Файл: Билет 1 Дниетануды оыту дістемесіні масаты мен міндеттерін атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 1339

Скачиваний: 13

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Билет №4

  1. Дүниетану пәнінен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын атаңыз

  2. «Дүниетану» пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін нақтылаңыз

  3. Дүниетану пәні бойынша пәні бойынша 4 сынып «Мәдени мұра» аралас тақырыбындағы «Тарихи мұражайлар не үшін керек?» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
Табиғат денелері мен құбылыстарын туралы түсініктерінқалыптастыру. Өлі табиғат денелерін, өсімдіктер мен жануарлардыбақылаудың ерекшеліктерін түсіндіру.Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын уағыздау. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеу.2,
үниетанудың оқыту әдістері мен тәсілдері және әдіс түрлеріОқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-әрекеттері – деп айтуға болады.Екі жақты бір-біріне тығыз байланысты және бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.Оқыту,білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады. “Дүниетануды” пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқандығы белгілі, және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.


  1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-әрекеттің сипаты.


  2. Мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің сипаты.



  3. Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негізгі болып табылады.Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі.Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі, олар сөздік әдіс,көрнекілік және практикалық әдістер.Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістерді де оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.Оқыту әдістері ғылыми- таным әдістеріне байланысты,өйткені оқытуда ең басты оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды.Бұл ережелер:оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практикамен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады.Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.“Әдіс”пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы,сондықтан оның шекарасын анықтау өте қиын.Өйткені,әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:1.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.2.Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып,тақырып бойынша нақты білім алса,онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.3.Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады.4.Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.

Дүниетанудың оқытудың материалдық базасы.Бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнін оқыту ҚР білім беру саласындағы орталық атқару органдары жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.3, Мектеп: Ахмер орта мектебіСабақ тақырыбы: Тарихи мұражайлар не үшін қажет?Күні: 29.11.2019 Мұғалімнің есімі Бейсенгазина Р.КСынып 4д Қатысқандар саны Қатыспағандар саныСабаққа негізделгеноқу мақсаты4.3.1.2 –тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру; 4.3.1.3 –мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну.Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: «мұражай», «жəдігер» түсініктерінің мағынасын түсіндіреді; мұражайдың қандай түрлері барын атайды, оларға мысалдар келтіреді. Көптеген оқушылар: мұражайларды бір-бірімен салыстырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; жергілікті тарихи-өлкетану мұражайынан нені көруге болатынын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: мұражайдағы мінез-құлық ережелерін құрастырады; мұражайдың жобасын жасайды.Бағалаукритерийлері:(жетістіккритерийлері, табыскритерийлері,күтілетін нәтиже)көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі туралы әңгімелеп береді; тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді.Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: • қазақ халқының қалыптасу тарихын түсіндіре алады; • түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресін анықтайды; • Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім, экономика салаларынан жеткен жетістіктерін түсіндіреді; • көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі туралы әңгімелеп береді;тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді. Терминология: • Мұражай, жəдігер, қойылым, этнография сөздерінің анықтамасына мəн беру. Түсіндірме сөздік. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Мұражай, мұражай жəдігерлері. Экскурсия, виртуалды экскурсия, мұражай жобасы. Диалогке/жазылымға қажетті сөйлемдер: Өткеннен қалған мəдени мұраны сақтау үшін мұражайлар құрылады. Мұражайдың тарихи, көркемөнер, əдеби, өлкетану, техникалық секілді түрлері болады. Тарихи-өлкетану мұражайында сол өлкенің өткені мен қазіргісіне қатысты тарихи жəдігерлер сақталған. Талқыланатын сұрақтар: мұражайға жасалатын экскурсиялардың мақсаты неде? тарихи-өлкетану мұражайынан қандай ақпараттар алуға болады? мұражайдағы ежелгі жəдігерлер қандай мəліметтерді береді? өз мұражайыңды құруды неден бастар едің? Жазылым. Өзіңнің барған мұражайың туралы оқушы дəптерінде əңгіме құрастыр (7–8 сөйлем).
Құндылықтардыдарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.Пәнаралықбайланыстар Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.АКТ қолданудағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;Алдыңғы оқу/Бастапқы білім Қазақстанның біздің дәуірімізден бұрынғы уақыттан бастап қазіргі кезеңге дейінгі, қысқа хронологиясы және тарихи оқиғалары, тұлғалар, трендтер мен өзгерістердің толық контекстік хронологиясы туралы түсініктері бар.ЖоспарЖоспарланғануақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Мұғалім әрекеті Оқушы әрекетіБасындаБілуСәлемдесу . «Жұлдызды сәт» Тұңғыш Президент 1. Көне заттарды қайдан кездестіреміз? 2. Үйде мұражай болуы мүмкін бе? 3. Қазба жұмыстары не үшін жүргізіледі? 4. Фотосуретке не үшін түсеміз? 5. Апамның сандығында нелер сақталады? 6. М. Әуезов не үшін Абай романын жазды? Балалар, осы жауаптарымызға үңіліп,мән берейікші, не жайында болып жатыр.? Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз не жайында болуы мүмкін? Оқушылар сұрақтарға топпен бірлесе жауап береді Оқушылар жауабы тыңдалады Сабақтың тақырыбын анықтайды Оқушыларды топтарға бөлу. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.Түсіну-Бейне роликке назар саламыз Астанадағы Ұлттық мұражай туралы бейне ролик көрсетіледі Оқушыларға түсінікті болу үшін түрткі сұрақтар қойылады Бейне ролик көрсетіледі Оқушылар топ мүшелерімен бірлесе отырып, тірек сөздердің мағынасын түсіндіреді Бейне ролик Ұлттық мұражай туралы Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.Қолдану Талдау Жинақтау Топпен жұмыс Wordcloud - әдісі арқылы тіркес сөздермен жұмыс Мұражай- Экспонат- Экспозиция Этнография- -«Өзінің тарихын білмейтін адамның болашағы болмайды» дейді халық даналығы. Мақалдың мағынасын ашуға берілетін сұрақтар: - Тарихымызды қалай білеміз? - Тарихты кімдер жасайды? - ғасырлар Жұппен жұмыс Семантикалық карта Оқулықтағы кластермен жұмыс. Сызбаға қарап отырып, өлкетану мұражайынан қандай ақпараттар алуға болатынын айтыңдар. «Айналмалы бекет» әдісі арқылы оқушылардың мұражайдан көрген білгендерін қағаз бетіне түіру арқылы топта кітапша жасап шығарады. Сөздікпен жұмыс жасайды Берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді Жұптасып берілген тапсырмаларды сәйкестендіреді Тақтада көрсетілген жауаппен тексереді Мұражайдан көргендері бойынша сұрақтарға жауап береді. Сызба бойынша ойларын ортаға салады Әр оқушы 1-2 сөйлемнен мұражайдан көргендерін жазады. Топ басшысы кітапша беттерін жинақтап мұқабасын жасайды Оқушылар тапсырма бойынша әсерлерін «СМС» әдісі арқылы білдіре алады
Бағалау Мұғалім: Балалар, мектеп мұражайының жобасын жасауды сендерге ұсынамын. Мұражайды құру жəне оны дамыту – көп тер төгуді қажет ететін жұмыс. Төрт топқа бөлініп, бір топ Мектеп тарихын, бір топ мектептің жетістіктерін, бір топ Ер есімі-ел есінде, бір топ этнография бөлімін жасайды. (Оқушылар мұражай жобасына қатысты өзіне ұнайтын тақырыпты ұсына алады). Құрған мұражайларыңда қандай жəдігерлер болатынын анықтап алыңдар. Топтардың тапсырмаларды орындауы. Мектеп мұражайында болатын жəдігерлердің үлгілері: – өлкенің тарихы; – тұрмыс, этнография; – Ұлы Отан соғысы; – өлкеден шыққан танымал тұлғалар; – мектеп жылнамасы; (мектепті басқарған директорлар, ардагер мұғалімдер, Жоба бойынша өздеріне берілген бөлімді қолдарындағы ресурстар бойынша жобалайды, жобаларын қорғайдыАяқталуы. Кері байланыс. Kahoot әдісі. Кассадағы билет Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату..Қосымша ақпаратСаралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлайсыз?Бағалау - Оқушылардың үйренгенін,материалды меңгергенін тексеруді қалайжоспарлайыз?Сабақ бойынша рефлексияСабақтың оқу мақсаты шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен орындаған саралау шаралары тиімдіболды ма?Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздімжәне неліктен?Қорытынды бағамдауҚандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлуБилет №5

  1. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  2. Дүниетану пәнінде оқу үдерісін бағалау тәсілдерін атаңыз

  3. Дүниетану пәні бойынша пәні бойынша 1 сынып «Дені саудың жаны сау» аралас тақырыбындағы «Менің денсаулығым. Жеке басымның гигиенасы» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз

  4. 1. Түсіндірме жазба

  5. 1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  6. 2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

  7. 3. Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.

  8. 4. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

  9. 5. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

  10. 6. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

  11. 7. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  12. 8. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін.

  13. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

  14. 9. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

  15. 10. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

  16. 11. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

  17. 12. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

  18. 13. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

  19. 14. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

  20. 15. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың

  21. түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

  22. 16. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

  23. 17. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

  24. 18. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары