Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 435

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.

87)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сұрақтардың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу қажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды. 1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 – 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады. Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды.


88- сұрақ

Қазақстандағы « Қайта құру» саясаты

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:

«Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесән де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтық барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында әлеуметтік- экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.



 Жалпы  барлық  кеңес  қоғамы  үшін  бұл  кезде қоғамдық  ойдың  мәні  өзгеріп,  сөз  бен  істің  арасында  алшақтық,  қайшылық кең  өріс  алды.  Кадр мә-селелерін  шешу  партия  комитеттерінің  тек  бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды.  Оларды іріктеуде  тек  туыстық, жерлестік,  бастыққа  берілгендік  жағдайлар  маңызды рөл  атқарды. Бұл  Коммунистік  партияның,  соның  ішінде  Қазақстан Компартиясының  да  барлық  деңгейінде  көрініс  тапты.  Көптеген  басшы партия  қызметкерлері    мен  партия  комитеттері  ескіше  қызмет  етті.  Осыдан келіп,  аса  маңызды  мәселелерді  шешуде  принципсіздік,  тұрақсыздық, қоғамдағы  жағымсыз  жағдайларды  жасыруға,  аздаған  жақсы  істерді  ерекше мадақтап,  жоғары  көтеруге,  болып  жатқан  істердің  барлығын  тек  жақсы жағынан көрсетуге тырысты. 

ХХ  ғ.  80  жылдары  Қазақстанда  ұлттық    табыс  кісі  басына  шаққанда 
Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, 
мектеп,  балалар  бақшасы  және  басқа  да  мәдени-әлеуметтік  құрылыстар 
салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80жылдары Одақ бойынша 10 мың 
адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек  – 69, Одақта әрбір 10 
мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жыл
мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды. Экологиялық  жағдай  төтенше  түрде  күйзеліске  түсті.Табиғи ресурс-тарды пайдаланудағы  ведомствалық  мүдде  қоршаған  ортаны  қорғау ша-раларының жүзеге  асуына  кедергі  жасады.  Соның  нәтижесінде көптеген территория,  су мен  ауа  бассейндері  ластанды.  Қазақстанның  бірқатар  аймақтары экологиялық  зардап  шегіуші  аудандарға  айналды.  Табиғи  ортаны қорғау жұмысының  жеткіліксіздігінен  көптеген қалаларда ауаның ластануы  өте жоғары  деңгейге  жетті.  Әсіресе,  Қызылорда,  Ақтөбе,  Семей  облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті.

  Міне,  осымен  байланысты  1986  жылғы  ақпан  айында  болып  өткен 
Қазақстан  Компартиясы  ХҮІ  съезінде  жасаған  баяндамасында,  ол  кезде 
республика  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы  болып  істеген  Н.Ә.Назарбаев 
және  съезде  шығып  сөйлеген  басқа  да  делегаттар  мұндай  келеңсіз 
жағдайларды  өткір  сынға  алды.  Олар  көптеген  күрделі  және  маңызды 

мәселелерді  партия  комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, оларды қызметі 
ауқымынан  тыс  қалатынын,  проблемалық  мәселелерді  шешуге  ескіше 
қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.  
Алғашқыда  Орталық  басшылығын  Қазақстанның  шикізаттық  даму 
бағыты  мен  оның  Д.А.  Қонаев  бастаған  басшылығы  қанағаттандырды. 

Қорыта келгенде ХХ ғасырдың 70-ші 80-ші жылдары қоғамдық саяси өмірдегі және әлеуметтік- экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен ұстап тұрған кеңестік тоталитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша болуы мүмкін емес еді.1985 жылдан басталған қоғамдық- экономикалық өмірді қайта құру, Горбачевтік социализмді «жаңарту»тәрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ның төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмадыжәне құтқара алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әміршіл- әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап,қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.

89- сұрақ

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстандағы экологиялық жағдай.

1950 жылдардан бастап Қазақстан үздіксіз экологиялық апат аймағына айналды

 Семей ядролық полигоны әлемдегі ең ірі әскери нысандардың бірі боды. 1949-1963 жылдар аралығында атмосферада 113 ашық ядролық жарылыс жасалды.


Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Ресми мәліметтер бойынша, миллионға жуық адам радиациядан зардап шеккен. Семей облысы экологиялық апат аймағына айналды. Сынақ орнына жақын елді мекендерде қалқанша безінің қатерлі ісіктері, гемабластома, лейкемия, лимфома және созылмалы лейкемия аурулары жиі кездесті. Дәрігерлерге бұл ауруларды радиацияның әсерімен байланыстыруға тыйым салынды. 1950 жылдан бастап, нәрестелер өлімі 5-10 есе көбейді. Өмір сүру ұзақтығы 3-4 жылға қысқарды. Ал, полигон айналасындағы ауылдарда мутант балалар дүниеге келе бастады. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жарылыстан кейін антиядролық қозғалыс құрылып, оны ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқарды. Семейде, Алматыда, Мәскеуде және т.б. қалаларда митингілер мен наразылық акциялары өтіп, үкіметтен полигонды жабу талап етілді. Нәтижесінде, Қазақстан жерінде ядролық сынақтар тоқтатылып, 1991 жылғы 29 тамыздағы Президенттің Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.

Арал мәселесі

Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оыың апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген

1960 жылдардаи бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мсн Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет ететін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бүрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: