Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 321
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
346. Фазалары көлденең орналасқан ӘЖ фазалар бойынша жөндеу жүргiзу кезiнде траверстің кернеуде тұрған фазалардың ұстайтын электр сымының учаскелеріне көшуге болмайды.
347. ӘЖ тас жолын тазалау кезiнде ағаштарды құлатудан бұрын жұмыс орнын дайындау керек. Қыс мезгiлiнде құлайтын ағашты тез кету үшiн қар үстiне оның қүлайтын жағына қарама-қарсы жағына 5-6 м ұзындықта екi жол жасау керек. Шабылған және кесілген ағашқа шығуға тыйым салынады.
348. Жұмыс өндiрушi жұмыс басталмас бұрын бригаданың барлық мүшелерiн құлайтын ағаш, аспаарқан және басқа заттардың ӘЖ электр сымдарына жақындау қауiпi туралы ескертуi қажет.
349. Электр сымына ағаш құламауы үшiн кескенге дейiн сымды тарту керек.
350. Ағаш электр сымына құлаған жағдайда, ӘЖ-нен кернеу ажыратылғанға дейiн оған 8 м-ден жақын қашықтықта жақындауға болмайды.
351. Аралаушылар құлатылатын ағаштың құлайтыны туралы басқа жұмысшыларға ескертулерi керек. Ағаштың құлайтын жағында және қарама-қарсы жағында тұруға тыйым салынады.
352. Ағашты кеспей не шаппай құлатуға болмайды, сондай-ақ ағашты тесіп кесуге болмайды. Қисайған ағашты қисайған жағына құлату керек.
353. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде немесе басқа ағаштарға көшкенде, кесілген не шабылған ағашты құлатпай қалдыруға болмайды.
354. Шiрiген және құрғап кеткен ағашты кұлату алдында олардың берiктiгiн тексеріп, содан кейін аздап кесу керек. Мұндай ағаштарды шабуға болмайды.
355. Алдын ала аралап алып ағаштарды тобымен құлатуға және бiрінің үстіне бірін құлатуға болмайды. Бірінші кезекте шiрiген және күйген ағаштарды құлату керек.
356. ӘЖ немесе әуе ауыстырып қосу пунктін қарау кезiнде қандай да бір жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тiрек пен құрылымдық элементтеріне көтерілуге болмайды. ӘЖ жоғарыдан қарау кезінде тірекке шығуға рұқсат етiледi.
357. Өтуге қиындық келтiретiн жерлерде (батпақ, су тосқауылдары, таулар, құлаған ағаштар) және ауа райынын қолайсыз жағдайларында (жаңбыр, қар, қатты аяз), сондай-ақ қараңғы мезгiлде ӘЖ-н II төмен емес рұқсат тобы бар екi жұмысшы орындауы тиіс.
Қалған жағдайларда ӘЖ II төмен емес рұқсат тобы бiр жұмысшы тексеріп-қарайды.
ӘЖ қарау кезiнде қараңғы мезгiлде электр сымының астымен жүруге болмайды.
ӘЖ зақымдалған жерiн iздеу кезiнде өздерiмен бiрге ескерту плакаттары болуы тиіс.
Ескерту. 357-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
358. 1000 В жоғары ӘЖ-нде жерде жатқан электр сымына 8 м-ден кем жақындауға рұқсат етiлмейдi. Мұндай электр сымының жанына адамдардың, жануарлардың жақындауын тоқтатын күзетті ұйымдастыру қажет, мүмкіндігінше ескерту плакаттарын іліп, орын алған жағдайларды электр желілерінің кәсiпорнына хабарлау қажет.
359. Оқшаулағыштардың зақымдалуы, электр сымы тіректің денесіне жанасуының (топырақтан ылғалдың булануы, тіреулер мен тіректерді бітеу жерлерінде электр доғасының топыраққа пайда болуынан және т.б.) нәтижесінде жерде қысқа тұйықталу тогының ағу белгілері болса, темір бетонды тіректері бар 6-35кВ ӘЖ-не кернеуде тұрған тіректерге 8-м-ден жақын тұруға болмайды
360. ӘЖ көлiк магистральдарымен (темiр жолдар, кеме жүретін өзендер мен арналар) қиылысындағы учаскелерде жұмыс жасағанда, көлiк қозғалысын уақытша тоқтау керек болса, не олардың қозғалысы кезiнде ӘЖ жұмысын тоқтау қажет болса, наряд беретiн жұмыскер жұмыс iстеу орнына көлік магистралi қозғалысы қызметiнiң өкілiн шақыртуы керек. Ол қажет етiлген уақытқа көлiк қозғалысын тоқтауды қамтамасыз етуі немесе жол бойы бригадасына жақындап келе жатқан көлiк туралы ескертуі керек. Көлiктiң өтуі үшiн электр сымдары қауiпсіз биiктiкке көтерiледі.
361. ӘЖ тас жолмен және ауыл жолдарымен қиылысу немесе жанасу учаскелерiндегi жұмыс жасау барысында көлiк жүргiзушiлерін ескерту және жол полициясының келiсiмiмен оның қозғалысын тоқтату үшiн жұмыс өндiрушi тас жолға сигнал берушілерді шығарып қояды. Қажет болған жағдайда жол полициясы шақырылады.
Сигнал берушілер ӘЖ мен жолдармен қиылысу немесе жақындау орнынан екi жаққа 100 м аралықта орналасуы керек және күндiз қызыл жалаушалары, ал түнде қызыл шамдары болуы қажет.
362. Көшені жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету кезiнде кернеуді ажыратпай өкім бойынша жұмыс істеуге мынадай жағдайларда:
1) жарық шамдары ағаш тiректерде электр сымдарынан төмен жерге қосылған түсірме сымдарынсыз немесе ағаш баспалдақ қойғышысыз орналасқан;
2) оқшаулағыш буыны бар телескоп мұнарасын пайдаланған;
3) өздігінен таситын электр сымдары ӘЖ-де жұмыс iстегенде;
Басқа жағдайларда тiректе iлiнген барлық электр сымдарын өшіріп, жерге қосу қажет.
363. Күш трансформаторлары мен реакторларын жерден немесе тұтқасы бар стационарлық баспалдақтардан қарап тексеру керек. Жұмыс істеп тұрған немесе резервте тұрған трансформатор мен реакторларда қарау алаңдарына рұқсаттама осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескерту белгілерімен (плакатымен) жабылады.
364. Газ релесінен газды iрiктеу трансформаторды (реакторды) өшіргеннен кейін жүргiзiлуi тиiс.
365. Трансформатордың (реактордың) белсендi бөлiгiн суырып алу немесе қоңырауын көтерумен байланысты жұмыстар ерекше жағдайлар үшін арнайы әзірленген ЖОЖ бойынша орындалады.
366. Траснформатордың (реактордың) iшіне кіруге байланысты жұмыс кезінде жұмысшыларға қажеттi арнайы киiм, аяқ киiм, дулығамен, ал жұмыс орнын қауiпсiз жарық және еріксіз желдеткiшпен қамтамасыз ету талап етіледі.
367. Кернеуi 110 кВ және одан жоғары күш трансформаторларына (реакторларына) май құю немесе майын төгу кезiнде онда электр статикалық заряд түспеу үшін трансформатордың (реактордың) суы жерге қосылады.
368. Өзге энергия көзінен жоғарыратылған кернеу беріліп, сынақ жүргізуге осы бөлім талаптарының арнайы дайындалған және білімі тексерілген жұмысшы ғана жiберiледi. Бұған қоса жұмыс сөндiрушi тәжірибелі жұмысшының қадағалуымен бiр ай сынақ мерзiмiнен өтуі қажет.
369. Жылжымалы байқау қондырғысымен электр жабдықтарын сынақтан өткізу, соның iшiнде электр қондырғысынан тыс (жұмыс iстемейтiн электр қондырғыларында, қоймаларда, кәсіпорынның аумағында, егiстікте және басқа жерде) мiндеттi түрде жұмыс басшысы тағайындалып, наряд бойынша орындалады.
Электр қондырғыларынан тыс сынақтарға тек жұмыс басшысы жiбереді. Мұндай жағдайда сынаққа нарядты оны жүргiзу қажеттілігі туралы шешiм қабылдаған және кәсіпорын басшысының бұйрығымен (өкімімен) жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге уәкілдік берілген жұмысшы береді.
Сынақтарды монтаждау немесе жөндеу жұмыстары барысында жүргiзу нарядта "тапсырылады" деген бағанда келісіледі.
1000 В дейiнгi электр қондырғыларында сынақты наряд бойынша жүргізуге рұқсат етiледі.
370. Сынақты IV төмен емес рұқсат тобындағы жұмыс өндірушiсі, III төмен емес рұқсат тобындағы бригада мүшелерi, II төмен емес рұқсат тобындағы күзетке шығарылған жұмысшылары бар бригада жүргізеді.
Ескерту. 370-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
371. Сынақ жүргiзетiн бригаданың құрамына дайындық жұмыстарын жүргiзу және құрал-жабдықты бақылау үшiн тартылған жөндеу жұмысын жүргiзетiн жұмысшылар қосылады.
Құрал-жабдықты жөндейтін немесе бөлшектейтін бригаданың құрамына сынақ жүргізу үшiн реттеу ұйымдары немесе электр зертханасының персоналы қосылады. Бұл жағдайда сынақ жүргізуді жұмыс басшысы не болмаса оның нұсқауымен жөндеу ұйымы немесе зертхананың персоналы IV-тен төмен емес тобы бар қызметкер жүзеге асырады.
Ескерту. 371-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
372. Ток жүргiзетiн бөлiктерi тұтас және торлы қоршаулармен жабылған, ал есiгi бұғатталған 1000 В жоғары электр қондырғыларынан тыс стационарлық сынақ қондырғылары пайдаланып, оқшаулау материалдары мен бұйымдарын (қорғану құралдары, түрлi оқшаулау тетіктері) жаппай сынауды III төмен емес рұқсат тобындағы жұмысшы оқшаулау материалдары мен бұйымдарын сынау бойынша жергiлiктi нұсқауға сәйкес жүргiзе алады.
Ескерту. 372-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
373. Сынақ және оларға дайындалу жұмыстарын жүргізуге берiлген наряд бойынша рұқсаттама жұмыс орнынан сынақ жүргізуге жататын жабдықта жұмыс жасайтын басқа бригадалар шығарылып, олар кіргізілетін бригадаларға наряд тапсырғаннан кейін атқарылады. Жергiліктi кезекшi қызметкер жоқ электр қондырғыларында жұмысты жүргізуші бригада шығарылғаннан кейін жұмыста үзіліс жариялап, нарядты өзінде қалдыруға рұқсат етіледі.
374. Сыналатын жабдық, сынақ қондырғысы және жалғастырушы электр сымдары өзара қалқаншалармен, аспаарқандармен және осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртында "Сынақ жүргізу өмiрге қауiптi" деген белгісі (плакаты) бар басқа қоршаулармен қоршалады. Қоршауды сынақ жүргiзушi персонал жасайды.
375. Қажет болған жағдайда, сынақ қондырғысына, жалғастырушы электр сымдарына және сыналатын жабдыққа бөгда адамдар жақындамас үшiн II топтағы бригада мүшелерiн күзетке қойған дұрыс. Күзеті бар бригада мүшелері қоршаудан тыс болуы керек және кернеуде тұрған сынақ жүргізілетін жабдықты санауы қажет. Бұл жұмыскерлер посттан жұмысты жүргізушінің келісімімен кете алады.
376. Кәбіл желісін сынау кезiнде егер оның қарама-қарсы ұшы жабық камерада, КТҚ бөлігінде немесе орынжайында орналасса, есіктерде немесе қоршауда осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) iлiнеді.
Егер есiк пен қоршау ашық болса, не жөнделетiн жолда тарқатылған кәбіл ұшырасса, онда есік, қоршауларда плакат ілу және кәбіл қималары өңделумен қатар бригада құрамын кірген ІІ рұқсат тобы бар жұмысшылардың немесе кезекші персоналдың арасынан күзет қойылады.
377. Сынақ қондырғысы мен сыналатын жабдығы әртүрлі орынжайда немесе РУ түрлi учаскелерiнде орналасқан жағдайда, жұмыс өндiрушiден бөлек оқшаулағыштың жағдайын бақылайтын III төмен емес рұқсат тобы бар бригада мүшелерiнің келуіне болады. Бұл топтың мүшелері қоршаудың сыртында тұрып, сынақ басталар бұрын жұмыс өндiрушiден қажеттi нұсқауды алуы қажет.
Ескерту. 377-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
378. Сынауға кедергi келтiрген жерге қосу сымын ажырату немесе оны қайта орнату осы Қағидалардың 116-тармағына сәйкес сынау басшысының рұқсатымен сынау қондырғысының жоғарғы кернеуліктегі жерге қосу сымын шығарған соң орындалады.
379. Сынау жобасын жинау кезiнде алдымен сыналушы жабдықтың копрусын қорғау және жұмыс жағдайында жерге қосу орындалады.
Жылжымалы қондырғыны жұмыс схемасының көмегімен оның корпусын жерге қосуып, сынауға болмайды. Жылжымалы сынау қондырғысының корпусы майысқақ мыс сымнан көлденең қимасы 10 шаршы мм кем емес мыс электр сымынан жеке жерге қосылатын өткізгішпен жерге қосылады. Сынау алдында корпусты жерге қосу сенiмдiлiгiн тексеру керек.