Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 322

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Жерге қосу үшін қолданылатын мыс электр сымының қимасы 4 шаршы мм кем болмауы тиіс.



      380. Сынау қондырғысын кернеуі 380\220 В желіге жалғау коммутациялық аппарат арқылы тізбектің көрнекі үзілісімен немесе қондырғыны басқару жерінде орналасқан сүңгіме аша арқылы орындалады.



      Коммутациялық аппарат ұстап тұратын қондырғымен жабдықталады немесе аппараттың жылжымалы және жылжымайтын байланыстарының арасына оқшаулағыш жапсырма қойылады.



      Сынау электр қондырғысын кернеуi 380\220 В желіден қуаттандыру үшiн қолданылатын электр сымы немесе кәбіл осы желіге орнатылған сақтандырғыштармен немесе автоматты ажыратқыштармен қорғанған болуы тиіс. Желіге жылжымалы сынау қондырғысын осы жүйенi пайдаланатын ұйымның өкiлдерi жалғайды.



      381. Сынау қондырғыларында оператордың жұмыс орны орынжайдан 1000 В жоғары жабдықпен жеке болуы қажет. Бұл орынжайдың есiгi бұғатталады, ол есік ашылған жағдайда, сынақ схемасынан кернеуді алуды және есiк ашылған кезде кернеуді тарату мүмкiн еместігін қамтамасыз етеді. Оператордың жұмыс орнында кернеудің 1000 В дейiн және одан жоғары қосылуы туралы жеке жарық сигнал берушi орнатылады. Шығар ұшында кернеу болғанда, жылжымалы сынау қондырғылары автоматты түрде қосылатын жарық сигнал берушімен жабдықталады.



      382. Жоғары кернеулiктi түзетiлген ток алу үшiн қатты жартылай өткiзгiштi схемалар қолданылуы керек.



      383. Сыналатын жабдық пен сынақ қондырғысының арасындағы жалғаушы электр сымы алдымен оның жоғары кернеудегі жерге қосылған өткізгішіне жалғанады. Бұл электр сымын кернеуде тұрған ток өткізгіш бөліктерге осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінің үшінші бағанында көрсетілген қашықтықтан жақындамайтындай (құлшындырмау) етіп бекіту қажет.



      Жалғаушы сымды фазаға, сыналатын жабдықтың полюсіне немесе кәбілдің қимасына жалғауға және ажыратуға сынау жетекшісінің нұсқамасымен және оларды жерге қосқаннан кейін рұқсат етіледі, жерге қосу жерге қосылатын пышақтар немесе тасымалды жерге қосу қондырғысымен, соның ішінде оқшаулау тұтқыштары бар арнайы зертханаларда орындалады.



      384. Әрбiр сынау кернеулiгiн беру алдында жұмыс өндiрушi (сынау жетекшiсi):



      1) жобаның жиналуының дұрыстығын және жұмысшылар мен қорғаныштық жерге қосу сымдарының сенiмдiлiгiн тексеруге;



      2) бригаданың барлық мүшелерi және күзетке тағайындалған жұмысшылар өздерiне көрсетiлген орында тұру-тұрмауын, бөгде адамдардың шығу-шықпауын және сынау жабдыққа кернеу беруге болатындығын тексеруге;




      3) бригаданы "Кернеу беремiн" деген сөзбен кернеу берілетіндігін ескерту бригаданың барлық мүшесі естiлгеніне көз жеткiзiп, жерге қосу сымын сынау қондырғысының шығарұшынан алуға және оған 380\220 В кернеуді беруге міндетті.



      385. Қондырғының өткізгішінен жерге қосу сымын ажыратқан сәттен бастап барлық сынау қондырғылары, оның iшiнде байқау жабдық пен жалғаушы электр сымдары кернеуде тұрған болып есептеледі және сынау схемасында және сыналатын жабдықта қандай да бiр қайта жалғау жүргiзуге болмайды.



      386. Сынау қондырғысының өткізгішіне кернеу берген сәттен бастап оған кiруге, шығуға, сыналатын жабдықта қалуға, сондай-ақ қондырғының корпусына жерде тұрып жақындауға болмайды.



      387. Кәбілдердi жерге қосылатын қондырғылары бар пункттар жағынан сынаған немесе күйдірген жөн. Мұндай жұмыстар жерге қосылатын қондырғылар болмаған кезде, ерекше жағдайда ғана, кәсiпорын басшысының рұқсатымен жүргiзiледi.



      388. Сынау аяқталғаннан кейін жұмыс өндiрушi сыналушы қондырғыдан кернеуiн нөлге дейін азайтып, оны 380\220 В желіден ажыратуы қажет, қондырғының өткізгішін жерге қосып, бригадаға бұл туралы "Кернеу ажыратылды" деген сөзбен хабарлау қажет. Тек осыдан кейiн ғана сымдарды қайта жалғауға болады немесе сынау толық аяқталғаннан кейін оларды сынаушы қондырғыдан ажыратып, қоршауды алу керек.



      389. Айтарлықтай сыйымдылықты жабдықты (кәбілдер, генераторлар) сынағаннан кейін одан қалған заряд одан алынады.







      390. 1000 В жоғарғы электр қондырғыларында электр өлшеуiш қысқыштармен жұмысты ұйғарым бойынша екi адам жүргiзуi тиiс: бiреуі – IV төмен емес қолжетімділік тобынан, екiншiсi III төмен емес қолжетімділік тобынан болуы тиіс. Көрсеткiштердi есептеу үшiн аспапқа қарай еңкеюге болмайды. Жұмысты диэлектрлiк қолғаппен iстеу қажет.



      Ескерту. 390-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      391. 1000 В дейiнгi электр қондырғыларында электр өлшегіш қысқыштармен III төмен емес рұқсат тобындағы бiр адам диэлектрлік қолғапты пайдаланбай, жұмыс iстеуіне болады.



      Ескерту. 391-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021

№ 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      392. Өлшеуiш қарнақтармен жұмысты ұйғарым бойынша кем дегенде екi адам жүргiзуi керек: бiрi IV төмен емес рұқсат тобынан, қалғаны III төмен емес рұқсат тобынан болуы керек. Құрылымға немесе телескоп мұнарасына қарнақсыз көтеріліп, түскен жөн. Қарнақпен жұмыс iстеу кезiнде диэлектрлiк қолғапты қолдану мiндеттi емес.



      Ескерту. 392-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      393. Желінің импульсті өлшеуішімен жқмыс жасау барысында өлшеуiштi тек жерге қосылған және ажыратылған ӘЖ жалғауға рұқсат етiледi. Жалғауды мына ретпен орындау қажет:



      1) жалғаушы сымды алдымен импульстiң өлшеуштiң жерге қосылған сымына (қорғаныштық қондырғыдан шығатын), содан соң оқшаулау қарнақтардың көмегiмен ӘЖ сымына жалғау. Жалғаушы сымдар ӘЖ жалғанатын қарнақтарды өлшеу уақытында желінiң сымында қалуы керек. Қарнақтармен жұмыс кезiнде мiндеттi түрде диэлектрлiк қолғаптарды пайдалану керек;



      2) ӘЖ-ден импульстi өлшеуiш жалғанған ұшынан жерге қосуды ажырату керек. Қажет болған жағдайда жерге қосу сымын тексерілетін ӘЖ-нің басқа ұштарынан да ажыратуға болады. ӘЖ-ден жерге қосу сымы ажыратылған соң жалғастырушы сым, корғаныштық қондырғы және оның тартылымы кернеуде тұрған болып есептеледі және оларға тиюге болмайды;



      3) импульстi өлшеуіштiң тартылымынан жерге қосу сымын алу.







      394. Импульстi өлеуіштiң тартылымын ӘЖ-не оқшаулау қарнақтарының көмегімен жалғауды IV төмен емес қолжетімділік топтағы кезекшi немесе кезекшiнiң бақылауымен зертхана персоналы орындайды.



      Импульстi өлшеуіштi стационарлық коммутациялық аппаратура арқылы тартылымның жалғанған ӘЖ-не жалғауды және өлшеудi кезекшiнiң жеке өзi немесе өкім бойынша IV төмен емес қолжетімділік топтағы зертхана персоналы орындайды.



      Ескерту. 394-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.






      395. Өлшенiп бiткен соң ӘЖ қайтадан жерге қосылады, осыдан соң ғана оқшаулар қарнақтары жалғастырушы сымы бар ӘЖ-нен, содан соң импульстi өлшеуiштiң тартылымынан ажыратылады.



      396. ӘЖ-нен жұмыс iстеп жатқан бригаданы шығармай, жоғарғы кернеулiктегi импульстер генераторы жоқ импульстi өлшеуішпен өлшеуге болады.



      397. Оқшаулау кедергісін мегаомметрмен өлшеу алдын ала жерге қосу жолымен заряд ажыратылған ток өткiзгіш бөлшектерде жүргiзiледi. Тоқ өткiзгіш бөлшектерден жерге қосу сымын тек мегаомметр қосылған соң ғана ажыратуға болады.



      398. Мегаомметрмен ток өткізгіш бөлiктердiң оқшаулау кедергiсiн өлшеу кезiнде жалғастырушы электр сымдарын оларға оқшаулау қармауыштардың (қарнақтардың) көмегiмен жалғауға болады. 1000кВ жоғары электр қондырғыларында диэлектрлік қолғаптарды пайдалану қажет.



      399. Мегаомметрмен жұмыс кезiнде өзi жалғанып тұрған ток өткізгіш бөлiктерге жақындауға болмайды. Жұмыс бiткен соң мiндеттi түрде ток өткiзгіш бөлiктерден оларды қысқа мерзiмге жерге қосу арқылы қалдық зарядты алу қажет.







      400. Мегаомметрмен оқшаулау кедергiсін III төмен емес рұқсат тобындағы бiр адам өлшейді.



      Егер бұл өлшеу жұмыс барысына кiретiн болса, ол туралы нарядта немесе нұсқауда келісу қажет етiлмейдi.



      Ескерту. 400-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      401. 1000 В дейiнгi кернеулiктегi үзiлмелi электр тiзбегiн қажет ететiн жылжымалы өлшеу құралдарын жалғау және ажырату осы тiзбектерден кернеудi ажыратқаннан кейiн орындалуы тиіс.



      Үзiлмелi электр тiзбегiн қажет етпейтiн құралдарды жалғау және ажыратуды қорғаушы заттар қолданып кернеулiк бар кезде iстей беруге болады.



      402. 1000 В дейінгi кернеуде тұрған құрылғылардың электр параметрлерін өлшеу қажет болған жағдайда, жылжымалы құралдың металл корпусын жерге қосу және арнайы сүңгілерді немесе оқшаулау тұтқыштары бар жалғастырушы өткізгіштерді қолдану қажет.



      403. Электр қондырғыларындағы оқшаулау тізбектерін, жабдықтың тірек және фарфорлы оқшаулағышын ток өткізгіш бөліктерден кернеудi алмай, судың жалпы ағысының меншiктi өкiзгiштiгi ӘЖ үшiн 1430 мк См\см ден жоғары және АРҚ үшiн 662 мк См\см болған жағдайда жууға болады.




      404. ЖРҚ оқшаулағыштарды ток өткізгіш бөлiктерден кернеудi алмай, оқшаулағыш қарнақтардағы арнайы щеткамен немесе iшi қуыс оқшаулағыш қарнақтармен сұғындырмалары жинақтағы шаңсорғышпен тазалауға болады.



      Тазалауды еденде тұрып, не берiк көпiр үстiнде тұрып жасау керек. Тазалау кезiнде диэлектрлiк қолғаптарды пайдалану қажет.



      405. Жұмыс басталар алдында қарнақтың оқшаулау бетi шаңнан тазартылады. Қарнақтың iшкi қабатын тазалау процесiнде де үнемi шаңнан тазартып тұру қажет.



      406. Төменде баяндалған қауiпсiздiк қағидалары жылу автоматикасы қондырғысының электрлiк бөлігіндегi жұмыс орындарында және АБЖ техникалық құралдарын өлшеуде сақталады.







      407. Егер наряд (нұсқау) берушi оған коммутациялық аппаратураны нарядтың "Жеке тапсырмалар" деген тармағына жазып, ал нұсқау бойынша жұмыстың орындалуын–нұсқауды тiркеу жазуымен – қосуды немесе ажыратуда тапсырса, пульттерде, реттеу қалқандарында, жылу автоматикасы және өлшем құралғыларын жинауда коммутациялық аппаратурамен жүргiзiлетiн операцияларды кезекшi немесе III төмен емес рұқсат тобындағы жедел-жөндеу персоналы, сондай–ақ жөндеу бригадасының IV төмен емес рұқсат тобындағы жұмысты жүргізуші атқара алады.



      Ескерту. 407-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      408. Жылу және электр жүктемесіне әсер ететiн жылу автоматикасы және өлшем құрылғыларының электр жабдығын ажырату, станция ауысымы бастығының немесе технологиялық цех бастығының келісімімен (нұсқауымен) жүзеге асырылады.



      409. Жылу автоматикасы және өлшем құрылғыларындағы жұмысқа қосар алдында технологиялық жабдықтың учаскесiн дайындауды технологиялық жабдық орналасқан жедел басқармадағы цехтың кезекшi персонал жүргiзуi қажет.



      410. Жұмыс өндiрушiнiң сұрауымен реттеу және жөндеу процесi кезiнде реттегiштерді жұмысқа сынау үшiн тоққа қосу жедел басқарманың жабдықтар орналасқан цехының кезекшi персоналы жүргізуі тиіс.



      411. Схеманың немесе жабдықтың жұмыс режимін өзгертудi қажет етпейтiн жылу автоматикасы және өлшем құрылғыларын жөндеу, сынап көру, реттеу жұмыстарын нұсқау бойынша орындауға рұқсат етiледi.