Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 443
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.5-сур. Бұлғақтар торабы: 1- басты бұлғақ; 2, 14 - саусақтар; 3, 10 - штифттер; 4 - бастиек; 5 – тіркемелі бұлғақтар; 6 – алынбалы қақпақ; 7 - төсем; 8 – қола төлке; 9 – майды беруге арналған арналар; 11, 12 - ішпектер; 13 – тоқтатқы бұрама; 15 – бұрамасұқпа; 16 – құлыпты тығырық
Басты бұлғақ екі бөліктен–штифтпен3және саусақпен14саусақпен2бір-бірімен қатты қосылған бұлғақтың 1 өзінен және ажырамалы бастиектен 4 орындалған. Бұлғақтардың жоғарғы бастиектеріне қола төлкелер 8 баспақталған. Алынбалы қақпақ 6 төрт бұрамасұқпамен 15 бастиекке 4 бекітілген, олардың сомындары құлыпты тығырықтармен 16 тоқтатылады. Басты бұлғақтың бастиегін 4 жонып өңдеуге баббитпен құйылған екі болат ішпек 11 және 12 орнатылған. Ішпектер штифтпен 10 керу және тоқтату есебінен бастиекте ұсталады. Біліктің мойны мен бұлғақ мойынтірегінің арасындағы саңылау төсемдермен 7 реттеледі. Арналар 9 бұлғақтардың жоғарғы бастиектеріне және піспекті саусақтарға майды беру үшін қызмет етеді.
Бұлғақтардың берілген жүйесінің негізгі артықшылығы иінді біліктің ішпектері мен бұлғақты мойындарының тозуының елеулі азаюы болып табылады, ол піспектерден күшті бастиек арқылы мойынның барлық бетіне бірден берумен қамтамасыз етіледі.
81
Піспектер lжәне5–құйылған шойын.Олар қалқымалы типті піспектісаусақтармен 13 бұлғақтардың жоғарғы бастиектеріне қосылады. Піспек саусақтарының осьтік жылжуының алдын алу үшін тоқтатқы сақиналармен жабдықталған. ТҚЦ піспекті саусақтары - болат, қуыс; ЖҚЦ піспекті саусақтары - тұтас. Әрбір піспекке төрт піспекті сақинадан орнатылған: екі жоғарғы - компрессиялық (тығыздағыш), екі төменгі – май сылғыш. Сақиналардың цилиндр айнасынан алынған майдың өтуі үшін радиалды ойықтары бар.
Ішкі арақабырғаның клапан қораптары екі қуысқа:сорушы В(3.6 -сур.)және қысып толтырушыға Н бөлінген. ТҚЦ клапан қорабында сорушы қуыс жағынан сорушы ауа сүзгісі 27 бекітілген, қысып толтырушы қуыс жағынан - тоңазытқыш 7. Клапан қорабы корпусының сыртқы жағынан қабырғалау бар және қақпақтармен З және 15 жабық. Қысып толтырушы қуысқа қысып толтырушы клапан 4 орналастырылған, ол таяныш 5 және кідіртпесомыны 1 бар бұрама 2 арқылы корпустағы ұяға қысылады. Сорушы қуыста сорушы клапан 8 мен айналмалы иінді білік кезінде бос жүріс режимінде компрессорды ауыстырып-қосу үшін қажетті түсіру құрылғысы орналасқан. Түсіру құрылғысы үш саусағы бар таянышты 9, өзекті 11, резеңке диаграмасы 14 бар піспекті және екі серіппені 10 және 12 қамтиды.
3.6-сур. КТ- 6 компрессорының клапан қорабы: 1- кідіртпесомын; 2 - бұрама; 3, 15 - қақпақтар; 4 – қысып толтырушы клапан; 5, 9 - таяныштар; 6 - корпус; 7, 18 - төсемдер; 8 - сорушы клапан; 10, 12 - серіппелер; 11 - өзек; 13
-
піспек; 14 - резеңке диафрагма; 16 - стақан; 17- асбест бау; В – сорушы қуыс; Н- қысып толтырушы қуыс
Клапандардың қақпағы 3мен ершіктер төсемдермен 7және18,алстақанның ернемегі 16 - асбест баумен 17 тығыздалған.
82
Сорушы және қысып толтырушы клапандар (3.7-сур.)ершіктен1,құрсамадан (таяныштан), үлкен клапан тілімнен 2, кіші клапан тілімнен 3, конустық таспалы серіппеден 4, бұрамасұқпадан 7 және тәжді сомыннан 6 тұрады. Ершіктің 1 шеңбері бойынша ауаның өтуі үшін терезенің екі қатары бар. Клапан тілімдердің қалыпты жүрісі 2,5...2,7 мм.
КТ-6 компрессорының түсіру құрылғылары келесі түрде жұмыс істейді: басты резервуардағы қысым 8,5 кгс/см2 жеткен кезде, қысым реттегіші ТҚЦ және ЖҚЦ клапан қораптарының түсіру құрылғыларының диагфрамасы 14 үстіндегі қуысқа резервуардан ауаның қолжетімділігін ашады. Бұл ретте піспек 13 төменге орналастырылады. Онымен бірге серіппе 10 қысылғаннан кейін сорушы клапанның ершігінен кіші және үлкен клапан тіліміндерін өзінің саусақтарымен қысатын таяныш та төмен түседі. Компрессор бос жүріс режиміне өтеді, ол кезде ЖҚЦ тоңазытқышта орналасқан ауаны соратын және сығатын болады, ал ТҚЦ атмосферадан ауаны соратын және оны ауа сүзгісі арқылы кері қарай шығаратын болады. Бұл басты резервуарда реттегіш реттелген 7,5 кгс/см2 қысым орнатылғанша жалғасатын болады. Бұл ретте қысым реттегіші атмосферамен диафрагма 14 үстіндегі қуысқа қатынастырады, серіппе 10 таянышты 9 жоғарыға көтереді және клапан тілімдері өзінің конустық серіппелерімен ершікке қысылады. Компрессор жұмыс режиміне өтеді.
3.7-сур. КТ-6 компрессорының сорушы (а) және қысып толтырушы (б) клапандары: 1-ершік; 2-үлкен клапан тілімдер; 3-кіші клапан тілімдер; 4-конуыстық таспалы серіппелер; 5-құрсама (таяныш); 6-тәжді сомындар; 7-бұрамасұқпа
КТ-6 компрессоры басты резервуарда белгілі қысымға жеткен кезде бос жүріс режиміне аударылмайды, қысым реттегішімен өшіріледі.
Компрессордың жұмысы процесінде сығу атыларының арасындағы ауа радиаторлық типті тоңазытқышта салқындатылады. Тоңазытқыш жоғарғы және екі төменгі коллекторлардан және екі радиаторлық секциялардан тұрады. Жоғарғы коллектор арақабырғалармен үш бөлікке бөлінген. Радиаторлар секциялары төсемдерде жоғарғы коллекторға бекітіледі. Әрбір секция екі ернемекте жез төлкелермен бірге шырайналдырылған 22 мыс
83
түтіктен тұрады. Түтіктерге жылу беру бетін ұлғайтуға арналған қабырға жасайтын жез таспалар оралған және дәнекерленген.
Тоңазытқыштағы қысымды шектеу үшін жоғарғы коллекторға 4,5 кгс/см2 қысымға реттелетін сақтандырғыш клапан орнатылған. Келтеқұбырлар ернемектерімен тоңазытқыш сығудың бірінші сатысының клапан қораптарына, ал ернемектермен 12 екінші сатының клапан қорабына бекітілген. Төменгі коллекторлар радиаторлық сециялар мен төменгі коллекторларды үрлеу үшін және онда жиналған май мен ылғалды жою үшін ағызу крандарымен жабдықталған.
ТҚЦ-де сығу кезінде қыздырылған ауа қысып толтырушы клапандар арқылы тоңазытқыштың келтеқұбырына түседі, ал ол жақтан жоғарғы коллектордың шеткі бөліктеріне түседі. Шеткі бөліктерден ауа әрбір радиаторлық секцияның 12 түтігі бойынша төменгі коллекторларға түседі, ол жақтан әрбір секцияның 10 түтігі бойынша жоғарғы коллектордың ортаңғы бөлігіне ағып өтеді, ол жақтан сорушы клапан арқылы ЖҚЦ-ге өтеді. Түтіктер бойынша өтіп, түтіктердің қабыырғалары арқылы сыртқы ауаға өзінің жылулығын беріп, ауа салқындатылады.
Бір ТҚЦ атмосферадан ауаны сору болып жатқанда, екінші ТҚЦ-де ауаны алдын ала сығу және оны тоңазытқышқа қысып толтыру орындалады. Осы уақытта ЖҚЦ-де басты резервуарға ауаны қысып толтыру процесі аяқталады.
Тоңазытқыш пен цилиндрлер желдеткішпен 26 үрленеді, оған кронштейнде 29 орнатылған және компрессор жетегінің муфтасына орнатылған тегершіктен сына белдікпен айналуға келтіріледі. Белдікті керу бұранмен 28 жүзеге асырылады.
Атмосферамен компрессор корпусының ішкі қуысын қатынастыру сапун 3 арқылы жүзеге асырылады, ол компрессордың жұмыс істеуі кезінде картердегі ауаның артық қысымын жою үшін арналады.
Сапун (3.8-сур)корпустан1және екі тордан2тұрады,олардыңарасында кергіш серіппе 3 орнатылған және жылқы қылынан немесе капрон жіптен жасалған нығарлау орналастырылған. Жоғарғы тордың үстіне тығырықтары 4, 6 және төлкесі 7 бар тебіскі төсем орнатылған. Бұрамасұқапаға 10 шплинтпен 11 серіппенің 9 таяныш тығырығы 8 бекітілген.
Компрессор картерінде қысым жоғарылаған кезде, мысалы компрессиялық сақиналармен ауаның өткізілуіне байланысты, ауа сапунның нығарлау қабаты арқылы өтеді және тығырықтары 4 пен 6 және төлкесі 7 бар тебіскі төсемді жоғарыға орналастырады. Серіппе 9 бұл ретте сығылған болады. Сығылған ауа компрессор картерінен атмосфераға шығады. Картерде сейілту пайда болған кезде серіппе 9 картерге атмосферадан ауаның түсуіне жол бермей, төсемнің 5 төменге жылжуын қамтамасыз етеді.
84
Компрессордың бөлшектері құрама тәсілмен майланады. Май сорғысымен 20 жасалатын қысыммен май иіндік біліктің бұлғақты мойнына, тіркемелі бұлғақтардың саусақтарына және піспекті саусақтарға беріледі.
3.8-сур. Сапун: 1-корпус; 2-тор; 3-кергіш серіппе; 4, 6-тығырықтар; 5-төсем; 7-төлке; 8-таяныш тығырық; 9-серіппе; 10-бұрамасұқпа; 11-шплинт
Қалған бөлшектер қарсы салмақ майын себумен және иінді біліктің қосымша теңгергіштерімен майланады. Май үшін резервуар болып компрессордың картері қызмет етеді. Май тығын 9 арқылы картерге құйылады, ал оның деңгейі майкөрсеткішпен (сүңгішпен) 8 өлшенеді. Майдың деңгейі майкөрсеткіштің сызықіздері арасында болуға тиіс. Май сорғысына түсетін майды тазарту үшін картерде май сүзгісі 25 қарастырылған.
Май сорғысы (3.9-сур.)иінді біліктен іске қосылады,оның қапталындатөлкені баспақтау және оған білікшенің 4 сағағын орнату үшін квадратты саңылау мөр басылды. Май сорғысы қақпақтан 1, корпустан 2 және төрт бұрамасұқпамен 12 қосылған ернемектен 3 тұрады. Қақпақ 1, корпус 2 және ернемек 3 екі штифтпен 11 орталықтандырылады. Білікшенің 4 екі ойығы бар дискісі бар, оларға серіппесі 5 бар екі қалақша салынған. Шағын эксцентриситеттің арқасында сорғының корпусы мен білікшенің дискісі арасында орақ тәрізді қуыс пайда болады.
Қалақтың иінді білігінің айналуы кезінде ортадан тепкіш күштің есебінен серіппемен 5 корпустың қабырғаларына қысылады. Май келтеқосқыш А арқылы картерден сорылады және қалақтармен қапсырылатын сорғының корпусына түседі. Майды сығу қалақтардың
85
айналуы процесінде орақ тәрізді қуыстың азаюы салдарынан болады. Арна С бойынша сығылған май компрессордың мойынтіректеріне қысып толтырылады.
а) б)
3.9-сур. Майлы сорғы : 1-қақпақ; 2-сорғының корпусы; 3 -ернемек; 4-білікше; 5, 9-серіппелер; 6-қалақ; 7- редукциялық клапанның корпусы; 8-шарлы типті клапан; 10 -реттегіш бұрама; И -штифт; 12-бұрамасұқпа; А, В-келтеқосқыштар; С-арна
Келтеқосқышқа В манометрден түтік қосылған. Құбыр жолындағы майдың лүпілдеуші берісіне байланысты манометр 12 тілінің тербелесін тегістеу үшін сорғы мен манометр арасында диаметрі 0,5 мм саңылауы бар келтеқосқыш орналастырылды , көлемі 0,25 л бак 77 және манометрді өшіруге арналған ажыратылған кран орнатылды.
Қақпаққа 1 бұрап кіргізілген редукциялық клапан иінді біліктің айлану жиілігіне байланысты компрессордың бұлғақты механизміне майды беруді реттеу, сондай-ақ картерге майдың артығын төгу үшін қызмет етеді. Редукциялық клапанның корпусына 1 шарлы типті клапанның 8 өзі , серіппе 9 және кідіртпесомыны бар реттегіш бұрама 10 және сақтандырғыш қалпақша орналастырылған.
Иінді біліктің айналу жиілігін арттыру шамасы бойынша күш өседі, онымен клапан ортадан тепкіш күштің әсерімен ершікке қысылады және, демек, клапанды 8 ашу үшін майдың үлкен қысымы талап етіледі.
Иінді біліктің айналу жиілігі кезінде 400 ай/мин майдың қысымы кемінде 1,5 кгс/см2 болуға тиіс.
КТ-6 компрессорының клапан қораптарында түсіру құрылғылары жоқ, өйткені ол бос жүріс режиміне аударылмайды, тоқтайды. Бұл компрессорда май манометрі тілінің лүпілін өшіруге арналған резервуар қажет емес,
86
өйткені компрессордың иінді білігінің және май сорғысы білікшесінің айналуының салыстырмалы төмен жиілігі тілдің елеулі лүпілін бермейді, ал компрессордың дірілі біліктің айналуының ондай жиілігі кезінде іс жүзінде жоқ.
3.10-сур. ПК35 компрессоры