Файл: авимед кпсалалы колледжі бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 235

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тынысалу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.

Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектен түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, оларда шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Үлестірмеліматериалдар.кестелер,ағзамуляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Тыныс алу мүшелеріне анықтама беріңіз

2. Тыныс алу жүйесінің мақсаты және міндеті

3. Тыныс алу жолының бөлімдерін атаңыз

8 Тақырып.Тыныс алу жүйесінің физиологиясы

Мақсаты.

Тынысалудепауаданоттегінсіңіріп, көмірқышқылгазыншығаруынқамтамасызететінөзарабайланыстыкөптегенүрдістердіайтады. Оттегініңқатысуыменорганизмдетотығуүрдісіөтеді. Құрамындағыорганикалықзаттардыңтотығуынәтижесіндежасушалар мен тіндердетіршіліккеқажет энергия пайдаболады.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Аталған процесс мына тәртіпте орындалады:


1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп,

өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы

газдардың алмасуы;

3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;

4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы;

5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.

Көмір қышқыл газын шығару процесі де оттегін пайдалану жүйесіне ұқсас, керісінше жүретін төрт процесс арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші және екінші кезеңдері өкпелік немесе сыртқы тыныс алу деп аталады. Ал, үшінші кезеңін қан арқылы газдардың тасымалдануы десе, төртіншісін - тканьдік (ішкі) тыныс алу деп атайды.

Газдарды тасымалдау тізбегіндегі алғашқы буын өкпе вентиляциясы. Альвеолдар мен қан арасындағы газдар алмасуы аэрогематикалық, ал ұлпалар мен қан арасындағы гематопаренхиматоздық кедергілерге ұқсас, кедергінің екі жағындағы оттегі мен көмір қышқыл газының меншіктік қысым күйіне байланысты диффуздық жолымен орындалады. Оттегінің басым бөлігі қандағы эритроциттердің құрамында болатын гемоглобин арқылы, ал көмір қышқыл газы – гидрокарбонат және карбамингемоглобин түрінде тасымалданады. Өкпедегі көмірқышқыл газын шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі жеңілденеді, көмірқышқыл газы ұлпалардаң қанға өту арқылы оттегін беруді жеңілдетеді. Аталған процесстердің бәрі, ең соңында, ұлпа клеткаларындағы оттегі кернеуінің тұрақты сақталуына бағытталған.

Өкпе вентиляциясын қамтамасыз ететін тыныс алу еттерінің үйлесімді жиырулары, тыныс алудың орталық механизмі – ми бағанасындағы арнаулы нейрондар құрылымдары арқылы басқарылады. Аталған механизмнің ырғақтылық әрекеті демді ішке тарту барысындағы инспираторлық нейрондар активтілігінің артуы мен тыныс алудың соңындағы олардың ажырау процестерінен тұрады. Бұл белсенділік мидағы клеткалардан тыс сұйықтықтағы сутегі иондарының концентрациясы мен көмірқышқыл газының кернеуіне сезімтал, бульбарлықхеморецепторлардан және осы факторлармен қатар, оттегі кернеуіне сезімтал артериялық хеморецепторлардан шығатын серпімділікпен анықталады. Артерия қанында, газ құрамының тұрақтылығыда осындай жолмен белгілі деңгейде тұрақты болады. Тыныс алу жүйесіндегі механорецепторларды, әсіресе өкпе ұлпаларын созатын рецепторларды үдету демді ішке тартуға, дер кезінде тоқтатып, оның сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде тыныс алу еттері энергияны аз мөлшерде шығындай отырып, қажетті газ алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған тыныс алу паттерні қалыптасады



Қалыпты жағдайда адамның тыныс алу айналымы «дем алу»-«дем шығару» минутына 12 - 16-ға дейін болуы мүмкін. Тыныс алудың бұл түрі эйпноэ деп аталады. Сөйлеу және тамақтану кезінде тыныс алу уақытша өзгереді: апноэ - дем алғанда немесе демді шығарғанда тыныс алудың тоқтауы пайда болады. Физикалық, еңбек жүктемелері кезінде, оттегіні көп пайдаланудан, гиперпноэні байқауға болады, басқаша айтқанда тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі арттады. Адам ұйықтағанда да тыныс алу паттерні өзгереді: баяу (ортодоксалды) ұйқы кезеңінде тыныс алу сирек және тыныс алу қозғалыстардың амплитудасы төмен боп келеді, ал парадоксалды кезеңінде - бұл көрсеткіштері ұлғаяды.
Үлестірмелі материалдар.Кестелер,ағзамуляждары,кеспеқағаздар,презентация

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1.Тыныс алу физиологиясы дегеніміз не?

2.Сыртқы тыныс алу қызметі

3. Газ алмасу қызметі
9 Тақырып.Жүрек -қантамырлар жүйесі анатомиясы
Мақсаты.

Қан тамырлар жүйесiнiң құрылыс ерекшелiктерiн және қызметін оқып білу. Жүрек насостық қызметі, камералары туралы түсінік білу

Дәріс жоспары

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің анатомиялық құылымын табу және білім алушыларға көрсету. Тамырлар жүйесiбөлiнедi: 1) Қан тамырлар жүйесi. 2) Лимфатикалық жүйе. Қан тамырлар жүйесi – жүрек, тамырлар және капиллярлар. Жүрек 2 жартыдан тұрады, артериалды, венозды. Аорта сол қарыншадан артериальдi қанды алып, бүкiл организмге таратады. Шашта, тырнақтарда, көздiңмүйiздi қабатында тамырлар болмайды. Микроциркуляция – микроскопиялық деңгейдегі тамырлар арнасының қан мен лимфа арасындағы қозғалысы. Коллатеральды қан айналымы бүйірлік жанама қан тамырлары арқылы жүретін қан ағымы. Капиллярдың физиологиялық маңызын айту керек – олардың арқасында клеткалар қоректенедi, артериальдi қан веноздық қанға айналады. Барлық венозды қан оң жүрекшеге құяды, осы жерде үлкен қан айналым шеңберiбiтедi, кiшi қан айналым шеңберi оң қарыншадан өкпе бағанасы болып басталады да өкпеге бағытталады, онда газ алмасу процесiжүредi. Лимфа тамырларының бойында лимфа түйiндерi орналасқан, басты лимфа бағаналары жоғарғы қуыс венаға құяды. Лимфа органдардың өмiр сүру продуктiсi болып саналады. Қан және лимфа тамырлары әр уақытта құрамына формалық элементтер кіретін қан және лимфамен толтырылған. Формалық элементтер жілік майындағы бағандық клеткаларының өсіп-өну нәтижесінде дамиды. Клеткалардың бір бөлігі осы
жерде пайда болып, одан әрі айырша безде дамиды. Сондықтан жілік майы мен айырша без орталық қан жасаушы ағзалар деп аталады. Клеткалардың арнаулы формаларға айналу жолдарындағы өзгерістерінің едәуір бөлігі лимфа түйіндері мен көкбауырда іске асады, сондықтан оларды шеткі қан жасаушы және иммундық жүйе мүшелері деп атайды.

Жүректің оң және сол құлақшалары жәнеоңжақ,сол жүрекше мен қарыншалары бар.

Жүрекше мен қарынша арасында тәждік жүлге орналасқан, оларды бөліп тұрады. Қарыншалар арасын да жүлге бөліп тұрады. Алдыңғы қарынша аралық жүлге төс-қабырғалық бетінде(диагонал бойынша)сол жақ шекарасында жақын орналасқан және қарынша аралық бөлгішке(перегородка) сәйкес келеді. Артқы қарынша аралық жүлге көк етті бетінде орналасқан. 

Голотопиясы: Жүрек(cor)–кеуде қуысында, алдыңғы кеуде аралықта, медиастиналді плевралардың арасында, перикард ішінде орналасқан. Жүректің көп бөлігі(2/3) кеуде қуысының сол жақ бөлігінде, аз бөлігі (1/3) оң жақ бөлігінде орналасқан.

Синтопиясы:  Жүрек барлық жағынан жүрек қаппен (перикард) қоршалған. 

Жүректің алдыңғы жағына(беті) төс сүйек, артқы жағына артқы кеуде аралық мүшелері, жоғарғы жағына жүректен шығатын және құйатын тамырлар, төменгі жағына көк еттің сіңірлі бөлігі, бүйіріне кеуде аралық өкпе қап (медистеналь.плевра) жанасып орналасқан.
Скелетотопиясы: Клиникада жүрекше караларын перкуссия арқылы анықтайды

Жүректі қоректендіретін артерия  жоғарлағыш қол қаның тармақтары болып табылады (оң жақ және сол жақ тәждік артериялар). Қарыншалардың арасындағы жүлгеде тәжді артерияның төмендегіш тармағы өтеді. Жүрек веналары- веналық синусты түзеді, ол жүректің артқы бетінде тәждік жүлгеде орналасқан және оң жақ жүрекшеге барып құйылады. Жүректің иннервациясы екі кезбе жүйкенің тармақтарымен, екі симпатикалық нерв бағанасымен, екі көкет нервтері мен жүзеге асады. Барлық нерв тармақтары жүректік өрім түзеді. Олар беткей және терең орналасқан. Жүректің нервтік аппараты екі бөліктен құралған — жүректен тыс және жүрек ішілік. Жүректен тыс бөлігі нерв өткізгіштерінен түзілген, ол жүректі орталық нерв жүйесімен және басқа мүшелердің нервтік құрылымдарымен байланыстырады. Жүрек ішлік бөлігіне нервтік өрімдер және жүректегі нервер жатады. Жүректі шеткері симпатикалық бағана тармақтары, кезбе жүйке тармақтары иннервациялайды.

Үлестірмелі материалдар.
кестелер, ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Жүрек қантамырлар жүйесінің мүшелеріне анықтама беріңіз

2. Жүрек қантамырлар жүйесінің мақсаты және міндеті

3. Қолқаның бөлімдерін атаңыз
10Тақырып.Жүрек -қантамырлар жүйесі физиологиясы
Мақсаты.

Жүрек қызметіне экстракардиалдық жүйкелердің және гормондар мен электролиттердің әсерін анықтау , жүрек етінің қозуы кезінде пайда болатын биотокті анықтау тәсілдерін үйретумен қатар, электро кардиография әдісімен таныстыру, перфузия әдісімен адреналиннің кан тамыр ларын тарылтатын, ал гистаминнің кеңейтетінін көрсету

Дәріс жоспары

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі - жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары.Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплазмасындаактин және миозинпротофибрилдершен құралған миофибриллалар болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплаз-малық тордан кальций иондары саркоплазмаға шығады. Миокардта бүл иондар саркоплазмадан кері бағытга да ете алады. Саркоплазма-дағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процестер басымырақ болады жене ол шабандау жиырылады. Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме табақша - нексусарқылы қосылады да, біртұтас тор, немесесинцитиқұрайды. Бұл ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір торшада пайда болған қозу көрші жатқан торшаға оңай беріледі. Осының арқасында миокард өрекетінде біртұтастық қасиет пайда болады.

Жүректің бейқалып (атипті) элементтерінің де өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардьщкелденең жолақтары сирекгеу, гликогені мен саркоплазмасы мол. Бұл элементтер негізгі ет талшықтарынан дәнекер ұлпалы қабықпен шектеледі. Осы атиптік ұлпа элементтері жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер мен шоқтар қүрып, жүректің өткізгіш жүйесін түзеді. Өткізгіш жүйені Кис-Фляк (си-нус, жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше - қарынша) түйіндері, Гис шоғыры, Гис сабақтары және Пуркинье талшықтары қүрайды. Әткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.