Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 314
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ажыратылған сызықтық айырғыштарда жұмыс істеу кезінде ӘЖ жақтағы сымдарда жерге қосу пышақтары болса да айырғышта қосымша жерге қосу орнатылады.
115. Жерге қосылған тоқ өтетін бөліктер кернеудегі тоқ өтетін бөліктерден көрінетін үзікпен бөлінеді. Осы Қағидалардың 93-тармағында көзделген жағдайларда көрінетін үзіктің болмауына рұқсат етіледі.
Электр қондырғыларына орнатылған жерге қосу тікелей жұмыс жүргізіліп жатқан тоқ өтетін бөліктерден ажыратылған ажыратқыштармен, айырғыштармен, бөлгіштермен немесе жүктеме ажыратқыштарымен, ажыратылған сақтандырғыштармен, бөлшектенген шиналармен немесе сымдармен бөлінеді.
116. 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында ТҚ-ның жинақ шиналарында, қалқандарында, құрастырмаларында шиналар жерге қосылады (оқшауланған сыммен орындалған шиналарды қоспағанда). Осы шиналардың қосылыстарын жерге қосу қажеттілігі мен мүмкіндігін нарядты (нұсқауды) беруші анықтайды.
117. Электр станциялары мен кіші станциялардың электр қондырғыларында, егер орындалатын жұмыс сипаты қажет етсе, жұмыс орнын дайындау кезінде орнатылған жерге қосуларды уақытша ажыратуға рұқсат етіледі (оқшаулағыш кедергісін өлше және өзгелері).
Жерге тұйықтауды уақытша ажыратуды және қайтадан орнатуды кезекші, жедел-жөндеу персоналы не нарядты берушінің нұсқауы бойынша жұмыс басшысы, жүргізушісі орындайды.
Жерге тұйықтауды уақытша ажыратуға, сондай-ақ осы операцияларды жұмыс басшысының, жүргізушісінің орындауына келісім жерге қосудың қайда және қандай мақсатта ажыратылғаны туралы жазбамен "жеке нұсқаулар" наряд жолына енгізіледі.
Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
118. Жерге қосуды орнату қауіпті немесе мүмкін болмайтын конструкциялы электр қондырғыларында (мысалы, кейбір тарату жәшіктерінде, жеке типті КТҚ-да, фазалары тік орналасқан жинақтарда) жұмыс орнын дайындау кезінде жерге қосуды орнатпауға, тек айырғыштардың пышақтарына диэлектрлік қалпақтар кигізуге немесе коммутациялық аппараттардың түйіспелері арасына оқшаулағыш қаптама орнатуға рұқсат етіледі.
119. 1000 В-тан жоғары ӘЖ барлық ТҚ-да және желі ажыратылған секциялайтын коммутациялық аппараттарда жерге қосылады.
1) Тарамдары бар 35 кВ және одан жоғары ӘЖ екі жағынан жерге қосылған, ал шағын станцияларда жерге қосу ажыратылған желілік айырғыштарда орнатылған жағдайда, осы тарамдарға қосылған шағын станцияларда жерге қосуға болмайды;
2) 6-20 кВ ӘЖ-ні бір ТҚ-да немесе бір сециялайтын аппаратта не ТҚ-ға немесе секциялайтын аппаратқа жақын орналасқан тірекке жерге қосу қажет. Осы кернеудің қалған ТҚ-да және ӘЖ ажыратылған секциялайтын аппараттарда ӘЖ-де жұмыс орны мен осы ТҚ немесе секциялайтын аппараттар арасында жерге қосу орнатылған жағдайда оны жерге қосуға рұқсат етіледі. ӘЖ-де аталған жерге қосуларды жерге қосу қондырғылары бар тіректерде орнату қажет.
1000 В-қа дейінгі ӘЖ-де жерге қосуды жұмыс орнында орнату жеткілікті.
120. Осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жерге қосуларға қосымша әрбір бригаданың жұмыс орнында барлық фазалардың сымдары, ал қажет болған жағдайда арқандар да жерге қосылады.
121. Тегістегіш металл роликтерде немесе ұстап тұратын қысқыштардың үстінде жатқан сымдар үшін осы роликтердің шетін немесе қысқаштарды жерге қосу жеткілікті. Роликтің шетінің немесе қысқаштың және ӘЖ металл тірегі конструкциясының, сондай-ақ жерге қосылған темір-бетон тірегінің арматурасының арасындағы табиғи металл байланысы кезінде роликті немесе қысқашты қосымша жерге қосу қажет етілмейді.
122. Сымдарды анкерлік аралықта монтаждау кезінде, сондай-ақ ӘЖ-нің монтаждалған бөлігінің анкерлік тіректерінде ілмектерді қосқаннан кейін сымдар (арқан) бастапқы анкерлік тірекке және соңғы аралық тіректің біріне жерге қосылады.
123. Найзағай разрядтарынан қуаттың және ӘЖ-нің дайын учаскесінің сымдарынан (арқандарынан) басқа шамадан тыс кернеудің келесі, монтаждалып жатқан учаскеге ауысуын болдырмау үшін, сымдарды (арқанды) монтаждалған анкерлік аралықтың соңғы анкерлік тірегінде, сондай-ақ ӘЖ-нің монтаждалған учаскесінде жерге қосуға жол берілмейді.
124. Жарылған сымдары бар ӘЖ-де әрбір фазада бір сымды жерге қосу қажет, оқшаулағыш кергіштер болған жағдайда, фазаның барлық сымдарын жерге қосу талап етіледі.
125. Бір тізбекті ӘЖ-де жұмыс орнында жерге қосуды жұмыс жүргізіліп жатқан немесе көрші тіректе орнату қажет. Жерге қосуды ӘЖ-нің бригада жұмыс істеп жатқан учаскесінің екі жағынан, жерге қосулардың арасы 2 километрден аспаған жағдайда орнатуға рұқсат етіледі.
126. ӘЖ тірегінен оқшауланған найзағайдан қорғайтын арқанда немесе тірек конструкцияларында жұмыс істеу кезінде, осы арқанға кемінде 1 м қашықтықта жақындау талап етілсе, арқан жерге қосылады. Жерге қосуды арқан оқшауланған аралық жағында немесе осы аралықта орнату қажет.
Егер осы арқанда көктайғақтың еруі көзделсе, жұмыс басталмастан бұрын арқан ажыратылады және оған кернеу берілетін жақтардан жерге қосылады.
127. Басқа ӘЖ-мен қиылысу аралығында, көп тізбекті ӘЖ-нің ажыратылған бір тізбегінде, бағытталған кернеу астындағы ӘЖ-де жұмыс істеу кезінде және осы Қағидаларға сәйкес фазамен жөндеу кезінде жерге қосуларды орнатуға қойылатын талаптар.
128. "ӘЖ-дегі тасымалды жерге қосуларды металл тіректерге – олардың элементтеріне, жерге қосатын еңістері бар темір-бетон және ағаш тіректерге – олардың бүтіндігін тексергеннен кейін осы еңістерге қосу қажет. Жерге қосатын еңістері жоқ темір-бетон тіректерде жерге қосуларды траверстерге немесе тіректің басқа металл элементтеріне қосуға болады.
Жерге қосылған нейтралы бар 1000 В-қа дейінгі электр желілерінде нольдік сымды қайтадан жерге қосу кезінде тасымалды жерге қосуларды осы сымға қосуға рұқсат етіледі.
Жұмыс орнындағы тасымалды жерге қосуды топыраққа кемінде 0,5 м-ге тік тығылған жерге қосушыға қосуға болады. Жерге қосуларды кездейсоқ үйілген топыраққа орнатуға жол берілмейді.
129. 1000 В-қа дейінгі ӘЖ-де тіректерден не телескоптық мұнарадан оқшаулағыш буынсыз орындалатын жұмыстар кезінде жерге қосу жөнделіп жатқан желінің сымдарына, сондай-ақ осы тіректерге ілінген барлық сымдарға, оның ішінде радиотрансляция және телемеханика желілерінің оқшауланбаған желілеріне орнатылады.
130. Электр станцияларының және кіші станциялардың 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында жерге қосуларды орнату және ажырату бойынша операцияларды кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар бір жұмысшының орындауына рұқсат етіледі.
Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
131. Электр станцияларының және кіші станциялардың 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында:
1) тасымалды жерге қосуларды екі жұмысшы – бірі ІV төмен емес рұқсат тобы бар (кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан), екіншісі – ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар, ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшы жөндеу персоналынан, ал тұтынушылардың қосылыстарын жерге қосу кезінде тұтынушылар персоналынан болуы мүмкін. Алыстағы кіші станцияларда әкімшілік-техникалық персоналдың немесе диспетчердің нұсқауы бойынша жерге қосуларды орнату кезінде негізгі схемада екінші адам ретінде тұтынушылар персоналы арасынан ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшыны тартуға рұқсат етіледі;
2) жерге қосатын пышақтарды жедел-жөндеу персоналынан шыққан ІV төмен емес рұқсат тобы бар бір жұмысшы қоса алады;
3) жерге қосатын пышақтарды өшіруді және ажыратуды кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынын шыққан ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар бір жұмысшы орындай алады.
Ескерту. 131-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021
№ 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
132. Жөндеуге тапсыру үшін ажыратылған ӘЖ-де тасымалды жерге қосуларды орнатуды, содан кейін ажыратуды және тіректердегі жерге қосатын пышақтарды қосуды кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан: біріншісі - ІV төмен емес рұқсат тобы бар (1000 В-тан жоғары ӘЖ-де) немесе ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар (1000 В-қа дейінгі ӘЖ-де), екіншісі – ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшылар орындауы қажет. Жөндеу персоналынан шыққан ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар екінші адамды, ал тұтынушыға қуат беретін ӘЖ-де тұтынушы персоналынан адамды пайдалануға рұқсат етіледі.
Жерге қосатын пышақтарды ажыратуды кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар бір жұмысшыға рұқсат етіледі.
ӘЖ-нің жұмыс орындарында тасымалды жерге қосуларды жұмыс басшысы (жүргізушісі) ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар бригада мүшелерімен орната алады. Бұл тасымалды жерге қосуларды жұмыс басшысының (жүргізушісінің) нұсқауы бойынша ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар бригаданың екі мүшесі ажыратады.
Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
133. ӘЖ-де кернеудің жоқтығын тексеру, жерге қосуларды орнату және ажырату кезінде екі жұмысшының бірі жерде тұрып басқасын қадағалауп тұруы қажет.
134. Кернеуде қалған тоқ өтетін бөліктерді уақытша қоршау үшін ағаштан немесе басқа да оқшаулағыш материалдардан жасалған қалқандар пайдаланылады.
Уақытша қоршауларды кернеуді ажыратпай орнату кезінде олардан тоқ өтетін бөліктерге дейінгі ара қашықтық осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілгеннен кем болмауы тиіс. 6-10 кВ электр қондырғыларында бұл ара қашықтық 0,35 м-ге дейін азайтылуы мүмкін.
Уақытша қоршауларға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ТОҚТА! КЕРНЕУ" белгісі (плакаты) ілінеді.
135. 6-10 кВ электр қондырғыларында тоқ өтетін бөліктерді қалқандармен қоршауға жол берілмеген жағдайда, ажыратылғандардың және тоқ өтетін бөліктер (мысалға, ажыратылған айырғыштардың түйіспелері арасында) кернеуінде тұрғандардың арасында орналасқан оқшаулағыш қаптамаларды пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл оқшаулағыш қаптамалар кернеуде тұрған тоқ өтетін бөліктерге қатысты.