Файл: Рубежный контроль по Анатомии Адам денесіндегі біліктер мен жазытытарды атау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 126
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
28.Мисауыт негізі мен күмбезі арасындағы шекараны жүргізіңіз?
Ми күмбезі (fornix — ми күмбезі) — гиппокампты аралық мидың емізікше денесімен байланыстыратын өткізгіш жол. Ми күмбезі — аяқшалардан, денеден және бағаннан тұрады. Күмбез денесі үшінші ми қарыншасының жоғарғы қабырғасын қүрайды.
Ми сауытының алдыңғы, ортаңғы және артқы ойысына бөлінеді. Ми сауытының алдыңғы шұңқыры —fossa crani anterior, ол ми сауыты ойысының ішіндегі таяздау келген ойыс. Бұл ойыс ми сауытының ортаңғы ойысынан, сына сүйектің кіші қанатының артқы жиегі мен түрік ершігінің төмпешігі арқылы шектелген. Қабырғалары: маңдай сүйектің көз бөлігінің ми сауытына қараған бетімен сына сүйектің кіші қанаты және тор сүйектің тесіктелген табақшасынан тұрады. Бұл ойыстың тереңдеу келген бетінде, тор сүйектің әтеш айдаршығына ұқсаған қырқасы, crista galli, алдында соқыр тесік, foramen сасит, айқын байқалады.
2. Ми сауытының ортаңғы шұңқыры —fossa craniimedia, ми сауытының басқа ойыстарына қарағанда бүйір қапталы терендеу болып келген. Бұл ойыс ми сауытының артқы ойысынан: самай сүйектің тас бөлігінің жоғарғы қырымен түрік ерінің арқасы арқылы шектелген.Қабырғасы: сына сүйектің денесі мен үлкен қанатының ми сауытына қараған беті және самай сүйектің тастақ бөлігі мен бұл сүйектің қабықшалы бөлігінің ми сауытына қараған бетінен құралған.
3. Ми сауытының артқы шұңқырының —fossa craniipeosterior, алдыңғы шекарасы; самай сүйектің жоғарғы қыры және түрік ерінің арқасы мен шектелсе, артқы шекарасы: шүйде сүйегінің көлденең қойнауының саласымен, sulcus sinus transversus, және шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы, protuberantia occipitalis externa, арқылы шектеледі. Ми сауытының ортаңғы ойысының қабырғалары: шүйде сүйегінің тас бөлігінің артқы бетінен тұрады. Бұл ойыстың орталық бөлігінде: шүйде сүйегінің үлкен тесігі, foramen magnum, алдында ылдыйы, clivus, бүйір қапталында ми сауыгынан сыртқа қарай бағытталған: IX — жұп тілжұтқыншақ ми нерві, n.glossopharyngeus, X —жұп кезбе ми нерві, п. vagus, XI — қосымша нерві, n.accesorius, және ішкі мойындырық вена қантамыры, v.jugularisinterna, өтетін мойындырықтық тесігі, foramen jugularis, орналасқан.
29.Мисауытқа жататын сүйектерді латынша атаңыз:
Мисауытының сүйектері-cavitas crani
Шүйде сүйегі-os occipitale
Маңдай сүйек-os frontale
Төбе сүйек-os parietale
Cынатәрізді-os sphenoidale
Торлы сүйек-os ethmoidale
Самай сүйек-os temporale
30.Маңдай сүйектің құрылысын сипаттаңыз:
Маңдай сүйегі, os frontale.Ол бассүйектің негізі мен қақпағын және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйектердің қатарына жатады.ОЛ қабыршақтық, жүп көз және тақ мұрын бөлігінен тұрады. Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігінің сыртқы беті дөңес, тегістеу, ми сауытына қараған беті ойыс, бұдырлау келген.Ол мандай сүйегінің қабықшалы бөлігінен коз шарасының жоғарғы жиегі,арқылы бір-бірінен ажыратылып қоймай, латеральды бағытта отіп,бұл сүйектің қабықшалы болігі мен бірлесіп, бетсүйектік өсіндіні құрайды. Маңдай сүйектің мүрын бөлігі, сүйектік тіліктің, алдында маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігі мен көз бөліктерінің түйіскен жерінде доға тәрізді иіліп орналасқан.Мұрын бөлігінің алдында, төменнен алға қарай бағытталған мұрындық қылқан орналасқан.
31. Шүйде сүйектің бөлімдерін атаңыз және оның құрылысы
Шүйде сүйегі, os occipitale, тақ, бас сүйектің артқы-төменгі бөлігін құрайды. Оның сыртқы беті дөңес, ішкі милық беті иілген . Алдыңғы төменгі бөлігінде бас сүйек қуысын омыртқа өзегімен байланыстыратын үлкен шүйде тесігі, foramen occipitale magnum, орналасады. Шүйде дамуының даму үдерісі негізінде үлкен шүйде тесігінің айналасында орналасатын төрт бөлігін ажыратады: базилярлы бөлік, pars basilaris, үлкен шүйде тесігінің алдында орналасады, жұп латералды бө- ліктер, partes laterales — бүйір жақтарында, шүйде қабыршағы, squama occipitalis — артында орналасады. Шүйде қабыршағы, squama occipitalis, жабынды сүйек ретінде сырты дөңес, ішкі беті ойыс табақша түрінде болады. Сыртқы бедері бұлшықеттер мен байламдардың бекуімен негізделеді. Сыртқы бетінің орталығында сыртқы шүйде шодыры, protuberantia occipitalis externa, орналасады. Шодырдың әр жағынан латералды иілген — жоғарғы желке сызығы, linea nuchae superior, орналасады. Сәл жоғарырақ әлсіздеу көрінетін — ең жоғарғы желке сызығы, linea nuchae suprema, орналасады. Шүйде шодырынан төмен үлкен шүйде тесігіне дейін орта сызық бойымен сыртқы шүйде қырқасы, crista occipitalis externa,бағытталады. Қырқаның орта түсында латералды бағытталатын сызықтар төменгі желке сызықтары, lineae nuchae inferiores. Ішкі бетінің бедері ми мен оның қабықтарының бекуімен сипатталатындықтан, аталған бет екі тік бүрышпен қиылысатын қырқалар көмегімен төрт шүң- қырға бөлінеді; екі қырқа крест тәрізді томпақ, eminentia cruciformis, түзеді, ал олардың қиылысқан жерінде — ішкі шүйде шодыры, protuberantia occipitalis interna, түзіледі. Бойлық қырқаның төменгі жартысы үшкірлеу — ішкі шүйде қырқасы, crista occipitalis interna, жоғарғы және көлденең қырқаларда жүлгелер орналасады: жоғарғы сагитталды қойнау жүлгесі, sulcus sinus sagittalis superioris және көлденең қойнау жүлгесі, sulcus sinus transversi (аттас тамырлық қойнаулардың орналасатын жерлері).Латералды бөліктің, partes laterales, әрқайсысы бас сүйек пен омыртқа бағанасының қосылысына қатысатындықтан, төменгі бетінде атлантпен буындасу орны — шүйде айдаршығы, condylus occipitalis, болады.Шамамен condylus occipitalis ортасында сүйекті тесіп, тіл асты өзегі, canalis hypoglossalis, өтеді. Pars lateralis-тің жоғарғы бетінде сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі, sulcus sinus sigmoidei, орналасады (тамырлық қойнау орны).Базилярлы бөлік, pars basilaris, 18 жасқа таман сына тәрізді сүйекпен бітісіп, бас сүйек негізінің ортасында бір сүйек — os basilare түзеді. Бүл сүйектің жоғарғы бетінде сопақша ми мен ми көпірі орналасатын, екі бөлік бірігуінен түзілетін — ылди, clivusорналасады. Төменгі бетінде жұткыншақтың фиброзды қабығы бекитін жұтқыншақ төмпешігі, tuberculum pharyngeum, болады.
32.Сынатәрізді сүйектің бассүйекте орналасуын көрсетіңіз және оның құрылысын сипаттаңыз, тамырлар мен нервтер өтетін тесіктерін атаңыз
Сына тәрізді сүйек, os sphenoidale тақ сүйек, ұшып бара жатқан жәндікке ұқсауына байланысты бөліктерге бөледі.Сына тәрізді сүйек бірнеше сүйек қосылысынан түзіледі. Оның келесі бөліктерін ажыратады: денесі, corpus; үлкен қанаттары, alae majores; кіші қанаттары, alae minores; қанат тәрізді өсінділері, processus pterygoidei.Денесі, corpus, жоғарғы бетінде түбінде гипофиздік шұңқыр, fossa hypophysiаlis, болатын — түрік ері, sella turcica, орналасады. Оның алдыңғы жиегінде, көлденеңінен көру жүйкелерінің қиылысатын жері (chiasma) — sulcus chiasmatis өтетін түрік ерінің төмпешігі, tuberculum sellae, болады; sulcus chiasmatis шеттерінде көру жүйкелерінің көзұядан бас сүйек қуысына өтетін жері —көру өзектері, canales optici, орналасады. Түрік ері артқы жағынан сүйекті табақша түрік ерінің арқасымен, dorsum sellae, шектеледі.Дененің бүйір беттерінен иілген ұйқы жүлгесі, sulcus caroticus, өтеді. Дененің мұрын қуысының артқы қабырғасының құрамына кіретін алдыңғы бетінде орналасқан сына тәрізді қырқа, crista sphenoidalis, төменгі жағынан өре сүйек қанаттарының арасына еніп орналасады. Crista sphenoidalis алдыңғы жағынан торлы сүйектің перпендикулярлы табақшасымен байланысады. Қырқаның екі жағында орналасқан, дұрыс емес пішінді тесік, aperturae sinus sphenoidalis, сына тәрізді сүйек денесінің ішінде орналасып, табақша, septum sinuum sphenoidalium, арқылы екіге
бөлінетін ауалы сына тәрізді сүйек қойнауы, sinus sphenoidalis,тесігі. Қойнау бүл тесіктер арқылы мұрын қуысымен байланысады.Жаңа туылған нәрестелерде қойнау көлемі кішкентай, ол тек 7 жасқа таман ғана тез өсе бастайды.Кіші қанаттар, alae minores, екі жалпақ үшбұрышты табақша, түбірлері сына тәрізді сүйек денесінен алға және латералды бағытталады; аталған көру өзегі, canales optici, кіші қанаттар түбірінің арасында орналасады. Үлкен және кіші қанаттар арасында бас сүйек қуысын көзұямен байланыстыратын жоғарғы көзұялық саңылау, fissura orbitalis superior, орналасады.Үлкен қанаттар, alae majores, дененің бүйір беттерінен латералды және жоғары бағытталады. Денеге жақын fissura orbitalis superior-дың артында алдыңғы жағынан қанаттаңдай шұңқырымен байланыстыратын дөңгелек тесік, foramen rotundum, болады. Бүл тесік арқылы үшкіл жүйкенің, n. trigemini, екінші тармағы өтеді. Үлкен қанаттар артқы жағынан үшкірленіп, самай сүйегінің қабыршағы мен пирамидасының арасына еніп орналасады. Оған жақын a. meningea media өтетін қылқанды тесік, foramen spinosum, болады. Ал оның алдыңғы жағында үлкендеу болып келген n. trigemini-дің үшінші тармағы өтетін сопақ тесік, foramen ovale.Үлкен қанаттың төрт бетін ажыратады: милық, facies cerebralis, көздік, facies orbitalis, самайлық, facies temporalis, және жоғарғы жақ сүйектік, fades maxil^ris. Беттерінің атауы оның қай сүйекке қарай орналасқанын көрсетеді. Самайлық беті самай асты қырқасы crista infratemporalis арқылы самайлық және қанаттық бөліктерге бөлінеді. Қанат тәрізді өсінділер, processus pterygoidei, үлкен қанаттардың сына тәрізді сүйек денесімен қосылатын жерінен вертикалды төмен бағытталып орналасады. Оның негізін аттас жүйкелер мен тамырлар өтетін қанат тәрізді өзек, canalis pterygoideus, сагитталды тесіп өтеді. Бүл өзектің алдыңғы тесігі қанат-таңдай шұңқырына ашылады.Әр өсінді арасында шұңқыр, fossa pterygoidea, түзілетін екі табақшадан — lamina medialis және lamina lateralis-тен тұрады.Медиалды табақша m. tensor veli palatini (жұмсақ таңдай бүл-шықеттерінің бірі) сіңірі айналып өтетін ілмекпен, hamulus pterygoideus, аяқталады.
33.Самай сүйектің бассүйекте орналасуын көрсетіңіз және оның құрылысын сипаттаңыз
Самай сүйегі, os temporale, жұп сүйек, құрылысы күрделі, өйткені қаңқаның барлық 3 қызметін атқарады әрі бассүйектің бүйір қабырғасы мен негізінің бір бөлігін ғана құрап қоймайды, сонымен бірге онда есіту және тепе-теңдік мүшелері орналасады . Ол кейбір жануарларда жеке болатын бірнеше сүйектердің қосылып-тұтасу өнімі (аралас сүйек) болып табылады да, сондықтан үш бөліктен түрады: қабыршақты бөлік, pars squamosa; дабыл бөлігі, pars tympanica, және тасты бөлік, pars petrosa. Баланың бір жасында сыртқы есіту жолы - қабыршақты бөлік оның үстінде, тасты бөлік одан ішке қарай, дабыл бөлігі артынан және астынан тұйықталып, бір сүйекке айналып бірігіп бітіседі. Самай сүйегінің жеке бөліктерінің қосылып-тұтасуының іздері арлық жік және саңылаулар түрінде бүкіл өмір бойы сақталады, атап айтқанда: pars squamosa және pars petrosa, шекарасында, соңғының алдыңғы жоғарғы бетінде - fissura petrosquamosa; төменгі жақ сүйек шұңқырының түбінде, fissura petrosquamos төменгі жак шұңқырыныңтүбінде, fissura tumpanosquamosa, ал тасты бөліктің өсіндісі арқылы fissura petrosquamosa және fissura petrotympanica (бұл арқылы chorda tympani нерві шығады) болып бөлінеді.Қабыршақты бөлік, pars squamosa, бассүйектің бүйір беттерін түзуге қатысады. Ол жабын сүйектерге жатады, яғни дәнекер тін негізінде сүйектенеді әрі шеті бүгілген тік түрған табақша түрінде күрылысы қарапайым, табақшаның бүгілген жиектері шеке сүйектің, margo squamosa, сәйкесті жиектеріне балық қабыршақтары сияқты қаланады, оның аты да осыдан шыққан. Оның ми бетіне, facies cerebralis, мидың іздері, саусақтық батыңкылар, impressiones digitatae, және a. meningae mediaдан жоғары қарай кететін жүлге байқалады. Қабыршақтың сыртқы беті тегіс, самай шұңкырын түзуге катысады да, сондықтан facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен қосылуға алға қарай кететін бет өсіндісі, processus zygomaticus шығады. Басталатын жерінде бет өсіндісінің екі түбірі бар: алдыңғы және артқы, олардың арасында төменгі жақсүйекпен буындасу үшін қажет шұңқыр, fossa mandibularis, орналасады . Алдыңғы түбірдің төменгі бетінде ауыз катты ашылғанда төменгі жақ сүйектің басынан алға қарай тайып кетуіне кедергі жасайтын буын төмпешігі, tuberculum articulare, жайғасады.Самай сүйегінің дабыл бөлігі, pars tympanica сыртқы дыбыс жолының алдыңғы, төменгі және артқы жиегінің бір бөлігін түзеді, тек қатты иілген табақшатәрізді.Сыртқы дыбыс жолы, maetus acusticus extemus, ішке және біршама алға карай бағытталған және дабыл қуысына апаратын қысқа өзек болып табылады.Жаңа туған нәрестеде сыртқы дыбыс жолы әлі қалыптаспаған, өйткені дабыл бөлігі дабыл жарғағымен тартылып жабылған жартылай сақина (annulus tympanicus) болып табылады. Дабыл жарғағының сыртқа қарай осылай тым жақын орналасуынан жаңа туған нэрестелер мен жас балаларда дабыл қуысының ауруы жиі байқалады.Тасты бөлік, pars petrosa, өзінің сүйек затының беріктігіне қарай осылай аталған. Оның берік болуы сүйектің бүл бөлігі бассүйектің негізін күрауға катысады әрі күрылысы тым нәзік және түрлі закымданулардан мықтап қорғауды қажет ететін есіту және тепе-тендік мүшелерінің жайғасатын орны болуына байланысты. Ол шеміршектен дамиды. Бұл бөліктің екінші атауы пирамида, оның негізі сыртқа қарай, ал төбесі алға және ішке сынатәрізді сүйекке карай ба-ғытталған үшқырлы пирамидатәрізді пішініне карай берілген. Пирамиданың үш беті бар: алдыңғы, артқы және төменгі. Алдыңғы беті ортаңғы бассүйек шұңкырының түбінің құрамына кіреді; артқы беті артқа карай және медиалды бағытталып, артқы бассүйек шүнкырының алдыңғы кабырғасының бір бөлігін кұрайды; төменгі беті төмен қараған және бассүйек негізінің сыртқы бетінде ғана көрінеді. Пирамиданың қүрылысы күрделі, онда ортаңғы және ішкі кұлақ жайғасады, нерв пен тамырлар өтеді. Пирамиданың алдыңғы бетінде, шекесіне жақын жерде, үшкіл нерв түйінінен болған кішкене батыңқы ойыс, impressio trigemini байқалады. Одан сыртқа қарай екі жіңішке жүлге; медиалды sulcus m. petrosi majoris, және латералды, hiatus canalis n. petrosi majoris, жэне латералды, hiatus canalis n. petrosi minoris. Бұл тесіктерден сыртқа карай доғатәрізді кырат, eminentia arcuata, байкалып тұрады, олар жылдам дамитын лабиринттің, атап айтқанда жоғарғы доғашық куыстың томпаюынан түзіледі. Eminentia arcuata мен squama temporalis арасындағы сүйектің беті дабыл қуысының қақпағын түзеді.Шамамен пирамиданың артқы бетінің ортасында ішкі дыбыс тесігі, porus acusticus intemus, орналасады, ол бет және есіту нервтері, сондай-ақ лабиринттің артериялары мен веналары өтетін ішкі дыбыс жолына, meatus acusticus intemus, апарады.Пирамиданың бассүйектің негізіне қараған төменгі бетінен “анатомиялык букет” бұлшықетгері (mm. styloglossus, stylohyoideus, stylopharyn-geus), сондай-ақ байламлар - ligg. stylohyoideum және stylomandibulare бекитін орын қызметін аткаратын жіңішке үшкірленген бізтәрізді өсінді, processus styloideus, шығады. Бізтәрізді желбезек текті самай сүйегінің бөлігі болып табылады. Ол lig. stylohyoideum-мен бірге тіласты доғасының қалдығы болып табылады.Бізтәрізді және емізіктәрізді өсінділердің арасында біз-емізіктәрізді тесік, foramen stylomastoideum жатады, ол аркылы n. facialis шығып, кішкентай артерия кіреді. Бізтәрізді өсіндіден терең мойын шүңқыры, fossa jugularis, медиалды орналаскан. Fossa jugularis-тен алдыңғы жағына карай одан үшкір қырмен бөлінген үйкы өзегінің сыртқы тесігі, foramen caroticum externum жатады.Пирамиданың үш жиегі бар: алдыңғы, арткы және жоғарғы. Қыска алдыңғы жиек кабыршакпен сүйір бүрыш түзеді. Бүл бүрышта дабыл қуысына әкелетін бұлшықетті күбырлы өзектің тесігі, canalis musculotubarius, байқалып түрады. Бүл өзек пердемен жоғарғы және төменгі болып екі бөлімге бөлінеді. Жоғарғы, кішілеу, жартыөзек, semicanalism. tensoris tympani, өзіне осы бұлшыкеттер орналастырады, ал төменгі, үлкендеу, semicanalis tubae auditivae ауаны жүткыншактан дабыл қуысына өткізу үшін қажет дыбыс өзегінің сүйекті бөлігі болып табылады.Пирамиданың алдыңғы және артқы беттерін бөліп тұратын жоғарғы жиегімен жақсы байқалатын жүлге, sulcus sinus petrosi superioris, аттас веналық синустың ізі өтеді.Пирамиданың артқы жиегі fossa jugularis-тен алға карай (шүйде сүйектің базилярлы бөлігімен қосылып, осы сүйекпен бірге sulcus sinus petrosi inferioris - төменгі тастақты веналық синустын ізін түзеді.Пирамида негізінің сыртқы беті бүлшықеттердің бекитін жері кызметін атқарады да, оның сыртқы бездері (өсінді, тіліктер, бүдырлык) осыған байланысты болады. Ол томен қарай емізіктәрізді өсіндіге, processus mastoideus, айналып созылады. Оған төс-бүғана-емізіктәрізді бұлшықет бекиді, ол дененің тік қалпы кезіндегі басты тепе-тендік күйде үстайды. Сондыктан емізіктәрізді өсінді төртаяқтыларда, тіпті адамтәрізді
маймылдарда да болмайды, ол тік жүруге байланысты тек адамға ғана дамиды. Емізіктәрізді өсіндінің медиалды жағында терең емізіктәрізді тілік, incisura mastoidae, - m. digastricus бекитін жер болады; одан да гөрі ішке карай - кішкентай жүлге, sulcus a. occipitalis, - аттас артерияның ізі жатады.Емізіктәрізді өсіндінің негізінің сыртқы бетіндегі тегіс үшбұрышты бөліп көрсетуге болады, ол емізіктәрізді өсіндінің үяшыктары іріңге толғанда оперативті көмекке келетін жер болып табылады.Емізіктәрізді өсіндінің ішінде осы ұяшықтар, cellulae mastoidae, жатады, бұлар ауалы қуыстар болып табылады. Олар дабыл қуысымен antrum mastoideum аркылы жалғасады. Пирамида негізінің ми бетінде терең жүлге, sulcus sinus sigmoidei, өтеді, ол жерде аттас веналық синус жатады