Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 237

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мінез-құлықтың патологиялық емес формаларына микроәлеуметтік қараусыздық және ситуативтік мінездік реакциялар, қарсы шығудың, имитациясы, құрдастарымен топтасу, эмансипация, үйден қашу, құмарлық, әр жағдайдың орнын толтыру, жыныстық құштарлық, қаршадай кезінен жезөкшелікке салыну және т.б. жатады. Қолайлы тәрбиелік жағдайлар туындағанда жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерін жағымды-әлеуметтік іс-әрекеттің көмегімен жоюға болады. Әлеуметтік қолайсыз жағдайларда негативті мінез-құлық көріністері зиянды ықпалды өршітіп, жағымсыз бағыттарға айналады.

Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтардың және ата-аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.

2. Әлеуметтік-педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез-құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.

Ерте зерттеу, ауытқудың алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие.

Оқушылардың девианттық мінез-құлқының себептері мен факторлары неде? Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:

-дұрыс тәрбиеленбегендік, қажетті білімдердің, біліктіліктің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптаспағандығы, жеткіншектің өз-өзін дұрыс ұстай алмайтығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

- жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, нашар психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамауы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

- психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы
ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстар, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер;

- ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы жақтарына, көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, пайдалы іс-әрекеттер түрлерімен айналыспауы, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;

- қараусыз, бақылаусыз қалу, әке-шешенің немқұрайдылығы, тәрбиеге зейін қоймауы, қоршаған ортаның кері ықпалы және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық бибейімделуімен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуы, т.б. жағымсыз жәйттер.

Осының нәтижесінде жалғыздық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болып, үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жеккөру сезімдері, қызығуы мен икемділіктері формалсыз бағытты топқа, жағымсыз ұйымға ұмтылуына негізгі себепші болады.

Жеткіншек және жасөспірімдік кезең ол бала дамуына аса үлкен қауіп тудыратын жастық шақ. Біріншіден, психогормоналды процестердің басталып, Мен-концепциясының қалыптасуына әсер ететін өтпелі кезеңнің ішкі қиындықтары: Мен-концепцияның және эго-идентификациясының қалыптасу процесі қиындайды. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылау механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар.

Жасөспірімдердегі ауытқы мінез-құлықтың белсенділігі екі негізгі факторларға байланысты: сыртқы және ішкі.

3. Девианттық мінез-құлықтың қоғамдағы алатын жағымсыз орыны:

-қоғамдық құндылықтар жүйесін жағымды өзгертуге айқын бағыттағы мемлекеттік идеологияның жоқтығы;

- заңдардың және құқық қорғаушы органдардың жетілмегендігі, қылмысты әрекеттердің әділетті жазаланбауы;

-жұмыссыздық;

- материалдық-экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктердің және мемлекеттік қолдаудың жүйелі түрдегі көмектің жоқтығы;

- өскелең ұрпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;

  • ұлттық құндылықтардың насихаттанбауы және оларға жеткілікті мән берілмеуі;

  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық пен қатігездікті насихаттау үрдісі жиі орын алуы;

  • балалардың физикалық және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде бақыламау, керекті көмектің көрсетілмеуі;

  • қажетті қосымша тегін берілетін білімдерге балалардың мүмкіндіктерінің жоқтығы (үйірмелер, секциялар және т.б.);

  • темекіге, ішімдікке, есірткі заттарына қолжетімдік .


2. Отбасы жағдайы және оның қалпы:

- отбасының мектеп ұстаздарымен нашар орнатылған байланысы;

- толық емес отбасы;

- отбасының материалдық нашар жағдайы;

- ата-аналардың әлеуметтік-мәдени деңгейінің төмендігі;

- отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, жазаның дұрыс қолданбауы және балалардың құқықсыздығы);

- баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;

- бала қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе орынсыз асыра қанағаттандырылуы;

- отбасы ата-аналарының жиі жанжалдасуы, балағат сөздерді пайдалануы, олардың ішімдікке, есірткіге тәулділігі;

3. Мектеп өмірінің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:

- оқу және тәрбие үрдісін басқарудың толық жетілмегендігі;

-мектептің материалдық құралдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

- мектеп оқушыларының отбасыларымен жүйелі байланыстың жоқтығы;

-оқушыларды сабақтан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы қанағаттандырылмау;

-мұғалімдердің кәсіби білім деңгейлерінің төмендігі, балалардың жас ерекшелік психологиясын ескермеуі;

- «оқушы-мұғалім» арасындағы өзара қарым-қатынастардың авторитарлы немесе немқұрайды стильде құрылуы;

-оқушылардың білім деңгейін бағалауда объективтіліктің жоқтығы;

-мұғалімдердің оқушы жекелік тұлғасын бағаламау, ат-айдар тағу; (қоқан-лоққы әрекеттерге баруы, қорлау, қол жұмсау т.б.);

Жоғарыда аталып өткен факторлар сыртқы, объективтік сипат алады. Сондай-ақ балаларға бұдан басқа да педагогтар білуге тиісті ішкі факторларда да әсерін тигізеді. Мысалы, бала өзінің қажетсіздігін сезіну, өзіндік бағасының төмендігі, өз-өзіне деген сенімсіздік, өзін-өзі бақылауы және өзіндік тәртіптің жеткіліксіздігі, әртүрлі жағдайда сындарлы ойлау мен сәйкесті шешім қабылдай алмау, өз-өзіне және басқаларға өзінің сезімдері мен реакцияларын жеткізе алмауы.
3 тақырып бойынша сұрақтар:

1. Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың әсері

2. Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтарының негізгі себептері?

3. Ауытқы мінез-құлықтың қалыптасуындағы қоршаған ортаның әсері.

Дәріс 4. Кәмелет жасына толмағандарда ауытқы мінез-құлықтың қалыптасуындағы отбасы және оқу орны

Жоспары:

Ауытқы мінез-құлық және отбасылық ахуал.

2. Жасөспірімнің отбасылық жағымсыз тәрбиесі.


3. Тәрбиелеудегі қиындығы бар жасөспірімдер педагогикалық-психологиялық мәселе.
1. Отбасы мұқтаждылығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері, тәрбиелік мағыздағы имандылық пен адамгершіліктің болмауы, өмірге деген тұтынушылық-өзімшілдік қарым-қатынас кәмелетке толмаған балалардың өзіне және айналасындағы адамдарға байыпсыз көзқарас туғызады.

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, отбасын нығайту, сонымен қатар қоғамдағы орын алатын жағымсыз девианттық мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы жұмыстар жүргізу ерекше өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Кәмелет жасына толмаған балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің  рөлі,  әлеуметтік-психологиялық тәсілдерді қолданудағы өткізілетін нәтижелі іс-шараларды ғалымдардың көптеген еңбектерінен байқауға болады.

Ресей ғалымы Е.В. Змановскаяның пікірінше, әлеуметтік институт ретінде отбасы келесі негізгі міндеттерді және функцияларды атқаруы қажет: экономикалық және үй-шаруашылық, репродуктивті, тәрбиелік, әлеуметтендіру, сексуалды-эротикалық, психологиялық. Қалыпты, әдепті, мәдениетті отбасы жоғарыда аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасауға тырысады.

Бүгінгі таңда көптеген отбасылардың әлеуметтік-экономиялық жағдайының төмендеуі, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасындағы тұрақсыздылық, депрессиялық жағдайдың жиі кездесуі, өмірге деген қанағаттансыздық, отбасындағы қақтығыстардың туындауы кішкене балалар мен жеткіншектердің мінез-құлықтарының бұзылуына, әлеуметтік дезадаптацияның күшеюіне әкеліп соғады. Осыған байланысты баланың қиындығына себеп болатын отбасыларды топтастыруға болады:

  • Ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді ата-аналар отбасы. Баланың тұлғалық қасиеттерін ескермеу, басыну, қатыгездік, күш көрсету арқылы жазалау, ұрыс-керіс, т.с.с әрекеттер баланың психофизиологиялық дамуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағымсыз әсерін тигізеді;

  • ата-аналық депривация. Балаға деген жылулықтың жоқтығы, өгей әке немесе өгей шеше, рухани қажеттілік пен қызығушылықтардың ескерілмеуі, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық өмірге деген көзқарастарының шектелуі т.б.;

  • шектен тыс мейірімділік және шексіз махаббат. Мұндай жағдай бір тал балалы және жалғыз басты отбасыларында кездеседі. Кейбір ата-аналардың негізгі мақсаты: қазіргі талаптарға сәйкес баланы материалды қамтамасыз ету, тәрбие мәселесін мектеп мұғалімдеріне аудару, баласының немен шұғылданып, қандай достармен қарым-қатынаста болуын бақыламау, бос уақытын қалай, кіммен өткізетінін


Ата-аналар жасөспірімдермен қарым-қатынастыққа түсуді ауыр жүктеме ретінде қабылдай келе, оларды небір сәттерде «дұрыс» тәрбиелеуге кіріседі, қатты дауыс көтереді, қорқытады, жасаған жағымсыз әрекеттеріне түсінік беруін талап етеді. Бұндай ата-аналардың балалармен құратын қарым-қатынасы кездейсоқ, ауық-ауық орын алатын әрекет сипатында болады.

Осы жастық кезеңде ата-аналардан ерекше психологиялық түйсік пен педагогикалық мәдениет талап етіледі. Ата-аналар жасөспірімдермен құратын өзара қарым-қатынастарының сипатын дер кезінде өзгертіп, өздерінің өмірлік тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында олардың өзбетімен дұрыс шеше алатын мәселелеріне еркіндік беру қажет.

2. Соңғы кездері отбасындағы заманауи қиындықтардың қалыптасуына ерекше әсер ететін жағдай түрлі тәуелділіктер. Ойын автоматтарының, компьютерлік, интернеттік қарым-қатынастың күннен күнге таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі ерекше маңызды мәнге ие болып отыр. Көздің жауын аларлықтай безендіріле отырып, аз уақытта адамды баурап, тәуелді қылып, билеп алады. «Компьютерлік тәуелділік» ішімдік пен нашақорлыққа тәуелділікпен пара-пар. Бала психикасы тұрақсыз, ал компьютерлік агрессивті ойындар бірнеше рет қайталанса, олардың ызақор, қатыгез, күйзеліске бейім болатыны туралы жорамал жасау қиындыққа түспейді.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары баласының компьютердің клавиатураларын жылдам басып, тез арада икемделе алатынына қуанады. Кейіннен күнделікті компьютер алдында баланың көп уақытын өткізуі, түрлі ойындарға тәулді ететіні және негізгі оқу үрдісі шеткері қалатыны ескерілмейді. Осыған байланысты келесі келеңсіз жағдайлар: оқу үлгерімінің төмендеуі, ағзаның шаршағыштығы, қорқынышты түс көру, агрессивті мінез-құлықтың көріністері орын ала бастайды. Ендігі жерде ата-ананың осы әрекетке деген қаталдығы нәтижелі болмай, аддиктивті мінез-құлықты жасөспірім Интернет-кафелерін жағалаумен күндерін өткізеді.

Балаларға қойылған келесі «Әкең отбасында нендей жұмыс атқарады, - деген сұрақтарға келесі жауаптарды естуге болады: «Жұмысқа барады», «Ақша табады», «Анама ұрсады», «Теледидардан әртүрлі хабарларды көреді, газет-журналдарды оқиды» т.б. Нақтырақ айтсақ, әкенің өмірі көп жағдайларда баланың назарынан тыс өтіп жатады. Психологтардың зерттеулеріне көңіл аударсақ, сәбилік шақта балаларымен тығыз эмоционалды байланыстар орната алған әкелер баласының есею барысындағы олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сезімталдық байқатады екен. Ұл балалар мұндай қарым-қатынастағы әкелеріне ұқсағылары келіп, әңгімелесу кезінде әкелері туралы мақтаныш сезіммен бөліседі.