Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 420

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
 тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.

1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, УкраинаданБелоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.

Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 19371938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.

Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 19391940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 19401941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 19401941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 19401941 жылдары 200 мыңдай поляк АқмолаАқтөбеҚостанайПавлодарСолтүстік ҚазақстанТалдықорғанЖамбылАлматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі 
Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.

80. Қазақстанға корейлерді депортациялау: тарихы және тағдырлары.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 19351936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.

1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білімтілмәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.

70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, АтырауҚарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.

81. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарын депортациялау: тарихы және тағдырлары. . Солтүстік Кавказ халықтарын күшпен қоныс аудару қорытындыларына жүгінсек, 1944 жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақстанға және Қырғызстанға барлығы 602193 адам қоныс аударылғанын, оның ішінде шешендер мен ингуштердің 496460 адам, қарашайлардың 68327, балқарлардың 37406 адам екенін байқаймыз. Олардың негізгі бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Осындай тағдырды Ақысқа түріктеріде бастарынан өткерді. Ғасырлар бойы өмір сүрген тарихи Отаны Оңтүстік Грузияда, әсіресе оның батыс бөлігі – Месхетияда түріктер 220 ауылда шоғырлана өмір сүрді. Олар жеке ауыл болып та, грузиндермен, армяндармен араласып та тіршілік ететін. Ақысқа түріктері – бөтен түріктер емес, Анатолия түріктерінің түрлі тарихи-географиялық жағдайларға байланысты сыртта қалыптасқан тармағы болатын. Ал жалпы, Ақысқа – Оңтүстік Грузиядағы бес ауданның ең ірісі – Ахалцехенің түрікше айтылу формасы. Бұл өңір осы ауданның атымен «Ақысқа» өңірі деп атайды. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Ақысқа түріктеріне қарсы қорлау, ұлттық беделі мен абыройын аяққа таптау шаралары жүзеге асырыла бастады. Күштеп олардың аты жөндерін, тіпті, ұлтын өзгертіп жаздырған жағдайларда көптеп орын алды. 1937-1938 жылдары Ақысқа түріктерінің зиялылары қаумын құртып жіберді. 1944 жылғы 14 қарашада екі сағаттың ішінде өз Отандарынан күштеп Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылды. Осы сәтте Ақысқа түріктерінің жалпы саны 110000 болған. Суықтан, мал таситын вагондарындағы жайсыздықтан, аштықтан, медициналық көмектің болмауынан, екі айға созылған жол жүру мерзімі ішінде Қазақстан мен Орта Азияға жеткенше аз ғана халықтың тағы да 20 мыңдайы опат болды. Өлкеге депортацияланғандардың жағдайы өте ауыр болды: өмір сүру талаптары, ауыр еңбек, әртүрлі инфекциялар, азық түліктің жетіспеуі т.с.с. яғни, күштеп көшіріп жат жерлерге орналастыру – террорлық сипатта

жүргізілді.

82 билет.РКП(б) 10 съезі және И.Сталиннің жеке басқа табынуын сынау

РКП(б) ның 10 съезі.

РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа экономикалық саясат қабылданды,яғни «Әскери коммунизм» саясатынан осы ЖЭС-қа көшуді жөн көрді.ЖЭС - Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет болып табылады.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия

конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа

экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.

1956 жылы 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комите- тінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін эшкерелеп, талдау жасауға тырысты. "Жеке басқа табынушылық жэне оның салдары" туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісіне көтеріліп, съезд өткен соң, жар­ты жылдан кейін, 30 маусымында "Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою" жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің XX съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу" туралы баяндамасының толық мэтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.

Тарихта "жылымық" деп аталып жүрген 1954—1964 жыл­дары біршама басшылықтың үжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір қайраткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ¥лы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мүқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және тағы басқа алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. ¥лттық республикалардың егемендігі 
жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жэне тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді.

83билет.Н.С.Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.

1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын ілгері дамыту жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тынайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге тапсырылды. Бұл шаруашылық пен азық-түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн. гектар жер жыртылды, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2 млн. адам жаппай қоныс аударды. Нәтижесінде елдегі демографиялық жағдай одан әрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін төмендеп кетті.
1957 жылы шаруашылық реформасы бойынша экономиканы басқаруда аймақтық принципке негізделген халық шаруашылық кеңестері құрылды. Қазақстан 9 аймақтық халық шаруашылық кеңеске бөлінді. Елімізде 730 өнеркәсіп орындары іске қосылып жұмыс істеп тұрды. Қарағанды (1953 ж.), Шымкент (1958 ж.) және Семей (1958 ж.) цемент зауыттары, Жезқазған мыс байыту фабрикасы (1954 ж.), Шымкент гидролиз зауыты (1959 ж.) т.б. Халық шаруашылығын дамытудағы 1957 жылғы реформа сәтсіз болды.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен 
ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
1957 жылы сол кездегi Кеңес Одағында бiрiншi басшы болған Н.Хрущев шаруашылық реформа енгiздi. Реформаның басты мақсаты бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйенi өзгертiп экономиканы басқаруды жергiлiктi органдардың қолына беру болды. Халық арасында Хрущевтың атымен аталған бұл реформа бойынша экономиканы басқаруды жергiлiктi жерлердiң қолына беру мақсатымен экономика саласы бойынша құрылған министрлiктердi, мемлекеттiк жоспарлау комиссиясын таратып жергiлiктi жерлерде административтiк-экономикалық райондар құрылды. Бұл райондарда экономиканы басқаратын халық шаруашылық кеңестерi /совнархоз/ құрылды. Совнархоздардың қолына сол райондағы барлық шаруашылық объектiлерi берiлдi. Совнархоздар өз қарамағындағы шаруашылықтардың өнiм өндiру, оны сату мәселесiн өздерi шешетiн болды.