыл өнімдер жиналып қалады, метоболизмдік ацидоз дамиды. Осыдан оттегінің тапшылығы, жиналған қышқыл өнімдер қан тамырларындағы химиялық рецепторлар арқылы рефлекстік түрде мидағы тыныстық және тамырлардың қимылдық орталықтарын қоздырады: тыныс алу, жүрек соғуы жиілейді.

Тапсырма 2. Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне оң жақ жамбасының кесілген жарақатымен, 28 жастағы Р., есімді пациент жеткізілген.

Түскен кездегі тексеру: жалпы жағдайы қанағаттанарлық; оң жамбас ортасының үштен бір бөлігінің алдыңғы сыртқы жағында өлшемі 3,0x1,5 см ойылып-кесілген жарақаты бар. Тыныс алу жиілігі – 16 мин-1, пульсі – 70 мин-1, артериялық қысымы - 120/70 мм сын.бағ.

Сіреспені шұғыл алдын алу мақсатында науқастың терісінің астына 3000 ME дозада сіреспеге қарсы сарысу енгізілді.

Сіреспеге қарсы сарысуды енгізгеннен кейін тексеру. 5 минуттан кейін науқаста терінің қызаруы мен қатты терлеу пайда болды, еріннің және тілдің ісінуі дамыды. Науқас қозған, дауысы қарлығып шығады. Тыныс алуы - 36 мин-1, пульсі - 95 мин-1, АҚ - 160/100 мм сын.бағ. Содан кейін айқын экспираторлық ентігу пайда болды. Тері қабаттары цианозды, бозғылт, терісі суық жабысқақ. Жүрек соғу жиілігі 50мин-1-ге дейін төмендеді, артериялық қысымы 65/35 мм сын.бағ., дейін төмендеді. Науқас есінен танып, құрысулар пайда болды, еріксіз зәр шығару және дефекация байқалды.

1. Науқаста қандай экстремальды жағдай пайда болды? Осы жағдайдың дамуының негізінде қандай типтік патологиялық процесс жатыр? Бұл патология Рh.G. H. Gell және R. Coombs жіктемесі бойынша қандай түрге жатады? Жауабыңызды негіздеңіз.



Эктремальды жағдайдың - шок дамыған. Басында тыныс алу, қан қысымы жоғарлап, содан төмендегені шоктың сатыларын дәлеледейді.

Бұл кезде аллергиялық серпілістер дамып тұр.

Рh.G. H. Gell және R. Coombs жіктемесі бойынша :аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік (комплекстік) III-түрі.

Осы түрдің дамуына әсер ететін аллерген болып – сарысу болып табылады. Аллергенге макрофагтар және т-және дененің иммундық жүйесі кіреді. Лимфоциттерінің өзара әрекеттесуі IgG1, IgG3, IgM плазмалық жасушаларға айналудан құрылады. Бұл антиденелер аллергенмен биологиялық қасиет болып табылады. сұйықтықтарда (қанда, лимфада, жасушааралық сұйықтықтарда) аллерген-антидене иммундық кешені құрады.

2. Пациентте дамыған экстремальды жағдайдың патогенезін ұсыныңыз. Оның даму сатыларын сипаттаңыз. Бұл жағдайда емдеу үшін десенсибилизация әдісін қолдануға болады ма? Бұл әдістің қандай түрлері сізге белгілі? Десенсибилизацияның әсерін тудыратын негізгі механизмдерді атаңыз.

Шоктың алғашқы екі сатысы дамыған. Яғни, эректилдік және сілемейлік. Жарақаттың әсеріннен организмдегі рецепторлардың қозуы жоғарлайды. Орталық Жүйке Жүйесіне миға бағытталған серпіндер көбейе бастайды. Сол жердегі тыныс алу орталығын, қанқысымын реттейтін орталықтарды қозыдады да, олардың жұмысын арттырады. Яғни көріп отырғанымыздай басында тыныс алу жиілігі, артериалдық қысым жоғарлаған. Осы шоктың әсеріннен гиперкатехоламиенмия дамып, ол қан тамырларының қатты жиырылуына әсер етеді. Жәнеде жасуша мембранасына әсер етеді. Осыдан кейін шоктың екінші түрі дами бастайды. Бұл кезде адрено- және холинрецепторларының жауап қайтару қабілеті төмендейді. Тері қабаттары цианозды, бозғылт, терісі суық жабысқақ пайда болуы басталады, яғни жергілікті бұзылыстар пайда болады. Мида нейрондардың мембраналары бұзылыстарыннан импульстардың түйіспелері арқылы өтуі бұзылады. Орталық жүйке жүйесінде тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтары тежеледі.Шоктың өту ауырлығы артериялық қысымның төмендеуімен сипатталады.

Десенсибилизация әдісін қолдануға болады. Оның спецификалық және бейспцификалық түрлеріне ажыратылады. Бұл кезде спецификалық түрін қолдануға болады. Аллергияны тудырған аллергеннің аз мөлшерін енгізу арқылы емдеуге болады. Яғни организмнің сезімталдылығын көтерген аллергеннің кішкене мөлшерін енгізелі. Бұл кезде енгізілген аллергенге қарсы организмде тежегіш антиденелер (ІgG) өндіріледі. Бұл антиденелер арнайы аллергенмен тез байланысып:


1. фагоцитозға ұшырайтын аллерген+антидене кешенін құрады;

2. аллергиялық антидене ІgЕ түзілуін азайтады;

3. аллергиялық дәнекерлерді тез бейтарапталып үлгеруіне мүмкіншілік пайда болады;

4. Т-супрессорлардың белсенділігі қалпына келеді.

3. Анафилаксияның атопиядан негізгі айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Анафилаксия бөтен нәруыздардың әсеріннен дамитын жоғары сезімталдылық болып табылады. Ол қан қысымының төмендеуімен, терінің өзгеруімен (гиперемия, бөртпелер, қышу), бронхоспазммен және тұншығу белгілері бар көмейдің ісінуімен сипатталады. Шырышты қабықтың ісінуі және асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықеттерінің спазмы дисфагиямен, іштің спастикалық ауырсынуымен, диареямен, құсумен бірге жүреді. Есін жоғалту, тыныс алуды тоқтату, құрысулар, еріксіз зәр шығару мүмкін. Өлімнің себептері-бронхоспазм, жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі және церебральды ісіну.

Тапсырма 3. Науқас Е., 39 жаста, тыныс алу жолдарының бөгде заттармен обструкциясы.

РО2 атмосф.ауа = 160 мм сын.бағ.

РО2 альв. ауа = 75 мм сын.бағ.

РаO2 = 69 мм сын.бағ.

SaO2 = 60%

РаСO2 = 65 мм сын.бағ.

PvO2 = 35 мм сын.бағ.

SvO2 = 37%

О2 бойынша а/в айырмашылық = 3,0 көл%

ҚОС = 22,7 көл%

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

РО2 атмосф.ауа = 160 мм сын.бағ. ꓠ

РО2 альв. ауа = 75 мм сын.бағ. ↓ , альвеолалық гипоксия

РаO2 = 69 мм сын.бағ. ↓ , артериялық гипоксемия

SaO2 = 60% ↓, артериялық гипоксемия

РаСO2 = 65 мм сын.бағ. ↑ гиперкапния

PvO2 = 35 мм сын.бағ. ↓ , веналық гипоксемия

SvO2 = 37% ↓, веналық гипоксемия

О2 бойынша а/в айырмашылық = 3,0 көл% ꓠ

ҚОС = 22,7 көл% ↑,қан жүйесі арқылы компенсациялануда

Қорытынды:

Науқаста эндогенді гипоксияның– тыныстық түрі дамыған . Осы өзгерістерді организмнің оттегілік тепе-теңдігін сипаттайтын көрсеткіштер нақтылайды. Артериялық гипоксемия және гиперкапния тыныс жеткіліксіздігінің салдарынан тыныстық гипоксияның дамығанын көрсетеді.

Билет № 61

Тапсырма 1. Науқас У., 27 жаста, электр жарақатынан құрсақ және кеуде қуысының ішкі ағзаларының механикалық зақымдануына байланысты жедел жәрдем ауруханасына ауыр халде жеткізілді. Алкогольден мас болған пациент 3500 В кернеулігі жоғары вольтты желінің ашық сымын ұстағаннан кейін жарақат алған.


Объективті: ес-түссіз, рефлекстері, тыныс алуы, пульсі және артериялық қысымы анықталмайды.Көз қарашығы кеңейген. Тері жамылғысы және көрінетін сілемейлі қабықтары бозғылт, көкшіл түсті. Оң қолдың алақанының II-IV саусақтарының түбінде, кеуде қуысының алдыңғы бетінде және ішінде III дәрежелі электр күйіктері бар. Сол аяғының IV және V саусақтары жұлынған, оның үстіндегі терісі күйіп, күлге айналған.

Науқасқа реанимациялық іс-шаралар жүргізілді және олар тиімді болды. Содан кейін торакотомия және лапаротомия жасалды. Оң жақ өкпенің көлемінің 1,5-2,0 см және бауырдың диафрагмалық бетінің 2,5-3,0 см жыртылған.

1. Науқаста қандай терминалды жағдай (ТЖ) дамыды? Осы ТЖ кезінде электрокардиограмма мен электроэнцефалограммада изолиния тіркеле ме? Неліктен? Осы ТЖ ұзақтығына әсер ететін факторларды атаңыз. Бұл ТЖ басқа ТЖ және экстремалды күйлерден қалай ерекшеленеді?

2. Науқаста ТЖ туындауына ықпал еткен себеп қандай? Бұл фактордың әсері кезінде ағзалар мен тіндердің зақымдануының ауырлау дәрежесі неге байланысты? Оның әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз.

3. ТЖ-дағы науқастарға қандай реанимациялық іс-шаралар жүргізіледі? Реанимациялық іс-шаралар тиімділігінің критерийлерін атаңыз және реанимацияға әсер ететін факторларды атаңыз.

1. Науқаста қандай терминалды жағдай (ТЖ) дамыды? Осы ТЖ кезінде электрокардиограмма мен электроэнцефалограммада изолиния тіркеле ме? Неліктен? Осы ТЖ ұзақтығына әсер ететін факторларды атаңыз. Бұл ТЖ басқа ТЖ және экстремалды күйлерден қалай ерекшеленеді?

1...Науқаста 3 дәрежелі терминалды жағдай дамығын

2... Бул жағдайда ЭКГ –да журек ритімінің бузылуы болады.Себебі 3500 В кернеулігі жоғары тогы уру натижесінде Артериялық қысымның томендеуі

2. Науқаста ТЖ туындауына ықпал еткен себеп қандай? Бұл фактордың әсері кезінде ағзалар мен тіндердің зақымдануының ауырлау дәрежесі неге байланысты? Оның әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз.

Науқас алкоголь өнімін қолданып электр тогына тусты.Соның нәтижесінде ес-түссіз, рефлекстері, тыныс алуы, пульсі және артериялық қысымы өзерді.Терминалды жағдайға алып келді.

Электрлік жарақат тік әсерінен тері жасушаларының кейбір жерлерін жарақаттайды.Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады. Ол науқаста Доғалық күю дамыған жоғары кернеу астында тоқ жүретін бөлік пен адам денесі арасында электрлік доға пайда болады. Доға температурасы 3500оС ден жоғары және де энергиясы үлкен. Доғалық күйік III, IV дәрежелі куйікті құрайды.