ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 144
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бақылау сұрақтары
Күздік қара бидай
1. Күздік қара бидайды өсіретін негізгі аймақтарды атаңыз.
2. Солтүстік Қазақстанда пайдалауға болатын күздік қара бидай сорттарын атаңыз.
3. Күздік қара бидайдың түптену түйін аймағы, қандай төменгі температурада өліп
қалуы байқалады?
4. Күздік қара бидай қай уақытта түптенеді?
5. Күздік қара бидайдың түптену түйнегі қандай тереңдікте орналасады?
6. Солтүстік Қазақстанда күздік қара бидайдың өліп қалу себептері.
7. Таза сүрі жердегі топырақты күздік өңдеу.
8. Сүрі жер танабындағы жаздық жұмыстар.
9. Тұқымды егіске дайындау.
10. Күздік қара бидайды себудің дер кезеңі.
11. Күздік қара бидайдың себу мөлшері.
12. Минералдық тыңайтқыштарды себу және сіңіру әдістері.
13. Күздік қара бидайды азотпен үстеп қоректендіру.
14. Күздік қара бидай егістерінде арамшөптер, аурулар және зиянкестер қарсы
күресудің ерекшеліктері.
15. Күздік қара бидайды жинаудың ерекшеліктері.
Әдебиеттер
1. Корнев Г.В., Гатаулина Г.Г., Зинченко А.И. и др. Интенсивная технология
возделывания сельскохозяйственных культур. М.:Агропромиздат, 1988, 301с.
2. Агрономическая тетрадь. Возделывание зерновых культур по интенсивным
технологиям. М.: Россельхозиздат, 1988, 254с.
3. Озимая рожь. Интенсивная технология. М.:Агропромиздат, 1988, 65с.
4. Журналы: «Зерновые культуры», «Вестник сельскохозяйственной науки
Казахстана».
Қара бидай
1. Қара бидайды өсіретін негізгі аймақтарды атаңыз.
2. Қара бидайдың дәнін және қалдық азық-түліктерін атаңыз.
3. Сіздің аймақта өсетін қара бидай сорттарын атаңыз.
4. Қара бидайдың суыққа үсу, тамырының мұз әсерінен үзіліп топырақ бетіне шы-
ғып қалуынан өлуін ескерту және оны болдырмау үшін қарсы күресу.
5. Қысқатөзімділік және суыққатөзімділік дегеніміз не?
6. И.И.Тумаков-тың күздіктерді шынықтыру кезеңдерін атаңыз.
7. Қара бидайдың қыстап шығуын бақылау.
8. Күздіктердің шынығуының жақсы өтуіне көмектесетін жағдайлар.
9. Қара бидайдың суға сұраныс коэффициенті.
10. Қара бидайдың өсуіне қандай топырақтар жайлы?
11. Солтүстік Қазақстандағы қара бидайдың жақсы алғы егісі.
12. Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі бойынша сүрі жердегі күздік жұмыстардың
ерекшеліктері.
13. Ықтырма үшін себілетін дақылдар. Ықтырманы себу қашан және қалай
жүргізіледі?
14. Тұқымды инкрустациялау не үшін керек?
15. Солтүстік Қазақстан жағдайында қара бидай себу мезгілі, әдісі, мөлшері.
16. Қара бидайды күздік баптау жүйесі.
17. Қара бидай органогенезінің қай кезеңінде қыстаққа кетуі керек?
18. Қара бидай егістерінде арамшөптер, аурулар және зиянкестерге қарсы күресу
жолдары.
19. Органогенездің қай кезеңінде өнімділік элементтері – масақтардағы масақшалар
саны қалыптасады.
20. Дәннің толысуы өнімділіктің басты белгісі.
21. Қара бидайды жинау әдәстері, ол неге байланысты болады.
22. Дәннің жарақаттануын болдырмау жолдары.
23. Қара бидайдың себу мөлшерін есептеңіз (кг/га): себу коэффициенті 4,5 млн. өң-
гіш тұқым 1 га, өңгіштігі 95%, тазалығы 98%, 1000 дәннің массасы 41,3г.
24. Қара бидайдың биологиялық өнімін есептеңіз (ц/га): жиілік тығыздығы 230 дана
шаршы / м, өнімді түптену 2,2, масақтағы дән саны 25 дана, 1000 дәннің
массасы 42,3г. болса.
Әдебиеттер
1. Губанов Н.А., Иванов Н.Н. Озимая пшеница. М.:Агропромиздат, 1988, 300с.
2. Беляков И.И. Интенсивная технология возделывания озимой пшеницы. Киев:
Высшая школа, 1990.
3. Шах Б.Л. Озимая пшеница в Западном Казахстане. А-Ата, 1984.
4. Ю.А.Никитин и др. Интенсивная технология производства озимой пшеницы.
М.: Россельхозиздат, 1988, 303с.
5. Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания
озимой пшеницы. М.: 1984, 64с.
6. Журналы: «Зерновые культуры», «Вестник сельскохозяйственной науки
Казахстана».
2. ДӘНДІ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ
2.1 Асбұршақ және ноқат
Солтүстік Қазақстан жағдайында негізгі дінді бұршақ дақылдарына жататындар
асбұршақ, ноқат, ноғатық, майбұршақ. Құрамындағы белок мөлшері жағынан бұр-
шақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ. Олардың тұқымдарында
дәнді дақылдарға қарағанда белок 1,5-3 есе артық – асбұршақта -20,4-35,7%, ноқатта
-22-31, майбұршақта-27-50%.
Солтүстік Қазақстан жағдайында асбұршақ азық-түлік және жемшөптік дақыл
есебінде өсіріледі. Сұлы және басқа бір жылдық дақылдармен араластырылып пі-
шен, көк балауса, пішендеме және жемдікастық үшін себіледі. Қазақстанның сол-
түстігінде асбұршақтың орташа өнімі 14-20 ц/га шамасында.
Ноқат – азық-түліктік және жемазықтық дақыл – тұқымында көп мөлшерде 22-
31% белок, май 4,0-7,2%, азотсыз экстративтік заттар 47-60%, клетчатка 2,4-12,8%
және 2,3-4,9% күл бар.
Солтүстік Қазақстан жағдайында ноқат жемшөптік дақыл есебінде бағалы. Но-
қаттың сабағы мен жапырағында қымыздық және алма қышқылы болғасын оның көк балаусасы жемазық есебінде мүлдем пайдаланбайды.
Ноқат топырақ таңдамайды және қуаңшылыққа өте төзімді, содай- ақ дәнекпен аз залалданады, сондықтан Ақмола облысының оңтістік және орталық аудандарын-
да, және Қарағанды, Павлодар облыстарында асбұршақ аз өнімді болғасын, бағалы
дақыл боп саналады. Солтүстік Қазақстанда ноқаттың орташа өнімдігі 10,3-13,7ц/га.
Асбұршақ және ноқаттың негізгі алғы егіс дақылдары жаздық бидай, күздік қа-
ра бидай, жүгері, картоптар. Асбұршақ және ноқат егістері үшін арамшөптен таза
танаптарды белгілейді. Бұл үшін топырақты жақсы өңдейтін әдіс, күзде тереңдігі 25-27см-ге қайырмасыз құралмен жырғалау болып есептеледі. Қыста қар тоқтату ке- рек. Көктемдегі топырақты өңдеу,топырақта неғұрлым ылғалды мол сақтауға, арам-
шөптерді жоюға, егістікті себетін және жинайтын машиналардың жұмыстарды сапа-
лы өткізуі үшін, топырақ бетін бапты тегістеуге бағытталады. Сондай мақсатпен те-
реңдігі 8-10см-ге, егіс алдында қайырмасыз құралмен жырғалау жүргізу қажет.
Егіске асбұршақпен ноқаттың пайдалауға жорамалданған соттары себіледі.
Асбұршақ сорттары:
Ромонский 77. Сорт Бүкіл Ресейлік ҒЗИ-да шығарылған. Вульгатум түршесіне
жатады. Сабағының ұзындығы 60-80 см, түйін аралық саны 12-18. 1000 тұқымның
массасы 220-230г, белок мөлшері 22-25%. Гүлдері ақ, тұқымдары ақшыл-қызғылт.
Сорт орташа мерзімде піседі. Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа.
Неосыпающийся 1. Сорт Ворошилов мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе
станциясында шығарылған. Эвадекум түршесіне жатады. Сабағының ұзындығы 67-83см, түйін аралығының саны 14-22. Гүлдері ақ, тұқымдары қызғылт түсті. 1000 тұ-
қымның массасы 180-240г, белок мөлшері 23-25%. Сорт орташа мерзімде піседі. Ау-
рулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа. Шашылып қалмауға өте төзімді.
Омский неосыпающийся. Сорт Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Эвадукум түрше-
сіне жатады. Орташа пісетін сорт, 64-74 күнде піседі. Тұқымдары дөңгелектеу, ақ-
шыл-сары, шашылмайтын. 1000 дәннің массасы 155-175г. Ең жоғарғы өнімділігі 30,1ц/га.
Таловец 50. Сорт В.В.Докучаев атындағы ОҚ белдеуі АШҒЗИ-да шығарылған.
Вульгаре түршесіне жатады. Өсімдіктің пішіні кәдәмгідей, сабағы қоңыр-жасыл түс-
ті, түйін аралығының саны 12-15, бірінші гүлдеуге дейін 9-12. Гүлдері ірі, ақ. Өсім-
діктегі бұршақбастар саны 6, ең көп болса 14. Бұршақбастағы дәндер саны -4, ең көп
болса -8. Тұқымдары дөңгелектеу, орташа көлемді, ақшыл-жасыл. 1000 дәннің мас-
сасы 266г, белок мөлшері 22,6%. Өсу мерзімі 63-72 күн. Жығылуға төзімдігі ортадан
жоғары (4,0 балл). Аскохитозбен, тамыр шірумен залалдануы ортадан жоғары, бит-
пен және дәнекпен залалданады.
Ноқат сорттары:
Волгоградский 10. Сорт Волгоград АШИ-да шығарылған. Транскауказика кар-
деум түршесіне жатады. Өсімдігі бұталы, биіктігі 45-50см. Сорт орташа мерзімде пі-
седі, құрғақшылыққа төзімді, жылуға сұранысты. Өсу мерзімі 78-86 күн. 1000 дән-
нің масасы 227-268г.
Юбилейный. Сорт Краснодар МСС-да шығарылған. Транскауказика карнеум түршесіне жатады. Бұтасы жинақты, тік өседі, өсімдік биіктігі 40-48 см, төменгі бұр-
шағының беку биіктігі 24-27см, сорт орташа мерзімде піседі, қуаңшылыққа төзімді,
көктемгі бозқырауды жақсы көтереді. Өсу мерзімі 78-95 күн. Аскохитозға төзімді, фузариозбен аздап залалданады.
Краснокутский 123. Сорт Краснокут АСС-да шығарылған. Бруннеум түршесіне
жатады. Өсімдігінің пішіні бұталы, сабағының биіктігі 26-30см. 1000 тұқымының массасы 256-333г, белоктығы 17,3-23,3%, бұршағының жарылып кетпеуіне төзімді- лігі жоғары. Сорт орташа мерзімде піседі, қуаңшылыққа өте төзімді. Өсу мерзімі 82-107 күн. Ауруларға төзімділігі орташа.
Асбұршақ – тез пісетін дақыл, суыққа төзімділігі өте жоғары. Гүлдену – бүрле-
ну және тұқымның өну кезеңдерінде ылғалға сұранысты. Соны ескере отырып ас-
бұршақтың қолайлы себу кезеңі 20-27 мамыр.
Ноқаттың себу мезгілі, асбұршаққа қарағанда ертерек 15-20 мамыр. Егер, мам- мырдың үшінші онкүндігінде сепкен болсақ, онда ноқат жиі гүлдейді және кеш не-
месе біркелкі піспейді.
Асбұршақтың себу мөлшері 0,9-1,1 млн.өңгіш тұқым 1га, сіңіру тереңдігі 6-8см.
Қоңыр-қызғылт топырақ аймағында ноқаттың себу мөлшері- 0,4-0,7 млн., оңтүс-
тік қара топырақтарда- 0,6-0,8 млн. өңгіш тұқым 1 га. Тұқымды себу алдында дәрі-
лейді, ол үшін ТМТД 80% т.п қолданады. Дәл себер күні биопрепаратпен, шығыс мөлшері 250-270 г/га өңдейді (ноқат үшін ризоторфин, штамм 522, ал асбұршақ үш-
ін ризоторфин, штамм 245а). Тұқымдарды 1% молибденді- ащщы аммонимен өңде-
ген абзал. Сепкен кезде тыңайтқыш N10P20 сіңіріледі. Себу үшін егістік кешендерді
қолдану өте тиімді, олар тұқымдың біркелкі сіңірілуін толықтай атқарады.
Егер танап күшті ластанған болса, егіс алдында қайырмасыз құралмен жырға-
лаудан бұрын гербицидтер, гезагард 50 т.п. (прометрин 50%) сіңіру мөлшері 4,0 кг/га, эптам 3 л/га себуден 5-7 күн бұрын сіңіріледі. Сонымен қатар пивот 10% в.к.
(0,5-1,0 л/га) қолданамыз – бүрку сепкеннен 1күн кейін немесе дақылдың 2-3 жапы-
рақтанған кезеңінде. Асбұршақ және ноқат егістіктерінде қара сұлыға қарсы- фюзи-
лад супер к.э.(0,5 л/га) пайдалануға болады.
Асбұршақ және ноқатты өсу кезеңінде гербицидтерді қолданбай өсірген абзал.
Сол үшін өскін шықпай тұрып және шыққаннан кейін де жеңіл немесе орташа тыр-
малармен, өңдеу керек. Ноқаттың кең қатарлы егістерінде, қатараралық жырғалау
қажет. Егіс көктеген кезде түйнектік бізтұмсық қоңыздарға, бүрлену кезеңінде – ас-
бұршақтық биттерге, ал гүлдену кезеңінде және 10 күннен кейін қайталап асбұршақ-
тық дәнекке қарсы бүркулерді жүргізуіміз керек. Асбұршақты жинаудың жақсы тә-
сілі – бөлектеп жинау. Дестеге шабудың дер кезеңі, төменгі бұршақбастардың күр-
еңденуі. Астықты бастыруды дәннің ылғалдылығы 14-15% болғанда бастайды. Ас-
бұршақ және ноқатты бастырғанда, дәннің үгілмеуі үшін, барабанның айналымын
төмендетеміз. Ноқаттың біркелкі пісуі және бұршаққынның жарылмауы, оны тіке-
лей оруымызға мүмкіндік береді. Егер егістік тым ластанған болса, көпшілік бұр-
шаққындардың сарғайған кезеңінде бөлектеп жинаған дұрыс.
Асбұршақ және ноқат өсірудің технологиялық схемасы
№ | Технологиялық іс шаралар | А/ш машиналар және құралдар | Жүргізу мерзімі | Сапалық көрсеткіштер шарқы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Топырақты күзде өңдеу | «Flexicoil-820» | Егінді жинағасын | Тереңдігі 25-27см. |
2 | Қар тоқтату | СВШ-10,СВУ-2,6 | Желтоқсан- ақпан | Қар үйінділері орталығы ның арақашықтығы 4-5м, биіктігі12-15см. Желдің негізгі бағыты- на көлденең. |
3 | Топырақты ерте көктемде өңдеу | «Morris Field PRO» | Өңделуге көлде- нең. Топырақтың физикалық піскен кезінде | Тереңдігі 3-5см. |
4 | Тұқымды дәрілеу | ПС-10, ПСУ-10,СТ | Себуге дейін, 3-4 жұма бұрын | ТМТД 80% т.п. -3-4 кг/т. |
5 | Тұқымдарды биопрепараттар- мен өңдеу (инокуляция) | ПС-10, ПСУ-10, СТ | Себетін күні | Ризотрорфин 250-270 г/га және1% молибденді- ащщы аммонимен 25г/ц. |