Файл: Тікелей жетекші дістемелік жетекші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 112

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.

2.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеремін.

3.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйамын.

4.Науқасқа Фаулер қалпын беремін.

5.Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойамын.

6.Қолымды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киемін.

7 Науқастан тістерін сығылыстыруын өтінемін (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).

8.Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартамын.

9.Оң жағын да осы реттілікпен тазартамын.

10.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргіземін.

11.Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартамын. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртемін.

12.Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартамын.

13.Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға саламын.

14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырамын. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуамын.

15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртемін, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаймын.

16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.

17.Қолғапты шешіп, қолымды жуып, құрғатамын.

Ескерту:

-ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;

-халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.


-Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.

НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми жарақатында, қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйігінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі), 35-450С дейін жылытылған ыдысты, сұйық тамақ пен қысқышты, жабысқыш пластырьді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.

2.Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаймын.

3.35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаймын.

4.Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беремін.

5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киемін.

6.Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен аламын.

7.Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырамын.

8.Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеремін.

9.Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгіземін.

10.Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуамын.

11.Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.

12.Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салып, қысқышпен қысамын.

13.Гастростомаға күтімді жүргіземін (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

14.Қолымды жуып, кептіремін.

ГАСТРОСТОМАНЫ КҮТУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіремін.

2.Гигиеналық деңгейде қолымды тазартып, қолғапты киемін.

3.Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаймын, түтікті терінің үстінен орап және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеймін.



4.Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартамын, құрғақ шарикпен мұқият кептіремін.

5.Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағамын.

6.Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесіліп, залалсыздандырылған салфеткаларды саламын (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

7.Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы саламын (түтікті шығару үшін).

8.Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаймын. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітемін.

9.Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.

10.Қолғапты шешемін. Қолғапты, таңғыш материалдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.

11.Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егер де түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.

1.Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы__________________________________________________________________

Білім алушының қолы ________________

2022 ж. "27" мамыр________________________________________________

___________________________________________________________________

(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

2022ж. "27" мамыр ___________________

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

___________________________________________________________________

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

___________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

____________________________________

2022ж. "27" мамыр_____________________

28.05.22

Р/c №

Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістік практика жетекшісінің қолы


басталуы

аяқталуы

1.

Тікелей жетекшімізге бізді тексергеннен кейін,әр бөлімшеге бөліп тастады.

8.30

9.30




2.

Науқастың жеке бас тазалығын жүргізіп және оны бақылау

9.30

10.30




3.

Ойылудың алдын алу және емдеу

10.30

11.30




4.

Науқасты эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындау және жүргізу

11.30

12.30




5.

Тыныс алу жүйесі ісік ауруы кезінде науқасты зертханалық зерттеулерге дайындау

12.30

13.30






ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ШАШЫН КҮТУ

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.

Дайындаңыз: жылы суды (37-38°С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуамын.

2.Басына көтеріңкі қалып беремін, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойамын, оның үстіне клеенка төсеймін.

3.Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтамын.

4.Керуеттің бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойамын.

5.Науқастың басын сорғалап аққан сумен ылғалдаймын, шашын сабындап, бастың терісін мұқият түрде ысқылаймын.

6.Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуамын.

7.Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатамын.

8.Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараймын. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай, ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайымен тараймын. Оларды жұлмауға тырысамын.

9.Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағамын.

10.Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алып, матрацты түзетемін.

11.Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге саламын.

Ескерту:

-халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;

-осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастын астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;

-әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;

-ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;

-6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.

Ойылулардың алдын алу:

1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстырамын.

2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отырып, төсек орын жапқыштарын тегістеп, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстырамын.