Файл: ЫСамерзімді жоспарлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 687

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




білімпаздық, зейінділік, табандылық, қырағылық, ыждағаттылық, байқампаздық, төзімділік, жауапкершілік, мұқияттылық.

Мұғалім:

  • Бірінші қасиетке ие болсаң, бір рет шапалақ соқ.

  • Зейінділер, бастарыңды изеңдер.

Мұғалім: «Балалар, өз бойларыңнан тағы қандай мінез-құлық сипаттарын айттыңдар, қандай қасиеттерді əлі де дамыту қажет деп ойлайсыңдар?» – деп, үй тапсырмасының орындалуын

қорытындылайды.




Онда жауаптың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап, оны толықтырады.





Мұғалім оқулықтағы тапсырмада бейнеленген құралдарды атауды жəне олардың қайда, қалай пайдаға асатыны туралы айтуды ұсынады. Табиғатты танудың көптеген тəсілдері мен зерттеу əдістерінің бар екендігін, олардың қайсысын атай алатындығын, осы құралдарды пайдаланатын зерттеу əдісінің қалай аталатынын естеріне түсіртеді.

Табиғатты танудың көптеген тəсілдері мен зерттеу əдістерінің бар екендігін, олар бақылау, сараптама, өлшеу, таразылау т.б. екендігін, осы аспаптар қолданылатын əдістің бақылау деп аталатынын айтады.


Оқушылардың бастамасын қажетті бағытта қолдайды.

Оқулық


Сабақ тақырыбын нақтылауға сабақ мақсаттарын қою жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Балалар мұғаліммен бірге Сабақтың соңында қол жеткізілуге тиіс мақсатты белгілейді. Оған рефлексия сатысында оралады.

Мұғалімнің ауызша пікір білдіруі.

Оқулық

ІІ. Сабақтың

ортасы (25–23 мин)

Мұғалім жаңа сабақты өзекті сұрақтармен

бастайды жəне Білгішбектің анықтамасымен танысуды ұсынады.

Сұрақтарға жауап береді.





Оқулық




  1. Сезім органдары қоршаған əлемді тануға қалай көмектеседі?

  2. Тап қазір терезеге қарау арқылы ауа райын қалай бақылауға болады?

  3. Қазір қандай қорытынды жасауға болады?

Білгішбектің анықтамасы:

Бақылау дегеніміз – табиғат құбылыстарын зерттеу əдісі. Адам оны табиғи дамуына кедергі келтірмей бақылайды.

– Əлемді иістер, дыбыстар, тері арқылы сезіну, дəм, көзбен көру арқылы зерттейміз.

Аспандағы бұлттар мен жауын- шашынды бақыладық, желдің бағытын анықтадық.

1. Қандай киім кию немесе ауа райына байланысты қандай да бір əрекеттерді жоспарлайды.

Əрқашан бақылау қандай да бір мақсатпен жүргізіледі.







Балаларды кез келген зерттеуді жүргізу үшін жоспар жасау керек деген ақпаратпен таныстырады. Бақылау кезінде табиғи үдерістерге араласпау маңызды екеніне назар аударады. Бақылау жоспарымен таныстырады:

  1. Мақсат қою

  2. Нысанды анықтау

  3. Кезеңдерді анықтау

  4. Мерзімді белгілеу

  5. Нəтижені тіркеу (жазып алу немесе суретін салу)

  6. Қорытынды жасау

Ақпаратты мұқият тыңдайды. Балалар мəтінді 2-3 рет оқып шығады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ҚБ: «Ду қол шапалақ». Сабақ тақырыбына

байланысты түйін

Оқулық




сөздерді







меңгерулерін







бағалау.




«Аулада бақбақ қалай пайда болды?» деген тақырыпта бақылау бойынша жұмыс.

Бақбақтың суретін көруді жəне сұрақтарға жауап беруді ұсынады (№ 2 тапсырма).

  1. Қуаныш пен Айсұлу осы бақылауды жүргізуден бұрын қандай мақсат қойды?

  2. Балалар бақылаған нысанды атаңдар.

  3. Сендердің пікірлерің бойынша бақылау қандай мерзімде жүргізілді?

– Бақылау барысында балалар қандай аспаптарды қолданды?

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

  • Аулада бақбақтар қайдан пайда болатынын анықтау.

  • Аулада өсетін бақбақтар.

  • Бақбақтар көктемде пайда болады. Көктем – алғашқы бақбақтардың пайда болу мезгілі.

Бақылау жаз мезгілінде жалғасты.

Оқушылардың бастамасын қажетті бағытта қолдайды.

Оқулық,

«Бақбақтың түрленуі» атты жылдамдатыл ған бейнежазба
https://www.yo utube.com/wat








Айсұлу мен Қуаныш бақбақты бақылау арқылы нені анықтады деп ойлайсыңдар?

– Бақбақтың парашютімен əрі қарай не болатыны туралы болжам жасаңдар.

Жаз – бақбақтардың гүлдеу жəне одан əрі тұқым шашу кезеңі.

Қажетті аспаптар: Фотоаппарат, қалам, дəптер.

- Бақбақтар шамамен мамырдың ортасы немесе соңында пайда болады. Одан кейін олар өсіп шығып, гүлдейді. Алаңқай сап-сары бақбақ гүлге толады. 8–10 күннен кейін бақбақ гүлдеп болады. Сары гүлдің орнына үлпілдіген аппақ тұқымдар пайда болады. Тағы бір аптадан кейін тұқымдар ұшып кетеді де, алаңқай қайтадан жасыл түске енеді. Ол тұқымдардан жақын уақытта жаңа бақбақтар өніп

шығады.




ch?v=qovPXW LIUjc&t=63s

Ғылыми күнделікпен жұмыс Оқулықтағы тапсырмаларды өз бетімен орындауды ұсынады.

  1. Бақылау жоспарын сəйкестендіреді.



  1. «Аулада бақбақ қалай пайда болды?» деген бақылау жоспарды оқушылардың өздеріне құруға тапсырма береді.

Бақылау жоспарының бөліктерін түсіндірмемен сəйкестендіреді.

Бақылау жоспары:

  1. Мақсаты: Аулада бақбақтардың қалай пайда болғанын анықтау.

  2. Нысаны: бақбақ.

  3. Мерзімі: жазғы демалыс кезінде.

  4. Қорытынды: бақбақ жел ұшырып əкелген тұқымдар арқылы өседі.

Қалай меңгерілуін бағалау:

  1. Бақылау мақсатын дəл анықтайды – 1 ұпай.

  2. Нысанды дұрыс айқындады

1 ұпай.

3. Бақылау мерзімін дұрыс айқындады

1 ұпай.

4. Қорытындыны дұрыс айқындады –



Ғылыми күнделік










1 ұпай.







Пиктограммамен жұмыс. «Топтастыру» стратегиясы

Балаларды пиктограмма сөзінің мағынасымен таныстырады, пиктограммалармен қызықтырады (№ 3 тапсырма), ботаник жəне зоолог ғалымдардың қандай зерттеулер жүргізгенін анықтауды ұсынады.

1. Мына пиктограммаларда қандай

процестер бейнеленген?

Тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді, өз пікірлері мен болжамдарын айтады. Тақырып бойынша өз білімін нақтылайды жəне кеңейтеді.





Оқулық

Зерттеу жұмысы: «Ғылыми зертхана». Мұғалім «Осы жағдайларда бақылау кезеңдері қандай болды деп ойлайсыңдар» деген сұрақпен оқушыларға топтарға бөлініп, қырықбуын мен пиязды бақылау кезеңдерін анықтауды ұсынады.

Топтардың жауаптары таныстырылғаннан кейін қысқа бейнежазба ұсынуға болады.

Топтық жұмыс орындалады. Балалар топтарға бөлініп, алдын ала дайындалған ватман парағында жұмысын тіркейді.

«Зоолог ғалымдар» тобы:

  1. Мақсаты: жұлдызқұрттың көбелекке айналуы қалай жүзеге асатынын анықтау.

  2. Нысаны:жұлдызқұрт.

  3. Мерзімі: мысалы, 1 ай деген болжам жасайды.

  4. Қорытынды: жұлдызқұрт көбелектің дернəсілі. Ол ұзақ дамиды. Дернəсіл ғаламат түрленуге ұшырайды. Одан кейін дернəсілден көбелек пайда болады. Ол үшін уақыт

пен белгілі бір жағдай қажет.

ҚБ: «Жетістік баспалдағы». Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру деңгейін бағалайды.


Оқулық, ватман, маркерлер.

Педагогке арналған ақпарат:

Көптеген жағдайларда қайта түрлену үдерісі 2-3 апта жүреді. Кей жағдайда дернəсілдің көбелекке айналуы анағұрлым ұзаққа

созылады. Ал кей жағдайда дернəсіл түрінде


«Ботаник ғалымдар» тобы:

1. Мақсаты: пияздан көк

сабақтар шығу үшін қандай жағдай қажет екенін анықтау.






Көбелектің

дамуы: https://www.yo





қыстап шығады, ал басқалары бірнеше жыл осындай күйде болады.

  1. Нысаны:пияз.

  2. Мерзімі: 2 апта.

  3. Қорытынды: егер топырақ пен ылғал болса, онда пияздың тамыры мен көк сабақтары

шығады.




utube.com/wat ch?v=ClujCekh kvU




1. Неліктен бақылау білігі кез келген зерттеуші үшін маңызды жəне зерттеу жүргізу кезінде табиғи үдерістерге араласуға болмайды?

Сұрақтарға жауап береді, өз пікірін айтады. Өз көзқарасын нақтылайды, дəлелдейді.

Зерделенген материалдарды еске түсіріп, қорытындылайды.

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне

меңгеру деңгейін бағалайды.

Оқулық

ІІІ. Сабақтың соңы (10–10 мин)

Зерделенген материал бойынша оқушыларға сұрақтар қояды:

  1. Бақылау не үшінқажет?

  2. Бақылау жүргізудің кезеңдерін ата. Əр кезеңдісипатта.

Сұрақтарға жауап береді, өз пікірін айтады. Өз көзқарасын нақтылайды, дəлелдейді.

Зерделенген материалдарды еске түсіріп, қорытындылайды.




Оқулық

Үйге тапсырма беру

Өзінің немесе тума-туыстарының үй жануарларын бақылауды, бақылау жоспарын

құрып, ғылыми күнделікте жоспар бойынша есеп жасауды ұсынады.

Үй тапсырмасы бойынша мұғалімнің нұсқауы мен түсіндірмелерін мұқият тыңдайды.




Ғылыми күнделік, оқулық

Нəтижеге бағытталған сұрақ:

3. Бақылау үшін қандай құралдар қолданылады?

Сұраққа жауап береді. Зерделенген материалдарды еске түсіріп, қорытындылайды.

ҚБ: «Авторлық орындық».

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру деңгейін

бағалайды.

Ғылыми күнделік, қарындаштар, қалам.




Рефлексиялық бағалау. Оқушылардың сабақтағы өзіндік оқу əрекетін бағалауын, өзінің мақсатқа қол жеткізуін өздігінен бағалауын ұйымдастырады. Оқушылардан

құтыны бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды.

Сабақтағы өздік жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоционалдық жағдайын анықтайды. Өз білімін өзі бағалайды.

ҚБ: «Колба». Əр оқушы өзінің сабақтағы оқу материалдарын қалай түсінгенін,





  • Қызыл түс – ештеңе түсінбедім;

  • Сары түс – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасыл түс – барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.




меңгергенін бағалайды.





3 сабақ

Бөлім

Мен зерттеушімін

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Тəжірибе деген не?

Оқу бағдарламасына сəйкес

оқыту мақсаттары

        1. эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нəтиже);

        2. эксперимент жүргізу жəне оның нəтижелерін кестеге түсіру.

Сабақтың мақсаттары

Құрылған жоспарға сəйкес тəжірибе жүргізу жəне қорытынды жасау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Сабақтың басы (10–12 мин)

Оқушылармен сəлемдеседі. Сабаққа келмеген оқушыларды белгілейді. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың мақсатымен таныстырады. Мəтінді мəнерлеп оқып беру арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.
Кез келген бала орман-тоғайға барғанда, ол көптеген сұрақтарға жауап алғысы келеді.

Мысалы:

Аспан қалықтап ұшып жүрген не? Секектеп секіріп жүрген не? Гүлден-гүлге ұшып-қонып жүрген не? Шөп арасын нелер паналайды?

Ызыңдап не ұшып жүр? Бауырымен қандай жануар жорғалайды?

Мұғаліммен сəлемдеседі. Сабаққа дайын екендіктерін жеткізеді.

Мұғалімді тыңдайды. Сабаққа зейіні артады. Өлеңді тыңдайды. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.








– Осы мəтіндегі сұрақтарды сендер де

қоясыңдар. Бүгін осы сұрақтардың жауабын табамыз.










Үй тапсырмасын тексеру

Оқылған материал бойынша 3–4 оқушыға сұрақ қояды:

  1. Бақылау не үшінжүргізіледі?

  2. Бақылау жүргізу кезеңдерін ата.Олардың əрқайсысынсипатта.

  3. Бақылау үшін қандай аспаптар қолданылады?

  4. Неліктен зерек, мұқият жəне қырағы болу қажет?

Педагог осы қабілеттерді тексеру үшін сұрақтар қояды.

  1. Кеше менің моншақтарым қандайеді?

  2. Сенің парталас көршіңнің портфелінің түсіқандай?

  3. Біздің сынып бөлмесінің реттік саны қандай?

Мұғалім бұдан əрі бақылау жоспары бойынша оқушылардың үй жануарлары туралы əңгімелерін тыңдауды ұсынады.

Бақылау жоспары бойынша үй жануарлары туралы əңгімелейді. Зеректік пен қырағылық қабілеттерін таныта біледі.

Балалардың толық жауаптарын атап өтеді. Барлық жұмыстарды тексеріп, өлшемдер бойынша ұпай санымен бағалайды:

  1. Бақылау мақсатын белгіледі – 1.

  2. Зерттеу нысанын атады – 1.

  3. Бақылау кезеңдерін тізіп атайды – 5.

  4. Жабдықты тізіп атайды – 1.

  5. Бақылау мерзімін белгіледі – 1.

  6. Бақылау нəтижесін

жазды – 1.

Ғылыми күнделік




Мұғалім тəжірибе туралы алған білімдерін пысықтайды.














Сабақ тақырыбын нақтылау, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастырады.

Балалар педагогпен бірге сабақтың соңында қол жеткізілуі тиіс мақсатты белгілейді. Оған рефлексия сатысында оралады.

Мұғалімнің ауызша пікір білдіруі.

Оқулық


ІІ. Сабақтың ортасы (25–23 мин)

Айналадағы заттарды көруді ұсынады. Айналаға қарамай, дөңгелек, қоңыр түсті, тікенекті, сынғыш заттарды атауды тапсырады.

Қандай заттарды бірден атай алмадыңдар? Неліктен? (балалардың жауаптары)

Заттың тікенекті екенін білу үшін не істеу керек?

Сынғыш затты қалай анықтауға болады?

Оқулықтағы № 3 тапсырма бойынша Қуаныш пен Айсұлуға лимонның суда бататынын немесе батпайтынын анықтау қажет екенін түсіндіреді.

3. Олар мұны бақылау арқылы анықтай ала ма?

Оқушыларға өзара бірлесе отырып, қорытынды тұжырымдама жасап, оны Білгішбектің хабарымен салыстыруды тапсырады.

1. Бақылау мен тəжірибенің айырмашылығы неде?
Тəжірибе «сынама» деген мағынаны білдіреді. Ол – табиғатты танып-білудің арнайы жабдықталған жағдайда

жүргізілетін əдісі.

Педагогтің сұрақтарына төмендегі үлгіде жауап береді:

  1. Тікенекті жəне сынғыш заттарды бірден атай алмадық.

  2. Заттың тікенекті екенін білу үшін оны қолмен ұстап көру керек.

  3. Заттың сынғыштық қасиетін анықтау үшін, оның неден жасалғанын анықтап немесе сындырып көру керек.


«Лимон суға бата ма, əлде батпай ма?» деген сұрақ бойынша балалардың пікірі екіге бөлінді. Оқушы қорытындысы:

Бақылау дегеніміз – табиғат құбылыстарын зерттеу əдісі.

Адам оны табиғи дамуына кедергі келтірмей бақылайды. Бірақ зерттеушілерге бақылау нəтижелері жеткіліксіз. Мұндай жағдайда оларзерттеудің басқа əдістерін, мысалы, тəжірибеніпайдаланады.

ҚБ: «Мақтау» Анағұрлым дəл пікір айтқаны үшін ауызша мақтау.

Оқулық