Файл: Информатиканы оыту дістемесі пнінен емтихан сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 254

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Информатиканы оқыту әдістерін жіктеңіз.

Оқыту әдістері – білім беру мақсатына жетуге бағытталған, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттерінің тәсілдері. Педагогика ғылымында оқытудың әртүрлі жіктемелері жасалған. Оқыту әдістерін таңдап алу: оқу пәнінің мақсатына, пәннің ерекшелігіне, оқушылардың мүмкіндіктеріне, оқыту құралдарына және т.б. байланысты анықталады. Тұлғаға-бағыттап оқыту жағдайында информатиканы оқыту әдістерін таңдаудың негізгі факторы оқушылардың продуктивтік іс-әрекеттерін ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Оқушылардың өз бетінше (самостоятельность) және ойлау белсенділіктерінің көрсеткіштері бойынша оқыту әдісінің екі: репродуктивтік және продуктивтік топтарын бөліп көрсетуге болады.

Репродуктивтік әдіс – оқушы мұғалімнің үлгісі бойынша жұмыс істейді; Оған әңгіме, түсіндіру, дәріс, демонстрация, оқулықпен, компьютермен жұмыс және т.б. жатады. Бұл әдіс информатика сабағында программалық-жаттықтырушы (пернетақталық жаттықтырушы), оқыту, бақылау программаларымен жұмыс жасағанда, кіріспе жаттығулар программалық құралмен алғаш танысқан кезде, яғни мұғалімнің жетекшілігімен жаттығу орындаған кезде қолданылады.

Мысалы, графикалық редактормен жұмыс істеуді түсіндіріп, демонстарция жасағаннан кейін оқушылар сызық, қисық сызық, шеңбер және т.б. сәйкес шартбелгілердің көмегімен салып көреді.

Мысалы, оқушылар мәтіндік редакторды жүктегеннен кейін және өз файлдарын шақырғаннан кейін меңзерді экранның нүктесіне қойып, пернелерге немесе пернелер комбинациясына баса отырып, экранның қалпын бақылайды да, өздерінше қорытынды жасап, оны дәптерлеріне жазады.

Продуктивтік оқыту әдістерінің тобына: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену (эвристикалық), зерттеушілік, қателер әдісі, жобалар әдісі т.б. жатады. Продуктивтік әдістердің ерекшеліктері іздеу есебі сияқты бар оқу проблемасы болып табылады, оны шешу үшін жаңа білім өнімін (креативтік нәтиже) алуда оқушыларға жаңа білім қажет.

Танымдық есеп түрінде мұғалім қойған проблеманы шешу үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істейді. Немесе мұғалім оқушының алдына проблема қояды және оны шешу жолдарын көрсетеді, оқушылар проблеманы шешу үшін әрекет жасайды.

Мысалы. Оқушыларға электрондық кестемен жұмыс жасағанда мынадай проблема қояйық. Мектеп жәрмеңкесінде өздерінің жасаған заттарын сату керек болсын. Сатқанда Х теңге алынуы керек болсын. Оқушылар осы ақшаны жасаған затын сату барысында қалай өндіріп ала алады?


Ол үшін мыналарды анықтап алу керек:

1.

әр тауарға қандай баға қою керек;

2.

тауардың қанша түрін қандай бағамен сату керек?

Алдымен оқушылар электрондық кестені толтырып алады: тақырыбын көркемдеп жазады, қажетті бағаналарды мәліметтермен толтырады (тауардың саны мен олардың бағасын енгізеді). Сосын проблеманы шешуге кіріседі. Талап етілген нәтижені алу үшін енгізілген мәліметтерді бірнеше рет өзгертеді, аралық қосынды мен соңғы нәтижені талдайды.

Жартылай-іздену әдісі оқушылар қиын проблеманы өз беттерімен басынан аяғына дейін емес, тек жартылай ғана шешуді ұсынады. Мұғалім оқушыларды іздеудің жеке кезеңдерін орындауға қатыстырады. Оқушыларды болжам жасауға, танымдық есепті шешу үшін бақылау, эксперимент жасауға, жоспар құруға немесе алгоритм құруға қызықтыру болып табылады.

Зерттеушілік әдіс оқушылардың білімді шығармашылықпен меңгеруін қарастырады: мұғалім оқушылармен бірге проблеманы тұжырымдайды және оларға қиындық туған кезде көмектеседі, ал оқушылар проблеманы өз беттерінше шешеді. Мұғалім бұл жағдайда оқушылардың өзіндік іздеу іс-әрекетін ұйымдастырушысы болып табылады. Оқушыларға адамның қызметінің әр түрлі салаларында қолданбалы есептерді шешу үшін қазіргі заманғы АКТ құралдарын қолдану мүмкіндігі берілген кезде, бұл әдіс ерекше мәнге ие болады.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту қателерге дәті шыдамайтын жағымсыз қатынасты болдырмау– қателер әдісі арқылы мүмкін, ол алгоритмдеу мен программалау негіздеріне оқытуда тиімді қолданылады.

Жобалар әдісі – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған оқушылардың бірлескен іс-әрекеттері, ол информатиканы оқытудың барлық кезеңдерінде табысты қолданылуы мүмкін. Телекоммуникациялық жобалардың негізінде әр елдің, әр қаланың, әр мектептің оқушыларының ынтымақтастықта бірлескен жобаларын ұйымдастырудың неғұрлым тиімді екендігін практика көрсетіп отыр, олар әрқашанда пәнаралық және мұнда жалпы проблеманы жергілікті шешумен алмасу үшін, бірлескен бақылаулар жүргізу үшін, бірлескен жарияланымдар дайындау үшін, үдерістер мен құбылыстарды модельдеу үшін және т.б. қолданылады.

  1. Қазіргі мектептерде информатиканы оқытуды ұйымдастыруын сипаттаңыз.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары

Оқытуды ұйымдастырудың негізіне мына айқындалған қағидалар жатады:

- үздіксіздік – оқытудың барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты есепке ала отырып, оқытудың мазмұндылығы мен білімді бақылаушылық жүйесін құру арқылы жасалады;



- сызықты емес – білім беру үрдісінің қатысушыларының мүмкіндіктері мен әлеуметтік тапсырысқа қатысты, оқыту мен бақылау жүйесінің дамуы мен мазмұнын өзгертуге рұқсат етіледі;

- өзін-өзі ұйымдастыру – оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы өзін-өзі жоғарылататын моделін таңдау мүмкіндігін ұсыну арқылы жасалады;

- ашықтығы – пәнаралық тәсілде оқытудың мазмұнын құрумен негізделеді және бағдарлама мен бақылау жүйесін дайын ақпараттық блоктардан жобалау мүмкіндігін болжайды.

Информатика пәнін 3 сыныптан оқытудың мазмұнын мынадай үлгіде ұйымдастыруға болады:

— пәнге кіріспе;

— балаларды компьютермен таныстыру;

— компьютердің мүмкіндіктерін толқытай көрсету;

— балаларды компьютерде жұмыс жасауға дайындау.

Информатика сабақтарында әлемді жүйелі қабылдау, түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстардың жалпы ақпараттық байланыстарын түсіну қалыптасады, жүйелі ойлау дамиды. Оқу үдерісі ақпарат алу және өңдеу процесі ретінде анықталады.Осыған байланысты, информатика пәнін оқытудың артықшылықтары анықталды, олар:

— әр түрлі сабақ түрлерін ұйымдастыру;

— ойын арқылы оқыту әдістерін қолдану;

— көрнекіліктердің сан түрлілігі;

— білім беруді бақылау;

— күнделікті өмірмен байланыс жасау;

— математика, экология, ағылшын тілі және т.б. сияқты пәндерден алынған материалдарды кеңінен пайдаланып, пәнаралық байланыстар орнату.

  1. Оқушылардың жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесін жазыңыз.

Бақылау орны бойынша оқыту кезеңінде:

- бақылаудың алдын алу (кіретін) түрі әсіресе информатика үшін өзекті болып табылады, себебі бір сыныпта әртүрлі деңгейлік дайындығы бар оқушылар болуы мүмкін. Әдепкі орнату күйі осы жағдайда келесі жағдайға әкеліп соғады: үйінде компьютері бар, сабаққа жақсы дайындалған оқушылар ең маңызды сәттерді жоғалтып, сабақ үстінде зерігіп отырса, ал, нашар дайындалған оқушылар өз-өзіне сенімсіз болады. Кірістік бақылауы бастапқы деңгейлік дайындықты және дифференциялық тәсілді пайдалану мүмкіндігін анықтайды;

- ағымдық (жедел) бақылау оқушылардың оқу үрдісіндегі жеке тараулар мен тақырыптар бойынша дәрежесі мен деңгейін анықтайды, диагностикалық қызметті жүзеге асырады және әрбір оқушымен қатынастық байланысты орнатады. Жеделдік бақылауының тиімділігі оның объективтілігі мен тұрақтылығына тәуелді. Ағымдық бақылау оқытудың нәтижесін тексеру мен түзету енгізу кезінде маңызды рөл атқарады.


- қорытынды бақылау (шығыстық) материалды меңгеру бойынша сапасын анықтайды, оқушылардың дайындықтарының деңгейлері мен дәрежелерін бекітеді, яғни оқытудың нәтижесін қорытындылайды.

Бағалау тәсілі бойынша:

- «бағалық» – технологиясы бес балдық шкала бойынша баға қойылып, дәстүрлі болып табылады;

- «рейтингтік» – технологиясы бағдарламаның әртүрлі (тақырыптарын) тарауларын меңгергендері үшін алған балдардың қосылғыштарының қосындысына негізделген. Осыдан кейін өздерінің рейтингтері көтерілген соң, көптеген оқушылар бір тәртіптілікте болады. Оқушылардың әр тобының өзінің жеке дәреже алу мүмкіндігі бойынша да нұсқа болуы мүмкін. Осындай бағалау жүйесінде қосымша балл беру мүмкіндіктері болуы көзделген, осындай артықшылықтармен айрықша шығармашылық шешімдер және т.б. бастамалармен көзге түскен белсенді және талапкер оқушыларды мадақтау үшін пайдалануға болады. Рейтингтік шкала бойынша нәтижелер есептеліп, дәстүрлі бес балдық жүйесі арқылы бағалануы мүмкін;

- «сапалық» – технологиясы негізінен білімі мен іскерлігін сараптық бағалау және бақылау әдісін бірлестіре отырып пайдаланады. Бағалау қорытындысы және тұжырымдама жасау арқылы сипаттама түрінде «меңгерді- меңгермеді», «ұғып алды - ұға алмады», «түсінді-түсінбеді», «игерді - игере алмады» сияқты негізгі сөздердің көмегімен ұсынылады. Осы мінездемелер оқушылардың топтарына қолданылады және өздерінің «көпшілік - азшылық», «негізінде» сияқты негізгі сөздерін пайдаланады, пайыздық мінездемелерге рұқсат беріледі. Кей жағдайларда жеке оқушыларға осы технология шеңберінде бес балдық жүйе бойынша бағалар қойылуы мүмкін.

Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша:

- автоматты түрде (машиналық);

- өзаралық;

- мұғалімнің бақылауы;

- өздік бақылау.

  1. Информатикадан сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін түсіндіріңіз.

https://stud.kz/referat/show/115391

  1. Компьютерлік техникамен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормаларын сипаттаңыз.


ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар

ЕТК-де ДЭЕМ мен жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып, ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.

ЕТК-гі шаңды азайту үшін:

3) сырт аяқ киімін ЕТК-де алмастыру қажет;


4) ЕТК-ның кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;

5) Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімнің столындағы ДЭЕМ-ға жалғастырылған демонстрациялық телевизорды пайдалануға болады.

ЕТК-нің жарықтылығын түстермен және жарықпен реттеуге болады.

Видеомонитор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны дұрыс.

Сынып тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінген шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек. Қара түсті шторды терезеге құруға болмайды. ЕТК-гі ДЭЕМ-ға жеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге рұқсат етілмейді.

Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400-500 люкс болуы керек.

Ауаның температурасы - 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы –

62-55%, ауаның қозғалыc жьлдамдығы - 0.1 м/с болуы тиic. Кабинеттегi микроклиматы - сақтау үшiн күн радиациясы тiкe түспейтiн жаққа (солтүстiк солтүстiк шығыс) орналастыру қажет. Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшiн қыздырғыш құралдардың тұсына үлкен көлемдi аквариумдарды орналастыруға болады.

ЕТК-і жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін кабинеттің ауасын есік-терезе арқылы желдетіп тұру қажет. Желдету уақыты 10 минуттан кем болмауы тиіс. Ауаны тазартудың басқа жолы терезеге орналастырылған кондиционер арқылы ауа алмастыруға болады. ЕТК-гі ауа алмасу кабинеттің ауданы мен квадратурасына байланысты.

ЕТК-ның жұмысын ИЕТН оқытушыларының бірі басқарады, ол кабинеттің жабдықталуын, оқушылар мен мұғалімдердің ИЕТН пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.

Оқушылардың ДЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.

ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талаптарға сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай талдауы қажет. Орындық столдан 3-5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5-7º бұрышқа иіліп тұруы тиіс.

Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының көзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экранындағы символдарды көру бұрышы 20 бұрыштық минуттан кем болмауы керек. ДЭЕМ – экранындағы символдарды көру қашықтығы – 0,6-0,7 м аралығында болуы тиіс.

Оқушылардың жұмыс орны дербес ЭЕМ-мен жабдықталған 1 үстелден және биіктігі өзгертілетін, айналмалы орындықтан тұрады.