Файл: Тікелей жетекші дістемелік жетекші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 113

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отырамын, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүртіп, ұнтақ себемін.

4. Резеңке шеңберлер қолданамын.

5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуамын.

I кезең

Белгілері:Тері қызарады ,басқанда теріде көк –қызыл түс байқалады, анық емес шеттері жоқ.

Емі: Жеңіл массаж жасау,антисептиктермен өңдеу,резинка салу,салицил 1%,камфорный спирт 10%

II кезең

Белгілері: Тері зақымданып, қорғаныш қасиеті бұзылады,мұйық жара мазол пайда болады.

Емі: Жараны тазалап,айналасын антисептиктермен өңдеу.Зеленка 1-2 % ерітіндісі,калий перманганат ерітіндісі 5-10 %.

III кезең

Белгілері: Бұлшықеттен теріге,теріден тері асты торшасыны,басқа жұмсақ ұлпалардың некрозы дамиды.Некроз тоқтаған соң-өлген ұлпаларды алып тастап-жараны өңдейміз.Суйек көрініп тұрады.

Емі: Майлы таңғыш орап,арасына дөңгелек резинка саламыз. Октовегин, Солкосерил,Левомиколь,Ируксол,Стрептоци 10%,Облепиха,Вишневский майы.

IV кезең

Белгілері: Жараға инфекция тусу қаупі тусаірің,инфекция қанға түссе сепсиске,гангренаға әкелуі мүмкін.

Емі: Жарадағы іріңді сутегі асқын тотығы 3 % обработка,фурацилин ерітіндісі 1:5000мл. Жараға хирургиялық операция жасау.Емді уақытында жасау.

Науқасты эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындау және жүргізу

НАУҚАСТЫ БРОНХОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.

Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін аламын.

2.Науқасқа психикалық дайындықты жүргіземін.

3.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаймын. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.

4.Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадаға.лаймын


5.Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраймын.

6.Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргіземін.

7.Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргіземін

8.Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарамын.

9.Науқасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертемін.

НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.

ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін аламын.

2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіземін.

3.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаймын. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым саламынтемекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

4.Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етемін, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

5.Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаймын.

6.Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертемн(науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

7.Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарамын.

8.Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарып және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраймын. Темекі шегуге болмайды.

Ескерту:

-т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

-биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.



НАУҚАСТЫ РЕКТОРОМАНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ



Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх крушкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргіземін.

2.Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаймын.

3.Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық крушка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған крушка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

4.Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраймын.

5.Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарамын.

6.Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етемін.

Ескерту:

-ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыққа енгізіледі;

-ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

-егер де науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

-науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.

НАУҚАСТЫ ЦИСТОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жууға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.

Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші кызметін атқарады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін аламын.

2.Зерттеуді ашқарынға жасаймын.

3.Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретемін.


4.Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаймын.

5.Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсынамын.

6.Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барамын.

7.Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарамын.

8.Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертемін.

1.Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы__________________________________________________________________

Білім алушының қолы ________________

2022 ж. "28" мамыр________________________________________________

___________________________________________________________________

(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

2022ж. "28" мамыр ___________________

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

___________________________________________________________________

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

___________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

____________________________________

2022ж. "28" мамыр_____________________

30.05.22

Р/c №

Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Тікелей жетекшіміз күндегідей бізді тексеріп, бөлімшелерге жіберді

8.30

9.30




2.

Мені рентгенге, яғни флюорография бөлімшесіне жіберді. Бөлімшедегі мейірбике аппараттармен таныстырып, онымен қалай жұмыс істеу керектігін үйретті. Келген емделушілерді рентгенге түсіріп, фото өңдеуді жүзеге асырдық. Емделушілерді компьютерге енгізіп отырдық

9.30

10.30




3.

Асқорыту жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру реттілігін меңгердік

10.30

11.30




4.

Асқорыту жүйесінің қатерлі ісігінде зертханалық зерттеулерге дайындау

11.30

12.30




5.

Асқорыту жүйесінің қатерлі ісігінде аспаптық зерттеулерге дайындау

12.30

13.30





НАУҚАСТЫ АСҚАЗАН РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ

Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенің орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзінің (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.

Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1.Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беремңн (немесе оның жанүя мүшелеріне).

2.Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін аламын.

3.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертемін.

4.Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаймын. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

5.Егер де іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

6.Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарамын.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1.Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкіземін.

2.Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

3.Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарамын.

1.Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы__________________________________________________________________

Білім алушының қолы ________________