ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 419
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстанда облыстардың орнына 9 экономикалық-әкiмшiлiк район орнады. Бұл шараның нәтижесiнде шаруашлықты басқару жергiлiктi жердiң қолына өттi. Бүл әрбiр кәсiпорынның, әрбiр районның экономикалық ынтықтығын арттыруға, сөйтiп ел экономикасын дамытуға мол мүмкiндiк ашты. Осы реформаның нәтижесiнде 5-6 бесжылдық жоспар толық орындалды. 1964 жылы үкiмет басына келген Брежнев 1957 жылғы реформаны тоқтатып бiр орталықтан басқаратын жоспарлы экономикалық жүйенi қалпына келтiрдi. Бұл Кеңес Одағында экономикалық тоқыраудың басталуына әкеп соқты. Мұны сезген Кеңес Одағының Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Н.Косыгин 1967 жылы жаңа реформа енгiздi. Ол жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын ұштастырып ел экономикасын тоқыраудан құтқаруды көздедi. Дегенмен Косыгин реформасы нәтиже бермедi де ұзамай тоқтатылды.
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес Одағының, соның iшiнде Қазақстанның ауыл шаруашылығының артта қалуы 50-жылдардың басында, әсiресе, егiншiлiк саласында ерекше сезiле бастады. Кеңес Одағы өз астығымен қажеттiгiн қамтамасыз ете алмады. 1953 жылы одақ бойынша 31 млн. тонна астық өндiрiлдi, ал елдiң қажеттiгi 32 млн. тонна болды. Жетпегенiн шет елден сатып алды. Кең байтақ, құнарлы жерi бар Кеңес Одағындағы мұндай хал ахуалдың себебi, шешу жолы күрделi едi. СОКП бұл мәселенi тың игеру жолымен шешпек болды.
1954 жылы көктемде болған СОКП Орталық Комитетiнiң пленумы Қазақстан, Сiбiр, Едiл бойы, Солтүстiк Кавказда 1954-1955 жылдары 13 млн. гектар тың жер игеру «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешiм қабылдады. Кейiн бұл меже 30 млн гектарға көтерiлдi. Тың жер игеруде Қазақстанның үлесi зор болды.
Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық тұрғыда екі бағыты болды:
-
Интенсивтік бағыт – экономиканы ретеудің нарықтық қатнасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бұл өнім бүкіл игерілген тың жерлердің өнімімен пара-пар болар еді. -
Экстенсивтік бағыт – астық өнімін жаңа жерлерін жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, Оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың игерудің негізгі қорытындысы – ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кетуі қаупі туды.
1962 жылы Н.Хрущевтың бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды.
1956 жылы бүкiл одақ бойынша 29,7 млн. гектар жер жыртылды, соның 18 млн-ны Қазақстанның үлесiне тидi. Тың жер Қазақстанның солтүстiк бес облысында игерiлдi. Тың жер игеру Қазақстан үшiн де, одақ үшiн де өз нәтижесiн бердi. Тың жер игерудiң нәтижесiнде Қазақстанда егiншiлiк жердiң көлемi 36 млн. гектарға жеттi. Бұл одақтағы егiстiктiң 16%-не тең едi. Кеңес Одағының халқының 6 %-ын құрайтын Қазақстан бидайдың 20%ын, еттiң 10%-ын, жоғары сортты қатты бидайдың 60%-ын өндiретiн болды. Ауыл шаруашылығы жерiнiң әр адамға тиетiн орташа мөлшерi жөнiнен Қазақстан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты, мұнда әр адамға 14 га жер келетiн болды. Қазақстан Одақ қоймасына 6 рет млрд пұт астық құйды. Тың игеруге жұмсалған қаржы 1977 жылы өтелдi. Тың игерудiң экономика, әлеуметтiк салаға тигiзген салдары да болды. Тың игеру Кеңес Одағында, соның iшiнде Қазақстанда экономика саласында белгiлi нәтиже бергенiмен оның зардаптары да аз болған жоқ.Тың жер игеру шұғыл, асығыс жүргiзiлдi. Егiстiкке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зыян әкелдi. Осының салдарынан игерiлген жерлердiң бiразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кеттi. 50-жылдарының ақырында Қазақстанда 9 млн. га жер эрозияға ұшырады.
Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, ХХ съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесiнiң өзгеруiне әсер еттi. Тың игеру кезiнде Қазақстанннан тыс жерде өмiр сүрiп отырған қазақтарды келтiру мүмкiндiгi туды, қазақ зиялылары сондай пiкiр де көтердi, бiрақ бұл пiкiр ескерiлмедi. Қазақстанға тың игеруге 1,3 млн басқа ұлттың адамдары келдi. Орталықтан 25 мың басшы қызметкер, 1,5 мың мұғалiм келдi. Олар жергiлiктi кадрларды ығыстырды. Жергiлiктi жерлердегi қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тiлiнде оқытты. Қазақ тiлiндегi газеттер жаппай жабылды. Мұндай көрiнiстерге интернационализм мен ұлттар достығының белгiсi, Қазақстан ұлттар достығының лабораториясына айналды деген лепiрме баға берiлдi. Осылардың салдарынан қазақ халқы өз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы санақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы /табиғи өсуi жоғары болса да/ 8% кемiп, 30 пайызға түсiп қалды. Басқа ұлт өкiлдерiнiң үлес салмағы артты. Солтүстiк облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан көп төмен болды. Жер су, қала, қыстақ аттары орысшаланды. Аталмыш жағдайлар Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзген соң ғана оңала бастады.
№84 билет.Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Қазақстан.Нәтижелері мен зардаптары.Этно-демографиялық салдары.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді рдан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия
, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
85)Теміртау көтерілісі
Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Алғашқы құқық қорғау әрекеттері біртіндеп тәртіп бұзушылықка ұласты. Өкінішке орай жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады, милицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға әскерлер тартылды, қару қолданылды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды.[1]
86)
Жылымық жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы қиындықтар?
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш -