ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 170
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қабылдағыштық: адамнан адамға жұқпайды, науқас адам эпид.тұрғыдан қауіпсіз. Көбіне жаңа туылған нәрестелер мен 60-тан аскандарауырады. Қабылдағыштық өте жоғары, әсіресе жарақаттану көлемі үлкен болса.Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі- 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 3-14 күн.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
Алдын алуы- белсенді және енжар иммунизация.Белсенді егу жоспарлы түрде егу күнтізбесіне сәйкес жасалады:
-АКДС вакцинасы-2,3,4, айда егіледі, қайта егу-18 айда
-АДС вакцинасы- 6-7 жаста. 16-17 жаста егіледі
Жарақат алған жағдайда алғашқы хирургиялық көмекпен қатар тқтенше, шұғыл алдын алуы жүргізіледі:
1. Жара хирургиялық өңдеген соң жараның жан жағына 3000- 10000 МЕ сіреспеге антитоксикалық сарысу егіледі.
2. Бұлшық етке 50 000-100 000 МЕ сіреспеге ПСС-антитоксикалық сарысу егіледі. Адамның қанынан жасалған иммундыглобулин ПСЧИ 900 МЕ 6мл егіледі.
Шұғыл иммунды алдын алу ДСМ бұйрығына сәйкес, алдыңғы сіреспеге алған жоспарлы егулеріне сәйкес жасалады:
a)шұғыл ревакцинация - АС-анатоксин немесе АДС-анатоксин;
б)белсенді-енжар иммунизация - АС-анатоксин + ПСС немесе ПСЧИ.
ПСЧИ-адамның қанынан жасалған сіреспеге сарысу - 250 MЕ егіледі. ПСС-жылқының қанынан жасалған сіреспеге сарысу - 3000 МЕ Безредко әдісімен егіледі. ПСС егу алдында сынама жасалады, 1:100 есе ерітілген сарысудың 0,1 мл тері ішіне егеді, 15 мин. кейін ешқандай өзгерістер байқалмаса 0,1 мл ерітілмеген сарысуды егеді, 30 мин. Кейін сынама теріс болса қалған мөлшерін енгізеді. Сіреспеге егулер №63 үлгідегі «Алдын алу егу картасына» сәйкес алдыңғы егулеріне қарап егіледі, егілген дәрмектің атауы, сериясы, мөлшері аурудың жеке картасына жазылады.
26. 2 сынып оқушысы емханаға жалпы әлсіздік, тәбетінің болмауы, дене температурасының 37.5-38 градусқа дейін көтерілген шағымымен келген. Баланы қарау кезінде денеде папула түріндегі бөртпенің бар екендігі байқалған. Бұл бөртпелер бірінші күнде тек қызарған түрде болған. Сыныпта 24 бала бар. Ауырған бала жағдайына қарамастан 3 күн сабаққа барған. Отбасында екі ағасы және 3 жасар қарындасы бар.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;Желшешек
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі тек ауру адам. Науқас адам инкубациялық кезеңнің соңғы күнінен бастап бөртпелер шыққаннан кейін 5 күнге дейін жұқпалы болады. Герпес вирусымен ауыратын адамдар да жұқпалы болуы мүмкін.
Беріліс механизмі - аэрогенді. Берілу жолы - ауа-тамшы. Қабылдағыштық өте жоғары. Иммунитет тұрақты, өмір бойы сақталады.
Эпидемиологиялықерекшеліктері:
-желшешек барлық жерде бірдей таралған ауру;
-балаларда желшешек түрінде, үлкендерде теміреткі түрінде өтеді;
-көбіне 2 - 7 жас аралығындағы балалар және 1-4 сынып оқушылары ауырады;
-15 жасқа дейін халықтың 70-90% ауырып үлгереді, 15 жастан кейін өте сирек кездеседі;
-күз-қысайларында жиі таралады;
-балалар мекемелерінде эпидемиялық өршу түрінде таралады.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Желшешек ауруы көбіне ұйымдасқан мекемелерде таралатын болғандықтан, бала бақшада күнделікті балаларды қабылдау кезінде бөртпелерге қарсы тексеріп, ата-анасынан сұрастыру қажет. Ауруға күдікті болған жағдайда бала үйіне қайтарылады немесе уақытшы изоляторға оқшауландырылады. Бала бақшада карантин 21 күнге беріледі. Медициналық бақылау барысында қатынаста болғандардың күнделікті дене қызуын өлшеу, терісін бөртпелерге тексеруқажет. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, таралу жолдарын және аурумен қатынаста болған адамдарды анықтау қажет. Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалық жәнеэпидемиологиялық қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. Ауру үйінде жекешелендірілсе бөртпелер шыққаннан 5 күннен кейін жекешелеу мерзімі аяқталады. Егер аурумен қатынаста болғандар арасында 7 жасқа толмаған бұрын ауырмаған балалар болса, оларды 21 күнге үйінде қалдыру қажет. Егер аурумен қатынасқан уақыт дәл белгілі болса, қатынаста болғандарды жекешелеу 11 күннен бастап 21- ші күнге дейін созылады. Шұғыл алдын алуы ретінде паротитпен бұрын ауырмаған, әлсіз балаларға гаммаглобулин беріледі. Желшешек ошағында дезинфекция жасалмайды, бөлмені жиі желдетіпылғалды жинау қажет. Әлемде желшешекке қарсы вакцина қолданылады, бірақ Қазақстанда вакцина әлі қолданылмайды.
27. К.есімді науқас, 46жаста, жүргізуші, поликлиникаға екінші рет 23.04 күні келіп, оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданды. 2апта бұрын әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде ірі буындарында ауырсынуды байқап, поликлиникаға келіп, бруфен қабылдаған. Буындарында ауырсыну азайып, бірақ қайта пайда болған. Зәрі қарайып, 19.04 күні склерасының сарғаюын байқаған. жағдайы нашарлап, тәбеті жоғалып, дене температурасы жоғарылап, екі рет құсқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі және шырышы шамалы сарғайған, буын бөлігі өзгермеген, тілі жабылған, бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. көкбауыры перкуторлы ұлғайған. Пульсі минутына 56 соққы, жүрек тондары естілмейді. Өкпесінде сырыл жоқ. Зәрі «сыра» тәрізді, нәжісі түссіз. Басы ауырады, ұйқысы нашар. Эпиданамнезінде – қаңтарда оң жақ бүйрегінде кистаны алып, операция жасаған.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;Гепатит В
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі жіті, созылмалы түріндегі ауру адам және вирус тасымалдаушы. Созылмалы вирус тасымалдаушы өмір бойы жұқпалы болады, ауруды жұқтыру үшін 10 мл. қанның қалдықтары жеткілікті. Инкубациялық кезеңі орташа 60-90 күн (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін.)
Беріліс механизмі парентералдық- қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен қоса жүретін манипуляциялар, шағын жарақаттар және тұрмыстық жанасу арқылы жұғады.
-
Жасанды жолмен жұқтыру жолдары:
-Қан және қан препараттарын құю.
-Емдеу-диагностикалық емшара (гинекологиялық, хирургиялық,
-стоматологиялық, диагностикалық).
-Инемен емдеу.
-Татуировка, құлақтесу
.2) Табиғи жолмен жұқтыру жолдары:
-
Жыныстық қатынас. -
Тұрмыстық заттар - тіс щеткасы, қырыну және маникюр заттары, тарақ, ысқыш - шағын жарақаттар арқылы. -
Жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан өту кезінде. -
Кәсіптік қатынас- қан және қан препараттарымен жұмыс істегенде.
Вирусты В гепатитімен жиі қан құйдыратындар, донорлар, нашақорлар, гомосексуалисттер, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері (хирург, гинеколог, зертханашы) ауырады. Хирургиялық ота жасау және манипуляцияларға қатысатын медицина қызметкерлерінде қандағы В және С гепатиттері вирустарының репликациясын растайтын ПТР зерттеудің оң нәтижелері анықталса, жұмысқа жіберілмейді
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. ВГВ-ға вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалы гепатиттерді қоса алғанда В және Д гепатиттерінің барлық түрлерінің алдын алу. ВГВ-ға моноваленттік вакцина құтыларда сұйық түрінде, тек ВГВ-дан ғана қорғайтын бір мөлшерлі немесе бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады, ВГВ-ға поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен комбинацияда (АКДС-пен немесе гемофильдік инфекцияға вакцинамен бірге) шығарылады. Алдын алу:
-
науқас адам клиникалық жағдайына сәйкес ауруханаға жатқызылады; -
ВГВ ауруын ВГА ауруымен бір палатаға жатқызуға болмайды; -
ВГВ ауруы басқа аурулармен бірге емделуге, тексерілуге жіберілмейді, бөлек қабылданады, қолданған құралдарын бөлек залалсыздау қажет; -
жеке бас гигиенасын сақтау; -
қырыну және маникюр құралдарын, щеткаларын жеке, бөлек сақтау, залалсыздау; -
механикалық контрацептивтер қолдану; -
санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу; -
реконвалесценттерді диспансерлік бақылау клиникалық көрсеткіштер бойынша гепатологиялық орталықтарда немесе аумақтық емханалардың инфекциялықаурулар кабинеттерінде б ай жүргізіледі; -
есептен шығару клиникалық белгілер болмаған кезде жүргізіледі.
28. науқас 50 жаста, диабетпен ауырады, темекі шегеді. Жедел жәрдем бөліміне дене температурасы көтеріліп, қалтыраумен түскен, соңғы бірнеше аптада салмақ жоғалтқан. Жөтел қақырықпен және кеуде қуысының рентгенограмасында ауамен толтырылған қуыстар көрінеді. Арнайы қорғаныш шараларын қолдана отырып , аурухана қызметкерлері бояу үшін қақырық сынамаларын жинайды.
1.Болжамды диагнозды табыңыз; Туберкулез
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Эпидемиялык процеске сипаттама. Инфекция көзi- өкпелік түрiндегi науқас адам. Эпидемиологиялық тұрғыдан туберкулез таяқшаларын бөлетiн бацилярлы түріндегі ауру аса қауіпті болып саналады, жетелгенде 1 мл қақырыкпен 100.000 микобактериялар шығарылады. Қоздырғышты шығару көлемі инфекциялық процестін белсендiлiгiне және емдеудiң тиiмдiлiгiне байланысты. Инфекция кезі ретінде үй жануарлары болуы мүмкін, әсіресе ірі кара малдар. Сиректеу инфекция көзі ретінде туйелер, ешкілер, шошқалар, үй кұстары болуы мүмкін. Әсіресе сиырлардың желiн туберкулезі кауіпті - 1мл сиырдың сүтінде бірнеше миллион микроб жасушалары болуы мүмкін. Сүтпен катар туберкулез таякшалары ауру малдын қанында, егiнде және баска мушелерiнде кездеседі.
Берiлiс механизмі- аспирациялы, аэрогендi. Берiлу жолдары: ауа-тамшы, ауа-шан (64-сурет), тұрмыстық-жанасу, алиментарлы. Негiзiнен аэрогендi механизммен, ауа-тамшы, ауыз -шаң жолдары арқылы жұғады. ДДҰ мәлiметiне сәйкес туберкулез ауруы жылына 40 адамга инфекция таратады, оның 10 туберкулезбен ауырады. Туберкулез таякшалары сырткы ортада тезiмдi болғандықтан жанасу және тұрмыста қолданатын заттармен, ыдыс-аяқтар, сүлгi, тесек жабдықтары, кітаптар аркылы таралуына мүмкiндiк туындайды.
Иммунитет. Туберкулезге инфекциялык иммунитет клиникалык белгiлерi болмай пайда болады, бірақ қоздырғыш көп мөлшерде болғанда аурудан сақтандыра алмайды. Организмде қоздырғыштары болса оны арнайы аллергиялык (Манту) сынама аркылы айқындауға болады. Жұқтырған организмде аллерген енгiзiлген жерде қабыну процесі пайда болады-оң нәтиже береді.
Туберкулездiң инкубациялык кезенi 3-12 апта.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз
Туберкулезді арнайы алдын алу.
Арнайы иммунизацияның максаты - балаларды сактандыру.
Туберкулез вакцинасының (БЦЖ) кұрамында микобактериялардық авирулентті штамдары бар. Ондай штамды А.Кальмет және К.Герен iрi кара малдардын микобактерияларынан алған. Вакцина натрий глютаминінің 1,5% ерiтiндiсiнде құрғатылган. Бiр ампулада препараттың 20 дозасы болады. Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінін 0,9% ерітіндісімен сұйылтады. Нәрестелерге вакциналауды туылганнан кейiнгi төртiншi күнге дейiн педиатрдың тексеруiнен соң таңертен егу белмесiнде жүргiзедi. Медициналық қарсы көрсеткіштер (егу жүргiзуге болмайтын жағдайлар): шала туылу (салмағы 1500 грамнан кем немесе бала көтерген уакыты 33 апта), жанұясында тұкым куалаушылық иммундытапшылық болуы. БЦЖ-мен кайталап егу (ревакцинация) 6-7 жаста жүргізіледі. Қарсы көрсеткіштері: бұрын туберкулезбен ауырғаны, БЦЖ-ның бiрiншi мөлшерiне тыртықша пайда болуы, АИТВ инфекциясы. Егуден кейiн асқынулар сирек болады. Әдетте,ондайлар егу техникасын бұзғанда және вакцина ерi астына түскенде пайда болады (терi астының iрiндеуі,ойық жара пайда болу, бездерiнiн ісінуі).
Егу әдісі, мөлшері: Алғашкы егу жаңа туылған балаларга 0-4 күні, қайта егу 6-7 жаста жүргiзiледi. Егу арнайы егу бөлмесiнде жасалады. Егу бөлмесінде мұздатқыш, термоконтейнер, 1 рет қолданатын туберкулин шприцтерi, егу материалдары болуы керек. Егулер дәрігер педиатрдың мұқият тексеруiнен кейiн жасалады. Егуден кейiн медбике егілген вакцина туралы мәлiметтi (серия, мөлшерi, сакталу мерзiмi, егу мерзiмi) жана туылған баланың картасына және баланың егу куәлiгiне жазады.
БЦЖ вакцинасы терi iшiне сол иыктың сырткы орта аймағына егiледi. Жана туылған балаларға 0,05мл, 1 жастан жоғары балаларга 0,1 мл. (Ресейде шығарылган вакцина тек 0,1 мл көлемінде салынады). Ревакцинация 6-7 жаста Манту сынамасы нәйкес жасалады. Ревакцинация 1 сынып оқушыларына, жана оқу жылының алғашқы айында мектепке жасалады. Манту сынамасы және БЦЖ вакцинасын егу аралығы 3 күннен кем емес, бiрақ 2 аптадан аспауы керек.
Егер БЦЖ вакцинасы босану үйінде жасалмай калса, 2 ай ішінде емханада жасалуы тиіс, Манту сынамасынсыз. 2 айдан кейiн БЦЖ вакцинасын егу алдында Манту сынамасы жасалуы керек.
Егер 1 жасқа дейінгі балаларда БЦЖ вакцинасын егу белгілері болмаса, 6 айдан кейін кайта егу керек (Мантусыз). 1 жастан үлкен баларға кайта егу алдында Манту сынамасы жасалады.
БЦЖ вакцинасы карангы жерде сақталады. БЦЖ вакцинасы ерітілгеннен кейін 6 сагат iшiнде қолданылуы тиiс. 6 сағаттан кейін вакцина қалдықтары 30 минут қайнату немесе 2% кальций гипохлориді ерітіндісіне 2 сағатқа батыру арқылы залалсызданады.
Вакцинаны колдануға болмайды, егер:
1. ампула сыртында жапсырмасы болмаса немесе жазулары анык көрінбесе.
2. қолдану мерзiмi етiп кетсе;
3. физикалык касиеттері өзгерсе (түсi, түрi, кұрамы өзгерсе);
4. бөгде заттар болса немесе толық ерiтiлмесе. Вакцина салынган жерді байлауға, йод ерiтiндiсiн жағуға болмайды. Егу салынган жерде 5-10мм ортасында түйiн қабықшасы бар арнайы инфильтрат пайда болады.
Егуден кейінгі асқынулар:
1. Тері астындағы сулы абцесс
2. Жаралану
3. Егуден кейінгі лимфаденит
Туберкулез ошақтарында жүргiзiлетiн iндетке карсы алгашкы шаралар.
Ошақтагы шаралар үшке бөлiнедi: алғашқы, кезектi және қорытынды.
Алғашқы шараға наукасты оқшаулау және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып