Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 325

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Осы жұмыстарды атқару барысында адамнан жерге қосылған бөліктерге және жабдықтың элементтеріне дейінгі қашықтық осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде келтірілгеннен кем болмауы керек. Электр сымының қуатындағы нақты жұмыс түрлері арнайы технологиялық карталар бойынша арнайы нұсқауларға сәйкес орындалады.



      322. Кернеумен жұмыстар адамды электр сымынан оқшаулап, тиісті кернеуге арналған электрден қорғану құралдарын қолданып жүргізіледі.







      323. Электр сымының қуатымен жұмыс істеуге құқы бар бригада мүшелерінде (ток жүретін бөліктерге тікелей жанасатын болса) IV төмен емес рұқсат тобы, ал бригаданың қалған мүшелерінде III төмен емес рұқсат тобы болуы тиіс.



      Ескерту. 323-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      324. Қуатпен жұмыс істеу кезінде оқшаулағышқа және электр сымымен салыстырғанда, басқа қуаты бар оқшаулағыш аспалардың арматурасын ұстауға, сондай-ақ электр сымының қуатындағы оқшаулағыш құрылғының алаңынан жұмыстарды орындау барысында, аспаптар немесе құрылғыларды жұмыс алаңында жоқ жұмысшылардың алуына немесе беруіне болмайды.



      325. Оқшаулағыш аспаларда жұмысты бастамас бұрын өлшеу қарнағымен аспа оқшаулағыштардың электрлік беріктігін және арматурадағы барлық шплинттер мен құлыптарды тексеру қажет. Шығару қысқыштары болса, оларды жұмыс жүргізіліп жатқан тірекке және егер бұл тас жол бедері бойынша қажет болса, көрші тіректерге сына қағу қажет.



      326. Оқшаулағыш аспада оны ілмектеу, оқшаулағыш құрылғыларда немесе траверстердегі монтерлар жүргізген жеке оқшаулағыштарды, арматураны ауыстыру жұмыстарына аспадағы дұрыс оқшаулағыштардың мөлшері 70% кем болмаса, ал ал 1150 кВ ӘЖ-нде бір аспада бес ақаулы оқшаулағыш болса ғана рұқсат етіледі.



      327. 500 кВ және одан жоғарғы ӘЖ-нде траверсте орындалатын оқшаулағыш аспаларды ілмектеу кезінде, қажетті құрылғыларды диэлектрлік қолғаппен және экрандаушы жинақта бекіту және траверстерден ағыту қажет.



      Оқшаулағыш аспада екі оқшаулағыш дұрыс болған жағдайда, 35 кВ ӘЖ-нда бірінші оқшаулағыштың шапкасына, ал 110 кв және одан жоғары ӘЖ бірінші және екінші оқшаулағыштардың шапкаларына жақындауға болады. Оқшаулағыштардың есебі траверстерден бастап жүргізіледі.




      328. Разрядтаушының сыртқы электродын электр сымына тиісті қашықтықтан артық жақындатпайтын оқшаулағыш аспа габаритниктерін қолданған жағдайда, түтікше разрядтауышты кернеулі 110 кВ ЭЖ-не орнатуға болады.



      Разрядтауыштың сыртқы электроды электр сымына жақындату немесе разрядтауышты алу кезінде электродты бұру барысында ықтимал газ шығару аймағында қалуға болмайды. Разрядтауыштың сыртқы электродын оқшаланушы қарнақтың көмегімен жақындату немесе бұру қажет.



      329. Тіректен оқшауландырылған найзағайдан қоғайтын арқанға 1м қашықтықтан кем жақындауға болмайды.



      Арқанды көктайғақты еріту схемасында пайдаланғанда, арқанға жақындау қашықтығы еріту кернеуіне байланысты белгіленеді.



      Жерге қосатын түсірме сымды жерден оқшауландырылған найзағайдан қорғау арқанынан ажырату және жалғау операцияларын арқанды алдын ала жерге қосылғаннан кейін жүргізуге болады.



      330. Тұман, жаңбырда, қар жауып тұрғанда, қараңғы мезгілде, сондай-ақ тіректердегі жұмыстың жүргізілуін қиындататын жел тұрғанда, ӘЖ және ӘБС жұмыс істеуге болмайды.



      331. Қолданыстағы ӘЖ қилысының аралықтарындағы электр сымдарын монтаждау және ауыстыру кезінде оларды баяу, жұлқымай жазу керек, тарту аспаарқандарын шықпырту мен кернеумен тұрған электр сымдарына жақындатпайтындай етіп бағыттау қажет. Арқанды тарту үшін және оны созбақтамау үшін өсімдіктен жасалған арқан немесе синтетикалық талшықты, арқанды оның ең қысқа ұзындығын таңдап және босатпай тартып қолдану қажет.



      Жұмыс істеу кезінде қолданылатын шығыр және болат аспаарқандар жерге қосылады.



      332. Бағытталған кернеумен жұмыс істеу кезінде әрбір барабанның электр сымы ашылар алдында жерге қосылады.



      Электр сымын тап барабанның жанында жерге қосу міндетті емес.



      Бағытталған кернеумен электр сымдарында телескоп мұнарасынан (көтергіштен) орындалатын жұмысты жасау барысында қимасы мұнараның жұмыс алаңы қуатты тасымалдауға арналған арнайы қарнақтың көмегімен қимасы 10 шаршы мм кем емес майысқақ мыс өткізгішпен электр сымына жалғанады да, ал мұнараның өзі жерге қосылады. Бұған қоса электр сымы жақын маңдағы тірекке немесе аралықта жерге қосылады.



      Мұнара кабинасына кіруге және шығуға, сондай-ақ телескоп мұнарасының жұмыс алаңы электр сымы арқылы жалғанған соң жерде тұрып мұнара корпусына жақындауға болмайды.




      Металл аспаарқанды шексіз аспаарқан ретінде қолдануға болмайды. ӘЖ-нің анкерлі тірегіндегі бағытталған кернеуде тұрған тұзақтарды монтаж жұмыстары біткен соң осы тірекпен іргелес анкерлі аралықтарда жалғау керек. 110 кВ ЭЖ және одан жоғарғы анкерлі тіректе тұзақтар жалғанғанға дейін электр сымына немесе оқшаулаушы керілмелі аспаларға бекітіледі, бірақ траверстен бастап санағанда төртінші оқшаулағыштан жақын болмау керек, ал 35 кВ және одан төмен ӘЖ-нде электр сымына бекітілуі қажет.



      333. Кернеуде тұрған басқа ӘЖ-мен қиылысу аралығындағы ӘЖ электр сымдарында жұмыс жасау барысында жерге қосуды жұмыс жүріп жатқан тірекке орнату қажет.



      Егер осы аралықта электр сымы ауыстырылса немесе ілінсе, онда қиылысқан жерінің екі жағынан осы Қағидалардың 145 және 146-тармақтарына сәйкес ілінетін және ауыстырылатын электр сымы жерге жалғануы керек. ӘЖ қызмет көрсетуші қызметкерді ажыратылғаннан кейін бағытталған кернеуде тұрған желілер тізбесімен таныстыру керек.



      334. ӘЖ-нде бағытталған кернеумен жерден тіректен жерге дейін түсірілген электр сымына жанасуға байланысты жүргізілген жұмыстар электрден қорғану құралдарын (қолғап, қарнақ) немесе өткізгіштердің қуатын теңестіру үшін осы электр сымымен жалғанған металл алаңын қолданумен жүргізіледі. Жерден электрден қорғану құралдарынсыз және металл алаңынсыз жүргізілген жұмыстар әрбір жанасы жеріне тікелей жақын электр сымы жерге қосылған жағдайда жүргізіледі.



      335. Бағытталған кернеуде ӘЖ-дегі электр сымдарын монтаждау барысында қолданылатын болат тарту аспаарқандарын алдымен тарту механизмінде бекіту керек және қуатты теңестіру үшін электр сымы жерге қосылған жерге қосушыға жерге қосу керек. Осыдан кейін ғана аспаарқанды электр сымына бекітуге болады. Қуатты теңестірген соң электр сымы мен тарту аспаарқанын ажыратуға болады.



      336. Бағытталған кернеудегі ӘЖ-нде монтаждау жұмыстарын (электр сымдарын көтеру, көздеу, керу, арасын ашу аунақшалардан қысқыштарға ауыстырып қою) жүргізген кезде электр сымы арасын ашуды жүргізілетін анкерлі тірекке, керу жүргізілетін соңғы анкерлік тірекке және электр сымы көтерілетін әрбір аралық тірекке жерге қосылады.



      Аралық тіректе жұмыс біткеннен кейін электр сымынан осы тірекке жерге қосылу алынады. Аралық тіректе электр сымына жанасумен байланысты жұмыс қайта жаңғыртылған кезде электр сымы сол тіректе қайтадан жерге қосылады.




      337. Бағытталған кернеудегі ӘЖ-де электр сымдарын жазылған аунақшалардан ұстайтын қысқыштарға ауыстырып қоюды жазу бағытына қарама-қарсы бағытта жүргiзген жөн. Орнын ауыстыруды бастамас бұрын анкерлі тіректегі электр сымдарын орын ауыстыру жүргізілетін жаққа қалдырып, орнын ауыстыру басталатын анкерлі тіректегі электр сымдарынан жерге қосуды ажырату қажет.



      338. Бағытталған кернеудегі ӘЖ-ндегі электр сымдарын монтаждау кезiнде олардың жерге қосылуын электр сымын ұстайтын қысқыштарға ауыстырғаннан кейін және осы тіректе жұмыс аяқталғанна кейін алуға болады.



      Электр сымдарын қысқыштарға ауыстыру кезінде ауыстырып қою аяқталған іргелес анкерлі аралықты бағытталған кернеуде тұрған аралық ретінде қарастыру қажет. Оларды жұмыс орнында жерге қосқаннан кейін ол жерде электр сымдарына жанасумен байланысты жұмыстарды жүргізуге болады.



      339. Кәсіпорында бағытталған кернеумен ӘЖ қатарынан өлшемдермен ажырату және жерге қосу барысында жерге қосылған электр сымдарының ұштарында қолданыстағы ӘЖ шамалы жұмыс тоғы барысында 42В аспайтын бағытталған кернеуде қуат қалатын желілерді анықтау керек.



      Осы ӘЖ-ндегі негізгі электрден қорғану құралдарынсыз электр сымына жанасумен байланысты жұмыстардың барлық түрі технологиялық карта немесе ЖӨЖ бойынша жүргiзiледi, онда жұмыс орындарындағы 42В аспайтын бағытталған кернеудің қуатын қамтамасыз ету талаптарының негізінде жерге қосудың орналасуы көрсетіледі.



      Егер бағытталған кернеудегі ажыратылған ӘЖ (тізбегінде) осы кернеуді 42В-қа дейiн төмендету мүмкiндiгi болмаса, онда электр сымдарын бiр немесе екi іргелес тiректе жерге қосу қажет. Бұған қоса ӘЖ (тізбекті) РҚ жерге қосуға болмайды. Бригаданың жерге қосу орналасқан тіректерде және олардың арасындағы аралықта жұмыс жасауына рұқсат етiледi.



      Екi не одан көп аралықта (учаскелерде) жұмыс жасаған жағдайда, ӘЖ (тізбек) анкерлi тiректе тұзақтың ажырауы арқылы электр энергиясы жағынан байланысы жоқ учаскелерге ажыратылады. Осындай учаскелердің әрқайсысында жерге қосуды орналастыру жерінде бір ғана бригада жұмыс жасауы керек.



      340. Тізбек кернеуде тұрған тізбектерден төмен iлiнген жағдайда, тізбектері бiрiнiң үстiне бiрi орналасқан көп тізбектi ЭЖ ажыратылған тізбегінде жұмыс iстеуге болады. Ажыратылған тізбектiң электр сымын ауыстыруға және басқаруға болмайды.








      341. Тізбектері көлденең орналасқан көптізбекті ӘЖ ажыратылған тізбегінде жұмыс жасау барысында тіреулерде кернеуде қалған тізбектер жағынан қызыл жалаушалар ілінеді. Жалауды жұмыс iстеушi III төмен емес рұқсат тобы бар бригада мүшелерiмен бірге жұмыс iстейтiн жерден 2-3 м биiктiкке iлу қажет.



      Тірекке кернеуде тұрған тізбек жағынан көтерiлуге және осы тізбекті ұстап тұрған траверстің учаскелеріне көшуге болмайды. Егер тiректе степ-бұраны болса, олар қандай тізбектің астында орналасқанына қарамастан көтерiлуге болады. Егер степ-бұрандар кернеумен тұрған тізбектер жағынан орналасқан жағдайда, тірекке жерде тұрған жұмысты жүргізушінің немесе III төмен емес рұқсат тобы бар бригада мүшесінің қадағалауымен көтерілген жөн.



      Ескерту. 341-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      342. Көптізбектi ӘЖ ажыратылған тізбегінің электр сымдарындағы тіректерден жұмыс жасау барысында, бағытталған кернеуде тұрған қалған тізбектерді жұмыс жүргiзiлiп жатқан әрбір тіректе жерге қосу орнатылуы қажет.



      343. ӘЖ әр фаза бойынша жөндеу кезiнде ТҚ-ға ажыратылған фазаның электр сымын жерге қосуға болмайды. Электр сымы жұмыс орнында жерге қосылады. Бiр фазаның электр сымында немесе кезекпен әрбір фазаның электр сымында жұмыс жасау барысында 35 кВ және одан жоғары ӘЖ-нде жұмыс орнында жұмыс орындалатын фазаның электр сымын жерге қосуға рұқсат етіледі. Бұған қоса қалған қосылмаған фазалардың электр сымдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетiлген қашықтықтан артық жақындамау керек.



      344. Фазалық жөндеу кезінде жерге қосудың сенiмдiлiгiн арттыру үшiн жерге қосу екі бөлек, қатар орнатылған жерге қосудан тұруы қажет. Электр сымында жерге қосу орнатылған жерден 20 м-ден артық қашықтықта жұмыс істеуге болмайды.



      Бiр мезгiлде бiрнеше бригада жұмыс iстесе, ажыратылған электр сымы электрлік жағынан байланысты емес учаскелерге ажырайды. Әрбір бригадаға бiр қосарланған жерге қосу сымы орнатылған бөлек учаске бөлiнедi.



      345. 110 кВ және одан жоғары ӘЖ фазалық жөндеу жүргiзу кезiнде доғалық разрядты жергіліктендіру үшiн жерге қосуды орнату немесе алудың алдында электр сымы доғасөндіруші құрылғысы бар қарнақтың көмегімен жерге қосылады. Қарнақтың жерге қосылатын электр сымы жерге қосуға алдын ала жалғанады. Бұл қарнақ тасымалы жерге қосу орнатылғаннан (немесе алынғаннан) кейін ғана алынады.