Файл: Информатиканы оыту дістемесі пнінен емтихан сратары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 249
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
• әділдік;
•дифференциалды тәсіл;
•осы сынып оқушыларының оқу әрекетін бақылайтын
мұғалімдер талаптарының біртұтастығы.
Білімді бақылау және бағалау педагогтіқ үрдістің маңызды құрамы болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім өткізетін іс – шараларды мәнсіз түрде емес, жүйелі түрде өткізіп, әр кезде 87 нәтижелерін талдай отырып және білім сапасына, іскерліктері мен дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды қолдануы керек. Бақылаудың мақсаты – кері байланысты қамтамасыз ету: оқушыларға белгілі бір пән бойынша білім стандарттарына (міндетті минимум) сәйкес білімді игерту, оны түзету деңгейін анықтау. Бақылау оқыту процесінің негізгі құрылымының бірі болып есептеледі. Оқушылардың білім сапасының нәтижесі бақылау кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.
есептеледі:
Бақылау нәтижелерін тексеру (дұрыс немесе дұрыс емес) және олардың өлшемдері;
Бағалау – оқушылардың әрекетіне байқау жүргізілетін ұйымдастыру процесі және үлгімен (эталон) салыстырып, нәтижесі ретінде бағасын қою.
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары
Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны құрастыру кезінде
Объективтілік – бақылауды ұйымдастыруүшін негізгі талабы және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және жобалар негізделуі керек, ал бағалау өлшемдері адекватты түрде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік талаптарына негізделуі керек.
Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен тұжырымдалады. «Ашық технология» бақылау жүйесінің құрылымдарын өзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды
Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады: бақылау үздіксіз болуы керек және оқытудың ең басынан бастап аяғына дейін жүзеге асырылады; бақылау оқу үрдісінің табиғи бөлімі болуы керек;
бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек;
бақылаудың құралдары, әдістері, нысандары, бағалау
тәсілдері және нәтижелердің интерпретациялары бірыңғай
мақсаттылыққа бағынулары керек;
Бақылау әдістерінің сипаттамасы
Бақылау орны бойынша оқыту кезеңінде: бақылаудың алдын алу (кіретін) түрі әсіресе
информатика үшін өзекті болып табылады,
себебі бір сыныпта әртүрлі деңгейлік
дайындығы бар оқушылар болуы мүмкін.
Әдепкі орнату күйі осы жағдайда келесі
жағдайға әкеліп соғады: үйінде компьютері
бар, сабаққа жақсы дайындалған оқушылар
ең маңызды сәттерді жоғалтып, сабақ үстінде
зерігіп отырса, ал, нашар дайындалған
оқушылар өз-өзіне сенімсіз болады. Кірістік
бақылауы бастапқы деңгейлік дайындықты
және дифференциялық тәсілді пайдалану
мүмкіндігін анықтайды;
- ағымдық (жедел) бақылау оқушылардың
оқу үрдісіндегі жеке тараулар мен
тақырыптар бойынша дәрежесі мен деңгейін
анықтайды, диагностикалық қызметті жүзеге
асырады және әрбір оқушымен қатынастық
байланысты орнатады. Жеделдік
бақылауының тиімділігі оның объективтілігі
мен тұрақтылығына тәуелді. Ағымдық
бақылау оқытудың нәтижесін тексеру мен
түзету енгізу кезінде маңызды рөл атқарады. ;
- қорытынды бақылау (шығыстық)
материалды меңгеру бойынша сапасын
анықтайды, оқушылардың дайындықтарының
деңгейлері мен дәрежелерін бекітеді, яғни
оқытудың нәтижесін қорытындылайды
Бағалау тәсілі бойынша:
- «бағалық» – технологиясы бес балдық шкала бойынша
баға қойылып, дәстүрлі болып табылады; - «рейтингтік» –
технологиясы бағдарламаның әртүрлі (тақырыптарын)
тарауларын меңгергендері үшін алған балдардың
қосылғыштарының қосындысына негізделген. Осыдан
кейін өздерінің рейтингтері көтерілген соң, көптеген
оқушылар бір тәртіптілікте болады. Оқушылардың әр
тобының өзінің жеке дәреже алу мүмкіндігі бойынша да
нұсқа болуы мүмкін. Осындай бағалау жүйесінде
қосымша балл беру мүмкіндіктері болуы көзделген,
осындай артықшылықтармен айрықша
шығармашылық шешімдер және т.б. бастамалармен
көзге түскен белсенді және талапкер оқушыларды 89
мадақтау үшін пайдалануға болады.
Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша:
автоматты түрде (машиналық);
өзаралық;
мұғалімнің бақылауы;
өздік бақылау
Жетекші функциясы бойынша:
- диагностикалық бақылау – білімнің,
іскерліктің және дағдылардың даму
серпінін бақылауды, өз уақытында түзету
енгізу үшін сабақтың материалдарын
меңгеру жағдайы жөнінде мәліметтер
алуға, қайталаудың тиімді
ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасын
(тақырыптық жоспарлауды) анықтауды,
оқу үрдісін оңтайландыруды жүзеге
асыруға мүмкіндік туғызады;
ынталандыру бақылауы – оқушыны
жүйелі жұмыс істеуге көңіл қоюына,
шығармашылық іс-әрекеттке
талаптануға, зейінді болуына,
талапкерлігі мен өздігінен жұмыс
жасауға, жетістіктері мен кемшіліктерін
көруге, күшті және әлсіз жақтарын ашуға
көмектеседі; - тұрақтылық бақылауы –
оқушылардың дайындығының дәрежесі
мен деңгейін бекітеді, емтихан мен
сынақтарды өткізу үрдісінде
пайдаланылады
Бақылау әдістері Қазіргі заман дидактикасында бақылаудың келесі әдістері қолданылады:
Зерттеу әдісі – мұғалімдердің күнделікті оқушылардың білім
деңгейі мен даму барысындағы өткізілетін процесс. Осы әдіс
оқушылардың қай білім деңгейінде екенін және жұмысты
дұрыс ұйымдастыра алатынын көрсетеді. Зерттеудің нәтижесі
мұғалімнің жұмыс барысында және бағалау барысында
көрінеді. Осы әдістің бір кемшілігі, ол берілген ішкі сезім
арқылы зерттеу.
Оқулықты дұрыс пайдалану әдісі – оқушылардың білімі мен
біліктілігін тексеру, тілдерді үйрену барысында қолданылуы
мен ақпаратты іздеу нәтижелері арқылы тексеріледі.
Ауызша бақылау әдісі – ереже бойынша оқушылардың
емтихандық немесе сынақтың сұрақтарына дұрыс жауап
қайтаруынан тұрады. Сабақтарда жеке, ұжымдық,
фронтальды сұраныстар болады. Ауызша бақылаудың ең
негізгі формасы – пікір алмасу, әңгімелесу.
Жазбаша бақылау әдісі – оқушылардыңбілім дәрежесін тереңдетіп тексеруін талапетеді. Жазбаша бақылау әдісінің негізгі формалары – сыныптық, өзіндік, бақылау жұмыстары болады. Практикалық бақылау әдістері – оқушылардың практикалық білімін тексеру, білімін дұрыс пайдалана білуі және кез келген есепті шығара білуін анықтайды.
Бүгінгі күні осы әдіс ең жаңа және қолайлы болып табылады. Тестілеу оқушылар білімдерінің сапасын жедел түрде тексеру үшін деректерді (жауаптарды) автоматты түрде енгізу мүмкіндігімен және нәтижелерді автоматтандырылып өңдеудің алдын ала берілген.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Информатика саласындағы мектепте білім беру мазмұнын түсіндіріп сипаттаңыз.
«Білім беру» заңына сәйкес білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:
1 Білім беру мазмұны қоғамның экономикалық және әлеуметтік
факторларының бірі болып табылады және ол жеке тұлғаның өзін-өзі тануын
қамтамасыз етуге өзін пайдаға асыруына жағдай жасауға, адамзаттық
қоғамның дамуына, құқықтық мемлекетті нығайтуға және жетілдіруге
бағытталуы тиіс.
2 Білім мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:
- оқушыларда қазіргі заманғы білім деңгейіне және білім беру
жоспарына сәйкес көзқарас қалыптастыру;
- қоғам мәдениетінің жалпы және кәсіптік деңгейін әлемдік деңгейге
жеткізу;
- жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне мемлекет
аралық қатынасын жасау;
- қазіргі заманғы қоғамға енген және сол қоғамды жетілдіруге ынталы
азамат-адам қалыптастыру;
- қоғамдағы кадр потенциалын көтеру және дамыту.
3 Білім беру мазмұны адамдардың, әр ұлтты халықтың, әртүрлі нәсілдің,
ұлттық, этникалық, діни және әлеуметтік топтардың бірлесіп жұмыс істеуіне,
өзара түсінісуіне әсер етуі керек.
Көзқарастардың әртүрлілігін ескере отырып, оқушылардың өз
көзқарасы мен сенімін еркін таңдап алу құқының жүзеге асырылуына
мүмкіндік жасау.
Белгілі дидакт В.С. Ледневтің пікірі бойынша «білім берудің мазмұны
– біріншіден, өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруімен, екіншіден, жеке
тұлғаның өзіне тән қасиеттерінің қалыптасуымен, үшіншіден, адам денесі
мен ақыл ойының дамуымен сипатталатын біртұтас үш бірлікті үдерістің
мазмұны. Мұнда оқыту жетекші қызмет атқарады, тәжірибені меңгеру – білім
берудің ең жақын және тікелей мақсаты болып табылады.
Тәрбиелеу мен дамыту жанама түрде жүзеге асырылады, бұл алыстан
әрекет ететін аймақ тәрізді. Соған қарамастан білім беру үдерісі үш бірліктен
тұрады» [16, 54-б.]. Осыдан білім берудің үш компоненті шығады, «оқыту»
орталық орынға ие болады:
Тәрбиелеу
Оқыту
Дамыту
Б.Т.Лихачев жалпы орта білім беру мазмұнын құрудың төмендегідей
негізгі жалпы әдiснамалық принциптерін белгілейді [18, 371-б.]:
- оқу материалының жалпы білімділік сипаты;
- бiлiм мазмұнының адамзаттық және ізгілік бағыты;
- оқу материалының қоғамымыздағы өзгерістер тәжірибесімен
байланысы;
- оқу материалының негіз қалаушы және жүйелік сипаты;
- оқылатын курстардың байланыстылығы (интегративтігі);
- білім беру мазмұнының ізгіліктік-этникалық бағыттылығы;
- оқу материалының дамытушы сипаты;
- оқу пәндерінің өзара байланыстылығы және үйлесімділігі;
- білім беру мазмұнының эстетикалық жайлары;
Жалпы мектептік білім беру мазмұнының жалпы дидактикалық
сипаттамасы көптеген жұмыстарда кездеседі [25, 31, 5]. Оларда кездесетін
көзқарастардағы қарама-қайшылық қойылған мәселенің мағынасында емес,
сол бір ұғымның түсіндірілу әдісінде жатыр.
Ондай ұсыныстардың ішінен айтарлықтай тұжырым табылмаса да, оқу
құралдары мен жоспарларын жасау үшін пайдасы көп екені белгілі.
В.С. Леднев [15] тұжырымдаған жалпы білім беру мазмұнындағы білім
саласының бейнелеу принциптерін атауға болады. Автор оны «базалық
компоненттерді білім беру құрылымына бинарлы кірістiру» принципі деп
атады, себебі, әрбір білім саласы білім беру мазмұнында екі рет қайталанады.
Біріншіден, жеке пән ретінде, екіншіден, тұтас мектептік білім беру
мазмұнында «тура бағыт» ретінде қарастырылады. Информатика және
ақпараттық технология үшін мұндай принциптің маңызы үлкен, себебі олар
жеке оқу пәні ретінде де, бүкіл мектепті ақпараттандыру арқылы да
таратылады.
Информатиканың мектептік курсын таңдауда аталған принциптерді
қолдана отырып, әдетте диалектикалық қарама-қайшылықта болатын негізгі
факторлардың екі тобына тоқталайық:
1 Ғылымилығы және практикалығы. Информатика пәнінің мазмұны
информатика ғылымынан бастау алу керек (яғни, ғылымның қазіргі күйіне
қарсы келмейтіндей және әдістемелігі жағынан біртұтас болуы керек). Пәнді
оқыту нәтижесінде келешекте әртүрлі салаларда кәсіби қызмет атқара
алатындай деңгейде оқушыларды іргелі біліммен қамтамасыз ету керек
(практикалылығы).
2 Жалпыға бiрдейлiгi және жалпы білім беретіндігі. Оқу пәнінде
қамтылған материалдар оқушылардың көпшілігі меңгере алатындай болуы,
олардың ақыл-ойының даму деңгейіне және біліміне, біліктілігіне,
дағдыларына сай келетіндей болуы тиіс. Сонымен бiрге информатика курсы
информатика ғылымының тиісті бөлімдерінен, мейлiнше жалпы маңызды,
жалпы мәдениетті, жалпы білім беретін мәліметтерді қамтуы керек.
Қарапайым тілмен айтқанда, информатиканың мектептік курсы, бір
жағынан қазіргі заманғы ғылым мен практика талаптарына сай болуы