Файл: Информатиканы оыту дістемесі пнінен емтихан сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 243

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
* Оқу материалы бойынша белгілі бір тақырыпқа презентация жасау;

* Дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану;

* Сабақ, сыныптан тыс іс-шара, өз білімін жетілдіруде Интернет-ресурстарды іздеу және пайдалану;

* Оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін қадағалау бойынша мониторинг жасау;

* Мәтіндік жұмыстар жасау;

* Әдістемелік тәжірибені электронды түрде жинақтау.


  1. Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының ерекшеліктерін жазыңыз.


Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.

Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;

2. Ойды логикалы түрде дамыту;

3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;

4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой – өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

  1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кәсіби курстар. Кәсіби курстардың ұйымдастырылуы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша бейіндік-бағдарлы оқытудың негізгі тұжырымдамалық ережелері анықталып және жаратылыстану математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің білім мазмұнына қойылатын талаптар мен жаратылыстану- математикалық бағыттағы сыныптарда бейіндік пәндерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері нақтылануы қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту, мазмұнның инварианттық өзегін құрайтын, бірақ мазмұнның көлемі мен тереңдігі және қолданбалы бағыты бойынша ерекшеленетін жүйеленген курстар аясында жүзеге асуы мүмкін. Түрлі бағдардағы сыныптардағы оқу-тәрбие мақсаттарының өзгешеліктері ескеріле отырып инварианттық өзек вариативтік бөлікпен толықтырылады.


Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей арнаулы курстар болуы ықтимал:

¨    шығармашылық ойлауды дамыту;

¨    өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;

¨    есептеу жүйесі;

¨    есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері);

¨    бөлінгіштік теориясы;

¨    ерекше нүктелер;

¨    көпшілдік;

¨    ойын теориясы;

¨    комбинаторика;

¨    қолданбалы экономика және т.б.
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пәнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау, ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдары бӛлімдері техникалық және жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда «Информатика» пәні мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілер алынады: 1) іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп курсына сәйкес бейнеленуі; 2) «ақпараттық үдеріс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ- тастыру негізінде информатиканың ғылыми пән ретіндегі мәнін кӛрсету; 3) оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық және т.б. тәрбиелік құндылықтармен байыту; 4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу; 5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету; 6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыс- тарын белсенді түрде қолдану; 7) тәжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал- пылай қолдану тәсілдеріне үйрету. Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пәнінің теориялық және тәжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бо-йынша құрылған. Информатика сабағын ӛткізу барысында 20 ми- нут теориялық бӛлімге, ал 25 минут тәжірибелік бӛлімге арналып оқытылады.


  1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кәсіби курстар. Кәсіби курстардың ұйымдастырылуы.



  1. Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидаларын сипаттап жазыңыз.


Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы.

Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:



  • Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және жобалар негізделуі керек, ал бағалау ӛлшемдері адекватты түрде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік талаптарына негізделуі керек.

  • Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен тұжырымдалады. «Ашық технология» бақылау жүйесінің құрылымдарын ӛзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды.

  • Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады:

    • бақылау үздіксіз болуы керек және оқытудың ең басынан бастап аяғына дейін жүзеге асырылады;

    • бақылау оқу үрдісінің табиғи бӛлімі болуы керек;

    • бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек;

    • бақылаудың құралдары, әдістері, нысандары, бағалау тәсілдері және нәтижелердің интерпретациялары бірыңғай мақсаттылыққа бағынулары керек;


Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша:

  • автоматты түрде (машиналық);

  • өзаралық;

  • мұғалімнің бақылауы;

  • өздік бақылау.




  1. Мектепте STEM білім беру дегеніміз не?


STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы ӛмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – оқу орны, мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұл Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде оқу орындарда, мектептегі білім берудің мазмұнына ӛту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.

STEM-технологиясының мүмкіндіктері:

  1. STEM-білім беруді қаржыландыру күшейтілуде: көбейіп келе жатқан әртүрлі коммерциялық емес ұйымдар технологияларға бағдарланған жобаларды жүзеге асыру үшін мектептерге гранттар ұсынады.

  2. STEM — кәсіптік даму мүмкіндіктерінің кең таңдауы.

  3. Оқушыларға технологиялардың қол жетімділігін ұсыну. Әлем жаппай компьютерлік желілерге жарақталған қазіргі уақытта балалар цифрлы контент құрып, олармен ӛзара алмасып, кең ауқымды қолданып жатыр. Олар веб-сайттар ашып, телефонға фильмдер түсіреді және өздері ойын жасап шығарады.

  4. STEM-технологиялар оқушылардың барынша белсенді болуына ықпал ететін оқу ортасын құру дегенді білдіреді. Қандай жағдайда да оқушылар ӛзінің оқып білім алуын еліктірілген. Оқушылар оқу үдерісіне елігіп, белсенді қатысқан жағдайда үйренгенін жақсы есте сақтай алады.

  5. STEM-технологиялар оқушылардан сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өз бетінше және командада бірлесіп жұмыс істеу дағдыларының болуын талап етеді.





  1. Интерактивті тақтаның программалық қамтамасыз етілуін сипатаңыз.

https://infourok.ru/bilim-beru-zhyesinde-interaktivti-tatani-paydalanudi-tiimdi-zholdari-3131536.html


  1. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерін сипаттаңыз.

Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.

Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.

Біздін жағдайда алдыңғы кезекте қарастырылатын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын “Информатика” курсын оқыту әдістемесі. Информатика оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкс өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды:


§ Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну;

§ Информатика және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдпры, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрактар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз?).

2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз?).

3. Оқыту әдіс (Қалай оқытамыз?).

4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз?).

5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз?).

Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:

1. Кімді оқытамыз?

2. Кім оқытады?

Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жанадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педогогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектепттің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққы алады.

Информатика әдістемесінен біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту әдістемесі” деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады.

1) Білім беру;

2) Тәрбиелік;

3) Практикалық.

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.