Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 320

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Адамдардың қысымда тұрған ауа ажыратқышында болуы кезінде басқару және тарату шкафтарындағы барлық жұмыстар тоқтатылады.



      222. Байқау, жөндеу және сынау барысында ауа ажыратқыштарын қосу және өшіру кезінде ажыратқыштардың жанында адамдардың болуына жол берілмейді.



      Ажыратқышпен операцияларды орындау командасын сынау және баптау жөніндегі басшы, жүргізуші (немесе оған өкілетті бригада мүшесі) бригада мүшелері ажыратқыштан қауіпсіз қашықтыққа немесе баспанаға кеткеннен кейін беруі қажет.



      223. Ауа жинағыш ішінде адамдардың болуына байланысты жұмысқа жіберу кезінде:



      1) ауа жіберілетін ауа өткізгіштердің жапқышын жауып, оларды құлыппен бекітіп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жапқыштарға белгілерді (плакаттарды) іліп қою қажет;



      2) түсіргіш клапанды ашық қалдырып, ауа жинағыштағы қысымды ауаны атмосфераға шығару қажет;



      3) ауа жинағыштан ауа жіберетін өткізгішті ажырату және онда қақпақшаны орнату қажет.



      224. Ажыратқыш бактарындағы және ауа жинағыштардағы манометрлердің нольдік көрсеткіші сығылған ауаның жоқтығының анық белгісі болып табылмайды. Тесіктердің қақпақтарын ашу кезінде бұрандамалар мен сомындарды бұрау алдында түсіру қақпақшаларын немесе жапқыштарын ашу арқылы сығылған ауаның болмауына анық көз жеткізу қажет.



      Түсіру қақпақшаларын немесе жапқыштарын тесіктің қақпағын бекітетін барлық бұрандамалар мен сомындарды бұрағаннан кейін жабуға рұқсат етіледі.



      225. КТҚ шкафтарының бөлігінде жұмыс істеу кезінде жабдығы бар арбашаны итеріп шығарып, тоқ өтетін бөліктер кернеуде қалған бөлік пердешесін құлыппен бекіту және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) іліп қою қажет, жұмыс істелетін бөлікте осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) ілінеді.



      226. КТҚ-нан тыс оған қосылған немесе АЖ және КЖ-дан бөлек жабдықтарда жұмыс жүргізгенде, ажыратқышы бар арбаны шкафтан итеріп шығарып, пердесін немесе есіктерін құлыптау керек және оларға осы Қағидаларға 6 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) іліп қою қажет.



      Бұл ретте:



      1) жерге қосу пышақтары мен ажыратқышы бар арба арасында бұғаттау болған жағдайда, осы пышақтарды қосқаннан кейін арбаны бақылау қалпында орнатуға;




      2) мұндай бұғаттау немесе КТҚ шкафтарында жерге қосу пышақтары болмаған жағдайда, арбаны құлыптағанда, бақылау және тартып шығару аралығы қалпында орналастыруға рұқсат етіледі. Арба қосылыстағы жерге қосудың болу-болмауына қарамастан аралық қалыпта орналастырылады.



      227. КТҚ-нан тыс бөлек АЖ және КЖ-да немесе оған қосулы механизмде, электр қозғалтқыштармен жалғанған механизмдерді қосқанда, жұмыс жүргізілмесе немесе КТҚ шкафында жерге қосу орындалған жағдайда, ажыратқышы бар арбаны сынап көру және басқару мен қорғау тізбектерінде жұмыс жасау үшін бақылау қалпында орнатуға болады.



      228. Вакуумды ажыратқыштармен жабдықталған ТҚ-ның ішінде доғасөндіргіш камераны 20 кВ тан жоғары амплитудалық кернеумен сынақтан өткізгенде, персоналды пайда болатын рентген сәулелерінен қорғайтын арнайы экранды қолдану қажет.







      229. Сығымдауыш қондырғыларға және электр қондырғылардағы ауа жинағыштарға қызмет ететін жұмысшылардың III төмен емес рұқсат тобы болу керек.



      Ескерту. 229-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.







      230. Тоқтың өлшеуіш трансформаторларының екінші реттегі орамасына қосылған тізбектерді үзуге рұқсат етілмейді.



      Өлшеу аспаптарындағы, релелік аппаратурадағы және тоқ трансформаторының екінші реттегі орамасының басқа тізбектеріндегі тоқ тізбегін үзу қажет болған жағдайда, арнайы осыған арналған қысқыштардың немесе сынау блоктарының көмегімен алдын ала қысқартылады.



      Екінші реттегі тізбекте тоқ трансформаторлары мен белгіленген қысқа тұйықтауыш арасында жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді, өйткені ол тізбектің ажырауына әкеліп соғады.



      231. Екінші реттегі құрылғыларда және кернеу трансформаторларының тізбектерінде жұмыс барысында өзге энергия көздерінен кернеу беріліп, кері ауысуға жол бермеу үшін шаралар қолдану қажет.



      232. Релелік қорғаныс пен электр автоматика құрылғыларында жұмыстар осы Қағидалардың 2-тарауының талаптарына сәйкес орындалады.







      233. Энергия өткізу ұйымдарының персонал құрамы іссапарға жіберілген персонал құқығында есептеу құралдарымен жұмыс істейді. Бұл жұмыстарды құрамында кем дегенде екі жұмысшысы бар бригада жүргізеді.



      Энергиямен жабдықтаушы ұйымының III төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшысы ТҚ орынжайларында электр есептегіштердің көрсеткішін тұтынушы өкілінің қатысуымен жазып алады.



      Ескерту. 233-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      234. Қызметті қоса атқаратын немесе шарт бойынша (балабақшалар, дүкендер, емханалар, кітапханалар) қызмет көрсететін персоналы бар тұтынушылардың кернеуі 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында жұмыс орнын дайындауды және жұмысқа жіберуді ағымдағы пайдалану тәртібінде орындалатын бекітілген жұмыстар тізбесі бойынша тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жедел персоналы тұтынушы өкілінің қатысуымен III және V төмен емес рұқсат тобы бар, екі жұмысшыдан құралған бригадамен жүргізеді.



      Ескерту. 234-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.






      235. Электр энергиясын есептеу құралдарымен жұмыс кернеуді ағыту арқылы іске асырылуы тиіс. Өлшеуіш трансформаторға қосылған электр есептегіштердің тізбектерінде сынақ блогы немесе түйісу болса, көрсетілген қораптардағы электр есептегіштің схемасынан кернеуді ажырату керек.







      236. Бірфазалық электр есептеуіштермен жұмысты энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың III төмен емес рұқсат тобы бар жедел персонал ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстардың бекітілген тізбесі бойынша ажыратылған кернеуде бірыңғай атқара алады. Ағаш үйлерде, асқан қауіп жоқ орынжайларда электр есептеуішке дейін коммутациялық аппарат болмаса, бұл жұмысты кернеуді ағытпай, жүктемені ажыратып жүргізуге болады.



      Ескерту. 236-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      237. Осы Қағидалардың 233 және 237-тармақтарында көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде, энергиямен жабдықтаушы ұйым басшылығының бұйрығымен немесе тапсырмасымен жұмысшыларға аумақтық телім (аудан, орам, өңір және басқасы) бекітіледі. Тапсырмалар бланктерінде жедел персонал электр қондырғыларындағы жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралардың орындалғанын белгілеп отыру қажет.



      238. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда өлшеу құралдарымен жұмыс жүргізу үшін жұмыстың әрбір түрі бойынша нұсқаулар немесе технологиялық карталар жасалады.



      239. Оқшауланған корпусты 1000 В-қа дейінгі электродты қазандықтың қаптамасы құлыпталады. Қазаннан кернеуді ажыратқаннан кейін қаптаманы ашуға болады.



      240. Қосулы электродты қазандардың құбырларында қорғанысты жерге қосылуын бұзатын жұмыстарды атқаруға жол берілмейді.



      241. Құбырларды ажырату алдында ажыраушы бөліктердің арасындағы мықты металл қосындыны алдын ала электрмен дәнекерлеу қажет. Үзілген жер айналдырып оралса, мұндай байланыс талап етілмейді.



      242. Электр сүзгіштерді пайдалану барысында:



      1) нарядта келісілген жағдайлардан басқа электр сүзгішінде адамдар бар уақытта сілкілеу механизмдерін іске қосуға;



      2) олардың шанаптары мен бөлімдерінде жөндеу жұмыстарын бір уақытта жүргізуге;




      3) қуаттандыру агрегаттары құрсауының ақауы электр сүзгіштерінің оқшауланған қораптары мен басқасының қақпақтары мен саңылауларының бекітпелері болмағанда немесе ақау болғанда, электр сүзгіштері мен олардың қуаттандыру кәбілдеріне кернеу жіберуге жол берілмейді.



      243. Электрсүзгіштің кез келген секциясында (электр өрісінде), резервтік құрсымда, қуаттандыру кабелінің кез келгенінде жұмыс жүргізу барысында барлық қуаттандыру агрегаттары мен барлық секциялардың (электрлік өрістердің) кәбілдері ажыратылады және жерге қосылады.



      244. Электрсүзгіштер секциясына адамдарды жұмысқа жіберу алдында секция желдетіліп, шанаптардан күл қалдықтары шығарылады. Секциядағы температура +33С-ден жоғары болмауы тиіс.



      245. Электрсүзгішті ажыратқаннан кейін электрсүзгішінен және қуаттандыру кәбілінен электр агрегаттарын жерге қосу арқылы статикалық заряд алынады. Электрсүзгішінің жерге қосылмаған бөліктерін ұстауға тыйым салынады.



      246. Электр станцияларында электрсүзгіштеріне қызмет көрсету бойынша нұсқауларда цехтар арасындағы қызмет көрсету аймақтарын бөлуге байланысты электрсүзгіштерін жұмысқа жіберуге нарядтар мен рұқсаттама беру тәртібі регламенттеледі. Нұсқауларды дайындау барысында осы Қағидалардың талаптары және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі.



      247. Аккумулятор орынжайы әрдайым құлыптаулы болуы керек. Бұл орынжайларды қадағалайтын және мұнда жұмыс істейтін жұмысшыларға кілт жалпы негіздерге сүйеніп беріледі.



      248. Аккумулятор орынжайында темекі шегуге, отпен кіруге, ұшқын беретін электр жылыту құралдарын, аппараттары мен аспаптарын қолдануға тыйым салынады (осы Қағидалардың 256-тармағының талаптарын орындау барысында өзгеше болуы мүмкін).



      Аккумулятор орынжайының есігінде осы Қағидалардың 14,15 және 16-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша "Аккумулятор бөлмесі", "Отқа қауіпті", "Темекі шегуге тыйым салынады" жазу белгілері (плакаттар) ілінеді.



      249. Кірме-ағындық желдетуі бар аккумулятор орынжайларын кірме желдету қуатталлу алдында қосылып, газ жойылғаннан кейін ажыратылады, бірақ қуатталу аяқталғаннан кейін 1,5 сағаттан ерте ажыратуға болмайды.



      250. Әрбір аккумулятор бөлмесінде:



      1) электролит дайындау және оны ыдыстарға құю үшін сыйымдылығы 1,5-2 литр имекмұрынды әйнек немесе фарфор саптыаяқ (немесе құмыра);