Файл: 1. Болжамды диагнозды табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 166

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, тексеру жатады.

Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алгашкы 3 кун iшiнде ошақта эпидемиологиялық тексеру, алғашкы дезинфекция жүргізіп, эпидемиологиялық тексерудін картасы (330-у) толтырылады.

Ошақты алғаш аралағанда науқасты және онын жанұя мүшелерінің деке куәліктерінің мәліметтерін анықтау өте маңызды. Науқас әртүрлі жерлерде тұратын болса немесе тіркелеген болса, кезекті жүргізілетін шаралардың мәселесі толығымен мекен- жайларды толығымен аралағаннан кейін ғана шешіледі.

Медицина қызметкерлері ошақты толығымен тексергеннен кейін, науқастың жанұя мүшелерінің тазадық, әлеуметтік және басқада өмір жағдайларын ескере отырып, сауықтыру шараларының жобасын құрады.

Ошақты тексергеннен кейін оны сауықтырудың жобасын құрады.

Ошақты сауықтыру жобасына кіретіндер:

1. наукасты окшаулап емдеу:

2. балалар мен жасөспірімдерге нұскау бойынша алдын алулар жүргізу

3. наукасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету;

4. катынаста болған жандарды тексеру;

5. ересек катынаста болғандар мен науқастарға iндетке карсы срежелерді үйрету және алдынгы кезекте дезинфекция шараларын жүргізу

Наукаска «Туберкулезге карсы мекеменiң диспансерлік аймағының картасы» - ТБ 16 форма атты медициналык карта толтырылады.

Дәрігер туберкулез инфекциялық ауруының ошағы жөніндегі мәліметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргізілетін шаралардын мәліметтерін аймақтық медбикенің картасына (No93 формасы) тiркеуi кажет.

Ошақтағы күнделікті дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлуші науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргізіледі. Бұл шаралар санитарлык эпидемиологиялық жүйенi жобалау мен емдеу, мал дәрiгерлiк негiзде жүргізіледі.

Ошақта жүргізілетін шаралар:

1. күнделiктi дезинфекция; балаларды оқшаулау, онын iшiнде жана туылған нәрестелердi;

2. қатынаста болғандарды тексеру;

3. наукасты, жанұя мүшелерiң жеке бастың тазалығына үйрету;

4. тұрмыстағы санитарлық-гигиеналык жағдайды жаксарту;

5. емханалық негiздегi науқастың емiн және катынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдын алуды бақылау.

29. 27 жастағы саяхатшы оңтүстік батыс сапарынан Мэндегі үйіне оралады. Оралғаннан кейін 3 күннен кейін ол жедел жәрдем бөліміне дене қызуымен, қалтыраумен, терінің пурпурасымен, шап лимфа түйіндерінің бубон түрінде ұлғаюымен түседі

1.Болжамды диагнозды табыңыз;Оба

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі. Оба ауруының негізгі инфекция көзі - кеміргіштер, өкпелік түрінде - наукас адам, үй жануарларынан - түйе, мысык Табиғи ошақтарда обаның негізгі таратушылары: сарышұнак, сұртышқан, кұмтышқан, тарбаған және қоянтәрізділер. Синантропты, антропургиялық ошақтарда: сұр және қара атжалмандар. Берілу механизмдері:

1. Трансмиссивті механизм - бүргелердің шағуы аркылы. Қан сорған бүргенің асқазанында қоздырғыштар тез көбейеді, жиналып оба блогы-тығыншық пайда болады. Аш бүрге қайта-қайта басқа кеміргіштерді шаққан кезде, қанға толған асқазаннан қоздырғыштарды лоқсу арқылы шаққан жеріне түсіреді, ауру таратады.

2. Жанасу механизмі - ауру кеміргіштің, түйенің терісін сылу, етін, жүнін өңдеу кезінде жұғады.

3. Аэрогендік механизм - ауа-тамшы жолымен обаның өкпелік түрі жұғады, эпидемия түрінде таралып кету қауіпі өте жоғары.

Берілу жолы - алиментарлы тағамдар арқылы, дұрыс термиялық өңделмеген түйе, кояндардың етінен жұғады. Аурудан кейін тұрақты иммунитетсақталады.

Обаның эпидемиологиялық ерекшеліктері. Обаның табиғи ошақтары шөлді, шөлейтті, далалы аймақтарда кездеседі. Табиғи ошақтар Қазақстанда, Орта Азияда, Африка, Америкада кездеседі. Жер шарының 6-7% жері обанын табиғи ошақтары, сондықтан «әр уақытта обаның өршу қауіп сақталады» - деп тұжырымдайды ДДҰ мамандары. Қазақстанның 40% жері обаның табиғи ошағына жатады, Онтүстік Қазақстан облысында обаның табиғи ошақтары Қызылқұм, Байырқұм аймағында бар.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу түрде обаға қарсы вакцина егілуі қажет:

1. Табиғи ошақ тұрғындарына

2. Табиғи ошаққа жаңадан келгендерге (геологтар, кеншілер)

3. Тірі дақылымен жұмыс істейтіндерге.

Обаға тірі, құрғақ вакцина тері астына, ішіне, үстіне егіледі, қайта егу жыл сайын. Адамдардың обамен наукастануы немесе оған күдікті жағдайлар туралы шұғыл хабарлама арнайы үлгідегі схема бойынша беріледі. Емдеу мекемесі аудандық СЭҚБ және обаға қарсы күрес мекемесі (1 сағат) Облыстык СЭКД жэне Денсаулық сақтау басқармасы (2с) Республикалык СЭС жэне МСЭҚК (3с). Оба ошағында ауру мен күдіктілерді ерте анықтау, арнайы палатаға немесе бокстарға міндетті түрде оқшауландыру. Ошақта әрбір үйді аралау арқылы аурулар мен күдіктілерді ерте анықтау үшін күніне 3 рет дене қызуын өлшеу, Обаға күдікті симптомдары анықталған адамдарды провизорлық мақсатта ауруханаға жатқызу. Аурумен, аурудың заттарымен, мәйітпен қатынаста болғандарды 6 күн медициналык бақылауға алу. Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру.Күнделікті жэне қорытынды дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау.Медицина қызметкерлері ошақта жеке бас гигиенасын сақтап, типтегі обаға қарсы киімді киюі кажет.Обаға қарсы киімнің құрамына кіреді:

комбинезон немесе пижама, шұлық, резеңкелі етік, орамал немесе қалпак, хирургиялық халат, мақта- маталы бетперде, көзілдірік, резеңкелі қолғап, сүлгі.
30. жол көлік апатынан кейін 20 жастағы ер адам оң қолдың сынуымен аурухаға түскен. Сынық маңында эритематозды ауырсынатын ісіктің пайда болуына байланысты жараны тез арады хирургиялық тазарту үшін жеткізілді. Сынық маңындағы ашық жара ылғалданған, жақын тіндер пальпациясы кезінде жырылу сезімін тудырады. Жарадан шыққан эксудаттың жағымсыз иісі бар.

1.Болжамды диагнозды табыңыз;Газды гангрена

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі және таратушы фактор спорамен залалданған қоршаған орта объектілері, әсіресе топырақ.

Беріліс механизмі - жанасу - түрлі жарақат кезінде әсіресе асептикалық жағдайда жасалған ота, қан алу, ауруханада көк тамырға қан және түрлі ерітінділер, дәрі-дәрмектер құю, босану кезінде жұғады.Инкубациялық кезеңі - 5 күн. Белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, жергілікті өзгерістер, некроз. Алғашқыда жара қаттыауырады, ісінеді, пульс жиілейді. Өлім-жітім 50-60%.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алуы:

1. Жараны уақытылы және дұрыс хирургиялық өңдеу негізгі шара болып табылады.

2. Алдын алу мақсатында антитоксикалық сарысу 10000 МЕ егу.

3. Бактериофаг + 0,5% новокаин жараға егу.

4. Антибиотикпен емдеу

31. Анасы 12 жасар баласын жедел жəрдем бөлімшесіне алып келді. Бала дұрыс тамақтанбайды, жиі құсу, енжар көрінеді, бұлшықет тонусы əлсіз. Баланың температурасы жоқ. Анасы жақында баласының консервіленген қияр жегенін айтты. Бұл консервіленген тағамды отбасында басқа ешкім пайдаланбаған. Диагноз анықтау үшін асқазан шайынды суын, құсық, нәжіс бактериологилық зерттеуге алынды.

1.Болжамды диагнозды табыңыз; Ботулизм

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі. Ботулизмнің қоздырғыштары жылы қанды жануарлардың, адамның ішегінде кездеседі, топырақта 9-33% зерттеулерде табылған.

Беріліс механизмі-нәжіс-ауыздық, таралуы алиментарлы жомен. Соңғы жылдары ботулизм көбіне үйде дайындалған консервіленген (саңырауқұлақ, баклажан, қияр), ет балық тағамдарымен байланысты. Тамақ өнімдеріне қоздырғыштар топырақ арқылы түседі. Тағамның органолептикалық өасиеттері өзгермеуі де мүмкін.


Иммунитет

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

Негізгі алдын алу шаралар тамақ өнімдерін ластанудан сақтандыруға, қоздырғыштарды жоюға бағытталады. Консервілеуге арналған жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды топырақтан жақсылап тазарту, ет, балық өнімдерін ластанудан сақтау қажет. Тағамдарды жоғары қысымда және 120/C температурада залалсыздау ботулизмнен сақтандырады. Консервілеу барысында тұздың мөлшері 10% кем болмауы, сірке қышқылы 2% кем болмауы қажет. Консервілер төмен температурада сақталу қажет. Ет, балық, саңырауқұлақтар, жерде өсетін өсімдіктерді үй жағдайында консервілеуге болмайды. Күдікті тағамдарды 3-4см бөлшектеп, 100/C градус температурада 1 сағат қайнату қажет.

Ботулизм ошағында атқарылатын шаралар. Науқас және күдіктілер ауырлығына қарай инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызылады. Науқастың асқазанын шайып, патогенетикалық емдеу жасау керек. Арнайы ем ретінде А, С, Е типтеріне 10 000 МЕ В типтеріне поливалентті антитоксикалық сарысу егіледі. Токсиннің типін ақ тышқандарға биологиялық сынама жасау арқылы анықтайды, анықталған типіне сәйкес, тек сол т.ріне антитоксикалық сарысу егіледі. Белсенді иммунитет пайда болуы үшін антитоксикалық сарысумен қатар ботулизмнің әр типіне

0,5 мл анатоксин 3 рет, аралығы 3-5 к.нде егіледі.

Науқаспен бірге күдікті тағамды жегендерге алдын алу мақсатпен әр типке 1000 немесе 2000 МЕ антитоксикалық сарысу егіледі.

Аурудың себебін анықтау үшін науқастың асқазан шайынды суын, құсық, нәжіс, қанын бактериологиялық әдіспен зерттеу қажет.

Ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында күдікті тағамды анықтау, тағамның ластану себебін анықтау және бірге тамақтанған адамдарды анықтап, медициналық бақылауға алу қажет. Күдікті тағамдарды зертханалық зерттеуге стерильденген ыдысқа алу қажет, тағамдар жоқ болса ыдыстардан жұғынды алынады. Күдікті тағамды қолдануға тиым салынады.

Бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағам жегендерін, қандай мөлшерде, қандай уақытта жегендігін, тағамды кім, қашан дайындағандығын, қалай сақталғанын қай жерден алынғанын сұрастыру керек.
32. 4 жасар науқасты клиникалық тексеруден өткізуде дәрігер температураның аздап жоғарылағанын, құлақ аймағындағы, тіласты лимфа түйіндерінің және жақ асты сілекей бездерінің үлкеюін байқады. Науқастың сілекейінен вирусолог вирусты бөліп алды, вирус тауық ұрығында көбейеді, гемагглютинациялық қасиетке ие және жасуша дақылында симпластар түзеді. Баланың отбасының үйі жоқ, сондықтан өз уақытында міндетті түрдегі екпелерді алмаған. Дәрігер баланың суретте көрсетілген вирусты жұқтырғанына күдіктенеді.


1.Болжамды диагнозды табыңыз; Паротитті инфекция

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі- ауру адам. Жұқпалы кезең инкубациялық кезеңнің соңғы 4-6 күннен бастап аурудың қызу кезеңінде жәнетаурудың 6-9 күніне дейін жалғасады. Сонымен науқас адам барлығы 13-15 күн жұқпалы болады.

Беріліс механизмі- аспирациялық. Берілу жолы ауа-тамшы.

Иммунитет- тұрақты, қайта ауру кездеспейді. Қабылдағыштық өте жоғары.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

ДСМ<<ҚР қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит ауруларымен сырқаттанушылығын эпидемиологиялық қадағалауды күшейту>> бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Науқасты ауруханаға жатқызу аурудың клиникалық белгілеріне және эмидемиологиялық көрсеткішке сәйкес жасалады. Науқас адам көбіне үйінде жекешелендіріледі. Ошақта 10 жасқа дейін бұрын эпидемиологиялық паротитпен ауырмаған, егулерін алмаған қатынаста болған балалар 21 күнге медициналық бақылауға алынады, үйінде жекешеленеді, бала-бақша және мектепке жіберілмейді.

Балалар мекемелеріне 21 карантин беріледі, жаңадан балаларды қабылдауға, басқа топтан топқа ауыстыруға тыйым салынады. Топтағы вакцинация егілмеген және бұрын ауырмаған балалар медициналық бақылауға алынады. 21 күн медициналық бақылау барысында қатынаста болған балалардың дене қызуын күнделікті өлшеу, бадамша бездерін тексеру қажет.

Дезинфекция жасалмайды, бөлмені жиі желдету, ылғалды жинау қажет.

Барлық қатынаста болғандардың Ф. №63 егу картасын тексеріп, ішінде бұрын ауырмағандарға, вакцина егілмегендерге вакцина егіледі. Вакцина 1рет егілгендерге жіне соңғы егіден кейін 7 жылдан астам уақыт өткен жағдайда қосымша вакцина егі жасалады.
33. Бір апта бұрын 28 жастағы әйел кесір тілігімен босанды. 8 күн өткен соң шүйде,арқа,іш бұлшықеттерінің ширығуына шағымданған. Аурудың 3 күні барлық бұлшықет топтары тоникалық түрде керілген. Тексеру кезінде температура 38.9 градусқа көтерілген. Ақыл есі бүтін. Пульс минутына 112 рет , АҚ 120/80 мм с.б. ауызын әзер ашады, тілі ылғалды, 15-20 мин сайын құрұсулар болады.

1.Болжамды диагнозды табыңыз; Сіреспе

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі- жануарлар, кеміргіштер, құстар мен адам.

Сіреспенің қоздырғыштары үй жануарларының және адам ішегінде кездеседі, бірақ ауру тудырмайды, себебі токсиндер зақымдалмаған ішек қабығы арқылы денеге ене алмайды. Нәжіспен топыраққа түсіп, онда споралы түріне айналады, ұзақ уақыт сақталады. Жазғы мезгілде қолайлы жағдайда споралар вегетативті түріне айналып топырақта көбейеді, сондықтан сапронозды инфекциялар қатарына жатқызуға болады.