Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 317

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Алмалы экрандаушы қондырғылар орнатылған машиналар мен механизмдердің гальвандық қосылыстары бар. Машиналар мен механизмдерді жерге қосу кезінде алмалы экрандаушы қондырғыларды қосымша жерге қосу талап етілмейді.



      Жеке экрандаушы жиынтықтарды жерге қосу тоқ өткізгіш ұлтаны бар арнайы аяқ киімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқшаулағыш тіректің (боялған металл, оқшаулағыш, ағаш төсем және өзгелері) үстінде тұрып немесе жерге қосылған конструкцияларға қоғалмаған қолмен (қолғапты немесе биялайды шешу кезінде) жақындауға байланысты, экрандаушы киім оның жерге қосылған конструкцияға немесе жерге қосатын қондырғыға 4 шаршы миллиметр қималы арнайы иілгіш мыс өткізгішке қосылуы арқылы қосымша жерге қосылады.



      159. Экрандаушы жинақтарды кернеуі 1000 В-қа дейінгі тоқ өтетін бөліктерге жақындау мүмкіндігі болған кезде, сондай-ақ жабдықты сынау (сынақтарды аса жоғары кернеумен тікелей жүргізетін адамдар үшін) және электр дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайдалануға жол берілмейді. Бұл жағдайларда жұмыс істеушілерді қорғау экрандаушы құрылғыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.



      160. Өшірілген тоқ өтетін бөліктердің учаскелерінде жұмыс істеу кезінде бағытталған шаманы ажырату үшін оларды жерге қосу қажет.



      Өшірілген, бірақ жерге қосылмаған тоқ өтетін бөліктерге қорғаныс құралдарынсыз жақындауға жол берілмейді.



      161. Электр өрісінің әсері аймағында орналасқан пневмодоңғалақты машиналар мен механизмдер жерге қосылады. Олардың бұл аймақта жылжуы кезінде бағытталған шаманы ажырату үшін шассиге немесе шанаққа жалғанған және жерге тиіп тұрған металл шынжырды пайдалану қажет.



      162. Машиналар мен механизмдерге электр өрісі әсері аймағында жанар және жағар май құюға жол берілмейді.



      163. Электр өрісі әсері аймағында орналасқан жабдық пен конструкцияларға көтерілу кезінде қорғаныс құралдары электр өрісінің кернеулігіне және ондағы жұмыс ұзақтығына қарамастан пайдаланылады. Телескоптық мұнара немесе гидрокөтергіш арқылы көтерілу кезінде олардың қоржындары (люлькалары) экранмен жабдықталады немесе экрандаушы жиынтықтар қолданылады.



      164. Адам экрандау аймағында, АТҚ конструкциясының ішінде болған кезде, сондай-ақ газ релесіне және күш трансформаторы майы деңгейінің релесіне сатымен көтерілу кезінде электр өрісінің әсерінен қорғаныс құралдарын пайдаланбауға болады.




      165. Барлық кернеудегі электр қондырғыларында адам ағзасына теріс әсерін тигізуге қабілетті биологиялық белсенді магниттік өрістен жұмыс істейтін қорғаныс қамтамасыз етіледі.



      166. Биологиялық белсенді дегеніміз кернеулігі рұқсат етілген мағынадан асатын магниттік өріс.



      167. Адамның магниттік өрісте болу ұзақтығына байланысты жалпы (барлық денеге) және локальді (қол-аяғына) әсер ету жағдайларына арналған магниттік өрістің рұқсат етілетін кернеулігі (бұдан әрі – Н) немесе индукциясы (бұдан әрі – В) осы Қағидаларға 4-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес магниттік өрістің рұқсат етілген деңгейімен анықталады.



      Уақытша аралық ішіндегі магниттік өрістің рұқсат етілген деңгейлері интерполяциямен анықталады.



      168. Персоналдың әртүрлі кернеудегі (магниттік өріс индукциясындағы) аймақтарда болу қажеттілігі кезінде осы аймақтарда жұмыстарды орындаудың жалпы уақыты ең жоғары кернеудегі (индукциядағы) аймақтар үшін шекті рұқсат етілгеннен аспайды.



      169. Магниттік өрісте болуға рұқсат етілетін уақыт жұмыс күні ішінде бір рет және бөлшектеп іске асырылады. Еңбек және демалыс тәртібін өзгерту кезінде (мысалға, ауыспалы жұмыс кезінде) магниттік өрістің шекті рұқсат етілген деңгейі 8 сағаттық жұмыс күніне белгіленгеннен аспайды.



      170. Магниттік өріс деңгейін бақылау:



      1) жаңа электр қондырғыларын пайдалануға қабылдау және қолданыстағыларын кеңейту;



      2) электр қондырғыларына жақын орналасқан персоналдың тұрақты немесе уақытша келуіне арналған үй-жайларды жабдықтау, жұмыс орындарын аттестаттау кезінде жүргізіледі.



      171. Магниттік өріс деңгейі жұмысты орындау процесінде персонал болатын барлық аймақта, жұмысшылардың орынға жүру және жабдықты тексеріп-қарау бағыттарында анықталады.



      Магниттік өріс кернеулігін (индукциясын) өлшеу жұмыс орны алаңының еденінен, жерден, үй-жай еденінен, ауыспалы көпір төсемінен және өзгелерден 0,5, 1,0 және 1,8 м биіктікте, ал магниттік өріс көзі жұмыс орнының үстінде орналасан кезде жұмыс орны алаңының едені деңгейінде қосымша жүргізіледі.



      172. Магниттік өріс кернеулігін (индукциясын) өлшеу электр қондырғысының ең жоғары жұмыс тоғы кезінде жүргізіледі немесе өлшенген мағынаны І max / І қатынасына көбейту арқылы ең жоғары жұмыс тоғына (І max) қайта есептеледі, мұндағы І – өлшеу сәтіне магниттік өріс көзіндегі тоқ.




      173. Магниттік өріс кернеулігі (индукция) электр қондырғыларының тоқ өтетін бөліктерінен кемінде 20 м қашықтықта орналасқан, персонал тұрақты келетін, оның ішінде олардан қабырғамен бөлінген өндірістік үй-жайларда өлшенеді.



      174. Магниттік өріс әсерінен қорғау шаралары ретінде стационарлық немесе тасымалды магниттік экрандар пайдаланылады.



      Жұмыс орындары мен жұмыс істеушілердің қозғалу бағыттары осы Қағидалардың 170-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ететін магниттік өріс көздерінен қашықта орналасуы тиіс.



      175. Пайдалану жағдайлары бойынша персоналдың келуі талап етілетін, шекті рұқсат етілетіннен асатын магниттік өріс деңгейлері бар электр қондырғыларының аймақтары қоршалады және ескерту жазбаларымен немесе плакаттармен белгіленеді.



      176. Электр және магниттік өріс әсері аймағында жұмыс істеу кезіндегі қосымша қауіпсіздік шаралары осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес "Жекелеген нұсқаулар" жолында көрсетіледі.



      177. АТҚ-да жұмыс орындарын аралау және оған бару кезінде персонал осы мақсаттарда әзірленген бағыттар бойынша жылжуы тиіс.



      178. Өшірілген АӨӨ қондырғысы бар айналмалы қоздырылмаған генератор кернеуде тұрған генератор ретінде қарастырылады (айналмалы білік қондырғысынан айналу жағдайын қоспағанда).



      179. Генераторды сынау кезінде оның схемасы немесе блок схемасы бөліктерінде арнайы қысқа тұйықтауышты орнатуға және ажыратуға оларды жерге қосқаннан кейін ажыратылған қоздырғышы және АӨӨ-нің өшірілген қондырғысы бар генератор айналымының жұмыстық жиілігі кезінде рұқсат етіледі.



      Тоқтап тұрған блокты генератор схемасындағы жұмыстарды орындау кезінде, егер көтеруші трансформатор жоғарғы кернеу жағынан, ал тарамдардағы жеке мұқтаждық трансформаторлары төменгі кернеу жағынан жерге қосылса, оның сыртқа шығарылған өткізгіштерін жерге қосу талап етілмейді.



      180. Өшірілген АӨӨ қондырғысы бар айналмалы қоздырылмаған генератор статорының тізбектерінде қалған кернеу мағынасын өлшеуге, фазалардың және өзгелердің кезектесу тәртібін анықтауға рұқсат етіледі.



      Бұл жұмыстарды арнайы қызмет, зертхана, жөндеу ұйымдарының персоналы наряд бойынша электр қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы немесе кезекші персоналдың қадағалауымен орындауы қажет.








      181. Біліктегі кернеуді және жұмыс істеп тұрған генератор роторы оқшаулағышының кедергісін өлшеуді кезекші персоналдан шыққан жұмысшының жеке өзінің немесе мамандандырылған бөлімше персоналынан шыққан ІV және ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар екі жұмысшының нұсқау бойынша орындауына рұқсат етіледі.



      Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      182. Ротордың жанасу шығыршығын егеуді және тегістеуді, қоздырғыш коллекторын тегістеуді электр-техникалық емес персоналдан шыққан жұмысшының жеке өзі нұсқау бойынша орындауы қажет. Жұмыс істеу кезінде қорғаныс көзілдірігін кию қажет.







      183. Жұмыс істеп тұрған генераторда щеткалы аппаратқа қызмет көрсетуге тек техникалық персоналдан шыққан жұмысшының жеке өзіне немесе осы мақсат үшін бөлінген ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшыға рұқсат етіледі. Бұл ретте мынадай сақтық шараларын сақтау қажет:



      1) машинаның айналмалы бөліктерінен сақтанып, бас киім киіп және түймеленген арнайы киімде жұмыс істеу;



      2) диэлектрлік қолғапты кимей-ақ, диэлектрлік галошты немесе резеңке диэлектрлік кілемді пайдалану;



      3) екі полюстің тоқ өтетін бөліктерін немесе тоқ өтетін және жерге қосылған бөліктерін бір уақытта қолмен ұстамау қажет.



      Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      184. Генераторлардың газ-май жүйесін пайдалану кезінде:



      1) генератордың корпусындағы сутегіде оттегінің құрамы 1,0 %-дан, ал қалтқылы бекітпеде, үрлеу багында және май тазалау қондырғысының сутегі бөлгіш багында 2 %-дан асуына;



      2) генератордың тоқ өткізгішіндегі сутегінің құрамы 1%-дан, ал мойынтірек картерлерінде 2%-дан асуына жол бермей жарылу қаупі бар газ қоспасының пайда болуының алдын алу қажет.



      Май багында сутегі болмау керек.



      185. Генератордан сутегін немесе ауаны инертті газбен сығып шығару қажет, сығып шығарғаннан кейін оның машина шығысында анықталған ең аз концентрациясы:




      1) ауаны сығып шығару кезінде көмірқышқыл газы – 85%-ды және сутегін сығып шығару кезінде 95%-ды;



      2) ауа мен сутегін сығып шығару кезінде азот - 97%-ды құрайды. Ауаны және сутегін сығып шығару кезінде генераторды инертті газбен толық үрлеу газды талдаумен расталады.



      186. Газ-май жүйесі генераторлары мен аппараттарының корпусын ашу алдында сутегі инертті газбен, ал инертті газ – ауамен сығып шығарылады. Дөңбек қалқандарды, люктерді және өзгелерді ауадағы көмірқышқыл газының немесе (азотты сығып шығару кезінде) оттегінің жоқтығын (көлемі бойынша кемінде 20%) талдау растағаннан кейін ғана ашуға рұқсат етіледі.



      187. Тоқтап тұрған синхронды компенсатордың жанасқан шығыршықтарының камераларын сутегін сығып шығармай ашу алдында оның корпусынан камераға инертті газ берілгенге дейін оны компенсатор корпусынан бөліп тұратын бекітпе тығыздығын тексеру қажет.



      Камераларда жұмыстарды оны инертті газбен урлегеннен кейін (оны ауамен кейінгі сығып шығарусыз) және талдау жүргізгеннен кейін бастауға рұқсат етіледі.



      188. Газ-май жүйесіндегі құбырларды және жабдықтарды жөндеуге шығару кезінде тығыз жабылмаған ысырмадан жөнделіп жатқан учаскелерге инертті газ бен сутегінің кіріп кету мүмкіндігін болдырмау үшін тығындар орнатылған.