Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 323

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Кернеуде тұрған кәбілдердің орнын ауыстыру қажет болған жағдайда, мынавдай шарттарды орындаған уақытта ғана рұқсат етіледі:



      1) орны ауыстырылатын кәбілдің температурасы +5 градустан төмен емес;



      2) кәбіл ауыстырылатын аймақтағы жалғастырғышы тақтайшаға қамыттармен тығыз бекітілуі қажет;



      3) жұмыс істеу үшін диэлектрлік қолғаптың үстінен механикалық ақаулықтардан қорғану үшін брезент қолғап кию керек;



      4) жұмысты кәбілді төсеу тәжірибесі бар жұмысшылар басшының қадағалауымен орындайды.







      287. Жер асты кабель құрылғысы газ қауіптілердің қатарына жатпаса, құрылыс ремонты, кабельдерді бояу, жинау бойынша жұмыстарды кемінде 2 жұмысшы тексеруі қажет. Электр станциялары мен кіші станцияларда коллектор мен туннельді III төмен емес тобы бар бір ғана адам тексере алады.



      Ескерту. 287-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      288. Зиянды газдардың пайда болу мүмкіндігі бар жер асты құрылысында наряд бойынша 3 жұмысшы жұмыс істеуі, оның екеуі сақтандырып тұруы қажет. Жұмысты жүргізушігің III рұқсат тобы болуы қажет.



      289. Әрбір цехта (ауданда, учаскеде) қызмет көрсетуші персонал таныстырылуы қажет газқауіпті жер асты құрылыстардың тізбегі болуы тиіс.



      Барлық газқауіпті жер асты құрылыстары сызбада көрсетіледі.



      290. Жер асты құрылысында жұмысты бастау алдында және жұмыс істеу кезінде табиғи немесе жасанды желдету қамтамасыз етіледі.



      Табиғи желдету ауа ағымын бағыттайтын арнайы қалпақшасы бар кемінде екі люкті ашу арқылы пайда болады.



      Жасанды желдету желдеткіш немесе компрессор арқылы 10-15 мин. аралығында жер асты құрылысының ауасын толығымен жаңарту үшін сондағы жердің түбіне жеңді 0,25 м жетпейтіндей етіп түсіру арқылы қамтамасыз етіледі.



      Желдету үшін қысымдалған газы бар баллондарды қолдануға жол берілмейді.



      291. Жер асты құрылысының ішіндегі ауаның газдалғандығын тексермей жұмысқа кірісуге болмайды. Тексеруді аспаптарды қолдана алатын адамдар жүргізуі қажет. Осы адамдардың тізімі кәсіпорынның нұсқауы бойынша бекітіледі.




      Ашық от арқылы газдың жоқтығын тексеруге жол берілмейді.



      292. Ағымды-тартымды желдеткішпен жабдықталған коллектор мен туннельдерде жұмысты бастамас бұрын жергілікті талап бойынша анықталған уақытта желдету әрекеті жасалуы тиіс. Осы жағдайда газдың бар-жоғын тексермеуге болады.



      293. Коллекторларда немесе туннельдерде жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың екі жағынан екі люк немесе екі есік ашылады.



      294. Құдықтарды ашу кезінде ұшқын шығармайтын құралды пайдаланған жөн, сонымен қатар люк мойыншасына қақпақтың соғылмауын қадағалау қажет. Ашық тұрған люктің аузында ескерту белгілері немесе қоршау орнатылады.







      295. Құдықтарда III төмен емес рұқсат тобы бар сақтандыру белдігін тағып алған бір адамның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сақтандыру белдігінің иыққа тағатын қайысы, ол арқа жағында қиылысқан жерінде арқанды бекітетін сақинасы болуы тиіс. Белдіктің екінші бір ұшын сақтандырушылардың біреуі ұстап тұрады.



      Ескерту. 295-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      296. Құдық ішінде жұмыс істеу барысында дәнекерлеуіш шамын жағуға, пропан-бутаны бар баллондарды орнатуға, жалғастырғышқа құйылатын құрамды қыздыруға және дәнекерлеуге жол берілмейді. Балқытылған дәнекерлеуішті және жалғастырғышқа құйылатын қыздырылған құрамды құдыққа түсіргенде, оларды арнайы жабық ыдыста, карабин арқылы металл арқанға байлап түсіреміз. Отпен жұмыс істеу кезінде алаудың таралуына жол бермейтін, отқа төтеп бере алатын материалдан жасалған тақтайшаларды оттан қорғану үшін қолданады.



      297. Кәбіл жүргізілген коллектор мен туннельдерде кәбілдік жартықабаттарда және т.б. орынжайларда пропан-бутанды қолдана отырып жұмыс істеу кезінде орынжайлардағы баллондардың сыйымдылығы 5 метрден аспауы тиіс. Жұмыс аяқталғаннан кейін газы бар баллондарды шығарып, орынжайдың ішін желдету қажет.



      298. Кәбілдерді қосу кезінде құдықта болуға жол берілмейді, ал коллекторлар мен туннельдерде екі ашық есіктің арасында болуға рұқсат етіледі. Кәбілдер қосылып тұрған кезде олармен жұмыс істеуге болмайды.



      Қосқаннан кейін өрттің алдын алу үшін кәбілдерді тексеріп-қарау қажет.




      299. Туннельдерде жұмыс істеуге рұқсат етуден бұрын және өрттен қорғану құрылымын тексеру кезінде оларды автоматты әрекеттен қашықтықтан басқаруға көшіріп, басқару кілтінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плкат) ілінеді.



      300. Құдықтарда, коллекторлар мен туннельдерде және де ашық люктің қасында темекі шегуге тыйым салынады.



      301. Құдықтарда, коллектор мен туннельдерде ұзақ жұмыс барысында наряд беруші жұмысшы жұмыс атқару жағдайына байланысты сонда өткізілетін уақытты реттейді.



      302. Газ пайда болған жағдайда құдықтарда, коллекторлар мен туннельдерде жұмыс тоқтатылып, жұмысшылар газданудың көзі анықталып оны жойғанша қауіпті аймақтан шығарылуы тиіс.



      Газды шығару үшін жасанды желдетуді қолдану қажет.



      303. Әуе жолы ток өткізгіш сымның электрлік берілісі және тіреуді бөлшектеу жұмысы технологиялық карта бойынша немесе ЖӨЖ жұмыс басшысының қадағалауымен жүргізілуі тиіс.



      304. Тіреуге шығуға және онда жұмыс істеуге тіреу толық орнықты және берік екендігіне көз жеткізгенде ғана рұқсат етіледі.



      Беріктігі күмән тудыратын тіреудің қатайту тәсілін және қажеттілігін оның (тереңдігі жеткіліксіз болғанда, топырағы бос болғанда, ағашы шірігенде, бетонда жарық болғанда және т.б) жұмыс басшысы немесе жүргізуші сол орында анықтайды.



      Тіреуді созу арқылы қатайту жұмыстарын тіреуге шықпай-ақ, мәселен, адамдарды көтеру үшін телескоптың мұнарасынан немесе басқа механизмнен, қасында тұрған тіреуге шығып орындау, не болмаса, ол үшін тіреуге шығуды қажет етпейтін арнайы бекіткіш қолдану қажет.



      Тіреуге бекітілгеннен кейін оған шығуға рұқсат етіледі.



      305. Электр сымдары мен арқандардың бір бағытқа тартылуына есептелмеген және уақытша осындай тартылуға ұшырайтын тіреу құламас үшін алдын ала бекітіледі.



      Тіреулерді алдын ала бекітпей, электр сымдарының бүтіндігін бұзуға және тіреулер арасында байлауды шешуге болмайды.







      306. Тіреуге шығуға тіреудің басына дейін жұмыстың барлық түрлерін орындауға - III төмен емес рұқсат тобы бар, ӘЖ-ні ажырату арқылы тіреудің жоғарғы жағына дейін орындалатын жұмыстар кезінде ІІ төмен емес рұқсат тобы бар, ажыратылмаған ӘЖ-де тоқ өтпейтін бөліктерде жұмыс істеушілердің басы осы ӘЖ-нің төменгі сымдарының деңгейіне дейінгі аралық 2 м қашықтықта жұмыс істеу кезінде ІІ төмен емес рұқсат тобы бар бригада мүшелеріне рұқсат етіледі. Жұмыстың ерекшелігі тіреудің болуына байланысты; I рұқсат тобымен жерден 3м дейінгі аралықтағы барлық жұмыс түрі.




      Ескерту. 306-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      307. Тіреуге көтерілу кезінде сақтандыру белдігінің арқан жіптерін ағаш тіректерде тіреудің артына кіргізу керек, ал темір бетон тіреулерінде – тіреудің артына кіргізу немесе тесігіне бекіту керек.



      Істік оқшаулағыштары бар бұрышты тіректерге көтерілуге және ішкі бұрышы жағынан жұмыс істеуге тыйым салынады.



      Тіректің тіреуінде жұмыс істеу кезінде сақтандыру белдігін пайдаланып, екі тырнаққа (өтетін тесіктің) сүйену қажет.



      Тірек тіреуінде жұмыс істеу кезінде қысыммен тұрған ең жақын жердегі электр сымдарын көздер таса қылмау қажет.



      308. Тіректің бөлшектерін ауыстыру кезінде оны араластыру немесе құлау мүмкіндігі болмау керек.



      309. Жалғыз не екі тіреуішті П немесе АП тәрізді тіректерді ауыстырғанда, тіректің бірден екі тіреуін қазуға болмайды. Алдымен бір тірек тіреуішінің қойғышына ауыстырып, құрсаулап бекітіп, жерге таптап нығыздап керек, содан соң ғана екіншісін ауыстыруға кірісу керек. Қосарланған қойғыштарды кезекпен ауыстыру керек.



      Қойғыштарды алғанда немесе түсіргенде, қазаншұңқырда қалуға болмайды.



      310. Тіректерді құлату және орнату тәсілдерін, ауытқу болмас үшін оны бекіту қажеттілігі тәсілдерін жұмыс басшысы, егер ол тағайындалмаса, наряд берген жұмысшы белгілейді.



      311. Ілгек көмегімен тартуды қолданған жағдайда, соңғылары сақтандыру құлпымен қамтамасыз етілуі қажет.



      312. Оқшаулауыш аспада жұмыс істегенде, біртізбекті және көптізбекті (оқшаулағыштардың екі не одан көп тізбектері) және созылмалы көптізбекті аспалармен қозғалуға болады.



      Арнайы құралдарды қолдануда немесе оған жатып, дененің қалпын белгілеп алу үшін аяқпен траверсаны ілген жағдайда, біртізбекті созылмалы оқшаулауыш аспада жұмыс жасауға болады.



      313. Ұсталатын оқшалағыш аспада жұмыс жасау барысында сақтандыру белдегінің арқаны траверске бекітіледі. Егер арқанның ұзындығы жеткіліксіз болса, онда белдікке бекітілген екі сақтандырғыш аспаарқанды пайдалану қажет. Аспаарқанның біреуі травесаға байланады, ал екіншісі алдымен траверстен өткізіледі, бригаданың сақтандыру мүшесі қажеттілігінше жақын жібереді.




      314. Керілген оқшаулағыш аспада жұмыс істеу кезінде сақтандыру белдігінің арқаны траверске немесе осы мақсатқа арналған құралға бекітіледі.



      315. Ұстап тұратын және керілмелі көптізбекті оқшаулағыш аспаларда сақтандыру белдігінің арқанын жұмыс жүргізілмейтін оқшаулағыштар тізбектерінің біреуіне бекітуге болады. Бұл арқанды жұмыс жүргізілетін тізбекке бекітуге болмайды.



      316. Оқшаулауыш аспаны тіркеуден ағытуға әкеп соғатын ақау табылған жағдайда, жұмыс тоқтатылады.



      317. Электр сымдарын траверстерге көтергенде (немесе түсіргенде), сондай-ақ оларды кергенде, сол траверстерде немесе олардың астындағы тіреулерде тұруға болмайды.



      Жүкті көтеру схемасын таңдау және көтеру блоктарын орналастыру кезінде тіректі зақымдамайтын, көп күш түсірмейтін жағдайды қарастыру қажет.



      318. ӘЖ-де адамдардың көлденең қимасы 240 мм кем болмайтын электр сымдарымен және қимасы 70 мм кем болмайтын арқанмен орын ауыстыруға болады.



      Тізбектен ағытылған электр сымдары мен арқандармен орын ауыстырғанда, сақтандыру белдігінің арқанын соларға, ал арнайы арбаны қолданған жағдайда, арбаға бекіту қажет.







      319. Тіреудің ұшына дейін II төмен емес тобы бар бригада мүшелері бояйды. Тіреуді бояу кезінде бояу оқшаулағыш пен электр сымына жағылмас үшін шаралар қолдану керек.



      Ескерту. 319-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      320. Қысымда тұрған ӘЖ-дегі жұмыстар екі схема бойынша жүргізіледі.



      1) егер жұмысшы электр сымының қуатында болса және жерден оқшауланса - "сым-адам-оқшаулау-жер";



      2) егер жұмысшы электр сымынан оқшауланса - "сым-оқшаулау-адам-жер".



      321. Электр сымының қуатында жұмыс істеуге мына жағдайда рұқсат етіледі: адам жерден оқшауланған жағдайда, экрандаушы киім жинағын қолданғанда және жұмыс алаңының және электр сымының, экрандаушы жинағының қуатын теңестіргенде.



      Қуатты теңестіру қуатты тасымалдауға арналған арнайы қарнақпен жүргізіледі.



      Электр сымына жұмысшыны көтергенге дейін экрандаушы жинақ қуатты көшіруге арналған қарнақпен және монтер кабинасымен, егер ол қолданылатын болса, жалғанады.