ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 176
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Константа деп бағдарлама орындалу барысында өзгермейтін көлемді айтамыз. Константа сан түрінде (тұрақты сандар) немесе кейбір ерікті символдар топтамасы түрінде (мәтіндік константа) кездеседі. Жұмысты ыңғайлы түрге келтіру мақсатта кейде константаларға латын әріптерімен сандардан тұратын атаулар беріледі.
Бағдарлама орындалу барысында өзгере алатын көлем айнымалы деп аталады. Әр айнымалының жеке аты , мағынасы мен түрі сипатталуы тиіс. Айнымалы атауы константа атауы секілді латын әріптері мен сандардан құралады және міндетті түрде латын әріптерінен басталуы керек.
Кез – келген жеке айнымалы белгілі бір типке сәйкес мән қабылдай алады. Мысалы, бүтін және бөлшек сандар. Сонымен қатар айнымалылар мәні тек сандар ғана емес жеке символдар да бола алады, бұл жағдайда айнымалылар символдық деп аталады. Егер айнымалылар мәні жеке символдардан емес символдар топтамасынан құралса мұндай топтама қатар деп аталады. Кейінірек айнымалылардың басқа түрлерімен танысамыз.
Паскальдың әрбір бағдарламасында қолданылатын айнымалылардың типтері міндетті түрде белгілі бөлімдерде жазылуы тиіс.
Айнымалылар типі берілгендер аумағын ғана құрмай, сонымен қатар айнымалыға қолданылатын операциялардың топтамасы болып есептелінеді. Мысалы, сандық айнымалыларға көбейту, бөлу операторларын қолдану және қатарлардың ұзындығын есептеу мүмкіндігі.
Бағдарламада операторларды, сондай-ақ өңделетін аудандарды ерікті түрде орналастыруға болмайды. Бағдарлама элементтері бағдарламаның бөлімдерінде, белгіленген тәртіп бойынша орналасуы тиіс. Турбо Паскаль тіліндегі бағдарлама арнайы кілттік сөздерден басталатын жеке бөлімдерден құралады, олар:
Program Бағдарлама тақырыбы
………………….
Uses Қосымша процедуралар мен функциялар кітапхана – модулімен байланыстыратын бөлім
.............................
Label Шартсыз өту таңбасын сипаттау бөлімі (нысаналар)
.............................
Const Тұрақтыларды сипаттау бөлімі
.............................
Type Мәліметтер типін сипаттау бөлімі
.............................
Var Айнымалыларды сипаттау бөлімі
.............................
Procedure
............................. Процедуралармен функцияның ішкі
бағдарламаларын сипаттау бөлімі
Function
.............................
Begin бағдарлама денесінің басы
.............................
бағдарлама денесі
.............................
End. бағдарлама соңы
Бағдарлама құру барысында жоғарыда келтірілген бөлімнің көпшілігі қажетті емес. Тек Begin қызметші сөзінен басталатын бағдарлама денесі ғана қажетті болып есептелінеді. Бағдарламаның жалпы бөлімдері төменде қарастырылып өтілген:
-
Бағдарлама тақырыбы Program <бағдарлама_аты> түрінде жазылады. Бағдарламаға кез – келген атау беруге болады, бірақ, шатаспау үшін бағдарламаға сәйкес атпен атаған дұрыс. Бағдарлама атауын жазғанда бос орын қолдануға болмайды оның орнына астынғы сызықша немесе нүкте қолданады, үтір, нүктелі үтір таңбалары қолданылмайды, кері жағдайда бағдарлама жүйесі оны қате деп табады. Сонымен қатар бағдарлама атауы сол бағдарлама сақталған файылдың атымен сәйкес келмеуі тиіс. Бағдарлама атынан кейін нүктелі үтір таңбасы қойылады. -
Uses қызметші сөзінен бастап қосымша модульдерді қосу бөлімі басталады. Турбо Паскальдың стандартты орнатушысына бірнеше стандартты модульдер кіреді: Crt – мәтіндік режимде жұмыс істеу модулі, Graph графикалық модуль т.б. Бұлар бағдарламада қосымша командалар мен операторлардың орындалуларын жүзеге асырады. -
Тұрақтылар мен айнымалылар жазылатын хабарландыру бөлімі. Тұрақтылар const қызметші сөзінен, айнымалылар var қызметші сөзінен кейін беріледі. Соңынан нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Бұл бөлімде сондай – ақ бағдарламаның басқа элементтері де жазылуы мүмкін:
функциялардан – бұл бөлім Function сөзінен басталады,
процедуралардан – бөлім Procedure сөзінен басталады,
таңбалардан (меток) – бөлім label сөзінен басталады,
берілгендер типінен – бөлім type сөзінен басталады.
Бұл элементтер қай жерде, қалай қолданылатының кейінгі тарауларда түсіндіріледі.
-
Бағдарламаның маңызды бөлімінің бастамасы (бағдарлама денесі) – begin қызметші сөзі. Begin қызметші сөзінен кейін таңба қойылмайды. -
Бағдарламаның негізгі бөлімінде – бағдарлама денесінде функцияның орындалуын қадағалайтын операторлар орналасады. Операторлар бір – бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады. Бірнеше операторларды бір қатарға жазуға болады, бір қатарға сыймаған жағдайда келесі қатарға түсіреді. Соңғы оператордан кейін таңба қою міндетті емес. -
end – қызметші сөзі бағдарламаның соңын білдіреді. Соңғы end-тен кейін міндетті түрде нүкте қойылады.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
1.Тіл алфавиті не үшін қажет екен?
2. Паскаль тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?
3. Паскаль тілінде қандай символдар қолданылмайды?
4. Бағдарламаның сипаттамасы дегеніміз не?
5. Паскаль бағдарламасының негізгі құрылымы қандай?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
Аты-жөні
Балдық баға
Дәстүрлі баға
1
Алмаханов Нұрман
2
Зәуірбек Мағжан
3
Исмагулов Даурен
4
Қалдан Дархан
5
Кеңесбек Тұрғанбай
6
Көнебаев Бекжан
7
Мұңайтпас Гүлжан
8
Нұрхат Ерқанат
9
Орынбаева Анар
10
Өсербай Ардақ
11
Өсімжанұлы Ермек
12
Темірбектегі Нұржан
13
Төлеген Абілхайыр
Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.
№7Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Паскаль бағдарламасының ортасымен танысу. Мәліметтер типі. Шамаларды сипаттау.
Сабақтың мақсаты: Паскаль бағдарламасының ортасымен танысу, мәзір жолы. Паскаль тілінде айнымалыларды сипаттау жолдарымен таныстыру, өрнектердің математикалық жазылуы мен бағдарламалау тілінде жазылу ерекшеліктерін терең ұғындырып, берілген өрнекті бағдарламалау тілінде жазуды меңгерту.
Үй тапсырмасын талқылау:
1.Тіл алфавиті не үшін қажет екен?
2. Паскаль тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?
3. Паскаль тілінде қандай символдар қолданылмайды?
4. Бағдарламаның сипаттамасы дегеніміз не?
5. Паскаль бағдарламасының негізгі құрылымы қандай?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Турбо Паскаль жүйесіне алғашқы қадам.
Турбо Паскаль бағдарламалау жүйесі файлдардан тұратын комплексті құрайды. Кез – келген бағдарламалау комплексінде бағдарламаны орындауға жіберетін бас файл болады. Паскаль жүйесінде бас файл tubo.exe немесе bp.exe деп аталады. Шарт бойынша бұл файлдар компьютердің қатты дискісінде bin ішкі каталогы орналасқан tp каталогында сақталады. tubo.exe файлы bin ішкі каталогында орналасады.
Жүйеге ену тәртібі (процедурасы) қолданушының қандай операциялық жүйеде немесе программалау қабатта жұмыс істегеніне байланысты, соған орай келесі үш жолды қарастырамыз:
1. Турбо Паскальға MSDOS операциялық жүйесі арқылы ену.
Ол үшін tubo.exe файлы орналасқан ішкі каталогқа өтіп tubo.exe сөзін теріп «Enter» пернесін басыңыз.
2. Турбо Паскальға Norton Commander бағдарламалау қабатынан ену. tubo.exe файлы орналасқан Norton Commander каталогына өтіп, файылды тандап «Enter» пернесін басыңыз немесе сол файлдың үстіне тышқанмен екі рет шертіңіз.
3. Турбо Паскальға Windows операциялық жүйесі арқылы ену.
Windows операциялық жүйесінде бұл файылға өтудің түрлі жолдарын ұйымдастыруға болады.
а) tubo.exe файлы орналасқан буманы ашып, жүйеге tubo.exe файлын тышқанмен екі рет шерту арқылы ену.
б) Егер Турбо Паскаль бағдарламалау жүйесі бас мәзірде «тіркелген» болса, онда бас мәзірді ашып сәйкес бөлімді тауып тышқанмен шертсеңіз жеткілікті.
в) Windows жұмыс алаңында tubo.exe файлының жарлығы (ярлык) құрылған болса, жүйеге ену үшін сол жарлықты тышқанмен екі рет шертіңіз.
Паскаль бағдарламалау жүйесіне енген кезде компьютер экранында жүйенің бастапқы (негізгі) көрінісі ашылады (2.1- сурет). Windows ОЖ басқаруындығы бағдарламалау жүйесінің жұмыс алаңы компьютердің толық немесе төрттен бір бөлігін алып тұрады.
Бағдарламалау жүйесінің жұмыс бетін негізгі үш бөлімге бөлеміз: жоғарғы қатар, экранның негізгі бөлігі және төменгі қатар. Бағдарламалау жүйесі жұмыс бетінің жоғарғы қатары мәзір қатары деп аталады. Ол 10 бөлімнен құралады.
2.1 - сурет
Төменде бөлімдер орналасу ретімен атап өтілген: