Файл: Билет 1 Дниетануды оыту дістемесіні масаты мен міндеттерін атаыз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 1338
Скачиваний: 13
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Интеграциялық процестерді асыру мына тірек кесте арқылы жүзеге асты.I. Пәнішілік интеграция.Мақсаты:1. Пән тақырыптарының ішінен интергациялауға негіз болатындай өзге пән элементтерін анықтау, бір жүйеге келтіру.2. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділіктерін жан-жақты дамытуға әсер ететін әртүрлі тапсырма түрлерін жасау.
Билет №7
Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады, бала өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйренеді. Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне: Электронды оқулықтар мен әдістемелер, интерактивті тақта, электронды энциклопедия мен анықтамалар, Интернет желісі, суреттер мен көрнекіліктері бар DVD және CD дискілер, видео и аудиотехника, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар Power Point бағдарламасында жасалынған презентациялар жатады.Бастауыш сыныпта айналадағы дүние, қоршаған орта туралы ғылыми түсінігін алғаш қалыптастырып, туған жер табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табынуды, әсемдікті қорғай білуді баланың жүрегіне жеткізетін пән – дүниетану . Дүниетану пәнін оқыту барысында, бір жағынан, оқушыларға табиғат туралы ғылыми көзқарас қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсат етілсе, екінші жағынан, олардың алған білімдерін өмірден өздері көріп жүрген табиғат құбылыстарын түсіндіруге, табиғат қорғау жөніндегі пайдалы еңбек түрлерін орындауға қолдана білуге үйрету мақсат етіледі. «Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологы Н.Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді. Оқушылардың дүниетану пәніне деген қызығушылығын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қойған мақсатым мынадай: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу; оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту; логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру; оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.Бұл мақсаттардың орындалуын тың істермен, жаңа әдіс-тәсілдермен іске асыруға болады. Дүниетану пәнін оқытуда ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше кез-келген оқушы іркіліп қалмайды.
Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлының: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген сөздерін негізге ала отырып, өзім сабақ беретін 4 сыныпта дүниетану сабақтарында ақпараттық-коммуникативті технологияны кеңінен қолдануға тырысамын. Мектеп психологымен бірлесіп жүргізілген диагностика нәтижесінде сыныптың оқушыларының кейбіреулерінің көру арқылы есте сақтайтындығы, кей оқушылардың есту арқылы естесақтайтындығы анықталды.Сабақта көру арқылы есте сақтайтын оқушылар үшін үнемі пәндер бойынша оқу ақпараттарын меңгеруін күшейту мақсатында электронды оқулықтар, интерактивті тақтаның толық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өткіземін. Қазіргі кезда ақпараттық технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз екені айтпаса да баршаңызға мәлім.Кибернетиканың атасы Винер «Ақпарат -сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген екен, сондықтан сабақтарымда презентация жасап қолдануды өзім өте тиімді деп ойлаймын.Оқулықта берілген тақырыпқа қосымша ретінде слайдтарды қолдануға бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне тән қызығушылық, байқампаздық, белсенділік және ойынға деген құмарлық сияқты қасиеттері негіз бола алады.2, Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Осы орайда «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыруда елімізде жалпыұлттық идеяның құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру қолға алынды. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарына қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және тағы да басқалар жатады.Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады.
Бұл ретте құзырет жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру құндылықтары мен дағдылары анықталды.
3, Пән: Дүниетану Мектеп: Күреңбел қазақ орта мектебі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2.Елімнің табиғаты Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері Ортақ тақырып: Су-тіршілік көзі Күні: 03.05.2019ж Мұғалімнің аты-жөні:Рахимбаева А. Сынып:3 Қатысқандар саны:19 Қатыспағандар саны:0Сабақтақырыбы: Табиғат және менің қауіпсіздігімОсы сабақарқылы жүзегеасатын оқумақсаттары 3.2.3.2 геологиялық және климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру.Сабақмақсаттары Барлық оқушы: Табиғи қауіп-қатерлер туралы және олардың адам өміріне төндіретін қатерлері (табиғи катаклизмдер) туралы оқып,суреттегі төтенше жағдайларды анықтау Оқушының көпшілігі: Төтенше жағдайларды анықтай отырып, апаттың түрлерін айту Оқушылардың кейбірі: Табиғи қауіп-қатерлердің түрлерін, себептерін анықтау арқылы төтенше жағдайларда,жер сілкінісі кезінде болатын сақтық ережелерін құруОйлаудеңгейлері Білу, қолдану,түсінуБағалаукритерийлері*Табиғи қауіп-қатерлер туралы және олардың адам өміріне төндіретін қатерлері (табиғи катаклизмдер) туралы оқып,суреттегі төтенше жағдайларды анықтайды. *Төтенше жағдайларды анықтай отырып, апаттың түрлерін айтады. *Табиғи қауіп-қатерлердің түрлерін, себептерін анықтау арқылы төтенше жағдайларда, жер сілкінісі кезінде болатын сақтық ережелерін құрады.
Билет №7
-
«Дүниетану» пәнінің оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығын атаңыз -
Құндылықтарға бағытталған ұстанымның ерекшелігін сипаттаңыз -
Дүниетану пәні бойынша пәні бойынша 3 сынып «Су - тіршілік көзі» аралас тақырыбындағы «Табиғат және менің қауіпсіздігім» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады, бала өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйренеді. Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне: Электронды оқулықтар мен әдістемелер, интерактивті тақта, электронды энциклопедия мен анықтамалар, Интернет желісі, суреттер мен көрнекіліктері бар DVD және CD дискілер, видео и аудиотехника, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар Power Point бағдарламасында жасалынған презентациялар жатады.Бастауыш сыныпта айналадағы дүние, қоршаған орта туралы ғылыми түсінігін алғаш қалыптастырып, туған жер табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табынуды, әсемдікті қорғай білуді баланың жүрегіне жеткізетін пән – дүниетану . Дүниетану пәнін оқыту барысында, бір жағынан, оқушыларға табиғат туралы ғылыми көзқарас қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсат етілсе, екінші жағынан, олардың алған білімдерін өмірден өздері көріп жүрген табиғат құбылыстарын түсіндіруге, табиғат қорғау жөніндегі пайдалы еңбек түрлерін орындауға қолдана білуге үйрету мақсат етіледі. «Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологы Н.Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді. Оқушылардың дүниетану пәніне деген қызығушылығын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қойған мақсатым мынадай: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу; оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту; логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру; оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.Бұл мақсаттардың орындалуын тың істермен, жаңа әдіс-тәсілдермен іске асыруға болады. Дүниетану пәнін оқытуда ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше кез-келген оқушы іркіліп қалмайды.
Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлының: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген сөздерін негізге ала отырып, өзім сабақ беретін 4 сыныпта дүниетану сабақтарында ақпараттық-коммуникативті технологияны кеңінен қолдануға тырысамын. Мектеп психологымен бірлесіп жүргізілген диагностика нәтижесінде сыныптың оқушыларының кейбіреулерінің көру арқылы есте сақтайтындығы, кей оқушылардың есту арқылы естесақтайтындығы анықталды.Сабақта көру арқылы есте сақтайтын оқушылар үшін үнемі пәндер бойынша оқу ақпараттарын меңгеруін күшейту мақсатында электронды оқулықтар, интерактивті тақтаның толық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өткіземін. Қазіргі кезда ақпараттық технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз екені айтпаса да баршаңызға мәлім.Кибернетиканың атасы Винер «Ақпарат -сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген екен, сондықтан сабақтарымда презентация жасап қолдануды өзім өте тиімді деп ойлаймын.Оқулықта берілген тақырыпқа қосымша ретінде слайдтарды қолдануға бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне тән қызығушылық, байқампаздық, белсенділік және ойынға деген құмарлық сияқты қасиеттері негіз бола алады.2, Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Осы орайда «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыруда елімізде жалпыұлттық идеяның құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру қолға алынды. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарына қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және тағы да басқалар жатады.Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады.
Бұл ретте құзырет жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру құндылықтары мен дағдылары анықталды.
| Құндылықтар | Дағдылар |
| – шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; – қарым-қатынас жасау қабілеті; -өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; – жауапкершілік; – денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; – өмір бойы оқуға дайын болу. | – сын тұрғысынан ойлау; – білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; – проблемаларды шешу қабілеті; – ғылыми-зерттеу дағдылары; – қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); – жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті; – АКТ саласындағы дағдылар |