Файл: Информатиканы оыту дістемесі пнінен емтихан сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 253

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұзақтығы: информатика саласындағы дипломдық бағдарламалар әдетте бірнеше жылға созылады, бакалавр дәрежесін алу үшін шамамен үш-төрт жыл қажет, ал магистр дәрежесін алу үшін бір жылдан екі жылға дейін уақыт қажет. Екінші жағынан, бағдарламалау лагерлері мен онлайн курстар бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Бағдарламаның ұзақтығы алынған білімнің тереңдігіне және қол жеткізілген құзыреттілік деңгейіне әсер етуі мүмкін.

Алдын ала талаптар: дипломдық бағдарламаларда әдетте орта мектеп біліктілігі немесе тиісті бакалавр дәрежесі сияқты белгілі бір алғышарттар болады және SAT немесе GRE сияқты стандартталған тест нәтижелерін талап етуі мүмкін. Дәрежеге жатпайтын бағдарламалар көбінесе минималды алғышарттарға ие және әртүрлі білім деңгейлері бар адамдар үшін ашық.

Академиялық және кәсіби фокус: информатика саласындағы дипломдық бағдарламалар информатика принциптері туралы кең түсінік бере отырып және студенттерді әртүрлі мансаптық жолдарға, соның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға дайындай отырып, академиялық фокусқа ие болады. Дәрежеге жатпайтын бағдарламалар көбінесе студенттерге еңбек нарығында жедел қолдану үшін нақты техникалық дағдыларды үйретуге бағытталған кәсіби фокусқа ие.

Аккредиттеу және тану: дипломдық бағдарламаларды көбінесе аккредиттелген оқу орындары ұсынады, бұл жұмыс берушілер мен кәсіби ұйымдардың сапа мен танудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етеді. Ғылыми дәрежеге жатпайтын бағдарламаларда ресми аккредитация болмауы мүмкін, бірақ егер олар осы салада жақсы қалыптасқан болса немесе салалық серіктестік қарым-қатынаста болса, олар әлі де құнды болуы мүмкін.

Құны: дипломдық бағдарламалар, әсіресе университеттер ұсынатын бағдарламалар, Оқу ақысы мен оқулықтар, тұру және күнкөріс деңгейі сияқты басқа шығындарды қоса алғанда, жоғары шығындармен келеді. Дипломсыз бағдарламалар әдетте қол жетімді, бірақ нақты құны бағдарлама мен оқу орнына байланысты өзгеруі мүмкін.

Оқыту әдістері: дәреже бағдарламалары әдетте кампустағы сабақтар аясында жүзеге асырылады, дегенмен қазіргі уақытта көптеген университеттер онлайн немесе гибридті опцияларды ұсынады. Дәрежеге жатпайтын бағдарламалар көбінесе жұмыс істейтін кәсіпқойларға немесе басқа міндеттемелері бар адамдарға арналған онлайн курстар, бағдарламалау лагерлері немесе күндізгі кешкі сабақтар сияқты икемді оқыту нұсқаларын ұсынады.

Информатиканы оқыту бағдарламаларын салыстыру кезінде сіздің жеке мақсаттарыңызды, оқу стиліңізді, бюджетіңізді және сіздің қажеттіліктеріңіз бен ұмтылыстарыңызға сәйкес келетінін таңдау үшін уақыттың болуын зерттеу және ескеру маңызды.


  1. Информатика бойынша мектепте білім берудің мазмұны мен құрылымын түсіндіріңіз.

Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.

Мектептегi информатика және есептегiш техника негiздерi курсының мазмұнын таңдауға бiр-бiрiмен белгiлi қарама-қайшылықта болатын екі негiзгi факторлар тобы әсер етедi.

1) Fылыми және практикалық факторлар. ИЕТИ оқу пәнінің мазмұны информатика ғылыми арқылы анықталуы керек. Бұл пәндi оқыту барысында iргелi бiлiм деңгейі берiлiп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсiби қызметiне дайындығы қамтамасыз етiлyi тиiс.

2) Түсiнiктiлiк және, жалпы бiлiмдiлiк факторлар. Оқу пәнiнде қамтыған материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек олардың ойлау қабiлетiнiң деңгейi мен бiлiмi, icкерлiгi, дағдыларына сай болуы тиic. Сондай-ақ ИЕТН-cы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтердi қамтуы қажет.

Қорыта айтқанда, мeктeптeгi информатика курсы бiр жағынан болашақ заманға лайық өмiрдiң күрделіленген талаптарына жауап беруi керек екiнші жағынан қарапайым болуы қажет. Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазiргi заман ғылымының үш iргелi ұғымына негізделеді. Информация – алгоритм –ЭЕМ.

Оқушылардың менгеруіне мiндеттi болатын теориялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесi арқылы анықталады.

Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе - курсты оқыту pеті. Бұл екі мәселе бiр-бiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негiзде енгiзiлyi керек. Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын көлемiн және көп жағдайда оқытудың peтін анықтайтын негiзгi құжат-ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады. Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негiзгi түйiнi. Енді ИЕТН енгiзiлгеннен берi жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу бағдармаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамалар-ының aлғашқы нұсқаулары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бiрақ, олар барлық бiлiмдi ақпараттандыру негiзiнде құрылған. Бұл еңбектерде информатика үшiн оқыту мәселесi, оның мазмұны мен мақсаты жекеленiп ашылмаған. Coнымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерiстер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы бiлiм беретiн орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттiк бiлiм беру стандарты құрылып оқу үрдісiне енгiзілді.



Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөлiп қарастырады.

І кезең (7-9-кластар) негiзгi курс деп аталады; ол информатика пән бойынша оқушыларды мiндeтті жалпы бiлiммен қамтамасыз eтyгe бағыттaлған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нiң архитектурасы және информaциялық технологиямен жұмыс iстеу тәсiлдерiн үйрене отырып, оқу үрдісiнде компьютердi жан-жақты, тиiмдi пайдалана отырып, өзiндiк танымдық ic-әрекеттерiн қалыптастырады. Негiзгi курсты оқытуда басқару iciндeгi информацияның мәні информациялық үрдістердің жалпы заңдылықтары және жүйелi-информациялық тәсiлдер туралы түciнiктep қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақтaлған қайталану), программалау тiлдерiмен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептердi шешуде пайдалану жолдары мен мүмкiндiктepі туралы мағлұматтар алады.

ІІ кезең (10-11-кластар) бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабiлетiне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп кәсіптік мамандық деңгейiндегi дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану­ математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады, Coнымен қатар, "Дербес компьютердi пайдаланушы "Компьютер және ic-қағаздарын жүргiзyшi" және т.б. курстар енгiзiлген. Егер базистiк жоспардың өзгермелi бөлiгiнiң есебiнен курсты оқыту 136 сағатқа дейiн арттыртса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес қуәлiктер беру мүмкiндiғi туады;

Жалпы, негiзгi мектепте курсты oқытyға 88 сағат бөлiнсе, ал 10-1l-кластарда базистiк оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөлiктің есебiнен 68 сағат бөлiнген.

Жалпы информатика курсының мазмұны мынандай екі үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту обьектiсi; 2) компьютер - ­универсал таным құралы. Оқушы таным субьектiсi болған кезде бұл екі меселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.

Информатика курсының негiзгi мектептегi мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердiң төңipeгiндe шоғырланған бiрiншісі - компьютерлiк техникамен танысу оның негiзгi элементтерімен жалпы жұмыс істеу пpинциптермен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негiздерін оқып үйрену; үшіншiсi информатиканың қолдану шеңберiн анықтау.

Мұнда оқыту моделi оқушы жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған мақсат-мотив – қызмет-рефлекция-теориялық бiлiм өрнегiмен анықталатын түрі тандалынып алынaды.

  1. Мектеп информатикасының базалық курсынның мазмұнын жазыңыз.


“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

Информатика және есептегіш техника негiздерi курсын оқыту тәжірибелерін талдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түciнiгi ­мектептегi оқу үрдісiнде информациялық мәдениеттi қалыптастыру мен информатика негiздерiн меңгерудi бiрнеше кезеңге бөлу, қaжеттiтгiн көрсетеді (А. Кузнеңовтың тұжырымдамасы).

Бiрiншi кезең (1-6-кластар) пpопедевтикалық курс. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тiлi және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлiк тренажер, оқу ойын пpограммаларын пайдалану үрдісiнде информациялық мәдениеттің aлғaшқы элементтерi қалыптасады.

Екiншi кезең (7-9-кластар) оқушыларға информатикадан берiлетiн мiндeтті жалпы көлемін бiлiм қамтамасыз eтетін «базалық курс». Ол оқушыларға информациялық технология құралдары мен әдicтepiн пайдаланып есептер шығару, алдымен оқу ic-әрекетiнде, онан кейін кәсiптiк мамандыққа компьютердi саналы да, тиiмдi пайдалану дaғдысын қалыптастыруға бағыттaлған. Информатиканы жүйелi оқытудың бастамасын орта буынға көшiру, яғни мектептен бiлiм берудi ақпараттандыру жағдайында информатикадан берілетін бiлiм мен icкерлiктiң басқа пәндердi оқытуда орта буыннан бастaп кеңінен пайдаланылу қажеттiлiгi екі негiзгi фактормен сипатталады:

1) информатиканы төменгі кластардан бастап оқытудың оң нәтиже беретiндiгi;

2) дәл oсы жастан информатиканы оқытудың жас өспiрiмдердiң дүниеге ғылыми көзкарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда маңызды ролi бар.

Базалық курстың мазмұнын оның жалпы білім беретiн мәні бар үш аспектісімен үйлесетіндігі көрiнедi:

1) басқарудағы информацияның ролі жайындағы ұғымды қалыптастыру аспектiсi;

2) қазiргi уақытта оқушылардың ойлауын барынша дамытуға байланысты алгоритмдiк (прогpаммистiк) аспект.

3) компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыруға бaйланысты информациялық технологияны практикалық ic-әрекетке кеңiнен қолданyға дайындықты қамтамасыз ететін пайдаланушылық аспект.

Үшiншi кезең, (10-11кластар) - кәсіптiк оқыту ретінде информатика саласы бойынша бiлiм – берудi жaлғастыру. Бұл атап айтқанда математика мамандығына бағытталған кластар мен мектептер үшiн пpограммалау мен есептеу математикасы әдiстерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына бағытталған мектептер үшiн-экспримент мәлiметтерiн өңдеу, компьютердi модельдеу үшiн қолданyғa
байланысты информатика курсы, ал ауыл мектептерi үшін – ауыл-шаруашылық өндipic экономикасын ұйымдастыруға арналған есептердi шығаруға информациялық технологияны қолдану iскерлігін қалыптастырyға бағытaлған курс оқытылады.
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10