Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 319

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Сутегіні құрайтын газ-май жүйесінің учаскелерінен 10 метр аспайтын арақашықтықта ашық отпен жұмыс істеу кезінде (электрлік дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу және т.б.) наряд бойынша орындалуы тиіс және "Жеке нұсқаулар" деген жолда қауіпсіздікті сақтайтын қосымша шаралар (қоршаулар орнату, үй-жайларда сутегінің жоқтығын тексеру және т.б.) жазылады.



      Сутегі толған генератордың корпусында, газ-май жүйесінің аппараттары мен құбырларда тікелей отпен жұмыс істеуге жол берілмейді.



      Генераторлар мен газ-май жүйесі қондырғысының жанына осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "СУТЕГІ. ӨРТ ҚАУІПТІ!" белгісі (плакаттары) ілінеді.



      190. Тоқтап тұрған генератордың газ-май жүйесіндегі жөндеу жұмыстары өкім бойынша жүргізіледі.



      191. Электролизді қондырғыны пайдалану кезінде жарылу қаупі бар сутегінің оттегімен немесе ауамен құрылуына жол берілмейді. Сутегінің тазалығы 98,5%-дан, ал оттегі - 98%-дан кем болмауы тиіс.



      192. Егер қысым реттегіштерінің маңдай әйнектеріндегі сұйықтық көлемі көрінбесе, электролизерлердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.



      Сутегі және оттегі жүйелерінің арасындағы рұқсат етілетін ең жоғары қысым айырмасы 1961, 4 паскальдан (200 миллиметр су бағаны).



      193. Электролиз қондырғысының аппараттары мен құбырлары (ресиверден басқа) іске қосу алдында азотпен үрлеп-тазартылады. Бұл аппараттарды көмірқышқыл газымен үрлеп-тазартуға жол берілмейді. Электролиз қондырғысының (бұдан әрі – ЭҚ) ресиверлері азотпен немесе көмірқышқыл газымен үрлеп-тазартылады. Ішкі тексеріп-қарау қажеттілігі кезінде бір ресиверді немесе олардың тобын сутегіден тазарту үшін көмірқышқыл газымен немесе азотпен үрлеп-тазатру, басқа топтардан ілмекті арматурамен және ернемек шетінен шығып тұратын артқы ілмектері бар металл қақпақшамен өшіріп, содан кейін таза ауамен үрлеп-тазарту қажет.



      Ресиверлерді инертті газбен, ауамен және сутегімен үрлеп-тазартуды олардың осы Қағидаларға 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген концентрацияға жеткенге дейін үрлеп-тазарту қажет.



      Ресиверлерді үрлеп-тазарту үшін 0,05%-ға дейінгі көміртек тотығынан тұратын техникалық сұрыпты көмірқышқыл газын пайдалану кезінде оны тағамдық сұрыптың көмірқышқыл газынан бөлек сақтау қажет.



      194. ЭҚ-ны 4 сағаттан астам уақытқа өшіру кезінде оның аппараттары мен құбырларын азотпен үрлеп-тазарту қажет. 1-4 сағатқа өшіру кезінде жүйе (9,807х19,614)·10

3 паскаль (0,1-0,2 килограмм-күш/сантиметр2) шегінде сутегі немесе оттегі қысымында болады. Қондырғыны кемінде 1 сағатқа өшіру кезінде аппаратураны газдардың номиналдық қысымында қалдыруға рұқсат етіледі, бұл ретте сутегі мен оттегі қысымы реттегіштеріндегі қысым айырмашылығын арттыру дабылы өшірілмейді.


      Егер өшіру технологиялық режимнің бұзылуымен немесе өшіргеннен кейін электролизерден электролитті айдап шығару қажет болса, азотпен үрлеп-тазарту қажет.



      195. Электролиз қондырғысының жабдығын ашып-зерттеумен байланысты дәнекерлеу немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде үрлеп-тазартуды оның соңғы нүктесінің жүрісі бойынша сутегі толық жойылғанша жүргізу қажет.



      196. ЭҚ үй-жайларындағы ашық отпен істелетін жұмыстар қондырғыны өшіргеннен кейін, ауада сутегінің жоқтығына талдау жүргізгеннен кейін және үздіксіз желдетуді қамтамасыз еткеннен кейін орындалады.



      Жөнделетін қондырғы аппараттарында ашық отпен істелетін жұмыстарды орындау үшін, сол үй-жайда жұмыс істеп тұрған басқа қондырғы болған кезде, жұмыс істеп тұрған қондырғының құбырын жөнделіп жатқан қондырғыдан ажыратып, артқы ілмектері бар қақпақшаларды орнату қажет. Отпен істелетін жұмыстарды жүргізетін орын қалқандармен қоршалады.



      Сутегіне толған аппараттарда жұмыс істеуге жол берілмейді.



      197. Қатып қалған құбырлар мен ысырмаларды бумен немесе ыстық сумен жібітуге болады. Қосылыстардан газдың шығуын ағындыны іздейтін арнайы құралдармен немесе сабын ерітіндісінің көмегімен анықтауға болады. Ағындыны жібіту немесе анықтау үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді.



      198. ЭҚ үй-жайында және ресиверлердің жанында темекі шегуге, ашық отты, электр жылыту құралдарын және жылжымалы шамдарды пайдалануға жол бепрілмейді.



      Аппараттарды тексеріп-қарау және жөндеу кезінде ішкі жарықтандыру үшін металл торлармен қоршалған кернеуі 12 В-тан аспайтын жарылудан қорғайтын жылжымалы шамдарды пайдалану қажет.



      199. ЭҚ үй-жайының ішінде және есіктерге ашық отты пайдалануға жол бермейтін белгілер ілінеді, сутегі ресиверлерінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбалар жасалады.



      200. ЭҚ үй-жайында тез тұтанатын және жарылғыш заттарды сақтауға жол берілмейді.




      201. Электролитпен жұмыс істеу кезінде арнайы қорғайтын киімді (мақта-матадан жасалған костюм, резеңке етік, резеңкеленген алжапқыш, резеңке қолғап) және көзілдірікті пайдалану қажет.



      202. Тығыздықты өлшеу үшін электролит сынамасын ажыратылған қысым кезінде іріктеу қажет.



      203. Электролизерлерге, әсіресе соңғы тақталарға қорғаныс құралдарынсыз жақындауға болмайды. Тартпа бұрандалардың төлкелеріне және монополярлық тақта астындағы оқшаулағыштарға сілтінің тиіп кетуіне жол берілмейді. Осы элементтерді оқшаулау бұзылған кезде электр доғасы пайда болады, бұл өртке немесе аварияға әкеп соғады.



      Едендегі электролизерлердің алдында резеңке диэлектрлік кілем болуы тиіс.



      204. ЭҚ жабдығы мен құбырлары, ресиверлер мен құбырлар ресиверлерден машина залына дейін ұзына бойы үздіксіз электр тізбегін құрайды және жерге қосатын қондырғыларға жалғанады. ЭҚ шегінде аппараттар мен құбырлар кемінде екі жерде жерге қосылады.



      205. Сақтандырғыш қақпақшаны тексеру үшін қондырғы өшіріледі және азотпен үрлеп-тазартылады. Қондырғы жұмыс істеп тұрғанда қақпақшаларды сынауға жол берілмейді.



      206. Қысымда тұрған аппараттар мен арматураның бұрандалары мен сомындарын тартуға жол берілмейді. Шлангылар мен жалғастықтар мықты бекітіледі.



      207. ЭҚ-ны құрастырғаннан, күрделі жөндегеннен немесе ұзақ тоқтап тұрғаннан кейін іске қосу жауапты маманның қадағалауымен жүргізіледі.



      Қондырғыда жөндеу жұмыстары наряд бойынша орындалады.



      208. Электр қозғалтқышында немесе онымен тоқ өтетін немесе айналмалы бөліктерге жақындауға байланысты қозғалысқа келтірілетін механизмде жұмыс істеу кезінде электр қозғалтқышынан кернеу ажыратылады.



      209. Электр қозғалтқышында жұмыс істеу кезінде жерге қосу электр қозғалтқышын ТҚ-ға (жинаққа) жалғайтын кәбіл желісінің кез-келген учаскесінде орнатылады. Айналмалы бөліктерге жақындаумен байланысты емес механизмде жұмыс істеу кезінде және дәнекер жалғастырғышты ажыратқан жағдайда, кәбіл желісін жерге қосу талап етілмейді.



      Егер өшірілген электр қозғалтқышында жұмыстар жүргізілмей жатса немесе бірнеше күнге үзілсе, онда одан ажыратылған кәбіл желісі электр қозғалтқышы жағынан жерге қосылады. Кәбіл тарамының қимасы жылжымалы жерге қосуды пайдалануға мүмкіндік бермеген жағдайда, кернеуі 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында кәбіл желісін қимасы кәбіл тарамы қимасынан кем болмайтын мыс өткізгішпен жерге қосу, не кәбіл тарамдарын бір-біріне жалғау және оларды оқшаулау қажет. Кәбіл тарамдарын мұндай жерге қосу және жалғау жылжымалы жерге қосумен бірдей жедел құжаттамада ескеріледі.




      210. Жұмысқа жіберу алдында сорғы, түтінтартқы және желдеткіштің электр қозғалтқыштарында, егер электр қозғалтқыштары оларға жалғанған механизмдерден айнала алса, соңғыларының ысырмалары мен шиберлері құлыппен бекітіледі, сондай-ақ электр қозғалтқыштарының роторларын тежеу бойынша шаралар қабылданады.



      211. Жұмыс жүргізіліп жатқан электр қозғалтқышының жанында орнатылған біртүрлі немесе габариттері бойынша жақын электр қозғалтқыштарына олардың жұмыс істеуіне немесе резервте болуына қарамастан, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша плакат ілінеді.



      212. Электр қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде олардың айналмалы бөліктерінің қоршауын алып тастауға жол берілмейді.



      213. Электр қозғалтқыштарын қолмен басқару жетектері бар іске қосу аппаратурасымен диэлектрлік қолғаппен қосу және өшіру қажет.



      214. Ысырмалардың, орындау механизмдерінің электр жетектерін шиберге, ысырмаға және басқа да қондырғыларға жалғау кезінде электр жетектерін сынауды олар орнатылған технологиялық цехтың ауысым бастығының келісімімен бригаданың жүргізуі қажет.



      Рұқсатты беру туралы технологиялық цехтың жедел журналында, ал осы рұқсатты алғаннан кейін – сынауды өткізген цехтың (учаскенің) жедел журналында жазба жасалады.



      215. Орындау механизміне жалғанбаған электр жетектерін, реттеуші органдарды және ілмекті арматураны жөндеу және баптауды өкім бойынша жүргізуге болады. Оларды сынауды өкімді берген жұмысшы жүзеге асырады. Бұл туралы жазба өкімді тіркеу кезінде жасалады.



      216. Сынауға арналған электр қозғалтқыштары жұмыс толық аяқталғанша мынадай кездерде қосылады:



      1) наряд бойынша жұмысты орындау кезінде жұмысты жүргізуші жұмыстың аяқталуын осы Қағидаларға 2-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес ресімдейді және нарядты тапсырады;



      2) жұмыстарды өкім бойынша орындау кезінде жұмыстар тоқтатылады және бригада кетеді.



      Сынаудан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаның 4-кестесінде ресімдеу арқылы қайтадан жіберіледі.



      Өкім бойынша жұмысты орындау кезінде қайтадан жіберуге өкім қайта беріледі.




      217. Қашықтықтан басқарылатын коммутациялық аппараттарда жұмысқа жіберу алдында:



      1) жетектің қосалқы тізбектері (басқару, дабыл, жылыту және өзгелері) мен күш тізбектері өшіріледі;



      2) ажыратқыш багына және пневматикалық жетекке ауа жіберетін құбырдағы ысырмалар жабылады және ондағы ауа атмосфераға шығарылады, бұл ретте ағызып жіберетін тығын (қақпақшалар) ашық күйінде қалады;



      3) қосқыш жүк немесе қосқыш серіппелер жұмыс істемейтін қалыпқа келтіріледі;



      4) қашықтықтан басқару кілттеріне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) және жабық ысырмаларға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) ілінеді.



      218. Коммутациялық аппаратты жөндеу және реттеу кезінде оны сынамалық қосу және өшіру үшін жетектің қосалқы тізбектері мен күш тізбектерін уақытша қосуға, сондай-ақ жетекке және ажыратқышқа ауа жіберуге рұқсат етіледі. Бұл ретте осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгілер (плакаттар) алынып тасталады.



      Сынауға арналған коммутациялық аппаратты қашықтықтан қосуды және өшіруді жөндеу мен реттеуді жүргізетін жұмысшы кезекшінің келісімімен жүзеге асырады. Электр қондырғыларында жергілікті кезекші персоналсыз мұндай келісім талап етілмейді.



      219. Жұмыс қысымында тұрған ауа ажыратқышына көтерілуге сынаулар мен жөндеу жұмыстары (демпферлерді реттеу, виброграммаларды аду, өткізгіштерді өлшеу аспаптарына жалғау немесе оларды ажырату, ауа шығатын жерлерді анықтау және өзгелері) жүргізілу кезінде рұқсат етіледі.



      Ауа толтырылған бөлгіші бар өшірілген ауа ажыратқышына бөлгіш жұмыс қысымында тұрған кезде көтерілуге рұқсат етілмейді.



      220. Ауа ажыратқыштарының ылғал өткізгіштігін (герметикалығын) тексеруді зауыт нұсқауларына сәйкес төмендетілген қысым кезінде жүргізу қажет.



      221. Сынау және жөндеу үшін ауа ажыратқышына көтерілу алдында:



      1) басқару тізбектерін өшіру;



      2) жергілікті басқару түймешіктерін және іске қосу қақпақшаларын бұғаттау (мысалға, ауа өтетін түтіктерді ажырату, шкафтарды және өзгелерді), не ажыратқыштың жанында жұмысты жүргізушінің нұсқауы бойынша ажыратқышпен операциялауға жіберіп тұратын нұсқау берілген бригада мүшесі (басқару тізбектерін қосқаннан кейін), белгілі бір жұмысшы тұруы қажет.