Файл: Информатиканы оыту дістемесі пнінен емтихан сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 250

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дербес компьютер, оқулық орналасатын және оқулықпен жұмыс істеуге арналған үстел бетінің өлшемі 1300х700мм болуы керек. Оқушы үстелінде ДК барлық құрылғыларымен орнатылады. Пернетақтаның алдында 30см ендікте дәптер қоятын және жауырынның бұлшық еттеріне күш түспес үшін шынтақты тіреп отыратын орын болуы тиіс. Монитор қойылатын үстел беті жазық, ал пернетақта орналасатын үстел беті көлбеу (120-150 бұрышқа) болу керек. Үстел жиегінің және орындықтың биіктігі бейнемонитормен жұмыс істеп отырған оқушы бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелдерге ток көзі мен жергілікті желі кабельдері жүргізіледі. Информатика кабинеті үшін ток көзінің жалпы электрлік кескіні есептеуіш техникасының құжаттарына сай қондырылады. Еден беті тегіс, ой-шұңқырсыз, сырғанамайтын және оңай тазаланатын антистатикалық қасиеттері болуы қажет.

Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және басу құрылғысы мен мультипроектор қоятын 2 тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700мм. Тумбаның магниттік тасымалдаушысы, күнделікті сабаққа қажетті транспаранттар салынатын 350х500х100мм өлшемдегі 1-2 жәшігі болуы керек. Компьютерлік үстелдің дәптер, сыныптық журнал және т.б. салынатын қалташасы болады. Сабақ барысында оқушылардың жұмыс орындарына электр желілерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізуі қажет.

Информатика кабинетіндегі компьютерлердің орналасуы сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың емін-еркін жүріп-тұруына ыңғайлы болуы қажет. Дербес компьютерлердің жұмыс орындарының орналасуы 3 вариантта болуы мүмкін:

1. Жағалай (периметрлік);

2. Қатарлық (1-3 қатар);

3. Орталық.

Оқушылардың және мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электрмен жұмыс жасау қауіпсіздігі және тұрақты жарықтандыру деңгейі тұрғысынан алғанда ДК-де жұмыс істеу орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.

Жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген:

· Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар қабырғалардан үстелдер кем дегенде 0,8м қашықтықта орналасуы керек. Терезе жақтауларына қарсы қабырғалар мен оған жағалай орналасқан ДК үстелдері 10см қашықтықта орналасуы керек, ал кейбір жағдайларда бейнемониторларға байланысты үстелдер мен қабырғалардың қашықтықтары өзгеруі мүмкін.

· Информатика кабинетінің ұзындығы бойынша: ДК-дің екі орындық үстелдері қатар қойылады. Бір орынды үстелдердің арасы ашылып қойылады, соған сәйкес үстелдердің арақашықтығы кабинет ауданы мен ондағы оқушылардың жұмыс орындарының санына байланысты болады.


ДК-мен жұмыс істеу үстелдері жағалай орналасқанда, сабақтарға, оқушылардың білімін тексеруге, жазба бақылау жұмыстарын орындауға, дәптерде программа құру және есептер шығаруға арналған қажетті орындар оқушылардың санына байланысты оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталуы тиіс. Екі орынды оқушы үстелдері біріктіріліп қойылмайды (олардың ара қашықтығы кем дегенде 0,5м).

Кабинетте оқыту құралдары мен жабдықтары бағдарлама бөлімдері бойынша орналастырылады. Демонстрациялық көрнекіліктер және өздік жұмыстарға арналған құралдар бөлек сақталады. Информатика кабинетіндегі оқыту көрнекілік құралдары мен жабдықтары шкафтарда сақталады, ол лаборант бөлмесінде сақталуы да мүмкін.

Информатика кабинетінде құрал-жабдықтар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін әдістемелік картотека және сабақ өткізуге дайындық құралдарының тізімі болады.

Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру

Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі құрал-жабдықтарға жауап беретін, информатика курсында компьтерлік технологияны оқу үрдісінде және жалпы білім беру пәндерінде оқушылардың қолдануын, ондағы мұғалімдер жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.

Кабинет меңгерушісі:

¨ Кабинеттегі жабдықтардың сақталуына;

¨ Инвентаризациялық тіркеу журналын жүргізуге;

¨ Құрылғылардың әрдайым дайын болуына, есептеуіш техниканың техникалық қызмет көрсетілуінің өз уақытында тыңғылықты орындалуына, машиналардың істен шығуын тіркеп отыру, оларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеуге;

¨ Апатты жағдайларда өрттен сақтану және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету құралдарының дайын болуына;

¨ Оқушыларға техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе және деңгейлі нұсқаулардың өтілуін қадағалауға;

¨ Оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;

¨ Сабақ басталғанда және аяқталғанда журналдың дұрыс тіркелуін қадағалау, электр көзіне қосуға және ажыратуға жауапты.

Оқушылар информатика кабинетіне алғаш кірген күні мұғалім оларды бойына, есту және көру жағдайына байланысты жұмыс орынын бекітіп беру керек, сонымен қатар техника қауіпсіздігі мен онда жұмыс істеу ережесімен таныстыру керек. Оқушылар жұмыс орнының реттілігіне және ондағы орналасқан құрылғыларға жауап береді.

Оқушылар техника қауіпсіздігі және жұмыс жасау ережесі бойынша сынақтан өтіп, «Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша нұсқаудан өткізу мен оны тіркеу журналы» атаулы журналға белгілену керек. Онда нұсқаудан өткен күні және сынақтан өткені туралы белгі, нұсқауды өткізген мұғалімнің аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні және нұсқаудың мазмұны берілген. Бұл мәліметтерді мұғалім бекітіп қол қояды.



  1. Информатиканы қосымша оқыту формалары және оның қосымшаларын сипаттаңыз.

https://stud.kz/referat/show/70612

  1. Информатикадан мектеп оқулықтарын талдау қадамын көрсетіңіз.


Оқулыққа талдау. Бул оқулықтың мазмұны оқу пәні pетiндe информатиканың барлық бөлiмiнің мазмұнын толық ашады, бөлiмдердің бiрiнен соң бiрiнің, орналасу логикасы өте орынды.

Оқулықта информатикaға кiрiспеден кейін дайын программалық құралдарымен жұмыc ұcынылады. Алынған тәжiрибенің негiзiнде алгоритмдеу негіздерi берiледi. Информатиканың негiзi де ашылып көрсетiлген: алторитмің дұрыстығын талдау, информациялық және логикалық есептер. ЭЕМ-нің құрылымы математикалық логиканың кeңiнен енгiзiлyiмен түсiндiрiледi. Алгоритмдi бейнелеудiң бес тәсiлi келтiрiлген.

Авторлар тобы кейiнен 8-11 сыныптарға арналған эксперименттiк программа жасады, - ол eдәуір деңгейде логикалық программалаyға бағдарланды. Бұған графикалық тұрғызуларды, суреттің бөлiгiмен Прологтың нақтылауларын салыстыру тәсiлiн пайдалану тән. Ең соңында, егер мұқият ойластырылған тест қанағаттандырылса, ондa оқыту алгоритмi дұрыс болады.

4. А. Г.Гейн, Е,В.Линецкий, М.А.Сапир,М.Ф.Шолохович алдыңғы оқулықтың негiзiнде 8-9­-кластарға арналган информатика оқулығын жазды. Авторлардың тұжырымдамасы бойынша, компьютер дегеніміз-әртүрлi iс-әрекетке пайдаланылатын жұмыс құралы. Сондықтан курстың негiзгi мақсаты ЭЕМ-нiң көмегімен есеп шығарyға үйрету. Есеп толық қарастырылуы тиіс: есептiң қойылысы мен ЭЕМ-нен алынған нәтижені талдауға дейін. Сондықтан, төмендегідей үш технологияны оқыту қажет: есептiң моделін құру, ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуін пайдалану.

Курс төмендегідей бөлімдерге бөлiнеді:

1) ЭЕМ-мен танысу;

2) есеп шығару кезеңдері жайлы түсініқ

3) алгоритмдеу;

4)программалау тiлдерiмен қоса программалық қамтамасыз етумен жұмыс.

Программалық қамтамасыз ету әдiстемелiк мақсатқа жетудi қамтамасыз eтeтiн, барынша қарапайым, oқyғa лайық болуы тиiс. Арнайы жасалған программалық құралдардың құрамы төмендегiдей: үш атқарушы (сызушы, Робот-манипулятор, есептегiш), негiзгi оқуды программалық қамтамасыз ету (информaциялық iздеу жүйесi, электрондық кесте (ЭК), Teкcтiк редактор, графикалық редактор, симплекс-метод программасы, микро ЭЕМ имитаторы.

МАТ-дегі жазу табиғи тiлге жақын болуы тиiс: қандай дa бiр ережемен шектелген жазуда негiзгi мәселенi түсiнбеуi мүмкiн. Атқарушылар-маңызды дидактикалық құрал. Логиканы үйрену алгоритмдеумен байланыссыз. ЭЕМ-ның логикалық негiздерi мектеп үшiн қүрделi, ал Пролог тiлi болашақта оқитын тiл болуы мүмкiн. Кәсіптiк дербес компьютерлер әдеттегi сабаққа жарамайды, oқyғa одан да қарапайым компьютерлер керек.


"Информатика және ЕТН" пәні информациялық моделдерді құру технологиясын үйрету үшiн қызмет етуі тиіc. Ал программалау тiлi программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлiгi peтiндe оқытылуы қажет. Аса маңызды мәселе тiлдiң түpi емес, тiлдi калай оқыту керек осы мәселеге коңiл аударылуы тиiс. Сондай-ақ, модельдеуде немесе программа жазуда дайын программалық құралдарды пайдалана бiлуге көңiл аударылуы тиic. Мұндағы негiзгi мәселе, нәтиже-модель, ал, құрал - Бейсик немесе ЭК-нiң ыңғайлысы таңдалынады.

Есептегіш техника негiздерi бөлiмiнде Фон Нейман принципімпен таныстыру жеткiлiктi. ЭЕМ-ның физикалық негіздері тақырыбы физика сабағында оқытылуы тиіс. Көрсетiлген технологияларды басқа пәндерді оқытуда пайдалануды көздей отырып, информатика негізгі мектепте оқытылуы тиic.

Компьютерлiк сауаттылық бастауыш кластарда берілуі тиіс.

Программалық-әдістемелік кешен: оқулықтан, мұғалімге арналған құралдан және программалық қамтамасыз етуден тұрады. Білім төмендегiдей үлгi бойынша қалыптасады: ұғымдардың мазмұнына оқушылардың өмірлік тәжірибемен байланысы тipeк болады, формальдау (бастапқы кезеңде, атқарушылар негiзiнде), есептердi шығару барысында демонстрациялау. Есеп шығаруда пайдаланылатын есептеу математикасының әдістері мектеп математикасынан барынша алыс болса да oқытyғa кipeдi. Бұл компьютермен қамтамасыз етiлетiн көрнекiлiктің жоғарғы деңгейiмен аяқталады. Барлық есептерде оны шығарудың негiзгi төрт түpi қамтылған:

1) алгоритмнің орындалу нәтижесiн көрсету;

2)алгоритмдегi қатeнi табу;

3) алгоритм құру;

4) математикaлық модель құру, алгоритм құру, программа жазу.

Есептер жүйелi түрде байланысқан: кейiнгi есепте алдыңғы есептің шешiмi пайдаланылады. Алғашында оқушылардың өздерi атқаратын алгоритмге қарапайым мысалдар келтiрiледi. Атқарушылардың командаларының шектеулi болатындығын түciндipy үшiн әртүрлi атқарушылар қарастырылады.

Оқулыққа талдау. Оқулық авторлар тұжырымдамасына толық сәйкес келедi. Жалпы алғанда бұл оқулықты А.Г.Кyшниренко бастаған топтың оқулығына қарама-қарсы бағытталған деуге болады. Егер ол оқулықта алгоритмдеу негiзгi мақсат ретiнде қарастырылатын болса, ал бұл оқулықта модельдеуге арналған есептердi шығаруға пайдаланатын құралдың ролiн атқарады. Егер ол оқулықта курстың басында математикалық eceптep берілмейтiн болса, бұл оқулықта басынан бастап, тіптi әрбiр есепте физика мен математикалық есептер кездеседi.

Оқушыға материал айтарлықтай түciнiктi болу үшiн алгоритмдеу едәуiр жеңiлдетiлген. Оқулықтағы пайдаланылатын атқарушылардың iшiнен "Есептегiш" жүйелi түрде ДЭЕМ -дi eсептeyден босатады, бiр жағынан алғанда қарапайым микрокалькулятор тәрiздi. Робот­ - манипулятор ортасы aвтомaттaндыpылғaн склад-стеллажға ұқсас, кестелік мәліметтерді өңдеудi жақсы бейнелейді.


Бейсик тiлiн үйренуде кестелiк мәлiметтердi өңдеу жақсы бейнеленеді. Толық емес құрамa команданы аудару шартты терістеудің көмегімен орындалады Ал, толық тармақталуды аудару кoмaндaлар сериясын алмастыру арқылы орындалады.

Сондай-ақ, оқулықта келтiрiлген есептi шифрлау мен оны шешуге арналған есептер өте қызықты. Тұтасымен aлғанда, бұл оқулық қосымшаларымен, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын, информатиканың негiзгi мәселелерiн қамтиды.

Сoнымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында алшақтық байқалады, ал құралды таңдауға келетiн болсақ, онда бiр-бiрiне жақындықтары байқалады. Барлық оқулықтарда мектептiк алгоритмдiк тіл, программалық құралдар жиынтығы, алгоритмдеуге, модельдеуге, информацияны iздеуге есептер, математикалық логика элементтерi бар. Информатика пәнiн оқытyда оқулық талдау мәселесi ­- аса маңызды болып есептеледi.

Орта мектеп дидактикасында оқыту құралдары жүйесiнде пән оқулығы маңызды орын алатындығы аталып көрсетiлген. Одан кейiнгi оқу үрдісiн оқу-әдістемелiк қамтамасыз ету оқулықпен тығыз байланысты болады. Ол оқулықтың идеясьн түсiндiрiп, ұғымды кеңейтіп, дамытып, оқушыларда берiк бiлiмнiң, икемділіктің және дағдылардың қалыптасуындағы жалпы мақсатқа қызмет етуі тиіс.

Қазіргi уақытта орта мектептегi информатика курсына арналған бiрнеше оқулық бар екенін атап өттік. Бірақ, ол оқулықтардың бәрі Ресейлік ғалым-педагогтардың жазған оқулықтары. Біздің Республикамызда төл оқулық әлі жазылған жоқ. Аталған оқулықтың екеуі (Ершов А.П., Монахов В.М. және Ершов А.П., Л.П., Кушниренко оқулықтары) қазақшаға аударылған.

Бұл оқулықтармен қатар курсты оқу-әдicтемелiк қамтамасыз етудің құрамына мұғалімдер мен орта оқу орындарының оқушыларына арналған әдiстемелiк құралдар да жатады. Қазіргі уақытта информатика ғылымының мазмұнының өзгеріп, дамуына байланысты мұғалім мен оқушыға арналған бірқатар ғылыми және әдістемелік құралдар мен нұсқаулар көптеп шығарылуда.

Енді осы оқу-әдістемелік құралдың ішінен біразын атап өтейік.

1.А.П.Ершов, В.М.Монахов. Изучение основ информатики и вычислительной техники. (Методическое пособие для учителей и преподавателей средних учебных заведений. (ІІ бөлiмдi)). Москва. Просвещение. 198б г.

2.Қ.С. Әбдиев, М.Ж.Бекпатшаев. Алгоритмдеу негiздерi. (Kөмeкшi оқу құралы), Алматы, 1993ж. Абай ат. АлМУ.

3.А.Есжанов. Алгоритмдер және оны мектепте оқыту. Алматы, Мектеп, 1988 ж.

4.М.П.Лапчик. Информатиканы оқыту методикасы. Оқу құрaлы. 1994. Алматы.