Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 316

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Қаптамаларды диэлектрлік қолғаптарды және оқшаулағыш қарнақтарды не қысқаштарды пайдалана отырып, ІV және ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар (оның біреуі – кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан) екі жұмысшы орнатуы және ажыратуы қажет.



      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      136. Жұмыс орнымен шектес камера, шкаф және панель қоршауларында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) ілінеді.



      137. АТҚ-да жерден және іргетаста немесе жекелеген конструкцияларда орнатылған жабдықта жұмыс істеу кезінде жұмыс орны осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоршалған кеңістік ішіне айнала ілінген плакаттары бар, өсімдік не синтетикалық талшықтардан жасалған арқанмен, жіппен немесе баумен қоршалады (өтетін жерді қалдыра отырып).



      Арқанды ілу үшін жұмыс орнының аймағына кірмеген құрылымдар қоршалмаған кеңістікте қалған жағдайда, оларды пайдалануға рұқсат етіледі.



      Желілік айырғыштарды қоспағанда, барлық АТҚ-дан кернеуді ажырату кезінде соңғылары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршалған кеңістіктің сыртына айнала ілінген белгілері (плакаттары) бар арқанмен қоршалады. АТҚ-да қосалқы тізбектерде нұсқау бойынша жұмыс істеу кезінде жұмыс орнын қоршау талап етілмейді.



      138. ӘЖ мен КЖ-ден басқа электр қондырғыларында дайындалған жұмыс орындарында осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЖҰМЫСТЫ ОСЫ ЖЕРДЕ ІСТЕ" белгісі (плакаты) ілінеді.







      139. АТҚ-да жұмыс орнынан кернеуде тұрған олармен шектес учаскелерге өтуге болатын конструкциялар учаскелерінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ТОҚТА! КЕРНЕУ" деген жақсы көрінетін белгілер (плакаттар) орнатылады. Бұл плакаттарды жөндеу персоналынан шыққан ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшы жіберушінің басшылығымен орнатады.



      Көтерілуге рұқсат етілетін конструкциямен шектесетін конструкциялардың төменгі жағында осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "КӨТЕРІЛМЕ! МЕРТ БОЛАСЫҢ" деген белгі (плакаты) ілінеді.




      Жұмыстарды жүргізу үшін көтерілуге рұқсат етілген стационарлық сатылар мен конструкцияларда осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ОСЫ ЖЕРДЕН КӨТЕРІЛ" деген белгі (плакаты) ілінеді.



      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      140. Жұмыс орындарын дайындау кезінде орнатылған плакаттар мен қоршауларды жұмыс толық аяқталғанға дейін алып тастауға және ауыстыруға жол берілмейді.



      141. Электр қондырғыларында, егер түзелу кезінде кернеуде тұрған тоқ өтетін бөліктерге дейінгі ара қашықтық осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілгеннен кем болса, иілген күйінде жұмыс істеуге жол берілмейді. 6-110 кВ электр станцияларының және шағын станциялардың электр қондырғыларында қоршалмаған тоқ өтетін бөліктердің жанында жұмыс істеу кезінде осы бөліктердің артта немесе екі бүйір жағынан орналасуына жол берілмейді.



      142. Кернеуде тұрған жабдық оқшаулағыштарына электр қорғаныс құралдарын пайдаланбай жақындауға жол берілмейді.



      143. ӘЖ мен БӘЖ-де электрлік байланысты учаскелерді (сымдарды, арқандарды) қосу немесе ажырату алдында осы учаскелердің қуатын теңдестіру қажет. Қуаттарды теңдестіру осы учаскелерді өткізгішпен жалғау немесе жерге қосуларды бір жерге қосуға (жерге қосатын қондырғыға) жалғау арқылы оларды үзіктің екі жағынан (шамаланған үзік) орнату арқылы жүзеге асырылады.



      144. Электр қорғаныс құралдарын (оқшаулағыш қарнақтар мен қысқыштарды, электр өлшеуіш қарнақтар мен қысқыштарды, кернеу көрсеткіштерін) пайдалану арқылы жұмыс істеу кезінде адамның тоқ өтетін бөліктерге осы құралдардың оқшаулағыш бөлігінің ұзындығымен анықталатын қашықтықта жақындауына рұқсат етіледі.



      145. АТҚ және ӘЖ қиылысы аралығында сымдарды (арқандарды) және кернеуде тұрған сымдардан төмен орналасқан оған қатысты оқшаулағыштар мен арматураны жоғарыда орналасқан сымдардың кесіліп кетуінің алдын алу мақсатында ауыстырылатын сымдар (арқандар) арқылы ауыстыру кезінде өсімдік немесе синтетикалық талшықтардан жасалған арқандар ауыстырылады. Арқандарды екі жерде – қиылысқан жерінен екі жағынан шеттерін зәкірге, конструкцияға және басқаларына бекіте отырып ауыстырады. Сымды (арқанды) көтеру баяу және бірқалыпты жүзеге асырылады.




      146. Сымдарда (арқандарда) және кернеуде тұрған сымдардан (арқандардан) жоғары орналасқан оған қатысты оқшаулағыштарда, арматурада жұмыс істеу кезінде сымдардың (арқандардың) түсіп кетуінің алдын алуға және бағытталған кернеуден сақтауға арналған шаралар қолданылады. Осындай жұмыстар кезінде сымдарды (арқандарды) қиылысатын сымдардан кернеуді ажыратпай жұмыс істеуге жол берілмейді.



      147. Персонал электр қондырғысынан кернеу жойылғаннан кейін оның қайтадан ескертусіз берілетінін ескеруі қажет.



      148. Тәуліктің түнгі уақыттарында жұмыс учаскелері, жұмыс орындары, оған өтетін жолдар мен кірер жерлер жарықтандырылады. Жарықтандыру біркелкі болуы, жарықтандыру қондырғылары жұмыс істеушілердің іс-әрекетін қарықтындырмауы тиіс. Жарықтандырылмаған жерлерде жұмыс істеуге жол берілмейді.



      149. Найзағай жақындаған кезде ӘЖ, БӘЖ, АТҚ, ЖТҚ-да, ӘЖ-нің сыртқа шығарылған өткізгіштерінде және желілік айырғыштарында, ӘЖ учаскелеріне қосылған КЖ-да, сондай-ақ байланыс тораптарының үй-жайларындағы БӘЖ кірмелерінде және антенналық-діңгекті құрылыстардағы барлық жұмыстар, сондай-ақ 15 м/сек. және одан жоғары жел жылдамдығы кезінде 10 м биіктіктегі жүк көтергіш крандардың және 10 м/сек. және одан жоғары жел жылдамдығы кезінде телемұнаралардағы жұмыстар тоқтатылады.




      150. Электр станцияларының, шағын станциялардың 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында және КЖ-да кернеуде жұмыс істеу кезінде:



      1) жұмыс орнына жақын орналасқан, кернеуде тұрған, кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін басқа тоқ бөліктерін қоршау;



      2) диэлектрлік галош киіп немесе оқшаулағыш тіреуде не резеңке диэлектрлік кілемде тұрып жұмыс істеу;



      3) оқшаулағыш саптары бар (бұрауышта, бұдан басқа білігі оқшауланады) құралды қолдану;



      4) мұндай құрал болмаған кезде – диэлектрлік қолғапты пайдалану қажет.



      Қысқа жеңді немесе түрілген жеңді киіммен жұмыс істеуге, сондай-ақ қол араны, егеулерді, металл сызғыштарды және басқа да құралдарды пайдалануға жол берілмейді.







      151. Кәсіпорын персоналынан шыққан немесе басқа ұйымдардың жұмысшысына (іссапарға жіберілген персонал құқығында) кезекшінің рұқсатымен басқару қалқандарында және ТҚ-да орнатылған есептеуіштер мен басқа да өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін жеке өзінің жазып алуына рұқсат етіледі. Жергілікті кезекші персонал болған кезде бұл жұмысшының ІІ төмен емес рұқсат тобы, жергілікті кезекші персонал болмаған кезде – ІІІ төмен емес рұқсат тобы болуы қажет.



      Ескерту. 151-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      152. АТҚ-да және 500 кВ және одан жоғары ӘЖ-де адам ағзасына кері әсерін тигізуге қабілетті және жерге қосылған немесе жерден оқшауландырылған электр өткізгіш объектілеріне жақындау кезінде биологиялық белсенді электр өрісінен жұмыс істейтін қорғаныс қамтамасыз етіледі.



      153. Электр өрісінің әсер ету аймағындағы жұмыстар кезінде адамның осы аймақта болу уақыты шектеледі. 5 кВ/м дейінгі электр өрісінің кернеулігі кезінде онда жұмыс уақыты ішінде болуға рұқсат етіледі.



      5-тен 20 кВ/метрге дейінгі (қоса алғанда) жоғары кернеудегі (кернеудің белгілі бір деңгейі үшін) электр өрісінде болуға рұқсат етілетін уақыт Т, сағат, мына формуламен есептеледі:



      Т = 50/E - 2



      мұндағы Е – бақыланатын аймақта әсер ететін электр өрісінің кернеулігі, кВ/м.




      20-дан 25 кВ/м-ге дейінгі және одан жоғары кернеулік кезінде болу уақыты 10 минуттан аспайды. 25 кВ/м-ден жоғары кернеулік кезінде қорғаныс құралдарын қолдану қажет. Бұл ретте жұмыс ұзақтығы бір жұмыс күнімен шектеледі.



      Осы тармақ талаптары персоналға электр разраядының әсер ету мүмкіндігінің алдын алу шарты кезінде жарамды.



      154. Электр өрісінде болуға рұқсат етілетін уақыт жұмыс күні ішінде бір рет немесе бөлшектеп іске асырылады. Қалған жұмыс уақытында қорғаныс құралдарын пайдалану немесе 5 кв/м-ге дейінгі электр өрісінде болу қажет.



      155. Электр өрісінің кернеулігі, сондай-ақ әсер ету және экрандау аймағының шекаралары өлшеу нәтижелері бойынша анықталады. Барлық жағдайларда бұрмаланбаған электр өрісінің кернеулігі жұмыс орындау процесінде адам болатын барлық аймақта өлшенеді.



      Жабдық пен конструкцияларға көтерілмей жұмыс істеу кезінде өлшеулер:



      1) қорғаныс құралдары болмаған кезде – жер бетінен 1,8 м биіктікте;



      2) ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану кезінде – жер бетінен 0,5, 1,0 және 1,8 м биіктікте жүргізіледі.



      Конструкцияға немесе жабдыққа көтеріліп жұмыстарды орындау кезінде (қорғаныс құралдарының болуына қарамастан) өлшеулер жұмыс орны алаңынан 0,5, 1,0 және 1,8 м биіктікте және жабдықтың жерге қосылған тоқ өтетін бөліктерінен 0,5 м қашықтықта жүргізіледі.



      156. Бақыланатын аймақта болу уақыты өлшенген кернеуліктің ең үлкен мәнінен шыға отырып белгіленеді.



      157. Қорғаныс құралдары ретінде стационарлық, тасымалды және жылжымалы экрандаушы қондырғыларды, машиналар мен механизмдерде орнатылатын алмалы экрандаушы қондырғыларды, экрандаушы жиынтықтарды пайдалануға болады.



      Машиналардың жерге қосылған кабиналары мен шанақтарында, механизмдерінде, жылжымалы шеберханалар мен зертханаларда, сондай-ақ темір-бетоннан жасалған ғимараттарда, темір-бетон жабыны, металл қаңқасы немесе жерге қосылған металл жабыны бар кірпіш ғимараттарда электр өрісі жоқ, және қорғаныс құралдарын пайдалануды талап етпейді.



      158. Тасымалды және жылжымалы экрандаушы қондырғылар оларды орнату орнында жерге қосушы қондырғыға немесе жерге қосушы қондырғыға қосылған металл конструкцияға қимасы 10 шаршы миллиметрден кем болмайтын иілгіш мыс өткізгіш арқылы жерге қосылады.