Файл: Информатиканы оыту дістемесі пнінен емтихан сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 246

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, сурет жарылысы, сценария жазу, кәсіпкерлік және технологиялардың курстары орналасуы мүмкін.

  1. Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз.

Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек: • Объективтілік - бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және жобалар негізделуі керек, ал бағалау өлшемдері адекватты түрде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік талаптарына негізделуі керек.


  1. Бағалау тәсілі дегеніміз не?

Бағалау тәсілі бір материалды нысандар бойынша, оқушының/байғамдардың тәлімділігін, зерттеушілердің жұмысын, таңдаушылардың көрсеткен қызметтердің сапасын, көрсетілген қызметтердің мүмкіндігін және өзара салыстыруды маңызды қылып табылады. Бұл пайым ағылшын тіліндегі assessment есімінен алынған.

Бағалау тәсілі бойынша:


  • «бағалық» – технологиясы бес балдық шкала бойынша баға қойылып, дәстүрлі болып табылады;

  • «рейтингтік» технологиясы бағдарламаның әртүрлі (тақырыптарын) тарауларын меңгергендері үшін алған балдардың қосылғыштарының қосындысына негізделген. Осыдан кейін ӛздерінің рейтингтері кӛтерілген соң, кӛптеген оқушылар бір тәртіптілікте болады. Оқушылардың әр тобының ӛзінің жеке дәреже алу мүмкіндігі бойынша да нұсқа болуы мүмкін. Осындай бағалау жүйесінде қосымша балл беру мүмкіндіктері болуы кӛзделген, осындай артықшылықтармен айрықша шығармашылық шешімдер және т.б. бастамалармен кӛзге түскен белсенді және талапкер оқушыларды мадақтау үшін пайдалануға болады. Рейтингтік шкала бойынша нәтижелер есептеліп, дәстүрлі бес балдық жүйесі арқылы бағалануы мүмкін;

  • «сапалық» – технологиясы негізінен білімі мен іскерлігін сараптық бағалау және бақылау әдісін бірлестіре отырып пайдаланады. Бағалау қорытындысы және тұжырымдама жасау арқылы сипаттама түрінде «меңгерді- меңгермеді», «ұғып алды - ұға алмады», «түсінді-түсінбеді», «игерді

  • игере алмады» сияқты негізгі сӛздердің кӛмегімен ұсынылады. Осы мінездемелер оқушылардың топтарына қолданылады және ӛздерінің «кӛпшілік - азшылық», «негізінде» сияқты негізгі сӛздерін пайдаланады, пайыздық мінездемелерге рұқсат беріледі. Кей жағдайларда жеке оқушыларға осы технология шеңберінде бес балдық жүйе бойынша бағалар қойылуы мүмкін.



  1. Бастауыш мектепке арналған информатика бар курстардың мазмұнын салыстырмалы талдаңыз.

Жалпы және Бастауыш мектепке арналған Информатика бар курстардың мазмұнын салыстырмалы талдау.

(М.П.Лапчик,Ж.К.Нұрбекова Информатиканы оқыту әдістемесі Алматы,2014 92-95бет)

1990 жылдардың басында-ақ, информатика курсы мектептер- ден енгізілгеніне 5 жыл өткеннен кейін (экспериментальдық бас- тама) тəжірибеге деген ынта негізінде жалпы орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа құрылымы жасала бастады. Жаңа құрылымның ерекшелігі, бір жағынан «жаңару» жəне төменгі буынға лайықталып оқу мазмұнының «азаюы» болса, екінші жағынан, информатика саласы бойынша мектептегі білім берудің базалық мазмұны бөлшектенді. Бұл 1990 жылдардың басында Ре- сей Федерациясының Оқу министрлігі ұсынған эксперименттік оқу жоспарларында [17] көрініс тапты, олар информатиканы үздіксіз оқыту тұжырымдамасының бастамасы еді.Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. Бағдарламаны жасағандар: (А. М. Гольцман, А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин).



Бұл курстың мақсаты – есептерді шешудің алгоритмдік тəсілдерін дамыту, əлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, іс-əрекет құралы ретінде компьютерді іс жүзінде меңгерту. Бағдарламаның мазмұны курстың барлық тақырыптарын қамтитын негізгі төрт бағыттың төңірегінде жасалды:

1. Дүниетанымдық (ақпарат – сөзі төңірегінде). Бұл жерде ақпарат жəне ақпараттық үдерістер (ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру) туралы түсініктер қарастырылады. Нəтижесінде дүниенің ақпараттық мəнін көре білуді, ақпараттық үдерістерді танып, талдай білуді қалыптастыру қажет.

2. Практикалық (компьютер сөзі төңірегінде). Мұнда компьютерді əмбебап ақпараттық машина ретінде таниды, ЭЕМ қолданылатын жерлері қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады.

3. Алгоритмдік (негізгі сөз – алгоритм, орындаушы, программа). Бұл курста кең таралған программалау тілі оқытылмайды. Роботландияның программалау шыңы – орындаушыларды басқару тілі, дамыған тілдердің негізгі құрылымдары бар болса да, қарапайымдылығы сақталады. Бұл шыңға жету алгоритмдік есептерді шығару арқылы, қарапайым атқарушыларды программалау арқылы жүзеге асырылады. Нəтижесінде алгоритмдер, оны жазу жəне орындау туралы түсінік қалыптасады.

4. Зерттеу бағыты (негізгі сөз-шығармашылық). Курстың мазмұнымен əдістемесі шығармашылық, зерттеушілік сапасын қалыптастыруға бағытталған.

Курс аптасына 2 сағаттан алғанда екі жылға жоспарланып, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған. Курстың ерекшелігі – оның қолданбалы бағытында. Роботландияның бағдарламалық құралдарымен таныса отырып, балалар өз қолдарымен, яғни компьютерлік қабырға газеті, өз шығармаларынан кітаптар, машинада салынған суреттерден вернисаж, музыкалық редактордың сүйемелдеуімен концерттер т.б. қызықты объектілер жасай алады. Балалардың жасын ескеріп, оқытудың ойын түріне көбірек орын берілді. Оқытудың екінші жылында оқыту жобалар жүйесін қолдану ұсынылады – жеке немесе топтық тапсырмаларды балалар ұзақ мерзімде (тоқсанда, жарты жылда) мүмкіндігі бар оқу құралдары – мəтіндік редактор, графикалық жəне музыкалық ақпарат жəне басқа да Роботландияға кірмейтін қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып орындайды.

Осы екі жылдық курсты бітірген оқушылар басқа пəндерді оқу барысында компьютерді еркін жəне сауатты пайдалана алады деп есептелген. Сонымен қатар, оқушылардың информатикалық білім мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжат «Информатика бойынша мектептегі білім мазмұнының негізгі компоненттері» қабылданды .


«Негізгі компоненттердің» мазмұны курстың мазмұндық- əдістемелік желісін анықтайтындай төмендегідей қысқаша түрде жинақталды:

1. Ақпараттық үдерістер, ақпараттың берілуі.

2. Алгоритмдер жəне программалау.

3. Компьютер жəне программамен қамтамасыз ету.

4. Формальдау мен модельдеу негіздері.

5. Ақпараттық технология.


  1. Информатиканың пропедевтикалық курсын оқыту әдістемесі.

Информатика пәні 1-ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.


Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:

- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;

- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;

- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.

2. Ақпаратты-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.

3. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.

4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялар қолданылады..

Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бүкіл орта мектептерде оқытуды үздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша, логикалық ойлау құрылымдарының дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады, оны қалыптастыруға кешіксе, баланың ойлау қабілеті соңына дейін жеткізілмей, бұдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал. Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами түседі. Балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бұны мұғалім сабақты жоспарлау және ӛткізу кезінде ұмытпаған жӛн. Сондықтан информатиканы

оқыту барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен жұмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек.

Информатика пәнінің пропедевтиқалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп отыр. Ғалымдардың, практик–мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;