Файл: Информатиканы оыту дістемесі пнінен емтихан сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 245

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа сапалы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиетер де қалыптасады. Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушыны азаматтық, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулуға бағытталған.

Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланыста, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсатарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.


Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.

Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенеңиалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады.

Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.

Орта бiлiм беруің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.

  1. Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар) әдісін түсіндіріңіз.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кәсіби курстар.

Гуманитарлық-қоғамдық бағыттағы кәсіби курстар.

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. «Информатика» пәні бойынша оқу мақсаттары оқушыларға заманауи технологияларды сапалы қолдану үшін дағдыларды, білімді, түсіну мен дұрыс үйретуболып табылады. Информатика пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың кез келген жаста университетке түсу үшін қажетті деңгейде компьютерлердің қалай жұмыс істейтінін түсінуіне және жүйелерді талдауына, шешімдерді, бағдарламалық қосымшаларды жобалауына, жүйелерді дамытуына және қол жеткізілген нәтижелерді бағалауына бағытталған.

3. «Информатика» пәнін оқу мақсаты оқушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады. Оқушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек. Бағдарламаның басқа мақсаты оқушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.



4. Негізгі міндеттер:

оқушылардың ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;

оқушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

оқушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;

оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;

оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға жағдай жасау.

есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен оқушыларды таныстыру;

қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту

білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны оларды тәжірибеде қолдану арқылы арттыру;

әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;

ғылыми-теориялық жұмыстарға қызығушылықты дамыту;

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

5. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

6. Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.

7. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 5 бөлімді қамтиды:

1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету;

2) деректерді ұсыну;

3) ақпараттық жүйелер;

4) алгоритмдеу және программалау;

5) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік.

8. «Аппараттық және программалық қамтамасыз ету» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) аппараттық жасақтама;

2) программалық жасақтама.

9. «Деректерді ұсыну» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) есептеу жүйелері;

2) компьютердің логикалық негізідері;

3) ақпаратты кодтау.

10. «Ақпараттық жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) реляциялық деректер қоры;

2) мәліметтер қорын құру;

3) құрымдалған сұраныстар;

4) математикалық модельдеу.

11. «Алгоритмдеу және программалау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) алгоритмдер мен программалау;

2) WEB - программалау;

3) жобалық жұмыс.

12. «Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) компьютерлік желілерді ұйымдастыру;

2) желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Гуманитарлық-қоғамдық бағыттағы кәсіби курстар.

2. «Информатика» пәніне оқытудың мақсаты оқушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған қазіргі ақпараттық технологиялармен жүретін жұмыс дағдылары және қабылеттерімен қамтамасыз ету болып табылады.

3. Негізгі міндеттер:

оқушылардың ақпараттық үдерістердің қоғамдағы ролінің түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;

оқушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдануларына әрекет ету;

оқушыларға жүйені талдауға, шешім, программалық қосымшалар жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік бере отырып, олардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін дамыту;

талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы оқушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

оқушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;

оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға септік жасау.

6. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 4 бөлімді қамтиды:

1) компьютерлік жүйелер;

2) ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру;

3) ақпараттық үдерістер және жүйелер;


4) қосымшаны құру.

7. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) техникалық құралдар;

2) программалық қамтамасыз ету;

3) ақпараттық қауіпсіздік.

8. «Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) дизайн теориясы;

2) мультимедиа;

3) веб-жобалау;

4) деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры.

9. «Ақпараттық үдерістер және жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) ақпаратты ұсыну;

2) ақпараттық технологиялардың дамуының заманауи тенденциялары.

10. «Қосымшаны құру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) мобильдік қосымша;

2) 2D/3D Модельдеу.

  1. Информатика пәні бойынша білімді бақылау, тексеру және бағалау жүйесінің ұйымдастырылуын сипаттаңыз.

3.1. Информатика пәні бойынша білімді тексеру

Оқыту процесінің міндетті компоненті, соңғы кезеңі бақылау болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру). Тексеру – білім алу, даму және оқу мақсаттарына жету деңгейін меңгеруде жетістіктер мен қиыншылықтарды анықтау үрдісі. Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы. Есепке алу – тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жүйеге келтіру, сол арқылы оқушылардың білім алу және даму процесінің қарқынын көруге болады. Бағалау – сапалық және сандық талдаудан тұратын білім алу нәтижелері мен барысы туралы пайымдау, мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады. Баға қою – оқу қызметінің, жетістіктер деңгейінің нәтижелерін ресми бекітілген шкала бойынша баллмен немесе дәрежемен анықтау. Оқушылардың білімін, ептіліктері мен дағдыларын диагностикалау оқу үрдісінің маңызды құрылымдық компоненті болып табылады. Тексеру және бақылау жүйесіне әртүрлі бақылау тәсілдерін еңгізуге болады. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

•бақылаудың жеке түрі;

•оқыту жүйесінің барлық кезеңіндегі бақылаудың

жүйелілігі, жиілігі;

•оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші

функцияларының орындалуын, қорытындыларына және

оның өткізілуіне оқушылардың қызығушылығын арттыруды

қамтамасыз ететін әртүрлі бақылау формалары;

•жан-жақтылық: бақылау оқу бағдарламасының барлық

бөлімін қамтуы қажет, теориялық білімнің, зияткерлік

және практикалық ептіліктері мен дағдыларын тексеруді

қамтамасыз етуі тиіс;