ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 108
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5.Науқастың өмір тарихын сұрастырамын.
Науқастың басқа аурулармен ауырғанын анықтау.
Отбасылық немесе тұқым қуалаушылық анамнезі.
Аллергологиялық анамнез.
Гинекологиялық анамнез.
Эпидемиологиялық анамнез.
Науқасты обьективті әдісімен қарау.
Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.
Қарау
Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады.
Науқастарды зертханалық тексеріске дайындау және жүргізу
1.Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы__________________________________________________________________
Білім алушының қолы ________________
2022 ж. "26" мамыр________________________________________________
___________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)
2022ж. "26" мамыр ___________________
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022ж. "26" мамыр_____________________
27.05.22
Р/c № | Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Тікелей жетекшімізге барып тексеріліп, бөлімшелерге бөлініп кеттік. | 8.30 | 9.30 | |
2. | Халі ауыр науқасты қасықпен тамақтандырдым. | 9.30 | 10.30 | |
3. | Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандардым. | 10.30 | 11.30 | |
4. | Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту | 11.30 | 12.30 | |
5. | Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру және күтімін жүргізу | 12.30 | 13.30 | |
Халі ауыр науқасты қасықпен тамақтандыру.
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: Қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан, хал-жағдайы ауыр науқас.
Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, су беретін ыдысты, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұрадым.
2.Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып бердім..
3.Қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым..
4.Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жаптым.
5.Тумбочкіге немесе кереует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойдым.
6.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасадым (Фаулер қалпын).
7.Науқастың басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егер де отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе су беретін ыдысты тамақпен ауызына жақындатыңыз.
8.Науқасты қасықпен аз мөлшерде немесе су беретін ыдыспен кішкентай жұтыммен тамақтандырдым.
9.Аузында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды бердім.
10.Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүрттім.
11.Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алдым. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқыздым.
12.Қолымды жуып, құрғаттым.
Ескерту: - егер де науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаймын.
- Ыстық тағамның температурасы шамамен 570 С - 620С, салқын -150 С- кем емес!
ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ МҰРЫН-АСҚАЗАН СҮҢГІСІ АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін аламын.
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіземін.
Енгізетін сүңгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см аламын
Қолғапты киемін
Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін саламын (сүңгіні суландыру үшін).
Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабамын.
Қолғапты киіп, мұрын жолдарын қараймын.
Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгіземін. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысамын, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраймын(немесе оң қолмен жылжытыңыз).
30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырамын.
Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойамын.
Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгіземін (дыбысты естіңіз).
Сүңгіге қысқышты салып немесе тығынмен жауып, шприцті аламын. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа саламын.
Сүңгіні жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітемін. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алып, шприцтен ауаны шығарамын.
Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поршенсіз сүңгінің бос шетіне жалғастырамын, оларды асқазан денгейіне дейін түсіремін.
Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйып, ақырындап құйғыны көтеремін, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.
Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаймын.
Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуамын.
Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салып, құйғыны аламын. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораймын, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).
Қолғапты шешіп, контейнерге салдым. Қолымды жуып, кептірдім.
Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүңгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алды алуын жүргізеді:
t-38-400 су моншасында тамақты жылытады;
егер де қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;
егер де науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;
сүңгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүңгіні жылдам шығару қажет.
ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АУЫЗ ҚУЫСЫН КҮТУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 2 науаны, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын науаны,
қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: