Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 324
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2) қышқылды батареяларға арналған ауыз содасының бейтараптандыру ерітіндісі және сілті батареялары үшін бор қышқылы немесе сірке эссенциясы болуы тиіс.
251. Электролит құйылған барлық ыдыстарда дистильденген су, бейтараптандыру ерітінділерімен тиісті атаулар жасалады (атаулары көрсетілген).
252. Қышқыл арнайы атауы жапсырылған биркасы бар шыны бөтелкелерде сақтауға жатады. Батареяларға пайдалануға арналған қышқыл толтырылған бөтелкелер және босаған бөтелкелер аккумулятор батареяларының жанындағы бөлек бөлмеде сақталуы тиіс. Бөтелкелерді еденге себетте немесе ағаш торда орналастырған дұрыс.
253. Қышқылмен, қорғасынмен және сілтімен арнайы дайындығы бар адамдар жұмыс істеуі қажет.
254. Қышқыл және сілті құйылған шыны бөтелкелерді екі жұмысшы көтергені дұрыс. Бөтелкелерді себетпен бірге арнайы тұтқалы ағаш жәшіктерде немесе ортасында бөтелке себетпен бірге 2/3 биіктікте кіретін саңылауы және торкөзі бар жүккөтергіштерде тасыған ыңғайлы.
255. Электролитті дайындау кезінде қышқылды саптыаяқтан дистильденген суы бар фарфор немес термотөзімді ыдысқа жіңішке ағыспен ақырын құю қажет (ерітінді қарқынды қызып кетпес үшін). Сонымен қатар электролитті өзекпен немесе шыны түтікшемен, не болмаса қышқыл тұрақты пластмассадан жасалған араластырғышпен араластырып отыру қажет.
Электролитті даярлау барысында суды қышқылға құюға болмайды. Ал дайын электролитке су құюға болады.
256. Қышқылмен және сілтімен жұмыс кезінде арнайы костюм (қышқылға жүннен жасалған, сілтіге мақта-матадан жасалған), резеңке етік немесе калош, резеңке алжапқыш, резеңке қолғап және қорғаныс көзілдірігін кию қажет.
Улы сілтінің кесектерін алдымен қапқа орап, арнайы жерде уақтау қажет.
257. Аккумулятор орынжайында пластиндерді дәнекерлеу жұмыстарына мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
1) қуаттану аяқталғаннан кейін екі сағатқа дейін дәнекерлеуге рұқсат етілмейді. Үнемі қуаттанду әдісімен жұмыс істейтін батареялар жұмыс басталар алдында 2 сағат бұрын қуат таусылу режиміне ауыстырылады.
2) дәнекерлеуге дейін бөлме екі сағат бойы желдетіледі;
3) дәнекерлеу кезінде бөлме үздіксіз желдетіліп отырады;
4) дәнекерлеу орны басқа батареялардан отқа төзімді қалқаншалармен қоршалады;
5) қорғасын және оның қосындыларынан уланып қалмау үшін арнайы қауіпсіздік шаралары қабылданады және аккумулятор батареяларын жөндеу және пайдалану нұсқауларына сәйкес жұмыс тәртібі белгіленеді;
6) жұмыс нарядпен орындалады.
258. Жерасты құрылыстары мен коммуникациялар орналасқан аймақта кәбілді жөндеу және төсеумен байланысты жер жұмыстары жұмыс басшысын тағайындаумен және осы құрылыстар мен коммуникацияларды пайдалануға жауапты өндіріс басшыларының жазбаша келісімімен іске асырылады.
Жазбаша келісімге коммуникациялардың орналасу тереңдігі мен орналасуы көрсетілген жоспар қоса ұсынылады.
259. Жоспарда көрсетілмеген кәбілдер, құбырлар, жерасты құрылыстары, сонымен қатар қару-жарақ табылған жағдайда, табылған құрылыстардың меншік иесі анықталғанша және тиісті мекемелерден жұмысты жалғастыруға келісім алғанша, жер жұмыстарын тоқтату керек.
260. Кәбілдер тас жолынан 5 метрден жақын қашықтыққа соққы әрекеттегі машиналар мен механизмдерді, ал жер қазғыш машиналарды КЖ күзет аймағы шеңберінде жақындатуға болмайды.
261. КЖ күзет аймағының шеңберінде жерқазғыш машиналарды пайдалану осы желіні қолданатын персонал жүргізетін қазба жұмыстарында рұқсат етіледі. Дәл кәбілдің үстін қазу жұмыстарында жер қазғыш машиналарды және пневматикалық құралдарды, сондай-ақ сүймен мен қайлаларды пайдалану кәбіл немесе қорғаныс қабатына дейінгі 0.3 м топырақ қабаты қалғанда, қолмен жүргізіледі. Ал одан әрі топырақты күрекпен қазады.
262. Қыста топырақты күрекпен қазу жұмыстарына оны жылытқаннан кейін ғана кірісуге болады. Мұнда да жылу көзі кәбілдерге 15 сантиметрден (бұдан әрі – см) артық жақындатуға тыйым салынады.
263. Әлсіз немесе ылғал топырақты жерлерден траншеялар қазғанда, топырақтың құлау қаупі болса, олардың қабырғалары мықты бекітілуі тиіс.
Сусымалы топырақта жұмысты бекітусіз жасай беруге болады. Бірақ топырақтың табиғи еңісінің бұрышына сәйкес келетін еңістерді пайдалану керек.
264. Жерасты сулары мен жақын орналасқан жерасты құрылыстары болмаса, табиғи ылғалдылығы басым топырақта тік қабырғалы қазандықтар орларды үйме, құмдақ, ірі сынған топырақта – 1 м, құмайт жерлерде – 1,25м, тау жыныстары мен сазды жерлерде - 1,5 м тереңдікке дейін қазуға рұқсат етіледі.
Қыста топырақты (құрғақ топырақтан басқасы) қату тереңдігіне өңдеу бекініссіз жүреді.
265. Осы Қағидалардың 264-тармағында келтірілген шарттардан бөлек жағдайларда қазандықтар мен орларды бекіністерсіз, еңістер мен биіктік бойына бекітілген тік қабырғалардан жасау керек.
266. Қазандықтар мен орларды бекіту инвентарлы болу керек және типтік жобалар бойынша іске асырылады.
267. Ашық жалғастырғыштар ор арқылы лақтырылған қырлы бөренелерге сым немесе арқанның көмегімен асылған тақтайға бекітіледі. Қорапшаның бір қабырғасы шегесіз бекітіліп, алынып-салынуға лайықталуы тиіс.
Қазып алынған кәбілдерді жабатын қорапшаларға ескерту плакаттарын немесе қауіпсіздік белгілерін ілу қажет.
268. Кәбілдерді ілуге көрші кәбілдерді, құбырларды және басқа заттарды пайдалануға жол берілмейді. Кәбілдерді іліп жатып, олардың араласып кетпеуін қадағалаңыз.
269. Жалғастырғыштарды ашу алдында немесе кәбілді кеспес бұрын жұмыстың жөндеуге жататын кәбілде істелетініне, кәбілдің ажыратылатынына және онда жұмыс істеу үшін қажетті техникалық шаралардың қабылданатынына көз жеткізіңіз.
270. Жұмыс орнында жөндеуге жататын кәбіл:
1) кәбілді туннельде, коллектор, каналда және басқа кәбілдік құрылыстарда немесе ғимараттардың қабырғаларында төсеу кезінде сызбалар мен схемалармен қадағалау, салыстыру, биркалармен тексеру;
2) кәбілді жерге төсеу кезінде оның орналасуын төсем сызбаларымен салыстыру арқылы анықталады. Бұл мақсатта алдын ала барлық кәбіл бумасының бойымен кәбілдерді көруге мүмкіндік беретін бақылау оры қазылады.
271. Кәбілдің зақымданған жері көрінбеген барлық жағдайларда, жасанды жиегі бар кәбіл іздейтін аппарат қолданылады.
272. Кәбілді кесу алдында немесе жалғастырушы жалғастырғышты ашудан бұрын арнайы құралдың көмегімен кернеудің жоқтығын тексеру қажет. Туннельдерде, құдықтарда, коллекторларда және басқа кәбілдік құрылыстарда құрылғыны онымен қашықтықтан басқаруға болатын кезде рұқсат етіледі. Арнайы құрылғы сауыт және кәбіл қабықшасын қималарына дейін олардың арасында тұйықталу және жерге қосу арқылы кесуді және тесуді қамтамасыз етеді.
273. Тесілетін құрылғыны жерге қосу үшін топыраққа кемінде 0.5 м тереңдікке көмілген жерге қосу құралын немесе кәбілдің сауыты пайдаланылады. Жерге қосу өткізгіші сауытқа қамыт арқылы жалғанады, сауыт қамыттың астында қорғалуы тиіс.
Сауыт коррозияға ұшыраған жағдайда, жерге қосу өткізгішін кәбілдің металл қабықшасына жалғауға рұқсат етіледі.
274. Кәбілдің зақымдалуы нәтижесінде ток жүретін қималардың барлығы ашық болса, кернеудің жоқтығын кәбілді теспей-ақ, тікелей кернеуді көрсеткішпен тексеруге болады.
275. Инесі және үшкір ұшы бар оқшаулауны қарнақты пайдаланғанда, арнайы қорғану экранын қолдану қажет.
Кәбілді тескенде, диэлектрлік қолғаптар мен қорғаныс көзілдіріктерін киген дұрыс, бұған қоса тесіліп жатқан кәбілден аулақ ордың үстінен оқшаулаушы негізде тұру керек.
Кәбілді екі жұмысшы тесуі қажет:
жіберуші және жұмыстың басшысы (жүргізуші), бұлардың бірі тікелей кәбілді теседі, ал екіншісі бақылайды.
276. Электр станциялары мен шағын станциялардың ішкі кәбіл желілерінде кәбіл төсемінің тәсілі мен ұзындығының мүмкіндігінше кәбіл іздейтін аппаратты, биркаларды, сызбаларды қолдана отырып, жөнделетін кәбілді дәл анықтау мүмкіндігі болса, наряд берушінің шешімімен жалғастырғышты ашу немесе кәбілді кесу алдында оны теспеуге болады.
277. Алдын ала тесу жасалмаған жағдайда, жалғастырушы жалғастырғыштарды ашу және кәбілді кесуді диэлектрлік қолғап пен қорғаныс көзілдіріктерін киіп, оқшаулаушы негізде тұрып жерге қосылған құралмен орындау қажет.
Алдын ала тескеннен кейін сол операцияларды кәбілде аталған қосымша қауіпсіздік шараларынсыз орындауға болады.
278. Жалғастырғыштарға құятын құрамдарды қақпағы және шүмегі бар арнайы металл ыдыста қыздырылады. Ішінде құрам бар ашылмаған банкілерді қыздыруға болмайды.
279. Жалғастырғыштарға құюға арналған ыстық құраммен жұмыс істеген кезде брезент қолғап пен қорғаныс көзілдірігін киген жөн.
Киімнің жеңін қолғаптың үстінен білектен байлап қойған жөн немесе шынтаққа дейін ұзын қолғап кию қажет. Ыстық құрамы бар ыдысты қолдан қолға беруге тыйым салынады. Оны берген кезде жерге немесе нық тұратын негізге қою қажет.
280. Жалғастырғышқа құюға арналған ыстық құрамдағы алдын-ала қыздырылған қасық немесе металл түтікшемен орналастыру керек. Ыстық құрамға ылғалдың араласуына мүлдем болмайды.
281. Жылдың суық мезгілдерінде жалғастырғышты ыстық құраммен құймас бұрын қыздырып алу керек.
282. Кәбіл оралған барабанды тасымалдаған кезде оның шығып тұратын бөліктері жұмысшылардың киімін іліп кетпеуін қадағалау керек.
Кәбіл оралған барабанды тек көлденең жазықтықта орнықты төсемнің үстінде немесе нық жерде тежегіш құралы болған кезде ғана домалату рұқсат етіледі.
Кәбілдерді, бос барабандарды, механизмдерді және құрал саймандарды грунтты бұзбай траншеяның шетінен кем дегенде 1 м қашықтықта тасымалдау қажет.
283. Кәбілді қолмен төсегенде жұмысшылар саны ерлер үшін 35 кг, ал әйелдер үшін 10 кг аспайтын кәбіл әрқайсысына тиюі керек. Жұмыс істегеде брезент қолғап кию қажет.
284. Кәбіл төсеген кезде бұрылыстың ішкі бұрылысында тұруға және кәбілді трасса бұрылысында қолмен демеуге жол берілмейді. Бұл мақсатта бұрыш шығыршықтары орнатылуы тиіс.
285. Кәбілдерді электр тоғымен қыздыру үшін 380 В жоғары кернеулі трансформаторларды қолдануға жол берілмейді.
286. Кәбіл мен жалғастырғышты орнынан тасымалдау кәбіл желісін өшіргеннен кейін рұқсат етіледі.